Құқық негіздері_ҚГБ_10 сынып
«Құқық негіздері» пәнінен
жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Нұр-Сұлтан, 2019 жыл
Құрметті мұғалім!
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Құқық негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Құқық негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
МАЗМҰНЫ
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Мемлекет және құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | Құқықтың негізгі белгілері мен функциясы. Азаматтық қоғам түсінігі, оның негізгі элементтері мен институттары. Құқықтық мемлекет түсінігі және оның принциптері |
Оқу мақсаты | 10.1.1.1 Құқық белгілерін қорытындылай отырып, ұғымын түсіндіру 10.1.2.4 Азаматтық қоғамның мәні мен функционалдық маңызы туралы білімін көрсету 10.1.2.1 Құқықтық мемлекет принцптерін айқындау |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану |
Орындау уақыты | 20 минут |
Тапсырма
- Берілген мәтіндегі бос орынды төмендегі цифрлы сөздермен толықтырыңыз.
Құқықтың белгілері жалпы және ерекше болып екі топқа бөлінеді. Құқықтың жалпы белгісіне ең алдымен оның () жатады, яғни құқық белгілі бір тарихи кезеңнің, нақты бір қоғамдық қатынастардың жемісі. Құқықтың ерекше белгілері: нормативтілігі, (), жалпы міндеттілік сипаты, формальды айқындылығы, (), бір тұлғаға ғана бағытталмағандығы, бір әрекетті еместігі, ().
1 | 2 | 3 | 4 |
жүйелілік | әлеуметтік-тарихи табиғат | мемлекетпен байланыстық | рәсімділігі |
- Азаматтық қоғамдағы қарым-қатынастар азаматтық құқықпен реттелетін, саяси мемлекетке тікелей тәуелді емес жеке адамдар, олар құрған ерікті қауымдастықтар және азаматтық қоғамның элементтерінен тұратын институттар (отбасы, мектеп, мешіт, шіркеу, бұқаралық ақпарат құралдары, өндірістік, шығармашылық және басқа да ортақ мүдделерге сүйенген бірлестіктер, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар) құрайды.
Саяси түсіндірме сөздік. Алматы, 2007
Көз алдыңызға елестетіңіз! Сіз азаматтық қоғамның элементтерінен тұратын институттарды өзгертетін кез-келген 3 ереже ойлап тауып, енгізе аласыз. Сіз қандай ережелер енгізер едіңіз?
Ереже №1
Бұл ережені таңдау себебі:
Ереже №2
Бұл ережені таңдау себебі:
Ереже №3
Бұл ережені таңдау себебі:
- Құқықтық мемлекетке тән белгілермен танысып, төменгі бөлігіне мағынасын ашып жазыңыз.
Біріншіден | Екіншіден | Үшіншіден | Төртіншіден | Бесіншіден |
адаммен азаматтың құқықтары мен бостандықтар ыныңкепілдігі мен мызғымастығ ы сақталады. | адаммен азаматтың құқықтары мен бостандықтар, билік пен жеке адамның арақатынасы халықтың егемендігі мұратына негізделеді | мемлекеттік биліктіңзаң шығару, атқару және сотбилігі сияқты тармақтарға бөлінуі | өмірдіңбарлық саласында құқықтың үстем болуы | мемлекетпен жекетұлғаның өзара жауапкершілігі |
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||||
Құқық белгілері ұғымын түсіндіріп, қорытынды жасайды | 1 |
|
| ||||||||||
Азаматтық қоғамның мәні мен функционалдық маңызын көрсетеді | 2 |
|
| ||||||||||
Құқықтықмемлекеттің қағидаттарын анықтайды | 3 |
|
| ||||||||||
Барлығы | 12 |
«Мемлекет және құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийлері |
| ||||
Құқықбелгілеріұғымын түсіндіріп, қорытынды жасайды | Мәтінге 1/2/3/4-тиісті сөзді қоюда қиналады | Мәтінге 1/2/3/4-тиісті сөзді қоюда қателіктер жібереді | Мәтінге 1/2/3/4-тиісті сөзді қояды | ||
Азаматтық қоғамның мәні мен функционалдықмаңызын көрсетеді | Азаматтыққоғамның элементтерінен тұратын институттарға 1/2/3 ереже ұсынып, оның себебін түсіндіруде қиналады | Азаматтыққоғамның элементтерінентұратын институттарға 1/2/3 ереже ұсынып, оның себебін түсіндіруде қателіктер жібереді | Азаматтық қоғамның элементтерінен тұратын институттарға бір ереже ұсынып, оның себебін түсіндіреді | ||
