Қазақ тілі мен әдебиеті_11 сынып


«Қазақ тілі» пәнінен

(оқыту қазақ тілінде емес)

жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 11-сынып

(жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Нұр-Сұлтан қ., 2019

Құрметті мұғалім!

 Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

 Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

 Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

 Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

 Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

 Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

МАЗМҰНЫ

    • ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым Айтылым

Оқу мақсаты

11.1.3.1

11.2.5.1

оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында және мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну

көпшілік алдында сөз сөйлеуде маңызды орын алатын тілдік (вербалдық) және бейвербалдық элементтерді қолданып, сенімді және еркін сөйлеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі сөздер мен термин сөздердің мағынасын анықтайды
  • Вербалдық және бейвербалдық элементтерді қолданып, көпшілік алдында сенімді, еркін сөйлейді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Тыңдалым мәтіні

 Жер бетінде байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық ХХІ ғасырда ең жоғарғы шегіне жетіп, әлемдік деңгейде ең түйткілді мәселеге айналғандығы ресми түрде мәлімделді. Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық тақырыбы Томас Пикеттидің «ХХІ ғасырдағы капитал» атты кітабы жарыққа шыққаннан кейін қызу талқыға салына бастаған. Автордың айтуынша, қазіргі капитализм – ауқаттылардың заманы. Олар байыған үстіне баюда. Соның салдарынан әлеуметтік теңсіздік өршіп, бұл құбылыс экономикалық өсімге кері әсер етіп отыр.

 Ұйымның зерттеуіне қарағанда, қазіргі уақытта миллиардерлердің қаржысы дүниежүзіндегі байлықтың 48 пайызын құраса, ал келесі жылы бұл көрсеткіш 50 пайыздан асып кетуі мүмкін. Яғни, бұл жағдай алдағы уақытта кедей адамдардың қаржы жинап, аяққа тік тұруына айтарлықтай кедергі келтіреді деген сөз.

 БҰҰ-ның тұжырымына сәйкес, күніне 1 АҚШ долларына күн көретін адам кедей саналады, ал 1 доллардан аз ақшаға күнелтетін адамды пақыр кедей немесе қайыршы деп атауға тура келеді. БҰҰ-ның тағы бір дерегіне сүйенсек, аштық күніне 25000 адамның өмірмен қош айтысуына себепкер болады екен.

 Кедейлікке апаратын бірден бір жол – жаппай жұмыссыздықтың орын алуы. Елдегі экономикалық жағдай, оның ішінде жалпы ішкі өнім жұмыспен қамту көрсеткіші бойынша анықталады десек, жаһанда жаппай жұмыссыздықтың орын алу деңгейі жыл сайын артып келеді. Алдағы бес жылда дүниежүзінде жұмыссыздар саны 11 миллионға өспек, ал соңғы 7 жылда жұмысқа тұра алмай жүргендердің қатары 31 миллионға артқан. Бұл көрсеткіш кедейліктің артуына белгілі бір деңгейде ықпал етуде. Бүгінде әлемде 201 миллион адам кәсіпсіз жүрсе, болашақта олардың саны 212 миллионға жетеді деген қауіп бар. БҰҰ-ның анықтауы бойынша, әлемдегі 54 елдің жағдайы 1990 жылғы деңгеймен салыстырғанда, күрт нашарлап кеткен.

  • Мәтін мазмұны бойынша ақпараттарды сәйкестендіріңіз.

Ақпарат

Ақпарат

Сәйкестендіру

1) Бүгінгі капитализм

2) Кедей

3) Пақыр

4) Дәулетті адамдар

5) Жұмыссыздық

a) 1АҚШдолларынажетпейтінақшаға

күнелтетін адамдар тобы

b) байлықтарына лайық салық төлеуі қажет.

c) қалтасықалыңдәулеттіадамдардың

дәуірі

d) әлеуметтік теңсіздікті арттырады.

e) кедейліктің өсуіне ықпал етеді.

6) Байлардыңсанының

артуы

f)күн сайын 1 америка валютасына өмір

сүретін адамдар тобы

  • Берілген сөздер мен сөз тіркесінің мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.

Сөз/сөз тіркесі

Мағынасы

салық

жұмыссыздық

кәсіпсіз

  • Мәтін ақпаратын қолданып, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі маман мен тілші арасында сұхбат жүргізіңіз. Сұхбат барысында төменде берілген клишелер мен ым-ишараны тиімді қолданыңыз.

Клише: сәлеметсіз бе; сіз қалай ойлайсыз; ... дегенмен келісесіз бе; мен сіздің... ойыңызбен келісемін; өте жақсы ой айттыңыз; пікіріңізге рахмет; сау болыңыз; кешіріңіз, бірақ сізбен келісе алмаймын; өте құнды пікір айттыңыз; сізге қарсылық танытуға мәжбүрмін; ... деген сөзіңізді түсіндіріп жіберсеңіз.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мамандандырылған тар аядағыарнайы мәтіндердегі сөздер мен терминсөздердің мағынасын анықтайды

1

2

бағандардағыақпараттардымәтіннің мазмұны бойынша сәйкестендіреді; (әр 2

дұрыс жауапқа 1 балл)

сөздердіңмағыналарынөзсөзімен түсіндіреді:

  • сөз;
  • сөз;
  • сөз;

3

1

1

1

Вербалдықжәне бейвербалдық элементтерді қолданып, көпшілікалдында сенімді, еркін сөйлейді

3

сұхбатмазмұнындамәтінақпаратын

қолданады;

клишелердісұхбатмазмұнынасай

орынды қолданады;

сұраққоюданемесесұхбатберуде

бейвербалдық элементтерді қолданады;

қолданғанбейвербалдықэлементтер

ойды жеткізу көмектеседі;

сұхбатмазмұныкөтерілгенмәселені

ашады.

1

1

1

1

1

Барлық балл

11

«Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушы

 Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мамандандырылған тар аядағыарнайы мәтіндердегі сөздер мен терминсөздердің мағынасын анықтайды

Бағандардағы ақпараттарды мәтіннің мазмұны бойынша сәйкестендіріп,берілген сөздердің (3 сөз) мағыналарын өз сөзімен түсіндіруде қиналады.

Бағандардағыақпараттарды мәтіннің мазмұны бойынша сәйкестендіріп, берілген сөздердің (3 сөз) мағыналарын өз сөзімен түсіндіруде қателеседі.

Бағандардағыақпараттарды мәтіннің мазмұны бойынша сәйкестендіріп,берілген сөздердің (3 сөз) мағыналарын өз сөзімен түсіндіреді.

