Жаргон мен арго
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қарағанды Е. А. Бөкетов атындағы университеті
Кәсіби іс-тәжірибесі
Тақырыбы: “ Жаргон мен арго”
Қарағанды, 2024
МАЗМҰНЫ:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Жаргон
- Арго
- Айырмашылықтары
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе:
Жаргон және арго – бұл тілдік құбылыстар, олар ресми емес қарым-қатынас кезінде жиі қолданылады, бірақ олардың арасында белгілі бір айырмашылықтар бар.
Жаргон (Жаргонизм)
Жаргон – бұл белгілі бір әлеуметтік немесе кәсіби топтың мүшелері арасында қолданылатын арнайы сөздер мен фразалар жиынтығы. Жаргон көбінесе кәсіби ортада, мысалы, дәрігерлер, программистер, заңгерлер, журналистер және басқа мамандық өкілдері арасында кездеседі. Бұл сөздер мен фразалар жалпы тілде түсініксіз болуы мүмкін, бірақ сол саланың мамандары үшін олар айқын және түсінікті.
Мысалдар:
- Программистер жаргоны: "баг" (қателік), "дебаггинг" (қателіктерді түзету процесі).
- Дәрігерлер жаргоны: "анамнез" (пациенттің ауру тарихы), "диагноз" (ауруды анықтау).
Арго (Арготизм)
Арго – бұл кейбір әлеуметтік топтардың, көбінесе бейресми немесе шеткі топтардың қолданатын құпия тілі. Арго сөздері мен фразалары жалпы тілде мүлдем түсініксіз болуы мүмкін және көбінесе құқықтық немесе әлеуметтік нормаларға сәйкес келмейтін әрекеттерді сипаттау үшін қолданылады. Арго көбінесе қылмыстық топтар, жасөспірімдер, студенттер және басқа шеткі топтар арасында қолданылады.
Мысалдар:
- Қылмыстық арго: "мусор" (полицей), "мал" (ұрлық заттары).
- Жасөспірімдер арго: "чатиться" (интернет арқылы сөйлесу), "тусить" (көңіл көтеру).
Негізгі бөлім
- Жаргон
Жаргон (ағылш. slang; jargon) — әлеуметтiк диалект; айналымдарды ерекше лексикамен және фразеологиямен, экспрессиялылықты әңгiме аралық тiлден және сөз жасау құралдардың ерекше қолдануымен айырмашылығы болады, бiрақ меншiктi фонетикалық және грамматикалық жүйемен ие болмайды. Жалпы тіл білімінде жаргон туралы алғашқылардың бірі болып пікір айтқан В.И. Даль. Оның пікірінше, «жаргон» сөзі французша «диалект», «жергілікті сөйлеу» дегенді білдіреді.
Қазақ ғалымдарының тіл мәдениеті мен тазалығы мәселесін көтеріп, жаргон сөздерді әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөз деп көрсеткен. М. Балақаев жаргон туралы: «Дөрекі, былапыт және жаргон сөздер. Бұлар – әдеби тілдің, жалпы тіл мәдениетінің ата жауы. Сондықтан олар әдеби тілдің лексикалық нормалары қатарынан орын алуы мүмкін емес» - деп айтқан. Ғ. Қалиев осы жөнінде өзінің еңбегінде: «Жаргондар көбінесе дворяндық аристократия мен буржуазиялық үстем таптардың, дін адамдардың және чиновниктердің арасында қолданған. Жаргондардың өз алдына сөздік қоры, грамматикалық құрылысы болмайды, олар мұны жалпы халықтық тілден алады, бірақ жалпыхалықтық тілдегідей емес, өз мақсатына қарай өзгертіп, басқаша түрде пайдаланады» - деп жаргондарға өткен замандағы қожа мен молдалардың тіліндегі кездесетін сөздерді жатқызған «ізім субхан, каф нун, асан, рауилар, рауаят, бәни, шайбан» сынды сөздерді қарапайым халыққа түсініксіз деп мысалға алып отыр. Жаргон – ауызекі сөйлеуден туындайтын, белгілі бір әлеуметтік топтың қолдануымен шектеліп, «бөтеннен жасыру», «өз ортасын қалыптастыру» мен «құпиялығымен» ерекшеленеді.
