Османлы империясының идеологиялық негіздері. Ислам мемлекеттің идеологиялық және саяси өзегі ретінде


 Реферат

 

 Модуль 1. Османлы империясының идеологиялық негіздері. Ислам мемлекеттің идеологиялық және саяси өзегі ретінде

  •  Қоғамдық саяси ойлау жүйесінің түсінігі, мәні, құрылымы

 Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.

 Қоғамның саяси жүйесі Елдің саяси қызметіне қатысып, саяси билікті жүзеге асыратын саяси институттардың, ұйымдардың, топтар мен жекелеген адамдардың жиынтығы.

 Бұл барлық органдары бар мемлекет; қызметтерінде айқын саяси бағыты бар партиялар мен қоғамдық ұйымдар, қатаң саяси реңкі болмаса да, мемлекеттің саясатына манызды әсер ете алатын, (кәсіподак, кооперативтік, діни және т.б.) қоғамдық, ұйымдар, сондай-ақ өскелен ұрпакты тәрбиелеу мен білім беруді (мектепинституттеатр) жүзеге асыратын барлық мекемелер.

 Кейбір саясаттанушылар қоғамның саяси жүйесіне заңға енгізілген идеялар, принциптер, идеологиялар моральды, сондай-ақ саяси мақсатты көздеген жекелеген адамдардын қызметін қосады.

 Саяси ойлау - әлеуметтік-саяси саланы түсінуде танымның тиімді тәсілдерін қолданатын саяси сананың бөлігі, оның түрі. Саяси ойлау - саясаттағы саяси сананың негізгі түрлерінің бірі.

 Саяси ойлау салалары мен түрлері сан алуан. Ол теориялық және қолданбалы, тәжірибелік түрлерден тұрады. Теориялық деңгейде тұжырымдар мен стратегиялықұстанымдар қалыптасады. Теориялық саяси ойлау саяси мәселелерді ауқымды қарастыруға, саяси қарама-қайшылықтарды концептуалды шешуге тырысады.

 Саяси ойлау - ғылыми ізденістер нәтижесі. Онымен саяси шындықты ұйымдасқан түрде ой елегінен өткізгісі келген мемлекеттік, партиялық, тәуелсіз зерттеу құрылымдары айналысады. Тәуелсіз зерттеушілер саясат мәселелерімен жалпы, жалпы мәдени деңгейде айналысады. Ал саяси ойлауды қалыптастырумен әлеуметтік және саяси философияәлеуметтанусаясаттанусалыстырмалы саясаттану сияқты ғылымдар айналысады.

 Ойлау саласына саяси тұтастықтың жалпы анықтамалары жатады. Мысалы, ұлттық-таптық үйлесімділік қозғалысы, саяси келісім, ортақ саяси кеңістікті орнатуға ұмтылу, т.б.

 Саяси идея — шоғырланған (концентрацияланған) саяси ой. Ол, сонымен қатар практикада базалық саяси элемент ретінде іске асуыменде мәнді. Идея ұғымнан жоғары, өйткені идеяда ұғым нақтылықпен бірлікте көрініс табады деп Гегель жайдан-жай айтпаса керек. Міне, осы саяси нақтылықпен байланыс саяси идеяны саяси тәжірибенің шығармашылық элементі ететіндіктен саяси ойды саясаттың шығармашылық элементі деп есептеуге болады. Саяси идеяның саясат субъектілерінің өте кажетті мүдделерімен байланысы, сондай-ақ осы процесте идеяларды саяси іске асыру және реттеу процесі саяси идеяға күш, өміршеңдік, динамика береді.Саяси идеяларды жүйелі түрде жасақтау саяси практиканың концептуалды негізін анықтауға мүмкіндік беретін, стратегиялық мақсатын анықтайтын, стратегияның тактикасын түйістіретін, бағындыратын саяси теориялар есебінен жүргізіледі. Саяси идеялар, теориялар, концепциялар саясат субъектілері ретіндегі адамдар санасын жандандырады және жеткілікті деңгейде олардың саяси жүріс-тұрысқа ықпал етуші саяси көзқарастарының мәнді компоненттері ретінде көрінеді. К. Маркс айтқандай: "...теория бұқараны билеп ала салысымен-ақ, материалдық күшке айналады".

  •  Түрікшілдіктің ресми идеология мен саяси тәжірибеге айналуы

 Түркішілдік, пантюркизм – түркі халықтарын бірлікке, өзара байланыстарын нығайтуға үндейтін қоғамдық-саяси ағым. XX ғ. басында саяси доктриналардың және саяси көзқарастардың жүйесінде пайда болған діни-саяси идеология. Түркі тілді халықтардың бір мемлекетке Түркияның камкорлығымен «ұлы Тұран» мемлекеті болып бірігуін мақсат ететін көзқарастар мен саяси доктриналар жүйесі.

 19 ғасырдың соңына қарай қарқын алды. Сол тарихи кезеңде түркішілдікті насихаттаушылардың көш басында И.Гаспринский тұрды. Ол түркішілдікті “Тілде, пікірде, істе – бірлік” деген ұранмен шығарған өзінің “Тәржіман” газеті арқылы насихаттады. Түркішілдікті Түркияданасихаттауда Ю.Акчурин белсенділік танытты. 20 ғасырдың басында Ресейимпериясының қол астында отарлық езгінің тауқыметін тартқан түркі халықтарының азаттық қозғалысының өрбуіне түркішілдік елеулі дәрежеде ықпал етті. Бірінші орыс революциясы кезінде негізінен түркі халықтарының өкілдері қатысқан бүкілресейлік мұсылман съезі 3 рет өткізіліп, түркі халықтарының мүддесін қорғау мақсатында “Ресей мұсылмандары одағы” атты партия құрылды. Ә.Топчибашев, А.Ибрагимов, С.Мақсұдов секілді қайраткерлер түркішілдіктің ықпалымен түркі халықтарының мүддесін қорғау жолындағы әрекеттерін күшейтті. Уақытша үкімет жағдайында түркі халықтарының саяси әрекеттерін үйлестіріп отыру мақсатында Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі ұйымдастырылды. Кеңестік билік орнағаннан кейін түркішілдік реакциялық пиғылдағы ағым ретінде бағаланып, оны насихаттауға қатысы бар деген азаматтар ашық қуғындалды. Көрнекті татар қайраткері М. Сұлтанғалиевосындай қуғындаудың құрбаны болды. Сол кезде Түркияда түркішілдік-ті насихаттаушы тұлға ретінде Көк-Aлп танылды.