Құқықтықмемлекеттің қағидаттарын анықтайды | Құқықтықмемлекеткетән 1/2/3/4/5-белгілермен танысып,мағынасын түсіндіруде қиналады | Құқықтық мемлекетке тән 1/2/3/4/5-белгілермен танысып, мағынасын түсіндіруде қателіктер жібереді | Құқықтық мемлекетке тән 1/2/3/4/5- белгілермен танысып түсіндіреді |
7
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Жария құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | Экологиялық құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны. Қылмыстық құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғалар. Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған құқықтық және саяси актілер |
Оқу мақсаты | 10.2.3.1 Экологиялық құқықтың құқықтық реттеу ұғымын және нысанын түсіндіру 10.2.4.4 Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ерекшеліктерін құқықтық жағдаят мысалында анықтау 10.2.5.1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалық саяси және құқықтық актілердің негізгі ережелерін түсіндіру |
Бағалау критерийі | Білім алушы
қолдану ерекшеліктерін қарастырады |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану |
Орындау уақыты | 20 минут |
Тапсырма
- Төменде берілген түсініктермен танысып, анықтамасымен сәйкестендіріңіз.
Түсінік | Анықтама | ||
1 | Қоршағантабиғи ортаны қорғау | А) Ол қоршаған ортаны корғау, экологиялық зияндардың зардаптарын алдын ала ескерту, адамды қоршаған табиғи ортаны сауықтыру және сапасын арттыру жолында адам мен табиғаттың өзара қоғамдық (экологиялық) қатынасын ретгейді | |
2 | Экологиялық құқық | В) табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен толықытруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі | |
3 | Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану | С) Қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері | |
4 | Биологиялық ресурстар | Е) генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөлiктерi, популяциялар немесе экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе |
құндылығыбаркезкелгенбасқадабиотикалық компоненттерi | |||
5 | Генетикалық түрлендiрiлген организмдер | D) тұқым қуалайтын генетикалық материалдың өсiмiн молайтуға немесе оларды беруге қабiлеттi, табиғи организмдерден ерекшеленетін, гендiк инженерия әдiстерi қолданыла отырып алынған және құрамында гендiк-инженерлiк материал (гендер, олардың фрагменттерi немесе гендер комбинациясы) бар организмдер |
- Берілген құқықтық жағдаятпен танысып, кәмелетке толмаған баланы қылмыстық жауапкершілікке тартудың ерекшеліктерін жазып көрсетіңіз.
1-жағдаят
Кәмелет жасқа толмаған азаматтар М. және Г. 25 қаңтар 2013 жылы сағат 16.30-шамасында Станкеевич көшесінде орналасқан «Алматы-1» сауда орталығының қасында кәмелет жасына толмаған Ш-ның өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, ашық түрде оның ақшалай қаражатын иемденген, аталған іс-әрекеттерімен соңғының заңды өкіліне 6000 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірген.
Кәмелет жасқа толмағандар жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, ашық түрде оның ақшалай қаражатын иемдену Қылмыстық кодекстің қай бабына сәйкес:
А) 191-бап. Тонау
В) 192-бап. Қарақшылық С) 193-бап. Қорқытып алу
Жағдаятқа сәйкес кәмелетке толмаған М. және Г. Қылмыстық кодекске сәйкес қандай жаза тағайындалады?
Сот тарапынан тағайындалатын жазаны ауырлатуға немесе жеңілдетуге бола ма? Болса/болмаса қандай негіздер бойынша?
- Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты жағдаятпен танысып, қолданылатын жазаны жазып көрсетіңіз.