Әлеуметтік жаргон
Әлеуметтік жаргонды «интержаргон және жалпы жаргон» деп атайды және олардың да бір-бірінен айырмашылықтары да болады. Интержаргон Л.И.Скворцованың пікірі бойынша: «бұл әр түрлі жаргондардың тілдегі сөздікте қиылысатын бөліктері», дәл осы пікірді М.А. Грачевта қолдайды. В.Г.Костомаров өзінің еңбектерінде интержаргонды «жастардың ортасында сөйлеу тілінде қолданатын сленгтер ағылшын тілінен алынған сөздер және олар тек ағылшын сөздерін ғана қолданып қоймай, олардың өмір салты мен сәніне еліктейді. Жаргон бұл ағылшындардың өлеңдері мен фильмларынан алынған сөздер мен сөз тіркестері, оларды өздерінің тіліндегі фонетика мен грамматикаға бейімдеп алады. Әрине, тек ортақ қызығушылығы бар, белгілі бір әлеуметтік топ қана өздерінің ортасында түсінікті етіп қолданады. Жаргон жастарды осылай біріктіреді». Біздің қоғамда бірнеше әлеуметтік топтар бар. Солардың бірі ұрылар жаргоны: күйіп кету - қолға түсу, карманщик – қалта ұры, отырғызып кету – алдап кету, қораға кіргізді – алаяқтып жасап кету, пирамида – ұрлықтың бір түрі. Қылмыстық топтың жаргоны: стукач, терпила, хвост, крыса, шестерка, стрелка, бабло, вышка, косяк, рамс-төбелес, мент, козёл – полиция қызметкерін атауы, левый – заңсыз іс жасау, братан, пятак, обезьянник, смотрящий, рэкитёр, лох, чмо, очкарик, хромой, горбун, король, жаба, петух Бүгінгі күні жастардың әлеуметтік тобының қатарына әлеуметтік желі немесе ғаламтор жаргоны енді. Бұл жаргондарды ғаламторды пайдаланатын, Whatsapp, Instagram, Tik-Tok, Facebook, Вконтактесияқты әлеуметтік желі қолданушылары сөйлеу тілінде қолданады: инет – ғаламтор, ньюс – жаңалықтар, статус – ватсап желісінде сурет салатын орын, аккаунт, профиль – қолданушының парақшасы, тренд – әлеуметтік желідегі соңғы шыққан үлгілер, рек – Тик-ток желісіндегі танымалдық, сторис – инстаграм желісіндегі сурет пен бейнеролик салатын орын. Әр түрлі әлеуметтік топтардың тілі жастардың сөздік қорын толықтырудың негізгі арнасы болады. Жастар жаргоны – барлық әлеуметтік топтардың сөздерін бір ортаға біріктереді. Жастар жаргонының тағы да бір ерекшелігі оның алғаш пайдан болған сөздерді пайдала отырып, олардың синонимдерін табу. Көрікті, сұлу, әдемідеген сөздер тілімізде бұрыннан қалыптасып келіп, ол сөзді жастар соскадегенге айырбастаса, бүгінде ол сөздердің орнына краш, крашиха деген сөздерді қолданып жүр. Жаргондардың құпиялығы мен өзгелерден жасыруынан сөздерді синонимдермен алмастырудан бөлек, олардын мән-мағынасын өзгертіп қолдануы да бар: күшті, керемет, күлкілі дегеннің орнына ништяк, улёт, угар деп айтуы.