 Сын және идея мәселелері

 Бүгінгі таңда пантюркизмнің алғашқы идеяларынан аз нәрсе қалды. Зайырлылық пен зайырлы идея ислам мен фундаментализмге өзгерді. Жаңа астана туралы даулар жалғасуда, таңдау Анкара мен Түркістан арасында жүріп жатыр. Тіл мәселесі әлі де жалғасуда. 

 Кейбір тілдік қауымдастықтар латын әліпбиіне көшті, бірақ түрікмен, өзбек және әзірбайжан тілдерінің ресми латын алфавиттері 1990-шы жылдардың басында 35 әріптен тұратын пантүрік алфавиті келісілгеннен кейін Түркия Күткендей түрік алфавитіне сәйкес келмейді.

 Түркі елдерінің шешілмеген аумақтық амбициялары мен мемлекетаралық қақтығыстары да проблема болып табылады. Ресей, Иран, АҚШ және еуропа елдерінің Ердоғанның дұрыс емес саясатына байланысты Түркияға қысым жасау Тұран құруға мүмкіндік бермейді.

  • Түркиядағы билік жүйесінің мұсылмандықтан зайырлыққа өту процессі

 Мұстафа Кемал Осман түріктерінің жеңісті соғысы – Галлиполи операциясы кезінде дивизия командирі қызметін атқарып жүрген кезінде аса дарынды қолбасшы ретінде өзін көрсете білді. Кейінірек ол Анадолы және Палестина майдандарында әскери қимылдарды ерекше табысты жүргізуімен көзге түсіп, Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде атақ-даңққа ие болды. Осман империясының соғыста жеңіліп, Антанта тарапынан елді бөлшектеп тастауға жоспарлар жасалғаннан кейін, Мұстафа Кемал Түрік ұлттық қозғалысынбастады. Ол кейін Түрік тәуелсіздік соғысына ұласты. Анкарада уақытша үкімет ұйымдастырған соң, ол Антанта мемлекеттері жіберген әскерлердің бетін қайтара алып, олардан басым түседі. Ол Осман империясының қалдықтарын қидай сыпырып, зайырлы Түркия Республикасынқұрды.

 Сыртқы интервенциялық күштерді қайтарғаннан кейін Мұстафа Кемал Түркия өмірінің саяси, экономикалық және мәдени жақтарына терең өзгерістер енгізуге бағытталған реформалар бастайды. Ол реформалардың басты бағыттары Кемалдың саяси идеологиясында баяндалған. Ататүріктің ұстанған көзқарасы бойынша Түркия мемлекеті заманауидемократиялық және зайырлы мемлекетболып құрылуы тиіс болатын. Ол тегін бастауыш мектеп оқытуын құрып, мыңдаған жаңа мектептер ашты. Ол бұрынғы араб жазуының орнына Латын негізіндегі Түрік әліпбиін жасады. Түрік әйелдері мұсылман елдері ішінде тұңғыш рет ерлермен тең азаматтық құқықтарға — сайлау-сайлану құқықтарына ие болды, бұл тіпті көптеген батыс елдерінен де болмаған заманауи реформа. 1930 жылы 3 сәуірдегі №1580 құжат бойынша, әйелдер сайлауға дауыс бере алатын болды, ал 1934 жылы толық күйде ерлермен бірдей сайлану-сайлау құқығын иеледі.

 Түріктерді негіз еткен саяси билікті құру арқылы ол тамырлас, біріккен түрік ұлтын құруға негіз салды. Жер атаулары, тіпті адам атына дейін түріктендіру басталды. "Түріктердің атасы" дегенді білдіретін «Ататүрік» есімін Түрік парламенті 1934 жылы Кемалға сыйлаған еді.

 1938 жылы 10 қарашада 57 жасында Доламбахче сарайында қайтыс болды. Оның орнына премьер-министр Мұстафа Исмет Инөнү отырып, президент лауазымына ие болды. 1953 жылы Ататүрік Кесенесі ашылды. Кесене оның әйгілі «Үйдегі де, дүние жүзіндегі де бейбітшілік» деген сөзі құрметіне Бейбітшілік паркі деп аталатын саябақпен қоршалған.

 1981 жылы, Ататүріктің туғанына 100 жыл өтуіне орай БҰҰ мен ЮНЕСКО Ататүрікті құрметпен еске алды, әлемде "Ататүрік жылы" жарияланды, Ататүріктің жүз жылдығы туралы резолюция қабылданды, Ататүрікті "отаршылдыққа және империализмге қарсы күрестің көсемі" деп сипаттап, "әлемдегі адамзаттың өзара түсінісуі мен ұлттардың баянды ынтымағын нәсихаттаушы және адамзаттық үйлесім мен берекеге бүкіл өмірін арнаушы" деп таныды. Ататүрік құрметіне Түркияда және әлем елдерінде көптеген ескерткіштер ашылған. Грекияның бұрынғы премьер-министрі Элефтериос ВенизелосАтатүріктің есімін 1934 жылғы Нобель сыйлығына ұсынған болатын.

 Ататүрік реформаларының жақтаушылары исламшылдардан ерекшеленетін кемалистер деп аталады, олар діннің заң шығарудағы, білім берудегі және қоғамдық өмірдегі рөліне қатысты екі түрлі пікірді білдіреді. Кемалистік көзқарас мемлекеттің экономикаға, білімге және басқа да мемлекеттік қызметтерге араласу қажеттілігін сақтай отырып, зайырлы конституциясы және батыстық мәдениеті бар демократия нысанын қолдайды. 1923 жылы республика ретінде құрылғаннан бері Түркия зайырлылықтың күшті дәстүрін қалыптастырды. Алайда, 1980-ші жылдардан бастап табыстардың теңсіздігі және таптардың айырмашылығы сияқты мәселелер исламизмнің пайда болуына алып келді, бұл қозғалыс үкіметтің саясатындағы дін үшін үлкен рөлді қолдайды және теория жүзінде билік, қауымдық ынтымақтастық және әлеуметтік әділеттілік міндеттерін қолдайды; дегенмен, іс жүзінде туындаған нәрсеге жиі дау туындайды. Режеп Тайып Ердоған мен АКП кезіндегі Түркия барған сайын авторитарлы ел ретінде сипатталады

