Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ 

ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 Химия жане химиялык технология факультети

 

 

 

 

 

 

 ЭССЕ

 

 Тақырыбы: «Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 2024 жыл

 

Жоспары:

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім

Қазақстан жастарының этикасы

Этикалық құндылық

  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер.

 Ең алдымен “Қазақ этикасы” ұғымына тоқтала кетейік.

 Қазақ этикасы – қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесін моральды, адамгершілікті зерттейтін философиялық пән. Қазақ этикасының ежелгі бастау қайнар көздері үш мың жылдай Еуразияның Ұлы даласындаөркендеген скиф-сақғұнүйсінқаңлы мен түрік бірлестіктерінің мол мәдениетінен нәр алады. Қазақ этикасының қалыптасуына Қорқыт ата үлкен үлес қосты. Оның үлгі-өнеге, өсиет-нақыл сөздері қазақтармен қатар барша түрік халықтарында кең таралған. Қорқыт жырлары – имандылықпен ізеттілік, адамгершілік пен парасаттылыққа меңзейді. Көбіне Қорқытты күйші ретінде білеміз, өмірде қайда барсаң да Қорқыттың көрі – деген аңыз кездейсоқтық емес, ол адам баласына айтылған ескертулер. Ата-бабаларымызадамның ішкі дүниесіне зер сала ақтара қарай отырып, оның әлеуметтік ортадағы салмағын анықтай білген. Соңында, өздерінің көз жеткізген ой қортындыларын жасаған. Олар адамға үлкен моральдық талаптар қоя отырып, зор сенім, үлкен үміт артады. Дәстүр-салтымызда, инабаттылықпен иманжүзділікті қалыптастыру мақсатында тақырыпты халықданалығымен байланыстырудың маңызы зор.

 Қазіргі заман ғылым мен технологияның қарыштап дамып, өте жоғары деңгейге жеткен шағы десек болады. Соған сай сана өркениеті өрістеп биіктеп барады. Бір анығы,  адамның санасы, дүниетанымы жоғарылаған сайын қоғам да өзгереді. Мысалы, интернет жүйесі 1969 жылы  2 қыркүйекте пайда болып, қоғамға енгенде оны ең жас пайдаланушылар жасы  20-25 жастан асқан, ересек адамдар болса, қазіргі таңда интернетке 5-6 жастағы бала да әуес. Әрине, бәрін бірдей пайдалы деу артықтау шығар, сананы улап та  жататыны бар. Бұл ақпараттық технологияның тым кеңінен қанат жаюының да салдары болар. Алайда осындай құбылыстар орын алған  қоғамымызда  ұстанатын тек екі қағида бар: бірі – жан-дүниенің  рухани тазалығы болса, бірі – сананың  сергектігі. Біріншісіне жүрек, екіншісіне ақыл керек. Осыларды ұғып, білуге қайрат керек. Бұл – сонау ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген Абай Құнанбайұлының жазып кеткен қағидасы арқылы шыққан тұжырым. Әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген сөзінде сан-алуан астар бар. Кемеңгеріміздің бұл жерде «бесігіңді түзе» деген сөзді «ұрпағыңды түзе» деген сөздің баламасы ретінде қолданып отыр. Демек, ұрпақтың дүние танымы мен рухани байлығы үлкен жауапкершіліктің жүгі екені айқын. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деп атап өткен болатын. Жалпы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін айқындайтын бағдарлама деуге болады.