Жаргондардың түрлерi
- Әскери жаргон
- Журналисттiк жаргон
- Компьютер сленгi
- Ойын жаргон
- Студенттік жаргон
- Радиоәуесқой жаргоны
- Қылмыстық жаргон
«Тіл ішіндегі тіл» немесе жастар жаргоны
Жаргон (французша jargon) – шағын әлеуметтік топ қолданатын, ешқандай жеке тілдік дербестігі жоқ жалпыхалықтық тілдің тармағы. Сленг (ағылшынша slang – жаргон) – белгілі бір кәсіп, мамандық немесе әлеуметтік топ адамдары қолданатын сөздер. Тілші-ғалымдар А.Салқынбай, Е.Абақан, А.Абасилов жаргон қате сөйлеуге қатысты қолданылуы жағынан «жастар сленгі» терминімен алмастырып қолданылатынын атап өтеді. Демек, жаргон мен сленг белгілі бір әлеуметтік топта қолданылуымен, лексикалық, фразеологиялық ерекшеліктерімен бір-бірімен шектес қолданылады. Әрбір тілдік ортаның жаргон, сленг сөздерін қолданушылардан басқа адамдар түсіне қоймайды. Мұндай сөз қолданыстары уақыт тұрғысынан өзгеріп отырады және олардың қатары ақпараттар ағыны, ғаламтор, әлеуметтік желі, фильмдердің кейбір сөз қолданыстарымен толығып отырады. Әлеуметтік желі де сленг сөздердің көбеюіне ерекше әсер етеді. Себебі желі барлық адамның, соның ішінде жастардың тұрақты, тәуелді ортасына айналған.Байқау, сауалнама әдісімен 15-25 жастағы жастардың сөз саптауына бақылау жүргізіп, олардың сөз қолданысындағы көп қолданылатын жаргон, сленг сөздерді анықтадық. Сленг сөздердің көбі ағылшын, орыс тілінен алынған.Сонымен жастардың сөз саптауында белсенді қолданылатын жаргон сөздер: қуғынбай>бос сөйлейтін адам, оппана>таң қалғанда айтылатын сөз, сындыру>дегеніне көндіру, өзіне қарату, құлаққа лапша ілу>өтірік айту, қума >бос сөйлеме, өзіне көп алу>артық сөйлеу, артық әрекет ету, құлақтан тебу>өтірік айту, базар жоқ>таңғалғанда айтатын сөз, қораға кіру>тығырыққа тірелу, лақтырып кету>сатып кету, лақтыру>бірдеңені жіберу, қоянның суретін салу>сөзінде тұрмау, тізесі шығып кеткен>әбден белгілі болған, ескірген, зың>өте жақсы, демал>жөніңді біл, деген қалай кетті>сөзінің мәнін сұрау, жатып алған>құлай берілген, картопты жару>таң қалдыру.Мұндай жаргон сөздерде әзіл, мысқыл байқалады. Қазақ тілінің сөздік қорындағы байырғы сөздерден бірігуінен немесе тіркесуінен жасалып, астарлы мағынада, жастардың тілдік ортасына ғана түсінікті, белсенді қолданысқа ие.Осындай сипаттағы сөздер тобына сленг сөздер де жатады. Олардың жаргон сөздерден айырмашылығы – көп жағдайда өзге тілдің сөзінен алынады, мысқыл, әзіл сипаты солғын немесе мүлдем болмайды. Сауалнама әдісімен 15-25 жас аралығындағы жастардан өз араларында жиі қолданылатын, сәнге айналған, өздеріне ғана түсінікті сленг сөздерді жинадық. Оларды қолданыстағы мағынасымен бірге кестеге де түсірдік.Жаргон, сленг сөздерді ауызша сөйлеуде, әлеуметтік желідегі парақшаларындағы жазбаларында жиі кездестіреміз. Мұндай сөз қолданыстары қазақ әдеби тілінің қоғамдағы қызметін шектейді, тілдің тазалығына кері әсерін тигізеді, өзге тілдің қазақ тілін қолданыстан ығыстыруына себеп болады.15-25 аралығындағы жастарға «Жаргон, сленг сөздерді қайдан үйренесіз?» деген сұрақ қойдық. Нәтижесінде заманауи танымал әндерден, әлеуметтік желіден, жора-жолдастарынан үйренетіні белгілі болды.Міне осындай жауаптарға қарап, жаргон, сленг сөздер уақытқа, кеңістікке байланысты жастардың сөз саптауында тұрақты орын алатынын, әдеби тілде сөйлеуді төмендететін, тіл тазалығы мен сөз сапасының бұзылатынын пайымдаймыз.Қорыта айтқанда, әрбір ел келешегін жастармен байланыстырады. Жастардың тәрбиесіне, біліміне мән беріп, болашағына бағдар береді. Олардың азаматтық көзқарасы өскен ортасынан қаланады. Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының: «Халықтың түзелуінің үміті – жастарда. Сондықтан жастардың қалай сөйлеп, қалай тәрбиеленуін бәрінен бұрын ескеріп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс», – деген өміршең сөзін терең ұғынып, жастардың сөз қолданысына мән беру қоғамның басты міндеті.
