Медицина қызметкерінің психологиялық дайындығы
"Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі" ШЖҚ КМК
Тақырыбы: “Медицина қызметкерінің психологиялық дайындығы”
Медицина қызметкерінің психологиялық дайындығы.
Медицина қызметкерінің психологиялық дайындығы денсаулық саласында жұмыс істеу кезінде маңызды. Олардың пациенттермен араласуы, дұрыс коммуникация құруы, дертті адамдарға көмек көрсету мәселелерінде психологиялық білімі жақсы көмек көрсетеді.
Дәрігер мамандығы — ең көне кәсіптердің бірі. Мыңдаған жылдар бойы дәрігер жұрт арасында, әсіресе сол заманның зиялыларының ішінде, әртүрлі сезімдер тудырған. Ол сезімдердің қайшылығы, орта ғасырларда дәрігерге берілген анықтамадан бейнеледі: дәрігер — (үш жүзді). Яғни, халықтың ойы бойынша, дәрігер үш жүзді болған: кәдімгі өмір жағдайында — әдепті адам, науқастың жанында періштедей, ал талап еткенде — шайтандай. Материалдық құндылықтар жүрген жерде, бақылау да жүрген, қоғам әрқашан да медициналық әрекетті бақылауға алып, үнемі қадағалап отыр. Ежелден дәрігер тұлғасына ерекше талап қойып, өсиеттер айтып, олардың білімі мен біліктілігіне және адамгершілік қасиеттеріне көп мән берген. Бүгінгі күні де, адамдар дәрігерлерге ерекше көзкарас білдіріп, олардың мамандық тәжірибесіне, қайырымдылығы мен әдептілігіне, басқа қабілеттеріне көп үміт, міндет артады. Ал тәжірибелік дәрежесі және білгерлігі жоғары дәрігерге, тұрғындар үлкен құрмет, сый көрсетіп, оның абыройын, беделін көтере түседі. Орыстың белгілі жазушысы А.П.Чехов: Адамның тұла бойында сыртқы пішіні, жан дүниесі мен ойлары, «киген киімі — бәрі де өте ғажап болуы қажет, — деген екен. Өзінің негізгі мамандығы дәрігер болған соң, білікті жазушының бұл айтқанын, дәрігер мамандығы бар адамдардың бойына қажет қасиеттерден құралған-ау — деп ұғынуға да болады. Шынында, баска мамандықтарға қарағанда, дәрігердің өмірі, оның қылықтары, жүріс-тұрысы көпшіліктің көзіне жиі түсіп, олардың сынына тұрақты ілінеді деуге болады. Бұлай болудың өзіндік себебі бар, өйткені дәрігер көбінесе мәдениеттіліктің, зиялылықтың, салауатты өмір салтының үлгісі бола отырып, сол қасиеттердің үгітшісі де болып табылады. Әсіресе ауылдық жерде бұл — айқын сезіледі. Дәрігер әркашан өзінің сыртқы пішініне, күнделікті киетін киіміне, мінез-құлқына, сөйлеген сөзіне, жүріс-тұрысына тұрақты түрде көңілін бѳліп отыруы ѳте кажет. Дәрігердің киген киімі ѳзіне шақ, таза және қарапайым болғаны дұрыс. Әрине, дәрігердің киімі өз заманының сәніне, модасына сәйкес болғаны да дұрыс, өйткені әдемі және сәнімен киіну — жалпы мәдениеттіліктің белгісі. Бірақ, сән сақтап, модадан калыспаймын — деп жұмысқа, өзінің мамандығына, мінез-құлқына, қоғамдағы орнына сәйкес келмейтін киім киіп, әртүрлі әшекей тағу да ерсі жағдай.
Мамандығы бойынша жаңа ғана қадам басқан медициналық қызметкер әдетте, эмоционалдық жағынан науқастың психологиясына жақын тұрады. Ол науқастың ауруханалық ортаны қабылдауын, ауырсынуды, үрейді, сенімсіздікті жеңуін басынан өткізе алады. Осы жағдай, көбінесе, жас адамдарды мединалық мамандықты таңдауына себепші болады. Алайда бұл себеп біртекті емес, келесі себептерді ажыратуға болады:
- аз бөлігі медицинаға қоғамдық мағынасы жағынан басқа азаматтардан жоғары жағдайда тұру мақсатымен келеді.
- көп бөлігі жақсы биологиялық және жаратылыстану білімдерімен, яғни, өз қызығушылығының арқасында келеді.
- кейбіреулер бұл сала белгілі дарындылықты қажет етпейді деп те келеді.
- медицинаны таңдағандардың көбісі бұрын ауырғандықтан немесе жақын-туыстары ауырғандықтан, науқастарға көмектесу және ауруды зерттеу үшін таңдайды..
- кейбіреулері туыстарының қысымымен, басқалардың үлгісімен немесе кездейсоқ келуі мүмкін.
Түңілу кризисі (иллюзорлы-деиллюзорлы қатынастар) медицинаға аяныш сезімі оянып келгендерге болады, мұндай адамдардың саны көп, сондықтан да медициналық ортамен ұшырасқанда, олар белгілі-бір түңілу сезімін басынан кешіреді. Оқу процесі кезіндегі романтизм шындықпен кездескенде өзгеруі және радикалды түрде трансформациялануы тиіс. Өмірлік реакциялармен трансформациялар нәтижесінде бұрынғы романтизмнен ештеңе қалмауы да мүмкін. Әрине, жас маманның психологиясындағы қайта құрылулар ауырсынусыз болмауы мүмкін емес.