 Қазіргі күндегі Қазақстанның дербестікке жетуі халықтардың ұлттық дүние танымының өсуіне жағдай жасады. Елімізде соңғы жылы жоғары оқу орындарында тәрбие беру мәселесіне жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауды және студенттердің патриоттық сана-сезімін, сапаларын, мінез-құлқын қалыптастыруды көздейтін тәрбиенің формалары мен әдістерін жетілдіруді талап етеді. Бұл бүгінде байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық туралы білім ғана емес, өнегелік, тәрбиелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды. Бұл Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында студенттерге қазақ халқының этностық ерекшеліктерін, тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр ұл-қыздарының ерлік істерін дәріптеу жастарға патриоттық тәрбие берудің және оны қазіргі жағдайда зерттеудің қажеттілігін арттыра түседі. Жасыратыны жоқ, жастардың дүние танымы әрқалай. Бақсақ, тез баюға, жылдам қызметтік өсуге, жайлы пәтерге қол жеткізуге деген қызығушылығы басым. Қатарлас, деңгейлес буынның арасында болған әңгіме желісі көбіне-көп осындай көзқарасқа теліп, өрбитіні ақиқат. Ал, енді жастардың рухани байлығы жөнінен келсек, қазіргі олардың ойлау деңгейі, көрсем-білсем деген ұмтылысы жоғары. Шығармашылық қабілеті, талабы да баршылық. Қарапайым ғана мысал: бүгінгі ақындар айтысында топ жарып жүрген жастардың шоғыры бір төбе. Оның ішінде Мұхтар Ниязов, Нұрмат Мансұров, Мейірбек Сұлтанхан, Айдос Рахметов, Серікхан Жүзеев, Әбілқайыр Сыздықов, Еркін Садықұлы секілді Сыр бойының жастары рухани жағынан бай деуге тұрарлық. Мұның қасында ғылыми ізденістері мол, дизайн, баспа, тігіншілік  тағы басқа да кәсіптік өсу деңгейінде құндылық қаншама. Рухани құндылықтың астарында кең ұғым жатыр. Оның тәрбиелік мәні де терең. Меніңше, ол — отан, туған жер, отбасы секілді баға жетпес құндылықты сүюге жетелейтін төте жолды мегзейді.

 Қандай да ел, азамат өз тарихын білу - ұлттық сана-сезімнің ажырамас бөлігі, ол этникалық тұтастықтың сақталуы мен оның келесі буындарда жалғасын табуда маңызды.  Қазіргі ұрпақтың өз халқымен бірлігін сезінушілігі және өзін оның күллі тарихи жетістіктерінің тікелей мирасқоры  мен  нақты сақтаушысы әрі жалғастырушысы  ретінде  сезінуінің мәні өте зор. Осы тұрғыдан келгенде, кеудесі алтын сандық, яғни рухани бай жастардың өмірге, дүниеге көзқарасы да кең, қарақты келеді. Бүгінде Қазақстанда жастардың отанға деген сүйіспеншілігі — қоғамдық қатынастарды демократияландыру және гуманизмдендіру негізінде патриотизмге жуықтайтын секілді. Бұндай жаңарған қазақстандық патриотизм мазмұнын қазіргі озық мәдениет құндылықтары ғана емес, сондай-ақ, қазақ мәдениетінің дәстүрлі құндылықтары, оның айрықша руханилық, азаматтық пен өнегелілікке ұдайы ұмтылушылық құндылықтары да құрайды. Орта ғысырдан берi Батыстың империалистiк елдерi қарудың күшiмен Шығыс елдерiн жаулап алып өздерiне отар жасаған болса, жиырмасыншы ғасырдың соңына таман бұрынғы бодандықта болған мемлекеттердiң  бәрi дерлiк саяси тәуелсiздiгiне қол жеткiзiп, өздерiнiң ұлттық мемлекетiн құрды. Соның бiрi – Қазақстан.  Қазір әлемде бір айла-шара бар, оны негізінен рухани бодандық дер едім.  Сол үшiн де Батыс елдерi қазiргi техника мен технологияның дамуының арқасында бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, өздерiнiң тiлiн, дiнiн, саяси дәстүрiн әртүрлi айла-тәсiлдермен Шығыс елдерiнiң өмiр салтына енгiзiп, олардың ұлттық төл мәдениетiнiң дамуына қалайда жол бермеуге тырысуда. Жай ғана мысал дейік. Қыздардың қысқа етек киімі сәнге айналды. Шын мәнінде, ондай сән батыстан келді. Киім кию мәдениетіне қайшы келетін осындай үлгі нәзік жандыларды теріс ниетке бұрып тұрғандай әсер етеді. Сол сияқты облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жастармен кездесуде айтқандай, интернет, әлеуметтік желілердің бәрі жастарға өнегелік тәрбие бермейді, адам өзіне қажетін ғана алу керек. Еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының 60-70 пайызы орыс тiлiнде. Кiтап дүкенiне кiрсең сiрескен орыс тiлiндегi әдебиеттер мен газет-журнал. Жастардың орысша ойлау мен жаңашыл идеяның арасында адасып қалатыны тағы бар. Бұл орайда Сыр бойында шүкіршілік ететін жәйт көп. Біріншіден, қазақы облыс, екіншіден, ұлттық салт-сана мен дәстүр берік қалыптасқан. Алайда, бір мәселе туындайды. Интеллигенцияның басым бөлігі орналасқан облыс орталығында жастардың белсенділігі жоғары да, ауылдағы азаматтар қоғамдық мәселелерден алшақ қалып жүр. Осы екі арадағы байланыс әлі де тығыз емес.  Егер де қазiргi жастар ертеңгi елiмiздiң иесi екенiн ескерсек, болашақ қоғамымыздың тағдырын табыстауға сенім қаншалықты берік? Осы жағына барынша мән беру қажет секілді. Кейбір данышпандар «Негiзiнен мәдениет дүниеге дiни көзқарас арқылы қалыптасады» дейді. Бәлкім дұрыс шығар, алайда оған дөп басып жауап беруге ерте. Себебі уақыт көрсетеді.