- Арго
Арго (фр. argot - жаргон) — жекелеген әлеуметтік топтардың, қоғамның басқаларға түсініксіз, өздері араласу үшін ойлап тапқан тілдері (мектеп аргосы, студенттік арго, карта ойнаушылар аргосы, ұрылар аргосы). Жаргонның тағы да бір синоним түрі ол – арго. «Лингвистикалық терминдер сөздігінде» О.С. Ахманова аргоны «жаргонмен бірдей» деп қарастырып, басты айырмашылығы «арго» терминінде кемсіту, келеке ету жоқ деп көрсетті. Ал «Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте» В.Н.Ярцева: «Терминологияда жаргонды көбіне арго және сленг терминдерімен ауыстырады» деп айтты. М.А. Грачев бұл жөнінде басқаша пікірде: «Арго термині бір жағынан «жаргон» терминін қайталаса, екінші жағынан оның мағынасы басқа екендігін айтады, яғни арго бұл ұрылардың жаргоны» . Бұл ғалымдардың айтуы бойынша бұл екі ұғым бір нәрсені білдереді, яғни жаргон мен аргоның бір-екі айырмашылығы болмаса екеуі де бір ұғым дегенге келтіріп тұр. Арго туралы өзіндік пікір қалыптастырған Ф.П. Сороколетовтің еңбегінде оған мынандай анықтама берген: «Арго құпия жасырын хабарларды жеткізу амалы болғандықтан, күнделікті ауызекі сөйлеу тіліне кең түрде ене алмайды».
Осыдан арго ұғымының жаргоннан бөлек екенін түсінуге болады. Бұл біздің қазақ тіл білімінде де көтерілген мәселе. Ғ. Қалиев жаргон мен арго тек қана шағын әлеуметтік топтардың қажеттігінен туып, соларға қызмет ететіндігін, сонымен қатар олардың көп мағанын айтты. XIX-XX ғасырларда жаргондар халықтың сөйлеу тілінде өзекті болмаған, ал бүгінгі күні бұл сөздер біздің күнделікті сөйлеуімізде орын алады. Жалпы «арго» ұғымына келетін болсақ, бұл терминнің жаргонмен ұқсастығымен қоса айырмашылығы да бар. Өзінің еңбегінде Ғ.Қалиев осы екі терминнің ара жігін ашып берген: «Жаргон үстем таптың жоғарғы топтарына тән болса, арго әлеуметтік таптың төменгі топтарына тән. Арго жасырын әрекетті, құпия сырды бүркемелеу мақсатында туған. Сол үшін халық тіліндегі жалпыға түсінікті сөздер басқа мағынада әдейі бұрмаланған» деп көрсеткен. Аргоға мысал ретінде ғалым Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» романындағы Сейіт пен Нәзікештің сөйлеуінен мынандай мысал келтірген:
« – Нафа-зыфы-кефеш мефен сефе-ніфің тіфі-ліфің-діфі дефе афа-лафа жүфір - сіфін дефе-сефең, мыфы-нафа кефе-лефе жафат-кафан құфыл - қыфын - сафарыфы – ныфы кыфы-мыфыз біфіт – тіфі дефеп қафай – тафар- шыфы.. – деді Сейіт..
Сейіттің әрбір дыбысты қарыптың артынан «фа», «фе» үндес бір буын қосып, жат-жаладан жасырғаны: – Назыкеш, мен сенің тілінді де ала жүрсін десең, мына келе жатқан құлқынсарыны қымыз бітті деп қайтаршы.. деген сөз еді.
– Өфе-тіфі-ріфік афайт дефей-сіфіз бефе? – Өтірік айт дейсіз бе?.. – деді Назыкеш» яғни қарап отырсақ бұл екі адамның арасындағы құпия тіл.
Жалпы жаргон мен аргоның сипатын былай түсіндіреді:
1. Бұлар негізінде, тілде бар түбір не негіздерден жасалғанмен, фонетикалық, грамматикалық жүйесі жоқ жасанды сөздер.