  •  Түркиядағы исламшылдық концепсиясы

  Исламның Түркияның саяси өміріне ықпалының өсуі екінші дүние жүзілік соғыстан кейін басталды. Зайырлы биліктің кемалистік ұстанымдарын қалпына келтіру мақсатында билікті қолына алған түрік армиясының саясатқа араласуы Түркияның саяси жүйесінің қалыпты жағдайына айнала алмады. 1980 жылдардың ор- тасында қайта қалпына келтірілген азаматтық билік саяси сахнаға Тұрғыт Озал сияқты беделді көшбасшыларды шығарды. Тұрғыт Озал исламизмді басып тастауға болмайды, керісінше исламды либерализация мен модернизацияның одақтасы ету қажет деген ұстанымда болды. Осылайша түрік-ислам синтезі қағидасы қалыптасты. Оны іс жүзіне асыруда Ататүрік атындағы Мәдениет, тіл және тарих қоғамы Жоғарғы кеңесінің (Конституциялық орган – Е.Қ.)құрылуы аса маңызды рөл атқарды. Жоғарғы кеңес 1986 жылдың 20 маусымында «түрік- ислам синтезінің негізін құрайтын мәдениет түсінігін бүкіл ұлттың қабылдайтындығын қолдады» .

 Қазіргі Түркияда баяу исламистік партиялардың мемлекеттік басқарудың зайырлы жүйесіне бейімделуі айтарлықтай қарқынды жүруде. Соның ішінде, билік басында отырған баяу бағыттағы исламистік әділдік пен даму партиясы (ӘДП) да саяси жүйенің зайырлы сипатын қолдап отыр. Ол өзінің басты мақсаты ретінде заманауи демократиялық мемлекет қалыптастыру, еуропалық қауымдастыққа қосылу үдерісінің қарқынын күшейту саясатын жүргізуде. Еуропа мен Азияның қиылысында орналасқан ел үшін Еуроодаққа ену маңызды әлеуметтік- саяси, экономикалық, тіпті дүниетанымдық мәселе болып табылады және түрік қоғамының бірегейлігін анықтау үдерісін көрсетеді. Бұл мәселенің түбегейлі шешілуі Түрік Республикасының одан арғы даму бағытын ғана емес, сондай-ақ геосаяси даму үрдістерін де

  •  Түркияда солшылдардың пайда болуы

 Солшыл саясат - әлеуметтік теңдік қолдайтын саясаттық идеологиялардыбіріктейтін термин. Солшылдар әлеуметтік иерархияға қарсы шығады және әлеуметтік теңсіздіктердің пайда болуының ақталмағандығы жайлы сенімді енгізеді. Үкімет жағынан солшыл саясат көбінесе елдің экономикасы мен халықтың материалды жағдайға араласады.

Солшыл идеологиялардың көптеген түрлері бар. XVIII ғасырда термин көбінесе либералды демократияны белгілеу үшін қолданған. Қазіргі уақытта социал-либерализмге ұқсас идеологияларды орта-солшыл деп санап, Солшыл идеологиялар деп, анти-капиталистік саяси бағыттарды, көбінесе социализмкоммунизмМарксизмСоциал-демократия және тағы басқа идеологияны белгілейді.

Сондаяқ, мәдениет жағынан либералды қозғалыстарды да солшыл деп атайды. Оларға азаматтық құқықтар қозғалысыпирсинг қолдану, шашты бояу мен татуировка салу құқығы қозғалысы, ерікті баласыздық, индивидуализмфеминистікжәне ерлердің құқықтар қозғалысы, ЛГБТқұқықтары қозғалысы, нәсіларалық неке, аборт құқығы қозғалысы, иммиграция, анти-соғыстық қозғалыс пен эко-қозғалысы жатады.

 Кемалшылдар революциясы– Түркияда 1918 – 23 ж. аралығында болған ұлт-азаттық қозғалыс. 1-дүниежүзілік соғыста Осман сұлтандығы күйрей жеңіліп, түрік мемлекетінің жойылып кету қаупі туды. 1918 жылдың аяғы мен 1919 жылдың бас кезінде Ұлыбритания, Франция, Италиямемлекеттері елдің көптеген жерін басып алуына байланысты, ол жерлерде ұлт-азаттық қозғалыстар стихиялы түрде пайда бола бастады. 1919 ж. мамырда ГрекияИзмир қаласын басып алысымен, халық жаппай көтерілді (қ. Грек-түрік соғысы). Көтеріліс орт. Анадолы болды, қозғалыс өз көсемі Мұстафа Кемал пашаның (қ. Ататүрік) атымен Кемалшылдар революциясы деп аталды. 1920 ж. 23 сәуірде Анкарада өткен Ұлы халық жиналысы Кемалшылдардың өкілдік к-тін Түркияның бірден-бір заңды үкіметі деп жариялап, тұрақты әскери күш жасақтауға кірісті. Жаңа әскер кемалшылардың басшылығымен 1922 ж. күзде Түркияны шет ел басқыншыларынан толық азат етті. Лозанна конференциясында (1922 – 23) Батыстың жетекші елдері Түркияның мемл. тәуелсіздігін толық мойындады. Кемалшылдар революциясы нәтижесінде елде сұлтандық жойылды (1922), халифаттаратылды (1924), республика жарияланды (1923).

 

  •  Партиялар және партиялық жүйелер

 Партиялық жүйе - азаматтармен, мемлекетпен, өзара және басқа саяси институттармен әрекеттесуші әрі осы қоғамда қандай да бір деңгейде саяси-билік қатыстарына араласушы партиялардың жиынтығы; қоғамнын саяси жүйесінің кұрамдас бөлігі.