 Дегенмен жастардың қазіргі дінге бетбұрысы жақсы. Дiн қандай қағиданы дәрiптесе, олардың дүниетанымы да сол бағытта дамиды. Шығыс мәдениетi негiзiнен рухани құндылықтарды бағаласа, Батыс мәдениетi керiсiнше материалдық құндылықтарды жоғары қояды. Бұл туралы Құран Кәрiмнiң Та-һа сүресiнiң 131 аятында: «Кәпiрлердiң әртүрлi қауымын сынау үшiн, сән салтанаттарын арттырып, оларды мол игiлiкке бөледiк, оған сен көз сүзбе. Тәңiрдiң берген ризық (сауап) бәрiнен артық әрi бәрiнен тұрақты» делінген. Бiрақта, бұл қағидадан материалдық құндылықтарға ешқандай көңiл бөлмеу керек деген түсiнiк тумауы тиiс. Адам жаны үшін барлық құндылық қажет. Жалпы, қазақстандық жастардың дүние танымдық және рухани байлығы жөнінен айтар ой аз емес. Әрине, бес саусақ бірдей емес, жастардың да ой-қабілеті әрқалай. Бір анығы, дүние танымдық қасиет рухани байлықпен теңелмейді. Рухани бай адамның жаны таза, кіршіксіз деп жатамыз, ал, дүниеге танымы зор жастардың кемел келешекке ұмтылысы биік болуы да мүмкін. Демек, біз үлкен мемлекеттік ұлы мақсаттарды бағындыру барысында жастардың бойындағы асыл қасиеттерді әлі де бағалай береміз.

 Қай елдің болмасын, дамуы оның ең әуелі рухани құндылығымен астасса керек-ті. Қазақ қашаннан тәлімдік тәрбиесімен, мәдени құндылығымен ерекшеленген халық. Көнекөз қариялардың дүниеге көзқарасы- мейірімділік пен адамгершілікке негізделген. Оған дау жоқ. 

 Ел басынан өткен алмағайып заманда да әрбіріміздің ата-әжеміз «адам» деген ардақты атқа лайық болып қалды. Қазақ ғұламасы Абай: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», - дейді. Сіз бен біздің қасиетті кісілерден тәлім алуымыздың сыры осында болса керек.

 Әке-ағаларымыз тоталитарлық мінезбен өсті. Әр істің қайыры бар дегенге сеніп, шыдамдылық пен ізгілікті ту етті. Ғасырлар тоғысында атадан балаға жалғасқан нақылдар мен мақалдарды, өмірдің мәнділігі мен әуезділігін ұғына білді. Бұл буынды «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы», «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген нақыл сөздермен байланыстырамын. Бұлай деуімнің негізгі себебі, темірдей тәртіп пен мақтадай жұмсақ мейірімділікті қатар бере алған әкелердің бейнесінде тұрғандай.