2. Әлеуметтік топ адамдарын бірін-бірінен ерекшелейтін соларға ғана түсінікті қолданыстар. Мысалы, теміржол қызметкерлерінің арасындағы «дұшпандар» - «балалар мен жасөспірімдер» деген мағынаны білдіреді.
3. Балалардың ойын сөздері.
Құпия хабарларды жеткізуші құрал: дақ үстінде – ақы өз алдына бөлек деген мағынаны беріп құпиялық қызметті атқарып тұр.
Тіл де жергілікті диалектілер мен кәсіптік сөздерден басқа жаргондық сипаты бар сөздер де болады. Жаргон, арго (француз сөзі) – шағын әлеуметтік топтарға қызмет ететін, сол топтардың ұнатуына сай келетін арнаулы сөздері мен сөйлемшілері. Оны кейде таптық диалект деп те атайды. Жаргондар көбінесе дворияндық аристократия мен буржуазиның жоғарғы топтары арасында қолданылған. Жаргондардың өз Алдана сөздік қоры, грамматикалық құрылысы жоқ. Бірақ жалпы халықтық тілдегі сөздерді өз мақсатына қарай мағанасын өзгертіп, басқаша түрде қолданылады. Қазақ тілінде шын мәнінде жасанды “тіл” дәрежесіне жеткен жаргон, арго болан емес. Бірақ әр кезде белгілі әлеуметтік ортада пайда болып, қазір біржола жолғалып бара жатқан кейбір жаргондық, арголық сипаты бар сөз бен сөйлемдер болады. Ондай жаргондық элементерге, мысалы, бұрынғы үстем тап өкілдерінің, қожа-молдалардың тілінде кездесетін халықтық сипати жоқ, түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін жатқызуға болады.
Бүкіл халықтық бола алмағанына, түсніксіздігіне қарасақ, кіт аби тілге жатқызылып жүрегн бір сыпыра шығармалардың да белгілі мөлшерде жаргондық сипати бар. Өйткені олар араб, шұбарланып, халыққа түсініксіз жазылған. Проф.С.Е. Малов: “Олар мұсылман-түрки кітаби жаргонда жазылды, онымен ұлтына қарамай, түрік, башқұрыт, қазақ, қырғыз ғалымдарының бәріде пайдаланды”, -дейді.
Мысалы:
Бізләрге ярдам бергіл, ізім субхан,
Яралды каф нундан менша ғылман.
Бу сөзіме- ярдам бер, жомарт патшам !
Сөйлеуім, ярдам берсең, болар асан
Немесе
Рауилар мұндай қылар рауаятын.
Бір халықтың бәни шайбан дерді атын.
( Шәһді. )
Міне, бұл текстердегі сөздердің бірен – сараны болмаса көпшілігі түсініксіз. Бұл сияқты сөздерді осы қисса, дастандар шыққан кездің өзінде де, қазіргі дәуірде де түсіну қиын.
Әлеуметтік диалектінің түрлері ретінде қазақ тіліндегі жергілікті кәсіби сөздер мен кейбір жаргондық сипати бар сөздерге ғана тоқтаймыз. диалектологиялық материалдарға қарағанда , жергілікті говорларда жалпы халықтық архаизмдер мен тарихи сөздердің , тіпті неологизмдердің жергілікті диалектілік түрлері бар екені байқалады. Бұлар белгілі мөлшерде көркем әдебиеттен де орын алыды. Ондай сөздерді талдап, оқушыға мағынасын түсіндіруге оқытушының бірден-бір көмекшісі диалектологиялық сөздіктер болмақ. Диалектологиялық материалдарға қарағанда , жергілікті говорларда жалпы халықтық архаизмдер мен тарихи сөздердің , тіпті неологизмдердің жергілікті диалектілік түрлері бар екені байқалады. Бұлар белгілі мөлшерде көркем әдебиеттен де орын алыды. Ондай сөздерді талдап, оқушыға мағынасын түсіндіруге оқытушының бірден-бір көмекшісі диалектологиялық сөздіктер болмақ.