«Б» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Қ.Б. «О. Г. ЛТД» ЖШС және «Ш» ЖШС араларында Қ. облысында шыны зауытының құрылысын жүргізуге шарт жасау үшін 2 млн. АҚШ доллары мөлшерінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Одан басқа, сотта, ол бір топ адаммен жоғарыда көрсетілген зауыт құрылысы кезінде 1 154 890 185 теңге аса ірі сомасында ақшалай қаражатты жұмсауын ұйымдастырғаны анық дәлелденген.
Сондай-ақ Қ.Б. бір топ адаммен алдын ала сөз байласу бойынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде бірнеше рет аса ірі мөлшерде жалпы сомасы 345,5 млн. теңге болатын пара алып отырған.
Сот қандай үкім шығаруы тиіс?
ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес қандай жаза тағайындалуы тиіс?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңның қандай нормаларын бұзды?
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||||
Экологиялық құқық ұғымы мен реттеу нысаны анықтайды | 1 |
|
| ||||||||||
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілікке тартудың ерекшеліктерін құқықтық жағдаят арқылы қарастырады | 2 |
|
| ||||||||||
Сыбайлас жемқорлыққақарсы күрескеқатысты мемлекеттік бағдарламалармен нормативтік құқықтық актілерментанысып құқықтықжағдаятта қолдану ерекшеліктерін қарастырады | 3 |
|
| ||||||||||
Барлығы | 11 |
«Жария құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийлері |
| ||||
Экологиялық құқық ұғымы мен реттеу нысаны анықтайды | Қоршаған табиғи ортаны қорғау, экологиялық құқық, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, биологиялықресурстар, генетикалықтүрлендiрiлген организмдерұғымдарын анықтамасымен сәйкестендіруде қиналады | Қоршаған табиғи ортаны қорғау, экологиялық құқық, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, биологиялықресурстар, генетикалықтүрлендiрiлген организмдерұғымдарын анықтамасымен сәйкестендіруде қателіктер жібереді | Қоршаған табиғи ортаны қорғау, экологиялық құқық, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану,биологиялық ресурстар,генетикалық түрлендiрiлген организмдер ұғымдарын анықтамасымен сәйкестендіреді | ||
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершіліккетартудың ерекшеліктерінқұқықтық жағдаятарқылы қарастырады | Кәмелеткетолмағандардың қылмыстық жауапкершілікке тартудың ерекешеліктерін құқықтық жағдаят арқылы қарастыруда қиналады | Кәмелеткетолмағандардың қылмыстықжауапкершілікке тартудыңерекешеліктерін құқықтық жағдаят арқылы қарастыруда қателіктер жібереді | Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілікке тартудыңерекшеліктерін құқықтық жағдаят арқылы қарастырып талдайды | ||
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты мемлекеттік бағдарламалар мен нормативтік құқықтық актілерментанысып құқықтықжағдаятта қолдану ерекшеліктерін қарастырады | Жағдаятқа сәйкес соттың шығаратын үкімін жазып, ҚР Кылмыстық кодексіне сүйене отырып тағайындалатын жаза түрін көрсетуде, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңға сүйене отырып, бұзылған нормаларға сілтеме жасауда қиналады | Жағдаятқа сәйкес соттың шығаратын үкімін жазып, ҚР Кылмыстық кодексіне сүйене отырып тағайындалатын жаза түрін көрсетуде,ҚРсыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңға сүйене отырып, бұзылған нормаларға сілтеме жасауда қателіктер жібереді | Жағдаятқа сәйкес соттың шығаратын үкімін жазып, ҚР Кылмыстық кодексіне сүйене отырып тағайындалатын жаза түрін көрсетеді, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңға сүйене отырып, бұзылған нормаларға сілтеме жасайды |
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Жеке құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | Азаматтыққұқықтыңпринциптеріменсубъектілері Қазақстан Республикасында тұтынушылар құқықтарының заңды түрде бекітілуі |
Оқу мақсаты | 10.3.1.2 Азаматтық құқық принцптерін нақты мысалдар арқылы түсіндіру 10.3.2.2Заңтерминдерінпайдаланаотырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жолдарын нақты жағдаяттық мысалдармен (казустармен) түсіндіру |
Бағалау критерийі | Білім алушы
шешу жолдарын көрсетеді |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану |
Орындау уақыты | 20 минут |
Тапсырма
- Жағдаятпен танысып, азаматтық құқықтың қағидаттарының бұзылған/бұзылмағанын анықтап, міндеттемелердің орындалу тәсілдерінің барлық тараптарға тиімді жолдарына талдау жасаңыз.