Вербалдықжәне бейвербалдық элементтердіқолданып, көпшілікалдында сенімді, еркін сөйлейді

Клишелерді сұхбат мазмұынан сай орынды қолданып, мәтін ақпаратымен байланыстырып сұрақ қоюда немесе сұхбат беруде, ойын жеткізу үшін бейвербалдық элементтерді үйлестіре орынды қолданып, көтерілген мәселені ашуда қиналады.

Клишелерді сұхбат мазмұынан сай орынды қолданып, мәтін ақпаратымен байланыстырып сұрақ қоюда немесе сұхбат беруде, ойын жеткізу үшін бейвербалдықэлементтерді үйлестіре орынды қолданып, көтерілген мәселені ашуда қателеседі.

Клишелерді сұхбат мазмұынан сай орынды қолданып, мәтін ақпаратымен байланыстырып сұрақ қояды немесе сұхбат береді, ойын жеткізу үшін бейвербалдықэлементтерді үйлестіре орынды қолданып, көтерілген мәселені ашады.

«Экология. Мұнай және атомдық индустрия», «Тіл. Өнер. Әдебиет» бөлімдері бойынша

жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқылым Жазылым

Оқу мақсаты

11.3.2.1

ғылымижәнепублицистикалықстильдегі

мәтіндердің(аннотация)құрылымымен

рәсімделуінбілу,жанрлықжәнетілдік

ерекшеліктерін талдау

11.4.2.1

қажеттіақпараттардыорындықолданып,

көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп

эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі)

11.4.6.1

мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Публицистикалық стильдегі мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдайды
  • Қажетті ақпаратты қолданып, өз ойын дәлелдеп,

«келісу-келіспеу» эссесін жазады

  • Мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтінді оқып, құрылымы мен рәсімделуі, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдап, берілген кестені толтырыңыз.

 Мұнай-химия саласы – дүниежүзіндегі ең табысы мол әрі қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Дамыған елдерде соңғы 5 жылда мұнай-химия өнеркәсібіндегі өнімдердің өсімі 7 пайыздан асып түсіпті. Демек «қалауын тапса...» қыруар пайда әкелетіні күмән тудырмайды деген сөз.

 Жалпы сарапшылардың пайымына салсақ, мұнай-газ өндірісінің күні батты деуге әлі ертерек. Аталған сектордың әлеуеті әлі де жеткілікті. Ол үшін саладағы басымдықтың бағытын аздап бұрған жөн. Атап айтқанда, мұнай-химия саласын дамыту керек. Адам денсаулығына да, қоршаған ортаға да зиян келтірмейтін қуат көздері табылып жатқан тұста, құр қара майға қарап отырудың жөні жоқ. Мамандардың көпшілігінің пікірі осы төңіректе түйіседі.

Рашид Жақсылықов, Мұнай-газ компаниялары одағының алқа төрағасы:

 – Қазіргі таңда отандық мұнай-газ өндірісінде «Shell», «Chevron», «Agip» сынды әлемге әйгілі компаниялар жұмыс істеп жатыр. Осы компаниялардың шикізат күйінде өндіріп, кейін шетелдерде терең өңделіп, елімізге қайта келген тауарларын қолданбайтын қазақ кемде-кем. Қысқасы, өзіміздің шикізатты қара бақырға өткізіп, әлденеше есе қымбатқа қайта сатып алуды әдетке айналдырдық. Яғни импорт өнімдері үшін төленген қыруар қаражат шетелдердің экономикасына жұмсалып жатыр, – дейді.

 Рашид Жақсылықовтың айтуынша, мұнай-химия саласын жолға қоя алсақ, қыруар тауардың бәрін өзімізде өндіреміз. Шикізат өзімізден шықса, оны өзіміз терең өңдесек, елде тұтынып қана қоймай экспортқа шығарсақ, мұртымызды балта шаппайтыны түсінікті. Импорттан үнемделетін қаржы мен экспорттан түсетін табысыңыз көл-көсір пайданың көзі. Жұмыс орындары көбейетінін де ескеру керек. Оған қоса мұнай-химия саласы ғылым саласымен қатар дамитынын да ұмытпаған жөн.

 Бүгінде әлем жұртшылығы ағаш қолданудан да қалып барады, оның орнын түрлі пластиктер алмастыра бастады. Мұнайдың қалдығынан жасалатын басқа құрылыс

материалдары да толып жатыр. Пластик құбырлар, жылу бергіш материалдар, есік-тере- зенің бөлшектері дейсіз бе, барлығына көмірсутегі шикізатын пайдалануға болады. Яғни мұнай-химия кешенін дамыту денсаулық сақтау, құрылыс және басқа да салаларға оң ықпалын тигізеді деген сөз.

Арнұр АСҚАР,

«Егемен Қазақстан»

Мәтін қандай құрылымдық бөліктерден тұрады?

Мәтін қандай жанрда жазылған?

Неліктен?

 Мәтін қандай стильде жазылған?

Дәлелдеңіз.

Автордың ерекше тілдік қолданыстарына

мысал келітіріңіз.

2. «Мұнай-химия саласы ғылым саласымен қатар дамитынын да ұмытпаған жөн» деген пікірді негізге ала отырып, 150-180 сөзден тұратын келісу-келіспеу эссесін жазыңыз. Жазба жұмысында тыныс белгілердің дұрыс қойылуына назар аударыңыз.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Публицистикалық

1

мәтіннің

құрылымдық

бөліктерін

1

стильдегімәтіннің

анықтайды;

құрылымымен

мәтіннің жанрын көрсетеді;

1

рәсімделуін,жанрлық

себебін түсіндіреді;

1

жәнетілдік

мәтіннің стилін анықтайды;

1

ерекшеліктерін талдайды

дәлелдер келтіреді;

1

ерекше тілдік қолданыстарға мысалдар

1

келтіреді;

Қажеттіақпаратты

2

пікірді негізге алады;

1

қолданып,өзойын

айқын позициясын білдіреді;

1

дәлелдеп,«келісу-

өз көзқарасына дәлелдер келтіреді;

1

келіспеу» эссесін жазады

мәтін ақпаратын қолданады;

1

Мәтін деңгейінде тыныс

тыныс белгілерін дұрыс қояды.