 Партиялық жүйе партиялардың ресми санымен емес, олардың қаншалықты дәрежеде саяси биліктің қызмет етуі және құрылуы тетігіндегі шынайы атқаратын рөліне байланысты анықталады. Партиялық жүйенің қалыптасуына бірқатар факторлар әсер етеді: қоғамдағы экономикалық даму деңгейі, әлеуметтік- таптық күштердің арақатынасы, қоғамдық қатынастардың пісіп-жетілу дәрежесі, халықтың этникалық қүрамы, тарихи және діни дәстүрлер және т.б. Демократиялық саяси тәртіпке саяси партиялардың қызметі ресми шектелмеген көппартиялық жүйе тән. Алайда, көппартиялық жүйелердің нақтылы құрылымы әр елде әрқилы. Осылайша, Жапония мен Италияда бір үстем партиямен көппартиялық жүйе қалыптасты. Жапонияда тек 1993 ж. ғана билік басындағы үстем либералды-демократиялық партияны бірнеше партиялардан қүралған одақ (коалиция) алмастырды. АҚШАнглияКанада және т.б. бірқатар елдерде анағұрлым ықпалды екі партия бар партиялық жүйе қалыптасқан. Авторитарлы саяси тәртіпке әдетте бірпартиялық принцип тән. Мұнда елдегі заңды жағдайдағы партиялардың ресми саны емес, бір партияның занды түрде билеуші үстем партия болып бекітілуінде. Ӏс жүзінде бұл партияның рөлі мемлекет жетекшілігіне бұқаралық қолдауды ұйымдастырумен шектеледі. Бірқатар авторитарлық тәртіптер ресми мойындалған нақтылы екі немесе одан да көп партияларға рұқсат беріп, қалғандарына тыйым салады. Бірақ осы жағдайда рұқсат етілген партиялардың қызметі едәуір шектеледі. Саяси өмірде олар қосалқы рөл атқарады, өйткені шынайы мемлекеттік саясатқа ықпал ете алмайды. Тоталитарлық саяси тәртіпке өзіндік партиялық жүйе тән. Мұнда тек қана бір саяси партия қызмет етеді, қалғандары таратылып, тыйым салынады. Алайда, авторитарлыққа қарағанда бұл саяси партия мемлекеттік биліктің басында тұрады, қоғамда үстемдік етеді. Пар¬тияның аппараты мемлекеттік аппаратпен біте қайнасып жатады. Бұл, әдетте партиялық және мемлеттік қызмет шекарасының шайылуына әкеліп соқтырады. Мұндай жүйелердің пайда болуына билікті жүзеге асырудың демократиялық әдістерінің дағдарысы себеп болады. Қазіргі кезде мұндай жүйелер халықаралық қауымдастық алдында және сол қоғам пікірінде өздерін әшкерелеген құрылымдар ретінде саяси сахнадан шығып қалуда.

 Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болады. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады. Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIX ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылу ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті.

 Саяси партия — мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеологиянегізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.[1]

 Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекиядапайда болған. Ал қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар ЕуропадаXIX ғ. II жартысында пайда бола бастаған. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік, бұқаралық партия бола калған жоқ. Мысалы, неміс ойшылы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында келесі кезеңдерді атап көрсеткен: 

 1) аристократиялық үйірмелер;

 2) саяси клубтар;

 3) көпшілік партиялар.

 Демократиялық тәртіп жағдайында партиялар азаматтар, әлеуметтік топтар мен қоғам мүдделерін шынайы саяси үрдіске айналдыра алады.

  •  Демократия дамуының негізгі кезеңдері мен теориялары

 Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді.

 Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.

 Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділет болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділет болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігітеңдікқұқықәділдікеркіндікпринциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.

 Алғаш демократиялық мемлекет б.з.д. V ғасырда Афинада дүниеге келген. Мұнда “халық кеңесі” жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т.с.с. Бірақ халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға Афинаға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын әйелдер мен құлдар жатады. Халық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиындай түседі деп қорықты.

 Халық кеңесімен қатар бес жүз адамнан тұратын кеңес жұмыс істеді. Оны “бесжүздік” деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мәселелерді дайындады.

 Сонымен қатар “халық соты” жұмыс істеді. Ол қылмыс жасаушыларды жазалап отырды.  Афиналық демократия Периклдің(б.з.б. 490-429) басшылық еткен дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл уақыт афиналық демократияның алтын ғасыры саналады. Периклдің уақытында барлық билік мүмкіндігінше біркелкі бөлінді. ДемократияЕжелгі Римде де болған. Мұнда “халықтық мінбе” жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған.

 Бірақ бұл демократияның өрескел жақтары да болды. Азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ, себебі қоғам адам өміріне араласты.

 Антикалық демократиядан бастау алған классикалық демократияның өзгешелігі болды. Мұнда саясатқа барлық тап өкілдері қатыса алды. Олар өз көзқарасын білдіріп, ортақ шешім шығарды.

  •  Иозеф Шумпетер (1883-1950) демократияның “Шумпетерлік” теориясын жасады. Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай қажет:
  •  Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай білікті, маман өкілдері тобы болу тиіс.
  •  Саяси органдар халық жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешім шығаруы керек.
  •  Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек.
  •  Демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды. Мұндай топ өкілдері қандай мәселе болмасын халық мүддесін бірінші орынға қоюы керек.
  •  Саяси партиялардың классификациясы

 Саяси партия қызметтері - саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі - қоғамдық мүдделерді жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады. Партиялар қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да белгілі рөл атқарады.

 Саяси партиялардың жіктелуі - М.Дювержесайлаушылар мен белсенділер санына байланысты: 

 а) маманданған;

 ә) бұқаралық деп жіктейді.

 Маманданған деп қатарында сайлаушылардың 10%-дан кемі ғана болатын, мүше саны аз партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Бұқаралық партияда оны үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушыларымүшелерібелсенділері көп болады. Бірақ олардың ресми мүшелері болмайды.

 Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды 4 түрге бөледі:

 1) авангардтық партиялар. Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінің партияның жүмысына белсенді қатынасуын талап етеді;

 2) сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу және т.б.;

 3) парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау;

 4) қауымдастық партия. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай, маңызды мәселелерді ортақ талқылау үшін біріктіреді.

 Партияларды таптық негізде жіктеу: жүмысшыларшаруаларбуржуазиялық. Саяси жүйедегі рөліне байланысты: парламенттік, сайлаулық, жетекші және мақсаттық деп жіктелуі.

 

 

 Модуль 2. Түркияның саяси идеологиясы және оның қоғаммен байланысы.

  • Кемалисттік идеяның социалисттік демократиялық бағытқа айналуы

 Ататүрік реформаларының жақтаушылары исламшылдардан ерекшеленетін кемалистер деп аталады, олар діннің заң шығарудағы, білім берудегі және қоғамдық өмірдегі рөліне қатысты екі түрлі пікірді білдіреді. Кемалистік көзқарас мемлекеттің экономикаға, білімге және басқа да мемлекеттік қызметтерге араласу қажеттілігін сақтай отырып, зайырлы конституциясы және батыстық мәдениеті бар демократия нысанын қолдайды. 1923 жылы республика ретінде құрылғаннан бері Түркия зайырлылықтың күшті дәстүрін қалыптастырды. Алайда, 1980-ші жылдардан бастап табыстардың теңсіздігі және таптардың айырмашылығы сияқты мәселелер исламизмнің пайда болуына алып келді, бұл қозғалыс үкіметтің саясатындағы дін үшін үлкен рөлді қолдайды және теория жүзінде билік, қауымдық ынтымақтастық және әлеуметтік әділеттілік міндеттерін қолдайды; дегенмен, іс жүзінде туындаған нәрсеге жиі дау туындайды. Режеп Тайып Ердоған мен АКП кезіндегі Түркия барған сайын авторитарлы ел ретінде сипатталады.