Дәрігердің науқаспен қарым-қатынасы тек эмоциялармен ғана анықталмайды. Жақсы істерді жүзеге асыру үшін, дәрігердің жеке қатынасы, эмоциялары мен тілектері ғана емес, жұмыс кезінде барлық коллективтің біріккен қызметі кажет.егер де медициналық қызметкер түңілу позициясында қалса, ол басқалар сияқты қателіктер жіберіп, сол шеңберге түсіп, науқастарға және басқа қызметкерлерге ризасыздық көрсетіп, олардың антипатиясын шақырып, жұмысының қортындыларын жоққа шығарады.
Медицина қызмеикерінің жеке тұлғасы.
Медицина қызметкерлері мен науқастар арасындағы сенім мен оңды психологиялық қарым-қатынастардың пайда болуына мына жағдайлар роль атқарады:
- квалификация
- тәжірибе
- дәрігер мен медбикенің өнері.
Қазіргі медицинадағы тереңдетілген және кеңейтілген мәліметтердің қорытындысына специализацияның ерекше маңызы локализациясына байланысты белгілі-бір ауру топтарына бағытталған медицина салалары жатады. Алайда мамандандыру оңды жерлеріне қарамастан, кей жағдайда дәрігердің науқасқа деген тарылғақ мозаикалық көз-қарас қаупін тудырады.
Медициналық психология науқас тұлғасының және оның организмінің қоршаған ортамен байланысты синтетикалық түсінігінің арқасында мамандандырудың теріс жақтарын жоюға көмектеседі. Квалификация тек аспап болып табылады, қолданудың жоғары немесе төмен әсері (эффект) дәрігер тұлғасының басқа жақтарына тәуелді. Бұл Гладко айтқан науқастың дәрігерге деген сенімділігі туралы анықтамасынан көрінеді.
“Дәрігерге деген сенім - бұл науқастың дәрігерге деген динамикалық оңды қарым-қатынасы, бұл науқасқа көмектесу үшін дәрігерге тілек, қабілеттілік барлығына сенімнің болуымен көрінеді. Сенімнің пайда болуына науқас дәрігермен кездескендегі, оның алғашқы әсері, оның актуалды мимикасыз, жестикуляция, дауысы, сыртқы келбеті өте маңызды.
Егер науқас келбетсіз, ұйқысыраған, шаршаған, басқа заттармен айналысқан дәрігерді көрсе, ол сенімін жоғалтып, өзіне қарай алмайтын адам басқаларға да көмектесе алмайды деп шешеді. Тәртібіндегі және сырт келбетіндегі теріс өзгерістерді науқастар тек жақсы білетін, сенетін медицина қызметкерлеріне кешіре алады. Мединалық қызметкер науқасқа мына жағдайларда сенім шақырады: егер ол сабырлы, өзіне сенімді, менменшіл болмаса, тәртіп манерасы – жылдам, шешімді, адамшылықпен, динамикалықпен бірге жүрсе. Дәрігер белгілі шешім қабылдағанда, науқас өмірі мен денсаулығына оның шешімінің әсері мен қортындысын бағалап, жауапкершілік сезімін күшейтуі қажет. Дәрігерге деген ерекше талаптар оның шыдамдылығын қажет етеді.
Дәрігер ауру дамуының әр-түрлі мүмкіндіктерін алдын-ала қарастыруы қажет, егер аурудың жағдайы жақсармаса, оның жеке басына деген әшкерлеу, айыптау деп қарамауы тиіс.
Дәрігер жұмысында белгілі дәрежеде қамқорлық пен қажетті, шешімділікті, салқын қандылықты, сын көз-қарас пен оптимизмді, жуастықты біріктіру оңай емес.
Дәрігердің сабырлы тұлғасы науқас үшін гармониялық сыртқы стимулдардың кешені боп табылады, олардың әсері науқастың жазылуына оңды әсер тигізеді. Медицина қызметкері, біріншіден, өзінің тәртібіне деген тікелей реакцияны бағалап (әңгімелескенде, мимикада, науқас қимылдарында), екіншіден, басқа қызметкерлердің оның тәртібіне деген көзқарасын бағалап, өз тұлғасын құруы қажет. Өзі де басқа қызметкерлердің тәртібін құрастыруға көмектесе алады. Гармонизация өзіне деген сын-көздің болуын, интелегенттілікті, ырғақтылықты, белгілі-бір күш салуды қажет етеді. Жас медицина қызметкері өзінің тәжірибелі әріптестеріне қарағанда тәжірибесі және квалификациясы аз болғандықтан науқастар оны білгендіктен сенімдері азаяды, бірақта тәжірибенің жетіспеушілігін көмекке дер кезінде келу, еңбектегі зейіні толтыра алады. Науқас пен дәрігер арасындағы оңды көз-қарастарды дәрігердің мінезінің жағымсыз жақтары қиындатса да (холерик немесе меланхолик), бұл қарым-қатынастардың басты негізіне дәрігердің жеке тұлғасының қасиеттері жатады. Жалпы айтқанда, егер науқаста дәрігер туралы нашар көзқарастар қалыптасса, науқас сенімін, ал дәрігер өз беделін жоғалтады. Мұндай көзқарас науқаста келесі жағдайларда қалыптасуы мүмкін. Егер медицина қызметкері өз әріптестері туралы жағымсыз әңгімелер айтса, қарамағындағыларға өктемдік көрсетсе, өсекшіл, қатыгез т.б. теріс тұлғалық қасиеттері болса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?