Б. есімді азамат екінші деңгейлі банктен алған тұтынушылық несиесін уақытылы 2 жыл бойы төлеп келеді. Алайда жұмыс орнының қысқаруына байланысты ол жұмыстан шығып қалады. Несие төлеу қабілетінен айырылған азамат Б. оны төлеуден жалтарады. Екінші деңгейлі банк кепіл ретінде тұрған тұрғын үйін міндеттеме бойынша өтеуді талап етеді. 1 жыл өткен соң екінші деңгейлі банк қарызды өтеу үшін коллекторлық агенттікке жүгінеді. Коллекторлық агенттік Б. азаматты тауып, онымен қосымша келісім шарт жасаcып борышқордың жылжымайтын мүлкін алып қалатынын мәлімдеді. Азамат Б. жылжымайтын мүлкін беруден бас тартады.
Сұрақ 1. Азамат Б. азаматтық құқық қағидаттарын бұзды ма? Бұзса қандай?
Сұрақ 2. Коллекторлық агенттік азаматтық құқық қағидаттарын бұзды ма? Бұзса қандай? Жауабыңызды ашып жазыңыз.
Сұрақ 3. Міндеттемелерді орындау тәсілдерінің қандай жолы(тәсілі) тараптарға тиімді болады? Кемінде 3 жолын көрсетіңіз.
- Жағдаятпен танысып, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жолдарын анықтаңыз.
Азамат Д. электроника техникасын сататын дүкеніне өзінің жеке мақсатына пайдалану үшін ноутбук сатып алуға барады. Дүкеннің кеңес беруші менеджері (сатушы) оған қазір жеңілдіктер жүріп жатқандығын және арзандатылған бағамен «А» маркалы ноутбук сатып ала алтындығын хабарлады. Азамат Д. зауыт кепілдік мерзімін 1 жылға беретінін ал электроника
дүкені қосымша ақыға 2 және 3 жылға кепілдік мерзімін ұзартуға болатындығын білді. Жеңілдетілген баға бойынша сатып алған азамат Д. кепіл шартына және дүкеннің қосымша кепіл шартына қол қояды. Арада бір жыл өткен соң азамат Д. сатып алған ноутбукты өзі қызмет ететін жұмысқа апарып пайдаланады. Қызмет барысында ноутбук арқылы түрлі бағдарламаларды кезекті сынақтан өткізу барысында ноутбук істен шығады. Тұтынушы ретінде электроника дүкенінен барып, тегін жөндеп беруді талап етеді. Алайда дүкендегі компьютер жөндеушілер оны жөндеуден бас тартады.
- Неліктенэлектроникадүкеніноутбуктыжөндеуденбас тартты?
- Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңының қандай нормасы/ бабы бұзылды?
- Тұтынушылардың құқығын қорғайтын одаққа мұндай жағдайда жүгінуге бола ма?