 Осман империясының абсолютті монархиясының идеологиясы негізінен Монтескье мен Руссоның ілімдеріне негізделген шектеулі либерализм идеологиясымен ауыстырылды. Кемал ұсынған және кемалисттік деп аталатын идеология әлі күнге дейін Түрік Республикасының ресми идеологиясы болып саналады. Ол кейіннен 1937 жылғы конституцияда бекітілген 6 тармақты қамтыды:

  •  ұлты;
  •  республикашылдық;
  •  ұлтшылдық;
  •  зайырлылық;
  •  статизм (экономикадағы мемлекеттік бақылау);
  •  реформизм.

 Ұлтшылдыққа құрметті орын беріліп, режимнің негізі ретінде қарастырылды. «Ұлттық» принципі түрік қоғамының бірлігін және ондағы тапаралық ынтымақты, сондай-ақ халықтың егемендігін (жоғарғы билік) және оның өкілі ретінде ВНСТ жариялаған ұлтшылдықпен байланысты болды.

 2. Түрік саяси идеологиясының түсінігі

 Түркішілдік, пантюркизм – түркі халықтарын бірлікке, өзара байланыстарын нығайтуға үндейтін қоғамдық-саяси ағым. XX ғ. басында саяси доктриналардың және саяси көзқарастардың жүйесінде пайда болған діни-саяси идеология. Түркі тілді халықтардың бір мемлекетке Түркияның камкорлығымен «ұлы Тұран» мемлекеті болып бірігуін мақсат ететін көзқарастар мен саяси доктриналар жүйесі.

 19 ғасырдың соңына қарай қарқын алды. Сол тарихи кезеңде түркішілдікті насихаттаушылардың көш басында И.Гаспринский тұрды. Ол түркішілдікті “Тілде, пікірде, істе – бірлік” деген ұранмен шығарған өзінің “Тәржіман” газеті арқылы насихаттады. Түркішілдікті Түркияданасихаттауда Ю.Акчурин белсенділік танытты. 20 ғасырдың басында Ресейимпериясының қол астында отарлық езгінің тауқыметін тартқан түркі халықтарының азаттық қозғалысының өрбуіне түркішілдік елеулі дәрежеде ықпал етті. Бірінші орыс революциясы кезінде негізінен түркі халықтарының өкілдері қатысқан бүкілресейлік мұсылман съезі 3 рет өткізіліп, түркі халықтарының мүддесін қорғау мақсатында “Ресей мұсылмандары одағы” атты партия құрылды. Ә.Топчибашев, А.Ибрагимов, С.Мақсұдов секілді қайраткерлер түркішілдіктің ықпалымен түркі халықтарының мүддесін қорғау жолындағы әрекеттерін күшейтті. Уақытша үкімет жағдайында түркі халықтарының саяси әрекеттерін үйлестіріп отыру мақсатында Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі ұйымдастырылды. Кеңестік билік орнағаннан кейін түркішілдік реакциялық пиғылдағы ағым ретінде бағаланып, оны насихаттауға қатысы бар деген азаматтар ашық қуғындалды. Көрнекті татар қайраткері М. Сұлтанғалиевосындай қуғындаудың құрбаны болды. Сол кезде Түркияда түркішілдік-ті насихаттаушы тұлға ретінде Көк-Aлп танылды.

 

  •  Түркияның ұлттық идеялық-саяси ой қозғалыстары

 Түрік ұлтшылдығы идеяларының қалыптасу кезеңі Осман империясы 1839–1876 жылдардағы Танзимат реформаларымен туындаған саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырту жолына түскен 19 ғасыр болды.

 Көрнекті қайраткерлері Ибрагим Шинаси (1826–1871), Намык Кемал (1840–1888), Зия Паша (1825–1881) және Али Суави (1838–1878) бар «Жаңа Османлы қоғамы» османшылдық доктринасын дамытты. және Осман империясының барлық халықтарының ұлтына немесе діни көзқарасына қарамастан бірлігі. Османшылдық доктринасын билеуші ​​мұсылман элитасы да, сол кезге дейін этникалық ұлтшылдық идеяларын қорғаған елдің христиан халқы да қолдамады.

 Ұлтшыл қозғалыс партиясының (MNP) негізін қалаушы - Алпарслан Түркеш. Ол 1917 жылы 27 қарашада Кипрде дүниеге келген. Туған кезде ол Али Арслан Хамди есімін алды. Әкесінің аты Ахмет Хамди Эфенди, анасының аты Фатиматул Зехра Ханим. А.Түркештің отбасы ол дүниеге келмес бұрын Кіші Азиядағы ауылдан Кипрге көшіп келген.

 А.Түркеш екі рет үйленген. Бірінші әйелі Мұзаффар Ханым 1974 жылы қайтыс болды. Екі жылдан кейін Севал Ханимге үйленді. бірінші некесінен бес, екіншісінен екі баласы болды.

 А.Түркес бастауыш және орта білімді Никосияда алды. Сол жылдары Кипр ағылшын басқыншылығында болғандықтан, 1933 жылы А.Түркештің отбасы Стамбулға көшуге мәжбүр болды. 1936 жылы Ә.Түркеш әскери лицейді, 1938 жылы әскери училищені бітіріп, кіші лейтенант шенімен әскер қатарында қызмет ете бастады. Кейін әскери академиядағы оқуын ойдағыдай аяқтап, штаб офицері болды.

 Ол академияда оқып жүрген жылдарының өзінде асқан оңшыл ұлтшыл көзқарастарымен ерекшеленді. 1944 жылы түрік тарихнамасына «1944 Milliyetçilik Olayı» деген атпен енген оқиға орын алды. 1944 жылы 3 мамырда Анкарада ұлтшыл жастар мен зиялылардың ұйымдастыруымен шеру өтті.

 

  •  Түркияның көп партиялы басқару жүйесі мен саяси идеологияның байланысы

 Қазіргі уақытта Түркияда көппартиялы жүйе.