Кейбір әлеуметтік ортада немесе жеке топтардың тілінде кездесетін арготизмдердің жайы бұдан басқашарақ. Аргоның жаргонмен ұқсас жері де, айырмашылығы да бар. Аргода да жаргон сияқты жалпы халықтық сөздер шартты түрде әдейі бұрмаланып айтылады. Солай бола тұрса да аргоны жаргонмен шатастыруға болмайды. Жаргон үстем таптың жоғарғы топтарына тән болса, арго төменгі әлеуметтік топтарға тән. Арго жасырын әрекетті, құпия сырда бүркемелеу мақсатынан туған. Сол үшін халық тіліндегі жалпыға түсінікті сөздер басқа мағынада әдейі бұрмаланған. Мысалы: ұрылар мен саудагерлердің тілінде кездесетін – апсар-жапсар (ұрланған нәрсе жапсарда тұр), үй таза ма? (үйде кісі жоқ па?) шіріңкене (дәнекерші саудагердің алатын ақысы), дақ үстінде (ақы өз алдана бөлек) т.б. сөздер мен сөз тіркестерінің арголық сипати бар. Сол сияқты бубн арасында дыбыс қосып ( көбінесе
ф, п, з, р ) ежелеп сөйлеудің де арголық сипаты бар.
Тілдегі кәсіби сөздерден жаргондық сипаты бар сөздерді айыра білу қажет. Екеуі де қоғамдағы әлеуметтік топтарға қызмет еткенімен , пайда болуы, қолданылуы және әдеби тілге қатысы жағынан бір-біріне ұқсамайды.
Кәсібисөздер ұлттық әдеби тіл лексикасының дамып жетілуне, толығып отыруына үлес қосады. Мәселен, тек ауыл шаруашылығы саласында қазіргі кезде әдеби тілге еніп, бүкіл халықтық сипат алып кеткен кәсіби сөздер аз емес.
Түрікмен қазақтарында кілем тоқуға байланысты ашық (кілем жиегіндегі мәндер), арқа (кілемнің тақыр жағы), палас (түксіз кілем), топырақ (түкті кілемнің шетіндегі жалпақтығы 4-5 елідей тақыр жері), басылық (кілем тоқып жатқанда екі жағына салынатын жіп, тоқылып біткен соң алынатын тасталады) т.б. сөздер кездеседі. Бірақ бұл саладағы сөздер әлі түгел жиналып, зерттеу обьектісі болған жоқ.
Кәсіптік сөздердің екінші бір саласы – ірі кәсіпшілік, өндірістік сипаттағы сөздер. Олардың неғұрлым айқын сараланып, молырақ кездесетін түрлері егіншілік, диқаншылық (астық, баубақша, күріш,мақта, темекі т.б.), балық кәсібі, тау-кен өндірісі, мал және аңшылық шаруашылықтарына байланысты. Мысалы, балықшылардың тілінде қиратпа (жайын аулауда пайдаланатын шанышқы) , қортпа (белуга, қызыл балықтың бір түрі), шоқыр (севрюға), нарел (ұзын сырық ағаш), аламан ау (майшабақ аулайтын ау), басқал (қайыққа мінетін орын), без еге (үлкен балықтың жұлыны), торман (ұсақ сазан), қаза басу (бұрын ау құру мағынасында айтылған), көңгей (жіңішке кендір жіп), инелек (ағаштан жасалған ау жамайтын құрал), бөген (қайықтың ішіндегі керме ағашы), шіпшік (аудың арқанын жерге бекітетін қазық), шашал (мұз үстінде балық аулайтын құрал) т.б. сөздер бар.
- Айырмашылықтары
Жаргон сөздер мен арго сөздердің арасында белгілі айырмашылықтар бар:
Қолданылу аясы:
Жаргон: Белгілі бір кәсіби немесе әлеуметтік топқа тән сөздер мен фразалар. Жаргон көбінесе мамандар, мысалы, дәрігерлер, заңгерлер, программистер, өзара түсінісу үшін пайдаланады. Мысалы, "дебаг" (программистердің жаргоны).
Арго: Әдетте бейресми жағдайларда қолданылатын сөздер мен фразалар. Арго көбінесе жастар арасында, криминалды немесе маргиналды топтарда кездеседі. Мысалы, "шпан" (жастардың арго сөзі).