- Азамат Д.-ның ноутбукты жұмыс мақсатында пайдалану заңды ма? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||
Азаматтыққұқық | АзаматтыққұқыққағидаттарыныңБ. | ||||||
қағидаттарын түсініп | азаматтарапынанбұзылғаннемесе | 1 | |||||
нақтымысалдар | бұзылмағандығын жазады; | ||||||
арқылы анықтайды | дәлел келтіреді; | 1 | |||||
коллекторлықагенттіктарапынан | |||||||
азаматтыққұқыққағидаттарының | 1 | ||||||
бұзылған/бұзылмағанын жазып көрсетеді; | |||||||
дәлел келтіреді; | 1 | ||||||
міндеттемелердіқамтамасызетудің | |||||||
тиімді тәсілдерін анықтап, тараптар үшін | |||||||
тиімді біршешу жолын қарастыруға | 1 | ||||||
болатындығынжазады(мыс.несие | |||||||
бойынша міндеттемені бөліп төлеу); | |||||||
1 | міндеттемелердіқамтамасызетудің тиімді тәсілдерін анықтап, тараптар үшін | ||||||
тиімді біршешу жолын қарастыруға | |||||||
болатындығынжазады(мыс. | 1 | ||||||
жылжымайтынмүліктісатып,несие | |||||||
бойынша міндеттемені жапқаннан кейін | |||||||
артық қалған ақша көлемін қалдыру); | |||||||
міндеттемелердіқамтамасызетудің | |||||||
тиімді тәсілдерін анықтап, тараптар үшін | |||||||
тиімді біршешу жолын қарастыруға | |||||||
болатындығынжазады(мыс:несие борышы бойынша міндеттемені жұмысқа | 1 | ||||||
орналасқаннанкейіннемесетөлем | |||||||
қабілетітуындағануақыттанбастап | |||||||
төлеу); | |||||||
Заңтерминдерін | қолданыстағы заңнамаға сүйене отырып | ||||||
пайдаланып | электроника дүкенінің бас тарту себебінің | 1 | |||||
тұтынушылардың | заңды немесе заңсыз екендігін жазады; | ||||||
|
| 1 | |||||
байланысты | аталған жағдаятта Тұтынушылар одағына | ||||||
жағдаяттардың шешу жолдарын көрсетеді | 2 | жүгінугеболатындығыннемесе болмайтындығын нақты дәлел арқылы | 1 | ||||
көрсетеді; | |||||||
Азамат Д. жұмыс мақсатында ноутбукты | |||||||
пайдалану заңды немесе заңсыз екендігін | |||||||
шарттарғажәнеқолданыстағы | 1 | ||||||
тұтынушылар құқығын қорғау заңына | |||||||
сүйене отырып дәлелдейді. | |||||||
Барлығы | 11 |
«Жеке құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийлері |
| ||||
Азаматтық құқық қағидаттарын түсініп нақтымысалдар арқылы анықтайды | Азамат Б./ Коллекторлық агенттіктің азаматтық құқық қағидаттарын бұзған/бұзбағандығынадәлел келтіріп, міндеттемелерді орындау тәсілдерінің жолы(тәсілі) тараптарға тиімді болғандығының 3 жолын көрсетуде қиналады | Азамат Б./ Коллекторлық агенттіктің азаматтық құқық қағидаттарын бұзған/бұзбағандығынадәлел келтіріп, міндеттемелерді орындау тәсілдерінің жолы(тәсілі) тараптарға тиімді болғандығының 3 жолын көрсетуде қателіктер жібереді | Азамат Б./ Коллекторлық агенттіктің азаматтық құқық қағидаттарын бұзған/бұзбағандығына дәлел келтіріп,міндеттемелерді орындаутәсілдерінің жолы(тәсілі) тараптарға тиімді болғандығының 3 жолын көрсетеді | ||
Заңтерминдерін пайдаланып тұтынушылардың құқықтарын қорғауына байланысты жағдаяттардыңшешу жолдарын көрсетеді | Қолданыстағы заңнамаға сүйене отырып электроника дүкенінің бас тарту себебінің заңды немесе заңсыз екендігін жазып, ҚР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау» заңына сілтеме жасауда, тұтынушылар одағына жүгінуге болатындығын немесе болмайтындығын нақты дәлел арқылы көрсетуде, Азамат Д. жұмыс мақсатында ноутбукты пайдалану заңды немесе заңсыз екендігін шарттарға және қолданыстағы тұтынушылар құқығын қорғау заңына сүйене отырып дәлелдеуде қиналады | Қолданыстағы заңнамаға сүйене отырып электроника дүкенінің бас тарту себебінің заңды немесе заңсыз екендігін жазып, ҚР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау» заңына сілтеме жасауда, тұтынушылар одағына жүгінуге болатындығын немесе болмайтындығын нақты дәлел арқылы көрсетуде, Азамат Д. жұмыс мақсатында ноутбукты пайдалану заңды немесе заңсыз екендігін шарттарға және қолданыстағы тұтынушылар құқығын қорғау заңына сүйене отырып дәлелдеуде кателіктер жібереді | Қолданыстағы заңнамаға сүйене отырып электроника дүкенінің бас тарту себебінің заңды немесе заңсыз екендігін жазып, ҚР «Тұтынушыларқұқықтарын қорғау» заңына сілтеме жасайды, тұтынушылар одағына жүгінуге болатындығыннемесе болмайтындығын нақты дәлел арқылы көрсетеді, Азамат Д. жұмыс мақсатында ноутбукты пайдалану заңды немесе заңсыз екендігін шарттарға және қолданыстағы тұтынушылар құқығын қорғау заңына сүйене отырып дәлелдейді |