 Ататүрік Халықтық, кейінірек Халықтық Республикалық партияны (CHP) құрды. Оның қағидалары, ең алдымен, түрік ұлтының тұрғылықты ел ішіндегі бірлігі мен бөлінбейтіндігі деп түсінетін ұлтшылдық идеялары болды. Алайда барлық түрік азаматтары түрік деп жарияланып, шетелдіктерге түрік мәдениетін, тілі мен дәстүрін қалай тез қабылдау керектігі туралы нұсқаулар жарияланды. Әрине, ұлттық ерекшелігін сақтағысы келетіндер (бұл бірінші кезекте гректер мен күрдтерге қатысты) этникалық және тілдік белгілері бойынша кемсітушілікке ұшырады. Партияның келесі постулаты - бұл лацизм, яғни зайырлылық, дінді саяси өмірден, тіпті мемлекеттік өмірдің басқа да маңызды салаларынан алып тастау. ХХ ғасырдың 20-шы жылдары бірқатар буржуазиялық басшылар елдің конституциясына қайшы келмейтін саяси партиялар құруға ұмтылды. Алайда оларға бірден Ататүріктің көптеген қарсыластары террористер мен қастандық ұйымдастырушылар да қосылғандықтан барлық жобалар жабылды.

Түркияда демократияның шынайы қалыптасуы 1950 жылдан басталады. 1946 жылы, 7 қаңтарда құрылған Демократиялық партия 1950 жылғы сайлауда жеңіске жетіп, партия төрағасы Аднан Мендерес Премьер-министр, партияны құрушы Желал Баяр(Османлы кезінде Межлиси Мебуса парламенті мүшесі, Ататүріктің соңғы Премьер-министрі болған, 103 жас жасаған қайраткер) Түркияның 3 президенті болып сайланды. Бұл билік буыны өз кезегінде Корей соғысында Оңтүстік Кореяға әскер жіберу арқылы 1952 жылы, 18 ақпан Түркияны НАТО мүшелігіне қабылдатты. Премьер-министр Аднан Мендерес үкіметі 1952 жылы 13 наурызда арнайы қарар қабылдап, Алтайдан ауып, Пәкістан мен Үндістан топырағын паналаған Қазақтарды 1954 жылға дейін түгел Түркияға көшіріп алды.

1960 жылы, 27 мамырда ұсақ шенді офицерлер астыртын түрде мемлекеттік әскери төңкеріс жасады. Төңкеріске ел басқарудағы «зайырлылық» ауытқулары сылтау етіп көрсетілді. Төңкеріс жасаған 37 әскери адамның бірі белгілі түрікші, полковник шенді Алпарслан Түркеш еді. Төңкеріс нәтижесінде Желал Баяр жасына байланысты қамалып, Аднан Мендерес асып өлтірілді. Осы төңкерістен кейін билік жиі ауысып, билікте тұрақсыздықтар орын алды. Арада әскерилердің билікке үстемдік ететін сәтті және сәтсіз бірнеше әрекеттері болды. Олардың бірі 1971 жылы, 12 наурыздағы әскерилердің үкіметті отставкаға кетіруі. 1980 жылға дейін Республикашылар және Сүлеймен Демирелдің Әділет партиясы ауыса билеп келген Түркия үкіметінде үшінші рет әскерлердің билікке ашық араласуы (1980 жыл. 12 қыркүйек) болды. Бұл уақыт аралығындағы үкіметтердің 1974 жылы Бүлент Ежевит үкіметі кезінде Кипрге әскер кіргізуінен басқа айтарлықтай қызметі бола қойған жоқ. Сондықтан көп тоқталмауды жөн көрдік.

1980 жылы әскерлер қолына алған билікке 1983 жылы ғана «Анаотан партиясымен» Тұрғыт Өзәл келді. 1989 жылға дейін үкімет басында болған ол, сол жылдан 1993 жылға дейін ел президенті болды. Қазақстан тәуелсіздігін алғашқы болып мойындаған Тұрғыт Өзәл Қазақстанға арнайы сапарында журналистердің: «Түркияда қанша қазақ бар?» деген сұрағына, -  «Мені қосқанда 70 миллион қазақ бар» деп жауап берген еді.

1993 жылы Тура Жол партиясымен Түркияның алғашқы әйел Премьері Танысу Чилер билікке келді. Түркияда 1980-1990 жылдары радикал оңшылдардың ықпалы артты. 1995 жылғы сайлауда Нежметтин Ербақанның Рефаһ партиясы үлкен жеңіске жетті. 1997 жылы билікке радикал діншілдер араласты деп тапқан Ұлттық Қауіпсіздік кеңесі Ербақанды биліктен тайдырды. Түркияның қазіргі президенті Ердоған осы Рефаһ партиясының мүшесі ретінде қоғамдық тұлға болып танылған. 1960 жылдан 2002 жылы Әділет және Даму партиясы билікке келгенге дейін үкімет жиі ауысты. Мезгілінен бұрынғы сайлаулар көп болды. Кейде үкімет басына бір партия ғана келіп отырса, кейде коалиция құрылды. 1961-1980 жылдары Түркия парламенті Республика Сенатынан және Мәжілістен тұратын қос палаталы парламент болды.  1961 жылы құрылған Республика Сенаты мәжіліс сияқты емес 40 жастан жоғары жас шектемесі бар, жоғары білімді адамдардан құралды және олардың 150-ін халық ұсынды, 15-ін президент тағайындады. Түркия Үлкен Ұлт Мәжілісінде алғашқыда 436 депутат(Milletvekili) болды. 602 депутат жинаған кездері болған Түрік Парламентінде 1995 жылдан бері қарай тұрақты 550 депутат сайланып келеді. Түркияда парламенттен орын алуы үшін сайлауға түскен партиялар ең азы 10 пайыздық межеден артық дауыс жинай алуы керек.