 Осындай қауымнан тараған бүгінгі ұрпақ заман ағымына бейімделіп, жаңаша жолға түсті. Ел азаматтарының үштен бір бөлігін құрайтын жастар алдыңғы буынға қарап бой түзеді. Бұл ұғымға алғашқы болып анықтама берген В.Т.Лисовский: «Жастар- әлеуметтану сатысынан өтетін, меңгеретін, ал біршама ересек жаста білім беру, кәсіби, мәдени және тағы басқа да әлеуметтік функцияларды меңгеріп қойған адамдардың ұрпағы», - дейді.

 Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары еркіндікке, алуан пікірлілікке негізделгендей. Әр істің екі қыры болатыны секілді, ел жастарынан да екі түрлі мінезді байқай аламыз. Десе де, ізгілік белең алған ортада Қазақстанның жаңа буыны жаңа жетістіктерімен қуантуда. Бұл жетістік- адами даму, тәрбиелік мән, этикалық құндылықпен астасты.

 Этикалық құндылық –  адамзаттың рухани өмір жолында мәдениет пен жақсылыққа ұмтылуы. Сол ұстанымдарды басты бағдар етіп алуы. Этикалық құндылық аясына сыпайы сөйлеу, орнықты жүріс-тұрыс, ізет- кішіпейілділік, білімдарлық қасиет тән. Тізбелей берсек, тізімі бітпейтін адами құндылықтардың барлығы осы бір ғана «этикалық құндылық» ұғымына сыйып тұрғандай.

 Қазақстан жастары жоғарыда аталған критерийлер бойынша әлдеқайда озық дей аламын. Айтып өткендей, үш түрлі қасиетті қатар сіңірген буыннан тәлім алған бүгінгі жастар қалай осал болсын? 

 Эстетикамен қатар, интеллектуалдылық та қатар қозғалған жастар санасы күн санап дамуда. Жамандықтан жиреніп, жақсылыққа ұмтылған, дін мен дәстүрге қызығушылық танытып, ойын еркін білдіретін буын әлі талай белестерді бағындырады деп сенемін. Эстетикалық құндылығы- қысқа әрі жақсы сөйлеу, ойын ашық, мәдениетті жеткізу, мүмкіндігінше дискуссиядан аулақ болу, минимализмдік тұрғыда барынша орныққан болу- бүгінгі жастардың басты ұстанымы.

 Істің бастамасы бірдей басталғанмен, нәтижесі әр түрлі болатыны сияқты, азаматтарымыздың аталған топқа сай емес әрекеттері бар. Мұндайда, келешектің жақсы, һәм жаман тұсы жас буынның екі қолына қатар орныққандай әсер қалдырады. Ізеттілік пен үлкенге құрмет есіне кіріп шықпайтын қауымға алдыңғы лектің өкпесі барын байқап-ақ жүрміз. Қоғамдық орындарда жиі жүрсеңіз, біз мысал еткен этикалық құндылығы жоғары жасты да, тәлімі төмен баланы да қатар байқай аласыз. Мұның бәрін тәрбиемен байланыстырғанымызбен, көп жағдайда ата-ананың ізгілігін бойға сіңіре алмай, қоғамның қаңсығына ілесіп кеткендердің барын да ұмытпағанымыз жөн. Қалай болғанда да, құндылық- ең әуелі әр адамның ішкі түйсігінде қорытылып, ойына сай жасалған әрекеттің жиыны болса керек. Эстетикалық тұрғыда дамыған жастардың келешекте эстетикалық құндылығы басым ұлтты тәрбиелейтініне еш күмән жоқ.

  Қорыта келе, алдау мен жалғаннан жиреніп, адалмен ардан аттамаған этикалық қабілеті жоғары қазақ жастары деп нық сеніммен айтааламын. Себебі, бейбіт елдің тұтқасын тұрақты ұстау осы этикалық қабілет арқасында жүзеге асады. Есімізде болсын тұрақтылықты сақтау осы құндылықтарымызды бекіткенде ғана жүзеге асады. Жауапкершіліктің жүгін білген әр жастарымыз заманнан да, қасиеттен де ешқашан айырылмайтынына сенімім мол!

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу

Ілмектер: сөж химия