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Іс-жүргізу құқығының негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | Қылмыстықпроцестіңміндеттеріменпринциптері Азаматтық процестің субъектілері Әкімшілік процесс түсінігі, міндеттері мен принциптері |
Оқу мақсаты | 10.4.1.1 Қылмыстық процестің негізгі міндеттері мен қағидаттарын түсіндіру 10.4.2.2Азаматтықпроцестіңнегізгіміндеттерімен принцптерін талдау 10.4.3.2 Әкімшілік процесті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін анықтау |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары |
Орындау уақыты | 20 минут |
Тапсырма
- Төмендегікестедеберілгентүсініктердіқылмыстықпроцестіңміндеттерімен қағидаттарына сәйкестендіріп жазыңыз. Әр бағанға кем дегенде екі жауап жазыңыз.
Қылмыстық процесс міндеттері | Қылмыстық процесс қағидаттары |
Судьялардың тәуелсіздігі. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу. Зандылық. Бейтараптықпен, тез және толық ашу. Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау. Тергеп-тексеру, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту. Әдiл сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану. Қылмыстық іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Адамдарды, қоғамды және мемлекетті қылмыстық құқық бұзушылықтардан қорғау. Меншікке қол сұқпаушылық. Кінәсіздік презумпциясы. Жариялылық |
- Берілген ақпаратпен/мәтінмен танысып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік кодексі (үзінді) 5-тарау. ІСКЕ ҚАТЫСАТЫН АДАМДАР
- бап. Іске қатысатын адамдардың құрамы
- Тараптар; үшінші тұлғалар; прокурор; мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар немесе осы Кодекстің 55 және 56-баптарында көзделген негіздер бойынша процеске кіретін азаматтар; осы Кодекстің 302-бабында санамаланған сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша мәлімдеушілер мен өзге де мүдделі адамдар іске қатысатын адамдар деп танылады.
- бап. Азаматтық процестік әрекетке қабілеттілігі
- Сотта өздерінің әрекеттерімен өз бетінше өз құқықтарын жүзеге асыру және міндеттерін орындау қабілеттілігі (азаматтық процестік әрекет қабілеттілігі) он сегіз жасқа толған азаматтарға, заңды тұлғаларға толық көлемде тиесілі болады.
- Он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды. Сот осындай істерге қатысуға кәмелетке толмағандардың өздерін немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтарды тартуға міндетті. Кәмелетке толмағандардың немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша сот іске қатысуға прокурорды тарта алады.
- Он төрт жасқа толмаған кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың заңды өкілдері, прокурор қорғайды.
- Заңда көзделген жағдайларда, он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың азаматтық, отбасылық, еңбек, кооперативтік және өзге де құқықтық қатынастардан және алған жалақысына немесе кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстарына иелік етуге байланысты мәмілелерден туындайтын істер бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін сотта жеке өзі қорғауға құқығы бар.
А. Азаматтық-процестік кодекске сәйкес іске қатысуға құқығы бар тұлғаларды атап себебін көрсетіңіз.
1. |
2. |
3. |
Себебі: |
В. Кәмелет жасқа толмағандар мен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың азаматтық процеске қатысу ерекшеліктері қандай?