Статус және легитимділік:
Жаргон: Әдетте қабылданған және белгілі бір дәрежеде құрметке ие, өйткені ол мамандар арасында коммуникацияны жеңілдетеді.
Арго: Көп жағдайда ресми емес және тіпті кейде қоғамның төменгі деңгейлерінде қолданылады. Арго жиі заңға қарсы немесе бейресми әрекеттермен байланысқан.
Қолдану мақсаты:
Жаргон: Тиімді және нақты коммуникация үшін пайдаланылады, ол көбінесе нақты және түсінікті болады.
Арго: Көбінесе түсініксіз болу үшін, бөтен адамдар түсінбеуі үшін қолданылады.
Қоғамдық қабылдау:
Жаргон: Көптеген жағдайда қоғамда оң немесе бейтарап қабылданады, себебі ол кәсіптік тіл ретінде көрінеді.
Арго: Қоғамда көбінесе теріс қабылдануы мүмкін, себебі ол заңсыз немесе этикаға қарсы әрекеттермен байланысты болуы ықтимал.
Қорытындылай келе, жаргон сөздер мен арго сөздердің арасындағы негізгі айырмашылықтар оларды қолдану аясы, мақсаты, легитимділігі және қоғамдағы қабылдануы бойынша анықталады. Жаргон белгілі бір кәсіби немесе әлеуметтік топтардың арасында коммуникацияны жеңілдету үшін қолданылатын, көбінесе бейтарап немесе оң қабылданатын сөздер мен фразаларды қамтыса, арго негізінен бейресми және кейде теріс мәні бар, жастар немесе маргиналды топтар арасында қолданылады. Жаргонның басты мақсаты - нақты және тиімді байланыс орнату болса, аргоның мақсаты - сыртқы адамдардың түсінбеуі үшін түсініксіз болу. Осы айырмашылықтарды түсіну арқылы жаргон мен аргоның қолданылуын және олардың қоғамдағы рөлін анықтау мүмкін болады.
Қорытынды:
Жаргон сөздері салт-дәстүрлі арқылы өлшемді және түсінікті мәтіндерді жасауға көмектеседі, арго сөздері анықтама мәнді сөздерді қосу арқылы сөйлеу мәтінді қайтаңызған жасауға көмектеседі. Біріншісі көптеген жағдайларда өтініштерді алу үшін пайда болады, екіншісі дамытушы сөйлеу мәтіндерінің түсінігін арттырады.
Жаргон сөздерінің және арго сөздерінің арасындағы айырмашылығы шығармашылықтарынан көбірек қарым-қатынасын байқап, кіріспе жерден пайдалану қажет. Жаргон сөздері адамдар арасында білім арттыру мен байланыс орнатуға мән береді, арго сөздері келісімді, жүйелі құқықтарды, сараптамалық әңгімелерді қалыптастыруға мән береді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Даль В.И. Толковый словарь живого великорусского языка – Т1., М.: Изд.: «Т-во М.О. Вольф», 1955. – 699 с.
- Балақаев М. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2008. – 601 б.
- Қалиев Ғ. Қазақ диалектологиясының мәселесі. – Алматы, 1960. – 196 б.
- Скворцов Л.И. Арго. Жаргон // Русский язык. Энциклопедия. – М., 1979.
- Костоморов В.Г. Языковой вкус эпохи. Из наблюдений над речевой практикой масс-медиа. – М.: Изд.: «Златоуст», 1994. – 320 с.
- Амангельді Аружан Жақыпжанқызы Жастар тіліндегі жаргон сөздердің әлеуметтік - лингвистикалық сипаты, Дипломдық жұмыс, - Астана, 2022
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Лингвистика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007.
- Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. – М.: УРСС, 1966. – 571 с.
- Ярцева В.Н. Лингвистический энциклопедический словарь – М.: Советская энциклопедия, 1990. – 684 с.
- Грачев М.А. Словарь тысячелетнего Русское арго: 27000 слов и выражений. – М., Издательство «Рипол-Классик». – 1120 с.
- Сулименова Э.Д. Словарь социолингвистическх терминов. – М.: Изд.: «Астрель», 2001. – 400 с.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?