1

белгілерін қолданады

Барлық балл

11

«Экология. Мұнай және атомдық индустрия», «Тіл. Өнер. Әдебиет» бөлімдері бойынша бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушы

 Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Публицистикалық стильдегімәтіннің

құрылымымен рәсімделуін, жанрлық жәнетілдік

ерекшеліктерін талдайды

Мәтінніңқұрылымдық бөліктерін, жанрын, стилін анықтап, себебін түсіндіруде, дәлелдер келтіруде, ерекше тілдікқолданыстарға мысалдар келтіруде қиналады.

Мәтінніңқұрылымдық бөліктерін, жанрын, стилін анықтап, себебін түсіндіруде, дәлелдер келтіруде, ерекше тілдік қолданыстарға мысалдар келтіруде қателеседі

Мәтінніңқұрылымдық бөліктерін, жанрын, стилін анықтап, себебін түсіндіреді, дәлелдер келтіреді, ерекше тілдік қолданыстарға мысалдар келтіреді.

Қажеттіақпаратты қолданып, өз ойын дәлелдеп,«келісу- келіспеу» эссесін жазады

Мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолданады

Пікірді негізге алып, айқын позициясын көрсетуде, мәтін ақпаратына сүйеніп, дәлелді көзқарасын білдіруде және тыныс белгілерін дұрыс қоя отырып,келісу-келіспеу эссесін жазуда қиналады.

Пікірді негізге алып, айқын позициясын көрсетуде, мәтін ақпаратына сүйеніп, дәлелді көзқарасын білдіруде және тыныс белгілерін дұрыс қоя отырып, келісу-келіспеу эссесін жазуда қателеседі.

Пікірді негізге алып, айқын позициясын көрсетіп, мәтін ақпаратына сүйеніп, дәлелді көзқарасын білдіріп және тыныс белгілерін дұрыс қоя отырып, келісу-келіспеу эссесін жазады.

    • ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Қоғамдағы жұмыссыздық мәселесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым Айтылым

Оқу мақсаты

11.1.2.1

11.2.4.1

мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды (ақпараттарды) қысқаша түртіп жазу (конспектілеу) және берілген ақпараттарды жүйелеу

кәсіби бағыттағы түпнұсқа мәтіндерден қажетті ақпаратты (деректерді, сипаттамаларды, сандық көрсеткіштерді, сілтемелерді) анықтау, олардың қолданылу мақсатын талдау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіндегі негізгі ақпараттарды жүйелеп, конспектілейді
  • Мәтіннен деректерге қатысты сипаттамаларды анықтап, қолданылу мақсатын түсіндіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтінді тыңдап, жұмыссыздық түрлеріне қатысты ақпараттарды түртіп алыңыз.

 Жұмыссыздық – экономикалық белсенді халықтың бір бөлігінің еңбек нарығында қажет болмауынан туындайтын әлеуметтік-экономикалық құбылыс; адамдар жұмыс істеуге қабілетті және жұмыс істегілері келетін, бірақ жұмыс табылмайтын ахуал.

 Қазіргі экономикалық теорияда жұмыссыздықтың мынадай ерекше түрлерін қарастырады:

 Фрикциондық жұмыссыздық – адамдардың бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуы.

 Құрылымдық жұмыссыздық – өндірістік қуаттың жеткіліксіздігі нәтижесінде пайда болады: жеке саланың дамуының кері пропорциясы және/немесе ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.

 Циклдық жұмыссыздық – өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономикалық циклдің осы фазасымен байланысты.

 Жалпы «жұмыссыз» деп, статистикалық тексеру кезінде жұмыссыз болып, бірақ жұмыс іздеу үстінде және жұмысқа кіруге дайын адамдарды айтады. Шетелдік мамандар жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, оны тудыратын әртүрлі нысандардың нақты факторларын қарастырады. Жұмыссыздықтың мынадай нысандары болады: жасырын функционалдық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық, институционалды, ерікті, жасырын.

 Жасырын жұмыссыздық – өндірісте және мемлекеттік ақпаратта жұмыссыз ретінде жалған тіркелу. Жұмыс істеуге қабілетті, бірақ жұмыссыз ретінде тіркеліп, әдетте, жәрдемақы алу құқығымен пайда көретін жұмыссыздардың жалпы саны.

 Институционды жұмыссыздық еңбек нарығындағы ұсыныс пен сұранысқа ықпал ететін факторлардан туындайды.

 Ерікті жұмыссыздыққа әр себеппен, өз еркімен жұмыс істегісі келмейтін адамдар жатады.

 Маусымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс жасауы: бұл кейбір өндіріс саласында кездеседі, әсіресе, қайта өңдеу өнеркәсібінде т.б.

Технологиялық жұмыссыздық – адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі,

біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.

 Ресми жұмыссыздық – маусымдық ауытқуларға тәуелсіз, мемлекеттік органдарда тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны.

Созылыңқы жұмыссыздық – 12 айға және одан ұзақ уақытқа созылатын жұмыссыздық.

 Кез келген жұмыссыздықтың болуы – қоғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды «жұмыссыз» деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым ретінде бағалайды, ол адамның ет жақыны қайтыс болған жағдайда душар болатын күйзеліспен тең дәрежеде қарастырылады.

  • Түртіп алған ақпараттарыңызды жүйелеп, кез келген үлгіде кластер құрастырыңыз.

Үлгі

  • Жұмыссыздық түрлеріне берілген сипаттамаларды автордың қолдану мақсатын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз. Түсіндіру барысында кластерді қолданыңыз.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтіндегінегізгі ақпараттарды жүйелеп, конспектілейді

1-2

жұмыссыздыққа қатысты негізгі ақпараттарды

түртіп алады;

жазып алған ақпараттарды жүйелеп, кластер құрастырады;

1

1

Мәтіннендеректерге

3

жұмыссыздық түрлерін атайды;

1

қатысты

оларға берілген сипаттамаларды өз сөзімен

1

сипаттамаларды

түсіндіреді;

анықтап,қолданылу

автордың қолдану мақсатын түсіндіреді;

1

мақсатын түсіндіреді

кластергетүсіргенақпаратынасілтеме

1

жасайды;

ойын жүйелі жеткізеді.

1

Барлық балл

7

«Қоғамдағы жұмыссыздық мәселесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушы

 Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтіндегінегізгі ақпараттарды жүйелеп, конспектілейді

Мәтіндегі жұмыссыздыққа қатысты негізгі ақпараттарды түртіп алып, жазып алған ақпараттардыжүйелеп, кластерқұрастыруда қиналады.

Мәтіндегіжұмыссыздыққа қатысты негізгі ақпараттарды түртіп алып, жазып алған ақпараттарды жүйелеп, кластер құрастыруда қателеседі.