1. |
2. |
3. |
3.Әкімшілік процесті жүзеге асыру барысында негіз ретінде қарастырылатын нормативтік- құқықтық актілерді жазыңыз.
А.
В.
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||||||||
Қылмыстық процестің негізгі міндеттері мен қағидаттарын анықтайды | 1 |
|
| ||||||||||||||
Азаматтық процеске қатысатын субъектілерді ажыратады | 2 |
|
| ||||||||||||||
Әкімшілік процесті жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік- құқықтық актілерге сілтеме жасайды | 3 |
|
| ||||||||||||||
Барлығы | 13 |
«Іс-жүргізу құқығының негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийлері |
| ||||
Қылмыстықпроцестің негізгі міндеттері мен қағидаттарын анықтайды | Қылмыстық процестің 1/2- міндеттін/қағидатын берілген мәтіннен теріп алып кестені толтыруда қиналады | Қылмыстық процестің 1/2- міндеттін/қағидатын берілген мәтіннен теріп алып кестені толтыруда қателіктер жібереді | Қылмыстық процестің 1/2- міндеттін/қағидатын берілген мәтіннен теріп алып кестені толтырады | ||
Азаматтықпроцеске қатысатын субъектілерді ажыратады | Азаматтық-процестік кодекске сәйкес іске қатысуға құқығы бар 1/2/3/ тұлғаларды атап себебін көрсетуде, кәмелет жасқа толмағандар мен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардыңазаматтық процеске қатысу ерекшеліктерін түсіндіруде қиналады | Азаматтық-процестік кодекске сәйкес іске қатысуға құқығы бар 1/2/3/ тұлғаларды атап себебін көрсетуде, кәмелет жасқа толмағандар мен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардыңазаматтық процеске қатысу ерекшеліктерін түсіндіруде қателіктер жібереді | Азаматтық-процестік кодекске сәйкес іске қатысуға құқығы бар 1/2/3/ тұлғаларды атап себебін көрсетеді, кәмелет жасқа толмағандар мен әрекетке қабілетсіздептанылған азаматтардың азаматтық процеске қатысу ерекшеліктерін түсіндіреді | ||
Әкімшілік процесті жүзеге асыруүшінқажетті нормативтік-құқықтық актілерге сілтеме жасайды | Әкімшілік процесті жүзеге асыру барысында негізге алынатын 1/2 нормативтік- құқықтық актілерге сілтеме жасауда қиындық туындайды | Әкімшілік процесті жүзеге асыру барысында негізге алынатын 1/2 нормативтік-құқықтық актілерге сілтеме жасауда қателіктер жібереді | Әкімшілік процесті жүзеге асыру барысында негізге алынатын нормативтік-құқықтық актілерге сілтеме жасайды |
«Халықаралық құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше | Халықаралық жария құқығы |
Тақырып | Халықаралық жария құқығы түсінігі |
Оқу мақсаты | 10.5.1.1 Халықаралық жария құқық ұғымын түсіндіру және оның реттейтін қоғамдық қатынастар саласын анықтау |
Бағалау критерийі | Білім алушы
сипаттама жасайды |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану |
Орындау уақыты | 20 минут |
Тапсырма
- Төменде берілген мәтінмен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Халықаралық жария құқық – бұл мемлекеттер мен оның бірлестіктері (халықаралық ұйымдардың) арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени саласындағы қарым- қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
- Халықаралық жария құқығы қандай қарым-қатынастарды реттейді?
- Меншік құқығына байланысты реттеу ерекшеліктері қандай?
- Халықаралық ұйымдардың атқаратын қызметі қандай?
- Жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді ме?
- Халықаралық жария құқықтың экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени саладағы қарым-қатынастарды реттеу ерекшеліктері қандай?
- Халықаралық ұйымдарды кестеге толтырып, реттейтін қоғамдық қатынастар түрлері, институттар мен салаларын жазып, толтырыңыз.