 

 

  • Түркияның халық дипломатиясы

 Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бері Түркия Кеңес Одағын 590 шақырымдық шекарасы ортақ халықаралық бәсекелес ретінде қарастырды. 1952 жылы түріктердің кеңестік саясатқа деген алаңдаушылығы соншалық, түрік саясаткерлері АҚШ-Еуропа ұжымдық қорғаныс келісіміне (НАТО) қосылуға шешім қабылдады. НАТО-ға қатысу Түркияны қырық жылдай халықаралық саясатта жалғасқан қырғи-қабақ соғыстағы қақтығыстың тарапына айналдырды. 1960 жылдары Түркияның КСРО-мен қарым-қатынасы біршама жылыды, бұл 1970 жылдары бірнеше екіжақты экономикалық ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қоюға әкелді. Алайда 1979 жылы Кеңес Одағының Ауғанстанға басып кіруі түрік саясаткерлерінің кеңестік экспансионизмге қатысты үрей туғызып, бес жылдан астам уақытқа созылған қарым-қатынастың салқындағанына әкелді. 1980 жылдардың ортасынан бастап Түркия КСРО-мен қарым-қатынасын біртіндеп қалпына келтірді. Анкара мен Мәскеу бірқатар келісімдерге, соның ішінде кеңестік газ кен орындарынан Түркияға табиғи газды тасымалдау жоспарына қол қойды. Екі ел арасындағы экономикалық және дипломатиялық байланыстар Кеңес Одағы он бес тәуелсіз мемлекетке ыдырағаннан кейін тоқтатылды.

 1991 жылы түрік билігі КСРО ыдырағаннан кейінгі өзгерген геосаяси жағдайға және халықаралық коалиция елдерінің Иракқа қарсы әскери науқанының басталуына байланысты (1991 жылғы 17 қаңтардан бастап) өзінің сыртқы саясатын қайта қарауды бастады. ). Бұл екі оқиға да Түркияға қатты әсер етті, өйткені Кеңес Одағы солтүстік пен шығыста, ал Ирак оңтүстікте көрші болды. 1991 жылдан бастап аймақта саяси тұрақсыздық басталды, көптеген түрік саясаткерлері өз елдері үшін ықтимал теріс салдарлардан қорқады. Алайда, басқа түрік саясаткерлері бұл геосаяси оқиғалар Түркияға Осман империясы ыдырағаннан кейін аз ғана қатысуы болған екі аймақ арасындағы көпір ретінде өзінің тарихи ықпалын қайта қалпына келтіруге бірегей мүмкіндік берді деп есептеді.

 Түркия үшін Кеңес Одағының ыдырауы бір үлкен, қуатты және жалпы болжауға болатын көршінің орнына ішкі тұрақсыздықпен және турбулентті сыртқы саясатпен сипатталатын бірнеше кішірек көршімен алмастырылды. Көптеген мемлекеттер сияқты Түркия да Ресейді Кеңес Одағының заңды мұрагері ретінде қабылдайды. 1991 жылдың соңында түрік шенеуніктері Ресейдің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы (ТМД) рөлі туралы бір шешімге келмеді, бірақ дәстүрлі қарсыласқа қарсы тұрудан сақ болды. Түркияның Ресеймен және ТМД елдерімен дипломатиялық байланыстары КСРО ыдырағаннан кейін жұмысын жалғастырған Кеңес Одағы мен Түркия арасындағы техникалық және экономикалық ынтымақтастық туралы көптеген келісімдерді қайта қарауға бағытталды. Түркия сонымен қатар Қара теңізде теңіз шекарасы бар бес мемлекет – Ресей, Грузия, Украина, Болгария және Румыния басшыларымен экономикалық ынтымақтастық туралы көпжақты кездесулер өткізуге бастамашылық етті.

 2016 жылы Түркияның батыс державаларымен қарым-қатынасы елдегі сәтсіз әскери төңкеріс әрекетінен кейін күрт нашарлады. 2016 жылдың тамыз айында түрік үкіметі Иранның жоғары дәрежелі дипломаттарын елге шақырды, бұл Түркияның сыртқы саясатындағы өзгеріс ретінде қарастырылды; Иран Сыртқы істер министрінің сапары Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесіп, Сирияда Ресейдің Су-24 ұшағының құлауынан кейін екі ел басшылары қарым-қатынастарды қалыпқа келтіруге келісті.

 2017 жылдан бастап Түркия Кипр Республикасының бар екенін мойындамайды және Солтүстік Кипр Түрік Республикасымен қарым-қатынасын сақтайды.

 6. Түркияның жаһандық жұмсақ күш саясаты

 Түркия өткен жылы – 2018 жылы әлемнің әр түкпірінде 23,251 млн адамға 3,114 миллиард лира (түріктердің ұлттық валютасы – ред.) шамасында көмек көрсеткен. Бұл жайында Түрік Жарты Ай қоғамының жетекшісі Керем Қынық мәлім етті. Ол осылай дей келе биыл, яғни, 2019 жылы Түркия әлем бойынша шамамен 33 млн адамға 4,5 миллиард лираның жәрдемін жеткізетін мәлімдеді. Сөз орайы келгенде мынаны айта кету керек, түріктердің Жарты Ай қоғамының құрылғанына табаны күректей 150 жыл өткен. Яғни, тарихы тым терңде жатыр – Османлы империясынан бастау алады. Аталмыш қоғамның түріктердің әлемдегі ықпалын арттырудағы еңбегі ересен. Түріктердің «Анадолы» ақпарат агенттігі таратқан хабар мен келтірген дерегіне қарағанда, аталмыш қоғам табиғи апаттардан зардап шеккендерге, олардың салдарын жоюға атсалысып қоймай, денсаулық саласында медициналық жәрдем көрсеткен. Афирика құрлығынан бастап, Атлант мұхитының арғы жағалауындағы латын америкалықтарға дейін қолұшын созып, мешіттер мен білім беру орталықтарын салуда. Әлбетте, Иран мен Саудия да мұндай ауқымды шараларды жүзеге асырып жатыр. Десе де түрік үлгісі әлемде уахабизмге таралуына тосқауыл қоюымен, дәлірегі, толеранттылығымен ерекшеленеді. Кезінде Османлы империясының құрамында болған Таяу шығыс халықтары түріктердің жұмсақ күшіне феномен ретінде қарастырмайды. Десе де аталған аймақта түріктердің тарихи сериалдары ең көп көрілетін фактіні жоққа шығара алмайсыз. Кино – қандай да бір идеологияны жеткізуде ең күшті насихат құралы екенен ескерсек, таяу шығыс халықтары түріктердің мәдени экспанциясына қалай жол беріп қойғанын өздері де сезбей қалғанға ұқсайды. Осыны ескерген қазіргі Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған түрік сериалдарына мемлекет тарапынан қолдау білдіруге арнайы пәрмен беріп отыр. Бұдан бөлек, кезінде Османлы құрамында болған Балқан түбегі елдері де түріктердің жұмсақ күшін сезінуде. Мәселен, 2015 жылы Албания астанасы Тиран қаласында түріктер мешіт тұрғызды. 2016 жылдың көктем мезгілінде Түркия президенті АҚШ-тың Мэриленд қаласында аталған құрлықтағы ең ірі ислами орталықты салтанатты түрде ашты. 2018 жылдың қыркүйек айында Германияның аталған ел аумағында ғана емес, сонымен қатар, күллі кәрі құрлықтағы ең ірі түріктердің диспорасы шоғырланған Кельн қаласында үлкен мешіт ашылды. Бұдан бөлек, Куба аралында да, Румынияда да, тіпті, Венесуэлада да түріктердің күш-жігерімен ислами орталықтардың құрлысы жүріп жатыр. Түріктер мұнымен ғана шектеліп қалмай, әлемнің әр түкпірінде қасиетті сапарға аттанғысы келетіндердің шығынын өз мойнына алып, қасиетті Құран даналарын тегін таратуда, құран курстарын ұйымдастыруда, қасиетті Құранды жергілікті тілге аударуда. Айта берсең, атқарып жатқан істері ұшан-теңіз. Білім беру саласында да мектептер тұрғызып, оқулықтармен қамтамасыз етуде. Ауызсу тапшылығын тартып отырған аймақтарда құдықтар қазып, жергілікті халықтың алғысын алуда. Осылайша Түркияның сыртқы саясатында жаңа бағыт пайда болды. Түріктердің қайырымдылық қорлары, әсіресе, ең артта қалған Сомалидегі жетістіктерінің өзі бір төбе. 2011 жылы аштық жайлаған Сомалидің басындағы қиын жағдайға батыс елдері көзжұма қарағанда, түріктер гуманитарлық көмек жеткізіп, Сомали экономикасына 1 млрд доллардан аса инвестиция құйды. Аталға ел аумағындағы Могадиш әуежайын Turkish Airlines компаниясы басқарып отыр. Бүгінгі таңда ол Сомалиді сыртқы әлеммен байланыстыратын ел аумағындағы жалғыз әуежай болып отыр. Бұдан бөлек, түріктердің шетелдегі ең ірі әскери базасы осы Сомалиде орын тепкен. Сондай-ақ, түріктердің ықпалы Чадта, Эфиопияда, Ганада, Нигерияда, Нигерде жылдан жылға артып келеді. Аталған африкалық елдер табиғи ресурстарға бай. Бұдан басқа, аталған елдерде арзан жұмысшы күші де жетіп артылады.