Мәтіндегі жұмыссыздыққа қатысты негізгі ақпараттарды түртіп алып, жазып алған ақпараттарды жүйелеп, кластер құрастырады.

Мәтіннен деректерге қатысты сипаттамаларды анықтап,қолданылу мақсатын түсіндіреді

Жұмыссыздық түрлерін атап, кластердіқолданыполарға берілгенсипаттамаларды, автордыңқолданумақсатын түсіндіріп,ойынжүйелі жеткізуде қиналады.

Жұмыссыздық түрлерін атап, кластерді қолданып оларға берілгенсипаттамаларды, автордың қолдану мақсатын түсіндіріп, ойын жүйелі жеткізуде қателеседі.

Жұмыссыздық түрлерін атап, кластерді қолданып оларға берілгенсипаттамаларды, автордың қолдану мақсатын түсіндіріп, ойын жүйелі жеткізеді.

«Тәуелсіз еліміздің өткені мен келешегі», «Ұлттық театр өнер ордасы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқылым Жазылым

Оқу мақсаты

11.3.1.1

мәтіннендетальдіақпараттарды,фактімен

көзқарасты,астарлыойдыанықтау,берілген

ақпараттыңоқырманғаәсерінжәнеавтор

позициясын талқылау

11.4.1.1

ғылымижәнепублицистикалықстильдің

жанрлықжәнестильдікерекшеліктерінесай

тілдік құралдарды орынды қолданып, баспасөз

парағын жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіннен детальді ақпараттарды, факті мен көзқарасты, астарлы ойды анықтайды, ақпараттың оқырманға әсерін автор позициясын талдап түсіндіреді
  • Публицистикалық стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қолданып, баспасөз парағын жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.

 Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүниежүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шетелдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Нұр- Сұлтан қалаларында 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекеттер – солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың одан әрі дамуында 1998 ж. 6 шілдеде Мәскеуде қол қойылған мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Декларация маңызды рөл атқарды. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді. 2000 ж. 25 қаңтарында Қазақстанның бірінші президенті Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путиннің кездесуі болды. 2003 жыл Ресейдегі Қазақстан жылы, 2004 жыл Қазақстандағы Ресей жылы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтті. 2004 жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 7 млрд. долларға жетті.

 Тәуелсіздік жылдары оңтүстік-шығыстағы үлкен көрші мемлекет – Қытай Халық Республикасымен тату көршілік және достық қатынастар орнатуда едәуір табыстарға қол жетті. 1990 ж. Қазақстан мен Қытайдың темір жол арқылы өзара байланысы іске асты, сөйтіп, біздің республика Тынық мұхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды. Ең бастысы, шекараны нақтылау аяқталды. Қытаймен арадағы шекараны айқындап белгілеу Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қосымша кепілдіктер берілгенін білдірді. Соңғы жылдары ҚХР басшыларымен өзара кездесу, келіссөздер жүргізу біздің елдің

сыртқы саясатындағы тұрақты құбылысқа айналды. Қазақстанның сыртқы саясатында

АҚШ-пен қарым-қатынасының маңызы өте зор. АҚШ Қазақстан Республикасын тәуелсіз мемлекет ретінде таныған 1991 ж. 25 желтоқсаннан бастап, екі мемлекет арасында елші дәрежесіндегі толыққанды дипломатиялық қатынастар орнады.

  • Мәтіннен 1 факті мен көзқарасты білдіретін сөйлемді мен 2 детальді ақпаратты анықтаңыз.

Факті

Көзқарас

Детальді ақпараттар

1)

2)

  • Мәтіндегі автор позициясын және мәтіннің оқырманға әсерін 3-4 сөйлеммен түсіндіріңіз.
  • Мектебіңізде Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан» тақырыбында оқушылар арасында конференция ұйымдастырылды. Мектепшілік газеттің тұрақты тілшісі ретінде публицистикалық стильдің стильдік, жанрлық ерекшеліктерін сақтай отырып, баспасөз парағын жазыңыз.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтіннендетальді

мәтін мазмұны бойынша 1 фактіні білдіретін

1

ақпараттарды,факті

сөйлемді анықтайды;

менкөзқарасты,

астарлыойды

1 көзқарасты білдіретін сөйлемді көрсетеді;

1

анықтайды,

1-2

2 детальді ақпаратты көрсеттеді;

2

ақпараттың

оқырманғаәсерін

мәтіндегі автор позициясын түсіндіреді;

1

авторпозициясын

талдап түсіндіреді

мәтіннің оқырманға әсерін түсіндіреді;

1

Публицистикалық

жағдаятты негізге алады;

1

стильдіңжанрлық

публицистикалықстильдіңерекшеліктерін

1

жәнестильдік

ескереді;

ерекшеліктерінесай

3

жанрлық ерекшеліктерді ескереді;

1

тілдікқұралдарды

қолданып,баспасөз

баспасөз парағын жазу талаптарын сақтайды.

1

парағын жазады

Барлық балл

10

«Тәуелсіз еліміздің өткені мен келешегі» «Ұлттық театр өнер ордасы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушы

 Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтіннендетальді ақпараттарды, факті мен көзқарасты, астарлы ойдыанықтайды, ақпараттың оқырманға әсерін автор позициясын талдап түсіндіреді

Мәтін мазмұны бойынша факті мен көзқарасты білдіретін сөйлемді, детальді ақпаратты анықтап, автор позициясы мен оның оқырманға әсерін түсіндіруде қиналады.

Мәтін мазмұны бойынша факті мен көзқарасты білдіретін сөйлемді, детальді ақпаратты анықтап, автор позициясы мен оның оқырманға әсерін түсіндіруде қателеседі.

Мәтін мазмұны бойынша факті мен көзқарасты білдіретін сөйлемді, детальді ақпаратты анықтап, автор позициясы мен оның оқырманға әсерін түсіндіреді.

Публицистикалық стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сайтілдікқұралдарды қолданып,баспасөз парағын жазады

Жағдаятты негізге ала отырып, публицистикалық стиль мен жанрлықерекшеліктерді ескеріп, талапқа сай баспасөз парағын жазуда қиналады.

Жағдаятты негізге ала отырып, публицистикалық стиль мен жанрлықерекшеліктерді ескеріп, талапқа сай баспасөз парағын жазуда қателеседі.

Жағдаятты негізге ала отырып, публицистикалық стиль мен жанрлықерекшеліктерді ескеріп, талапқа сай баспасөз парағын жазады.

    • ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Туризм: экотуризм», «Әлемдегі ерлер мен әйелдердің құқықтары мен теңдігі» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым Айтылым

Оқу мақсаты

11.1.6.1

11.2.3.1

Көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз ойын логикалық дұрыс, аргументті және айқын жеткізу

сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Әртүрлі дереккөзден алынған мәтіндерді салыстырып, аргументтермен дәлелді ойын білдіреді
  • Сөйлеу кезінде интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

Мәтінді тыңдап, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.

  • мәтін

 Дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметтеріне қарағанда, мемлекеттер қазынасына сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы экотуризмнің еншісіне тиесілі екен. Туризмнен түскен кіріс дүниежүзі бойынша әлі күнге дейін мұнай экспорты мен көлік сатудан кейінгі үшінші орынды иеленіп келеді. Экологиялық туризмнің басқа туризм түрлерінен айырмашылығы – табиғатта туристердің белгіленген тәртіпке бағынуы, табиғи ландшафттарды шамадан тыс ластаудан қорғау және индустриялық туризм дамуының басты шарты болып табылатын табиғи ресурстардың құлдырауын болдырмау.

 Экотуризмнің дамуы республикадағы барлық табиғи шаруашылық кешендерінің сәтті ілгерілеуіне ықпал етеді. Сонымен қатар қоғамның тұрақты дамуы мен халықтың салауатты өмір салтын сақтауға бейімделуін жолға қояды. Қоғамның табиғи ортаға және экожүйеге көңіл аударуы жоғарылай бастады.

  • мәтін

 Қазақстан экологиялық туризмді дамыту үшiн елеулi әлеуетке ие. Бұған ерекше географиялық аймақта орналасқан, еліміздің адам аяғы баспаған табиғаттың ғажайып бұрыштары, ландшафттар, тарихи ескерткiштер мен археологиялық орындары үлкен мүмкiндiк туғызады. Археология, тарих және сәулет ескерткіштерінің көлемі бойынша Қазақстан нағыз «ашық аспан астындағы мұражай» болып саналады. Табиғаты бүлінбеген түрде сақталған аумақтың саны мен әртүрлілігі экологиялық туризм әуесқойларын ерекше қызықтырады.

 Еліміздегі экотуризмді дамытуда туристік фирмалар мемлекет мүддесі үшін қызмет етпейді. Көпшілік туристік фирмалар шетелдіктер үшін еліміздің табиғаты көз тартатын жерлеріне саяхат түрлерін ұйымдастырғаннан гөрі, қазақстандықтарды шетелге саяхатқа жіберумен айналысқанды жөн көреді. Ол ел экономикасына кері әсерін тигізеді, өйткені шетелге шыққан қазақстандық туристер мемлекеттің қаржысын барған мемлекеттің экономикасына құяды. Сол арқылы шетелде жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал

етеді.

  • Мәтіндерде көтерілген ортақ мәселені анықтаңыз.
  • Кестені пайдаланып, екі мәтін ақпаратын салыстырыңыз. Жауаптарға мәтіннен дәлел келтіріңіз.

Салыстыру

1-мәтін

2-мәтін

Мәтін тақырыбы

Мәтіндегі автор идеясы

Мәтіндердіңкөздеген

аудиториясы

  • Жұптық жұмыс. Өзара төмендегі тақырыптарда сөйлесіңіз. Сөйлеу кезінде сөйлеу мәнеріңізге, интонация, ой екпініне назар аударыңыз.
    • Қазақстандағы туризм және экотуризм
    • Экотуризм дегеніміз не?
    • Қазақстанда экотуризмді қалай дамытамыз?

 Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Әртүрлі

екімәтінгеортақкөтерілгенмәселені

1

дереккөзден

анықтайды;

алынған мәтіндерді

салыстырып,

мәтіндердің тақырыбын сөз тіркесімен береді;

2

аргументтермен дәлелдіойын білдіреді

1-2

мәтіндердегі автор позициясын 1 сөйлеммен береді;

мәтіндердің көздеген аудиториясын табады;

2

2

мәтіннен өз ойына дәлелдер келтіреді;

2

Сөйлеукезінде

берілген тақырыптардың бірін таңдап, өзара

1

интонацияның

диалог құрады;

құрамдас

бөліктерінсөйлеу

3

сөйлеу барысында айтар ойына сай сөйлеу

мәнері, ой екпіні, дауыс ырғағын орынды

1

мәнерінесай

қолданады

қолданады.

Барлық балл

11

«Туризм: экотуризм», «Әлемдегі ерлер мен әйелдердің құқықтары мен теңдігі» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушы

 Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Әртүрлідереккөзден

алынғанмәтіндерді салыстырып, аргументтермендәлелді ойын білдіреді.

Екі мәтінге ортақ көтерілген мәселені,мәтіндердің тақырыбын,автор

позициясын,мәтіндердің көздегенаудиториясын анықтап, оларға дәлел келтіруде қиналады.

Екі мәтінге ортақ көтерілген мәселені,мәтіндердің тақырыбын, автор позициясын, мәтіндердіңкөздеген аудиториясын анықтап, оларға дәлел келтіруде қателеседі.

Екі мәтінге ортақ көтерілген мәселені,мәтіндердің тақырыбын, автор позициясын, мәтіндердіңкөздеген аудиториясын анықтап, оларға дәлел келтіреді.

Сөйлеукезінде интонацияның құрамдас бөліктерінсөйлеу мәнеріне сай қолданады.

Тақырыптардың біріне өзара сөйлесіп, сөйлеу барысында айтар ойына сай сөйлеу мәнері, ой екпіні, дауыс ырғағын орынды қолдануда қиналады.

Тақырыптардың біріне өзара сөйлесіп, сөйлеу барысында айтар ойына сай сөйлеу мәнері, ой екпіні, дауыс ырғағын орынды қолдануда қателеседі.

Тақырыптардың біріне өзара сөйлесіп, сөйлеу барысында айтар ойына сай сөйлеу мәнері, ой екпіні, дауыс ырғағын орынды қолданады.

«Жастар мәселесінің түйіткілдері», «Жаһандық мәселелер: көші-қон саясаты» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқылым Жазылым

11.3.6.1

мәтіндегінегізгіойдыанықтап,көтерілген

Оқу мақсаты

мәселеге баға беру, өзіндік көзқарасын жүйелі,

дәлелді жеткізу

11.4.2.1

қажеттіақпараттардыорындықолданып,

көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп

эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті

эссе)

11.4.6.1

мәнмәтінбойыншатілдікбірліктерді

орфографиялықнормағасайжазу,мәтін

деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіннің негізгі ойын анықтап, көтерілген мәселеге сыни көзқарасын жүйелі білдіреді
  • Ақпараттарды орынды қолданып, өз ойын дәлелдеп келісу, келіспеу эссесін жазады
  • Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады
  • Тыныс белгілерін дұрыс қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқып, төмндегі тапсырмаларды орындаңыз.

Оқылым мәтіні

 Ұлмекен ТӨЛЕШОВА, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты:

 – Шу-шу еткен қалада бір сәт өзіңмен өзің қалуға уақыт та, ыңғай да жоқ. Соның зардабы есін білгелі қалада өсіп келе жатқан балалардың бойынан көзге ұрып көрініп тұрады. Таңертең тұрып шай ішіп отырғанда теледидар көреді, сабаққа бара жатқанда құлағында құлаққап, музыка тыңдап бара жатады. Мектепте, әйтеуір, балалармен араласады. Одан шыққан соң тағы да әлгіндей музыка, үйге келген соң теледидар мен ғаламтор. Таңның атысынан кештің батысына дейін толассыз ақпарат қабылдайды. Сөйтіп, сол ақпаратты саралап, байыптауға уақыт қалмайды. Адамға тән сезімдердің құнсызданып бара жатқаны да содан.

 Қазіргі аға буын жас кезінде партияның қатал тәрбиесін көрген, тәртіпке үйренген. Ал тәуелсіздік қарсаңында, тәуелсіздік алғаннна кейін туған жастар үшін ешқандай жүйе жоқ. Сондықтан да олар үшін мына нәрсе маңызды деп дөп басып айту – қиынның қиыны. Жақында бір туысымның қызы, мектеп бітірген, «қайда оқығың келеді?» деп сұрасам, «маған бәрібір, тек шетелде оқысам болды» дейді. «Бәрібір» дейтіні, болашағы жайлы армандап, қиялдамайтынынан. Кез келген нәрсені уақыты келгенде ғана ойлайды. Алдын ала қамдану деген жоқ. Ал «шетелде оқысам болды» дейтін себебі – ел алдында жарқылдап, жұрт назарында жүргісі келетіндіктен. Ешқайсысы көптің бірі болғысы

келмейді, қарапайым болғысы келмейді.

 Жастарымызға ұлттық тәрбие керек-ақ. Бұл жағынан ауыл жастарында аздаған артықшылық бар. Көрші-қолаңмен араласып өскен бала қанша дегенмен көпшілдеу болады. Үй еңбегімен айналысып, табиғатқа жақын өскендіктен, милары тұнық келеді.

Бірақ, бір өкініштісі, ауылда сол балаларға бағыт берер, ақыл айтар үлкен жоқ. Әйтеуір

«кітап оқы, сабағыңды жақсы оқы» дейді. Бірақ өздері кітап оқымайды, жұмысына да дұрыс қарамайды. Қай ауылға барсаң да, уақытын қалай өткізерін білмей жүрген жастарды көресің. Оның үстіне ауылдарда телеарналардың көбеюі, интернет жүйесінің іске қосылуы қала баласына еліктейтін ауыл балаларын өзгертіп бара жатыр. Интернетті пайдалану тек қана зиян деуден аулақпыз, бірақ қалай пайдаланатынын білмейміз, қадағалап жатқан ешкім жоқ. Сол жағы алаңдатады.

  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
  • Автор көтерген 1 мәселеге қатысты ойыңызды ПОПС формуласы арқылы жеткізіңіз.
  • Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, елімізде жыл сайын 14 пен 28 жас аралығындағы 8 мыңға жуық жас шетел асады екен. Қазақстандық жастар шетелге кетуге неге құмар? Пікіріңізді растайтын аргументтер мен дәлелдер келтіре отырып, эссе жазыңыз. Жазба жұмысында орфографиялық, пунктуациялық нормаларды сақтаңыз.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтінніңнегізгіойын

мәтіндегі негізгі ойды 1сөйлеммен

1

анықтап,көтерілген

жеткізеді.

мәселегесыни

1-2

мәтіндегі 1 мәселені анықтайды;

1

көзқарасынжүйелі

білдіреді

мәселеге қатысты өз көзқарасын формула

бойынша түсіндіреді;

1

Ақпараттарды орынды қолданып, өз ойын дәлелдеп келісу, келіспеу

эссесін жазады

кіріспе бөлімде кілт сөзге анықтама

береді (2-3 сөйлем);

негізгі бөлімде мәселеге қатысты

ұстанымын білдіреді;

1

1

Тілдікбірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады

өз ұстанымын дәлелдеу үшін 2-3

аргумент пен факті ұсынады;

өз пікіріне қарсы контраргумент

ұсынады;

1

1

Тыныс белгілерін дұрыс қолданады

3

өз ұстанымының дұрыстығын дәледейтін

1-2 фактілік дерек ұсынады;

қорытынды бөлімде негізгі сұраққа нақты

жауап береді;

1

1

мәселенің нақты 2-3 шешу жолын

ұсынады;

1

орфографиялық нормаларды сақтайды.

1

тыныс белгілерін дұрыс қояды.

1

Барлық балл

12

«Жастар мәселесінің түйіткілдері», «Жаһандық мәселелер: көші-қон саясаты» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушы

 Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтінніңнегізгіойын анықтап,көтерілген

мәселегесыни

көзқарасынжүйелі білдіреді

Мәтіндегінегізгіоймен көтерілген мәселені анықтап, өзкөзқарасынформула бойыншатүсіндіруде қиналады.

Мәтіндегінегізгіоймен көтерілген мәселені анықтап,

өзкөзқарасынформула бойынша түсіндіруде қателеседі.

Мәтіндегінегізгіоймен көтерілген мәселені анықтап,

өзкөзқарасынформула бойынша түсіндіреді.

Ақпараттарды орынды қолданып, өз ойын дәлелдеп келісу, келіспеу эссесін жазады

Тілдікбірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады

Тыныс белгілерін дұрыс қолданады

Қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойыншақұрылымдық бөлімдер мен офографиялық- пунктуациялықнорма талаптарына сай, өз ойын дәлелдеп,келісу-келіспеу эссесін жазуда қиналады.

Қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша құрылымдық бөлімдер менофографиялық- пунктуациялықнорма талаптарына сай, өз ойын дәлелдеп, келісу-келіспеу эссесін жазуда қателеседі.

Қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойыншақұрылымдық бөлімдер мен офографиялық- пунктуациялықнорма талаптарына сай, өз ойын дәлелдеп,келісу-келіспеу эссесін жазады.

    • ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Толеранттылық – ел бірлігі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым Айтылым

Оқу мақсаты

11.1.4.1

11.2.2.1

Көркем шығарманы тыңдау, басқа өнер туындыларымен (кино, театр, музыка, би, сурет- мүсін өнері, сәулет) салыстырып, тақырып ортақтығына сипаттама жасау

Ғылыми және кәсіби мәтіндерге сүйеніп, монологпен диалогті үйлестіре қолдану, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушылармен қарым-қатынас

орнату

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Көркем шығарманы кино туындысымен салыстырып, тақырып ортақтығына сипаттама жасайды
  • Сөйлеу этикеті формаларын қолданып, кәсіби мәтіндер бойынша тыңдаушымен диалогке түседі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

Мәтіндерді мұқият тыңдаңыз.

 Самолет Алматы аэропортына кеп қонған. Трап әкелініп, жолаушылар сыртқа шыға бастады.

 Евдокия да солардың ішінде. Аэровокзал қоршауының сыртында тұрған көптеген қарсы алушыларға көзі түскен. Бәрі де осы жаққа қарап жүздері жайраңдап, қолдарындағы гүлдерін бұлғайды. Евдокия да күлімсірей қарап, қолын бұлғап қойды.

Осы мезетте репродуктордан самбырлаған ащы дауыс естілген.

 − Филиппова Евдокия Филипповна, сізді балаңыз аэровокзалдан шыға беріс есікте күтіп тұр. Қайталаймын!

 − Маған айтқан сияқты ма мынаны, − деді дегбірсізденген Евдокия. − Ол шығатын есігі қай жақта?

− Жүріңіз, мен сізді ертіп апарайын, − деді тарамыс арық. Бұлар аэровокзалды қақ жарып өтіп, шығар есікке таяған. Дәл шыға берісте Евдокия:

 − Сәл кішкене аялдайықшы, − деп өтінген. − Жүрегім орнықсын, − өзі кідірістеп біраз тұрды да, жүрегі орныққандай болған соң, шығуға беттеді.

 Есіктің шыға берісіндегі баспалдақтарда гүл ұстаған көп адамдар тұр екен, орысы да, қазағы да бар, бәрі аралас. Евдокия олардың бәрін тез ғана бір шолып қарап өтті де, өзіне күлімсірей қарап тұрған аласа бойлы, арықтау сары жігітке қарай жүрді, бірақ қарсы алдынан ұзын бойлы, кең иықты басқа бір жігіт кес-кестеп шыға берді. Евдокия оған жалт қараған, екеуінің көздері бір-бірімен ұшырасқан сәтте, ана жүрегі дір ете түсіп, өзінен туған, өзінен нәр

алған жанарды қалтқысыз таныды, уақыт жеп солғаны болмаса, бір кезде өзінің жанары да дәл

осындай болатын.

 Ана мен бала құшағы айқасқан... тілшілер жан-жақтан фотоаппараттарын сыртылдатып суретке түсіріп ап жатыр.

 Айнала тұрған әйелдердің көздерінде жас мөлдірейді. Евдокия өзі де жылап тұр. Самолетпен бірге келген тарамыс арық көзі жыпылықтап жасаурап бір шетке ығыса берді, онан соң өзін-өзі тез жөнге келтіріп анадай жерде әлгіндегі қарсы алушылар әзірлеп тұрған

«Волгаға» қарай тез-тез басып жүріп кетті.

  • Берілген үзіндіні аталған шығарманың фильмдегі нұсқасымен салыстырыңыз. Олардың ұқсастығы мен айырмашылығын сипаттаңыз.
  • С. Мұратбековтің «Телі өскен ұл» шығармасындағы ақпаратты қолдана отырып, шығармадағы кейіпкерлер арасында сұхбат жүргізіңіздер. Сұхбат кезінде сөйлеу этикетінің формаларын қолданыңыздар.
    • Евдокия – Саша
    • Саша – Айташ
    • Қалиша – Евдокия т.б.

 Сөйлеу этикетінің формалары: сәлеметсіз бе; сіз қалай ойлайсыз; ... дегенмен келісесіз бе; мен сіздің... ойыңызбен келісемін; өте жақсы ой айттыңыз; пікіріңізге рахмет; сау болыңыз; кешіріңіз, бірақ сізбен келісе алмаймын; өте құнды пікір айттыңыз; сізге қарсылық танытуға мәжбүрмін; ... деген сөзіңізді түсіндіріп жіберсеңіз.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Көркем шығарманы кино

туындысымен салыстырып, тақырыптың ұқсастығын сипаттайды

1

мәтін мен көркем фильм нұсқасының

ұқсастығын(мазмұны,құрылымы, кейіпкерлері, сипаты) атайды;

мәтін мен көркем фильм нұсқасының

айырмашылықтарын(тілі,сөйлеуі, қимылы) анықтайды;

1

1

Сөйлеуэтикеті

сұхбат мазмұнындағы мәтіннен кем

1

формаларынқолданып,

дегенде 7-8 ақпаратты қолданады;

кәсіби мәтіндер бойынша

сұхбатмазмұнындаамандасуға

1

тыңдаушымендиалогке

байланыстысөйлеуэтикетінің

түседі

формаларын қолданады;

4

сұраққоюғабайланыстысөйлеу

1

этикетінің формаларын қолданады;

ойдықолдауғабайланыстысөйлеу

1

этикетінің формаларын қолданады;

пікірінбілугеқатыстысөйлеу

1

этикетінің формаларын қолданады.

Барлығы:

7

«Толеранттылық ел бірлігі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушы

 Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Көркем шығарманы кино туындысымен салыстырып, тақырыптың ұқсастығын сипаттайды

Мәтінменкөркемфильм нұсқасыныңұқсастығын

(мазмұны,құрылымы, кейіпкерлері, сипаты) және айырмашылықтарын(тілі, сөйлеуі,қимылы)анықтауда қиналады.

Мәтінменкөркемфильм нұсқасыныңұқсастығын

(мазмұны,құрылымы, кейіпкерлері, сипаты) және айырмашылықтарын(тілі, сөйлеуі,қимылы)анықтауда қателеседі.

Мәтінменкөркемфильм нұсқасыныңұқсастығын

(мазмұны,құрылымы, кейіпкерлері, сипаты) және айырмашылықтарын(тілі, сөйлеуі, қимылы) анықтайды.