Халықаралықұйымдар атауы | Салалар мен институттар | Реттейтінқоғамдық қатынастары |
Дипломатиялық құқық | ||
Халықаралық әуе құқығы | ||
Халықаралықгуманитарлық құқық | ||
Халықаралық теңіз құқығы |
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||
Халықаралықжария | халықаралық жария құқығы қандай | ||||||
құқықұғымытуралы | қарым-қатынастардыреттейтіндігін | 1 | |||||
түсінігін көрсетіп оның | жазады; | ||||||
|
| 1 | |||||
сипаттама жасайды | халықаралық ұйымдардың атқаратын | 1 | |||||
1 | қызметі айырмашылығын жазады; | ||||||
| 1 | ||||||
халықаралықжарияқұқықтың | |||||||
экономикалық, әлеуметтік, саяси және | |||||||
мәдени саладағы қарым-қатынастарды | 1 | ||||||
реттеуерекшеліктеріндегі | |||||||
айырмашылығын жазады; | |||||||
халықаралық жария құқығына қатысты | |||||||
салаларменинституттарғасүйене | |||||||
отырып 1-халықаралық ұйыммен оның | 1 | ||||||
реттейтінқоғамдыққатынастарын | |||||||
жазады; | |||||||
халықаралық жария құқығына қатысты | |||||||
салаларменинституттарғасүйене | |||||||
отырып 2-халықаралық ұйыммен оның | 1 | ||||||
реттейтінқоғамдыққатынастарын | |||||||
2 |
| ||||||
салаларменинституттарғасүйене | |||||||
отырып 3-халықаралық ұйыммен оның | 1 | ||||||
реттейтінқоғамдыққатынастарын | |||||||
жазады; | |||||||
халықаралық жария құқығына қатысты | |||||||
салаларменинституттарғасүйене | |||||||
отырып 4-халықаралық ұйыммен оның | 1 | ||||||
реттейтінқоғамдыққатынастарын | |||||||
жазады. | |||||||
Барлығы | 9 |
«Халықаралық құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийлері |
| ||||
Халықаралық жария құқық ұғымы туралы түсінігінкөрсетіп оныңреттейтін қоғамдық қатынастарына сипаттама жасайды | Халықаралық жария құқығы реттейтінқарым-қатынастарды, меншік құқығына байланысты реттеу ерекшеліктерін,халықаралық ұйымдардың атқаратын қызметі айырмашылығын, жеке мүліктік емес қатынастардыреттеудегі айырмашылығын,халықаралық жария құқықтың экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени саладағы қарым-қатынастарды реттеу ерекшеліктеріндегі айырмашылығын жазуда қиналады | Халықаралық жария құқығы реттейтін қарым-қатынастарды, меншік құқығына байланысты реттеу ерекшеліктерін, халықаралық ұйымдардың атқаратын қызметі айырмашылығын, жеке мүліктік емес қатынастарды реттеудегі айырмашылығын, халықаралық жария құқықтың экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени саладағықарым-қатынастарды реттеуерекшеліктеріндегі айырмашылығын жазуда қателіктер жібереді | Халықаралық жария құқығы реттейтін қарым-қатынастарды, меншік құқығына байланысты реттеу ерекшеліктерін,халықаралық ұйымдардың атқаратын қызметі айырмашылығын, жеке мүліктік емес қатынастардыреттеудегі айырмашылығын, халықаралық жария құқықтың экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени саладағы қарым- қатынастардыреттеу ерекшеліктеріндегі айырмашылығын жазады | ||
Халықаралық жария құқығына қатысты салалар мен институттарға сүйене отырып халықаралық ұйымдар атауы мен олардың реттейтін қоғамдық қатынастарын жазуда қиналады | Халықаралық жария құқығына қатысты салалар мен институттарға сүйене отырып 1/2/3/4 халықаралық ұйымдардың атауы мен олардың реттейтін қоғамдық қатынастарын толтыруда қателіктер жібереді | Халықаралық жария құқығына қатысты салалар мен институттарға сүйене отырып халықаралық ұйымдар атауы мен олардың реттейтін қоғамдық қатынастарын толық жазып кестені толтырады |
22
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?