7.Т.Эрдоғанның қазіргі саясаты

 

 Ердоғанның тұлғасы мен саясаты оның жақтастарын біріктірді, бірақ ұлт емес. Осыдан 20 жыл бұрын бытыраңқы, көп дауысты қоғам қайнап жатқан жерде екі үлкен топтың – президентті жақтаушылар мен қарсыластар және оның Түркияға деген көзқарасы арасында үлкен жік пайда болды.

 Әрі қарай оның партиясы әсіре оңшыл исламшылар мен ұлтшылдарға жақындай түсті. Қалғандары – күрдтер, алавиттер, зайырлы мемлекетті жақтаушылар – ақырында Ердоғанның бітіспес ішкі жауларына айналды, өйткені олар бір күні өздерінің мүдделеріне ғана емес, өмірлеріне де қауіп төнетін ислам сұлтанатында оянғылары келмейді. .

 Ердоғанның қаталдығы мен батылдығы, мәдениет соғыстарын тудыруға, бөлуге және басқаруға дайындығы тек либералдарды ғана емес, сонымен бірге оның кейбір бұрынғы жолдастарын да консерваторлар лагерінен алшақтатты.

 Бөліну пайда болғаннан кейін, Ердоған 2000-шы жылдардың аяғында қарсыластарынан алғашқы тазартуды жүргізді. Екіншісі 2016 жылғы төңкеріс әрекетінен кейін болды. Нәтижесінде үкіметте Ердоғанның бірде-бір қарсыласы қалмады - тек адал адамдар мен оның еркіне мойынсұнатын агенттер.

 Ол елдің бүкіл саясатын – қорғаныстан несие мөлшерлемесіне дейін анықтайды.

 Ердоғанның жақтастары күшті қолды және биліктің вертикалын ұнатады. Бұл парламенттік коалициялар шайқалып тұрған дәуірде бұрынғыдан гөрі мемлекетті басқарудың тиімді жолы екенін айтады.

 Қарсыластар бұл саясат институттарды қуып жіберді және оларды Ердоғанның тікелей бұйрығынсыз азаматтарға қызмет көрсете алмайды деп есептейді, мұны ақпандағы жойқын жер сілкінісі көрсетті. Бірақ ол үнемі қолы бос емес, бәрін түсінбейді және оның жаһандық мақсаттары кейде қарапайым адамдардың қажеттіліктерімен сәйкес келмейді.

 Олар бұл вертикалды Ердоған өзі үшін жасады деп қорқады және ол билікте неғұрлым ұзақ болса, халықтың қалауы қандай болса да, онымен бөлісу қиынырақ болады.

 Осыдан жиырма жыл бұрын Түркия 2003 жылы наурызда Ердоған премьер-министр болғаннан кейін бір аптадан кейін Иракқа басып кірген АҚШ-тың аймақта маңызды рөл атқаратынына байланысты қауіпсіз баспана болды.

 Арада жиырма жыл өткен соң, араб көктемі мен Сириядағы соғыс кезінде АҚШ Таяу Шығыстан іс жүзінде бас тартты, ал Ердоған жағдайды пайдаланып Түркияны Иран, Ресей және Парсы шығанағы елдерімен бірге аймақтағы жетекші ойыншылардың біріне айналдырды.

 Сонымен бірге Түркия НАТО-ның мүшесі болып қала береді, бұл Ердоғанға қорғаныс альянсын кеңейту дөңгелегіне сөз салуға кедергі келтірмейді. Бір кездері Ердоған тіпті АҚШ-ты көздеді, бірақ қақтығыс тез арада Түркиядағы ауқымды валюталық дағдарысқа айналды.

 Ислам әлеміндегі ықпалының күшеюімен бір мезгілде Ердоған Түркияны Еуропа үшін таптырмас серіктеске айналдырды - ол Сириядан Еуропалық Одаққа босқындар ағынын тоқтатты және миллиондаған сириялықтарды Еуропалық Одақтан алған миллиардтаған еуро арқылы Түркияға орналастырды. Ал өткен жылы ол Украина мен оның шабуылшысы Ресей арасындағы астық мәмілесі бойынша негізгі делдал болды.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу