Бердібек Соқпақбаев | Әбекеңнің сағаты
ұл соғыс уақыты. Сүмбе дейтін жерде жеті жылдық мектепте мұғаліммін. Ер мұғалімдер аз, үшеу-төртеу ғана. Kөпшілігі әйел мұғалімдер.
Ішімізде жасы қырықтан ары еңкейген Әбдібай дейтін мұғалім бар. География пәнінен сабақ береді. Басқамызға қарағанда ересек ақсақалымыз болғандықтан біз оны сыйлап, Әбеке деп атаймыз.
Әбекең шарын денелі, әлжуаз сары кісі. Бет бітімі ұсақ, қолдары әйелдің қолы тәрізді кішкентай. Біреумен амандассақ қолын ала жүгіретін әдеті бар. Сөлбірейген ұзын жеңнің ішнен саусақтарының үшін әрең тауып ұстағанда, ап-арық, жіңішке саусақтары шүршиіп уысыңызға жұғып болмай қалады.
Жазы-қысы бірдей Әбекең шала туған баладай дімкестеніп, жанын күйттеп, қалың киініп жүреді. Әсіресе, қыстыгүні үйіндегі бар киімін үстіне қабаттап жапсырып алады.
Әбекеннің өзге мұғалімдерден бір артықшылығы — оның сағатының барлығы. Әбекеңнең басқа бір де бір мұғалімде сағат жоқ.
Мектепте бір сағат бар, арзанқол қабырға сaғат. Мұғалімдер бөлмесінің төр қабырғасында ілулі тұрады. Мінезім адам түсініп болмайтын ит сағат. Кейде кәдімгідей сақылдап жүріп тұрады, ел кейде мелшиіп тоқтап қалады. Ондайда оған жүр тізбек болып, мұғалімдер істемеген айланы істейді. Шаңға толып кеткен ішкі механизмін тазартып, табылса, машина майымен майлайды, табылмаса, шамның ішіндегі жермайдан құяды. Оған да жүрмесе, тасына тас қосып байлап, ол да па дық етсе, сыртқы есікке салынатын үлкен қара құлыпты қоса таңып тіркеп, әйтеуір қалай да жүрмесіне қоймайды.
Өйткені бұл сағаттың жүрмей, тоқтап қалуы, ол — бүкіл оқудың тоқтауымен барабар. Кезекші әйел сабаққа кіруге, сабақтан шығуға қоңырауды соған қарап соғады емес пе?
Бірақ әлгі антұрғанның жүріп тұрып та тартқызатын машақаты aз емес. Уақыттан біресе озып кетті, біресе қалып қойып, жұртты шатастырып бітеді. Мұғалімдердің кейбірі әлгі сағаттың кесірінен сабаққа кешігіп қалып, мектеп басшыларынан сөз естіп, керкілдесіп жатады.
— Мына сағат дұрыс емес, — деп, жаманатты сағатқа аударады.
Осындай керіс - талас туғанда жұрттың бедел көріп, қазы тұтып жүгінетіні Әбекеңнің қалта сағаты.
— Әбеке, қанекей, дәл уақыттың қанша болғанын сіз айтып жіберіңізші? — дейді.
Әбекең үшін бұл аз әуре емес, сонда да ол бәлсінбейді. Беліндегі қайыс белбеуді шешеді де, былай алып қояды. Одан соң қорбиған қалын ішігінің түймелерін ағыта бастайды. Ішіктің ішінен мақталы фуфайка киген. Оның түймелерін ағытады. Ең соңынан сырт жейденің түймелерін ағытып, қолын омырауына сұғып жібереді де, көкшіл шүберектен тігілген кішкентай мойын қалтаны алып шығады. Қалтаның аузындағы үшкіл қақпақшасы және де түймелеулі. Оны ағытады, ақ шүберекке оралған сағатты алып шығады. Енді шүберектің қатталған көп орауларын жаза бастайды. Соның ен ақырында әрең деп сағаттың өзі көрінеді - ау!
Бұл қақпақты шұбалған жылан тәрізді шынжыр бауы бар қалта сағат. Әбекең оны еппен алады да, қақпағын ашпас бұрын әуелі құлағына апарып, тыңдап көреді. Аурудың жүрек соғуын тыңдаған дәрігер тәрізді. Содан соң барып қана селт еткізіп қақпағын ашып қарайды.
— Он бірден отыз... жеті минут кетті.
Әбекеңнің сағатты қастерлеп ұстасы әлгідей. Оны күн сайын бұрайтұғын белгілі уақыты бар. Соны қаза жібермей, дәл өз кезінде бұрап отырады. Және қалай болса, солай бұрамай, бір, екі, үш деп, тәптіштеп санап бұрайды.
Көшеде немесе басқадай жүрдім-бардым жердің бірінде кездесіп, Әбекеңнен уақыт қанша болғанын сұрай қалсаң, ол кінәлі адамдай қиналып:
Сағат қиында қалды ғой, — дейді.
* * *
Осы жуырда мен Әбекеңді Алматыда универмагтың алдында кездестірдім. Екеуіміз көріспегелі қанша жыл! Мыжырайған көселеу сары шал болыпты. Бет-әлпет, көздерінен бір дегеннен-ақ тани кеттім. Сол әлгі баяғы қат-қабат киініп, жеңінің үші қолынан озып жүретін әлжуаз Әбекең. Ол да мені бірден таныды. Екеуміз шұрқырасып жатырмыз.
Менің есіме сап етіп баяғы Әбекеңнің сағаты түсті. Баяғы мектеп, баяғы мұғалімдер, баяғы әлгі жүрісінде береке болмайтын қабырға сағат... Соның бәрі көз алдыма сайрап келе қалды.
Әбекеңнен әлі сол мұғалімсіз бе деп сұрап едім, биыл пенсияға шыққанын айтты.
— Әбеке, баяғыда сіздің бір қалта сағатыңыз болушы еді, сол бар ма? - дедім.
Ұмытпаған екенсің ғой, бар. Кәрі жолдас сағатым ғой. Ұстап жүрмін.
— Көрсетіңізші, Әбеке?
— Несін көресің, баяғы сол жаман сағат.
— Көрейін, сол сағатыңызды бір көруге құштармын.
Әбекең жан-жағымыздан ағылған халыққа қарап алды да:
— Қиында қалды ғой, — деді,
Мен мырс етіп күліп жібердім
— Әбеке, сіз оны ішкі мойын қалтаңызға салып жүретін едіңіз, әлі де сөйтесіз бе?
Әбекең басын шайқап, ол да күлді.
— Ә, сол ма! Оны да ұмытпаған екенсің ғой. Қарашы, бәрін ұмытпапсың...
Және біраз сөйлесіп тұрдық та, қош айтыстық, Әбекең магазинге кіруге бет алды да, мен төмен трамвайға қарай кеттім. Артыма бұрылып қарасам, шұбырған жұртпен қабаттасып, ол үлкен есіктен еніп барады екен. Қабат-қабат киімнің ең ішінде, аузы түймеленген мойын қалтада, ақ шүберекке оралған, қақпақты қалта сағат кетіп бара жатқанын кезіме елестеттім.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?