Сөйлеуэтикеті формаларын қолданып, кәсіби мәтіндер бойынша тыңдаушымен диалогке түседі

Тақырыпқа қатысты сұхбат мазмұнындағы мәтіннен 1-3 ақпаратты, сұрақ қою мен жауап беруде сөйлеу этикетінің 1 формасын ғана қолданады.

Тақырыпқа қатысты сұхбат мазмұнындағы мәтіннен 4-6 ақпаратты қолданады. Сұрақ қою мен жауап беруде сөйлеу этикетінің 2-3 формасын қолданады.

Тақырыпқа қатысты сұхбат мазмұнындағы мәтіннен кем дегенде 7-8 ақпаратты орынды қолданады. Сұрақ қою мен жауап беруде сөйлеу этикетінің 4-5 формасын дұрыс қолданады.

«Ұлт мұраты - ұлттық қауіпсіздік», «Бос уақыт қоғам дамуының көрсеткіші» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқылым Жазылым

Оқу мақсаты

11.3.6.1

11.4.2.1

мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге баға беру, өзіндік көзқарасын жүйелі, дәлелді жеткізу

қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге дәлелді көзқарасын білдіреді
  • Қажетті ақпараттарды қолданып, өз ойын дәлелдеп аргументативті эссе жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтінді оқып, ПОПС формуласы бойынша көзқарасыңызды түсіндіріңіз.

ПОПС формуласы

  • Бірінші сөйлем «Менің ойымша, мәтінде көтерілген мәселе...»
  • Екінші сөйлем «Себебі…»
  • Үшінші сөйлем «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын…»
  • Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім...».

Оқылым мәтіні

 Ата-бабаларымыздан мирас есебінде қалған құндылықтардың бірі – бір ананың баласындай, бірге туып өскен бауырдай болып үлкенге құрмет, кішіге ізет ету. Ақ жаулықты әженің өнегелі өсиеттерімен, ақ сақалды қарияның алақанға сап берген батасымен, тоғыз ай толғатып, өмір сыйлаған аяулы ананың ақ сүтімен, асқар таудай әкенің тәрбиесімен бойға сіңген игі қасиеттер өскелең ұрпақ болашағының жарқын болуына бірден-бір таптырмас кепілдік болар еді. Осы тұста мынадай сұрақ туындайды. Болашақ кімнің қолында?! Ол сіз бен біздің қолымызға көшетін бір мемлекеттің тамыры тереңге кеткен тағдыры деп білемін. Ал тағдырды тағылымды да тарихи етіп жазу тағы да біздерге байланысты. Біздер деген кімдер?! Олар – кеудесінде «қазақ» деп соғатын жұдырықтай жүрегі бар, көкірегінде отанға деген сүйіспеншілік сезімі ұялаған, ұлттық болмысы сақталған қазақ елінің азаматтары мен азаматшалары.

 Ұлттық құндылықтар – ұлт қорғаны. Неліктен?! Себебі «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, ұлт қорғаны болуы үшін де бесікте берілер тәлім- тәрбиенің нәрімен жас сәби сусындап өсуі қажет. Сәби кезде құлағына анасының әуелеген бесік жыры мен кимешек киген әжесінің айтқан ертегілері, аңыз-әңгімелері сіңірілуі тиіс. Ұлттың болмысы рухани құндылықтардың сақталуынан айқындалады. Ал осы тұста

«құндылық дегеніміз не?» деген сауалға жауап іздеп көрелік. Құндылық дегеніміз ата- бабамыздан керуеннің көшімен, аттың дүбірімен жалғасын тауып осы кезге дейін жеткен әдеп-ғұрыптарымыз, салт-дәстүрлеріміз, тәлім-тәрбиеміз, дініміз десе болады.

 2. Көпмәдениеттілік, көпдінділік, көпұлттылық жағдайында ел бірлігін, ел қауіпсіздігін қалай нығайтуға болады? Пікіріңізді растайтын аргументтер мен дәлелдер келтіре отырып, эссе жазыңыз.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтіндегі негізгі ойды

анықтап, көтерілген мәселегедәлелді көзқарасын білдіреді

1

мәтінмазмұнындағынегізгімәселені

анықтайды;

өз пікірін білдіреді;

себебін түсіндіреді;

фактілермен, мысалдармен дәлелдейді;

қорытынды тұжырым жасайды;

1

1

1

1

1

Қажетті ақпараттарды

қолданып,өзойын дәлелдеп аргументативтіэссе жазады

2

кіріспе бөлімде кілт сөзге анықтама береді

(2-3 сөйлем);

негізгібөлімдемәселегеқатысты

ұстанымын білдіреді;

өз ұстанымын дәлелдеу үшін 2-3 аргумент

пен факті ұсынады;

өз пікіріне қарсы контраргумент ұсынады;

өз ұстанымының дұрыстығын дәледейтін

1-2 фактілік дерек ұсынады;

қорытынды бөлімде негізгі сұраққа нақты

жауап береді;

мәселеніңнақты2-3шешужолын

ұсынады.

1

1

1

1

1

1

1

Барлығы

12

«Ұлт мұраты - ұлттық қауіпсіздік», «Бос уақыт қоғам дамуының көрсеткіші» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

 Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге дәлелді көзқарасын білдіреді

Мәтінде көтерілген негізгі мәселені анықтап, ПОПС формуласы бойынша дәлелді түрде өз көзқарасын білдіруде қиналады.

Мәтінде көтерілген негізгі мәселені анықтап, ПОПС формуласы бойынша дәлелді түрде өз көзқарасын білдіруде қателеседі.

Мәтінде көтерілген негізгі мәселені анықтап, ПОПС формуласы бойынша дәлелді түрде өз көзқарасын білдіреді.

Қажетті ақпараттарды қолданып, өз ойын дәлелдеп аргументативті эссе жазады

Қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойыншақұрылымдық бөлімдер мен офографиялық- пунктуациялықнорма талаптарына сай, өз ойын дәлелдеп, аргументативті эссе жазуда қиналады.

Қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша құрылымдық бөлімдер менофографиялық- пунктуациялықнорма талаптарына сай, өз ойын дәлелдеп, аргументативті эссе жазуда қателеседі.

Қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойыншақұрылымдық бөлімдер мен офографиялық- пунктуациялықнорма талаптарына сай, өз ойын дәлелдеп, аргументативті эссе жазады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Джанар
    Джанар 16.10.2024 10:31
    1 + 0 -
    Рақмет, керемет. Жасалынған. Еңбектеріңіз жана берсін