ЕББҚ бар балаларды (тұлғаларды) әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық т.б қолдау жобасы
Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті
Филология институты
СӨЖ-3
ЕББҚ бар балаларды (тұлғаларды) әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық т.б қолдау жобасы
ЕББҚ бар балаларды (тұлғаларды) әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық салаларда қолдау ұсынады. Бұл құрамда мамандандырылған педагогтер, психологтар, социальдық және медициналық кеңес берушілер, оқу кеңес берушілері және басқа специалисттердің қатысуымен, оқушыларға және олардың отбасыларына көмектеседі. Бұл жоба арқылы оқушылардың адаптациясын, оқу бағдарламаларын және олардың жеке дамуын дамытуда көмек көрсетіледі.
Инклюзивті білім беру Білім беру ұйымында «ерекше» балалардыбіріктіру – арнайы білім беру жүйесін дамытудың заңды кезеңі. Ол қоғаммен мемлекеттің экономикалық, мәдени, құқықтық дамудың белгілідеңгейіне қол жеткізген әлеуметтік тапсырыс ретінде белгілеуге болатынәртүрлі сипаттағы себептерге байланысты туындады. Бұл кезең ерекшебалаларға деген көзқарасты қайта қарастырудан, олардың тек теңқұқықтығын ғана емес, сонымен қатар осындай адамдарды өмірдің әртүрлісалаларында, соның ішінде білім беру саласында тең мүмкіндіктерменқамтамасыз ету міндеттерін түсінуіне байланысты. Мүмкіндігі шектеулібалалардың мәселелерін шешу – инклюзивті оқытуға арналған бағдарлама. Инклюзивті білім беру – әртүрлі мұқтаждықтарға бейімделу тұрғысынан барлығы үшін қолжетімділікті болжайтын жалпы білім беру саласын дамыту үдерісі, бұл сұраныстары ерекше балалардың оқуғақолжетімділігін қамтамасыз етеді.Ол барлық балалардың балабақшаның, мектептің, институттың, мектепкедейінгі және мектеп өміріне толық араласуына мүмкіндік береді.Қолжетімді топ құру мен бірлесе оқу («енгізілген» немесе «инклюзивті»білім беру) мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуіне,олардың дербестігі мен тәуелсіздігіне ықпал етеді және қоғамдық пікірдіөзгертеді, қоғамның толыққанды азаматы ретінде оларға деген қарым-қатынасты қалыптастырады. Білім берудің осындай тәсілінде баланы білімберу ортасына емес, керісінше білім беру ортасын балаға бейімдеуге басаназар аударылады. Оқу үдерісі барынша ыңғайлы болуы үшін барлықжағдай жасалады.Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардыңжынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалықжағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдықдамыту мүмкіндігіне ие болу.Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуқұқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы»,«Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік жәнемедициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «ҚазақстанРеспубликасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайыәлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында,Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивтібілім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларғамектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсенеқатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар ҰйымыныңБас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13желтоқсанында енгізілді. Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу білім беружүйесінің бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Бұл орайда ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасы іскеасырылуда. Мұнда білім саласы мамандарына арналған міндеттербарысында ақыл-ойы қалыпты дамитын балалармен қатар дамуындаауытқуы бар балалардың да білім алуына барлық жағдайды жасау керектігіайтылған. Қазақстан Республикасында әлемдік білім кеңістігіне кіру үшінМемлекет тарапынан көптеген шаралар енгізіліп жатыр. Бүгінгі күні білімсаласында өз шешімін таппай отырған мәселелер баршылық. Инклюзивтібілім беруді дамыту бағыттары 2011-2020, 2016-2020 жылдарға арналғанмемлекеттік дамыту бағдарламасында шешімін тапты. Қоғамдағыдамуында ауытқуы бар тұлғалардың жағдайы, олар бастан өткеругемәжбүр қиындықтар туралы пікірталастар жиі кездеседі. Алайда дамуындаауытқуы бар ересек тұлғалардың өз құқықтарын іске асыруынабайланысты мүгедектік проблемалары жиі іске алынып жатады, алдамуында ауытқуы бар балалардың жағдайына тиісті көңіл бөлінбейді. Бұлдамуында ауытқуы бар балаларды психологиялық бейімдеу және қоғамғакіріктіру мәселелерінен бастап, олардың тұлға ретінде қажетсіздігінедейінгі саладағы проблемалар санының көптігіне қарамастан орын алуда.Бұл баланың адамзаттық ар-ожданын кемсітетін, оның дамуға және тіптіөмір сүруге құқығын іске асыруына кедергі келтіретін әр түрлі кемсітушікөріністер болып табылады. Инклюзивті оқыту–барлық балалардыңмұқтаждықтарын ескеретін, аса қажеттіліктері бар балалардың білім алуынқамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы.Сонымен қатар,Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2002 жылдың 11–шілдеде «Мүмкіндігішектеулі балалардың құқықтары мен оларды әлеуметтікқамтамасыздандыру туралы» заңы қабылданды. Бұл заңда:«Барлықмүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың ерекше түрінескере отырып,оларды арнайы мекемелерге орналастыру»,оларғажағдайжасау.Психологиялық–медициналық–педагогикалық консультациялар арқылы балаларды үйде оқыту мен тәрбиелеуді қолға алу. «Әрбірмүмкіндігі шектеулі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңы бойынша білім алуға құқы бар»делінген.Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді:инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішіндемүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу жәнеәлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайынақарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарынбелсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтікмұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасысақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивтіоқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін оқуорындарында оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивтіоқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққашығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету,сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдайқалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістіккежетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?