Қазақстан тарихы_9 сынып


«Қазақстан тарихы» пәнінен

жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

9-сынып

Нұр-Сұлтан қаласы, 2021 жыл

Құрметті мұғалім!

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жылдар)» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырыптар

Соғыстан кейінгі Қазақ КСР-нің әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Қазақстандағы әскери-өнеркәсіп кешені.

Оқу мақсаты

9.4.1.1 Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру

9.3.2.1 XX ғасырдың екінші жартысындағы әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын талдау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға береді
  • әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарына талдау жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

1. Соғыстан кейінгі жылдардағы ауыл шаруашылығының жағдайын талдаңыз.

  • Берілген сурет бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

Ә.Хайдаровтың картинасы қандай тарихи оқиға туралы ақпарат беретіндігін жазыңыз.

Тарихи оқиғаның орын алу себептерін жазыңыз.

Тарихи оқиға барысынан мысалдар келтіріңіз.

Тарихи оқиғаның салдарын жазыңыз.

Тарихи оқиғаны салдарын тоқтату туралы шешім қашан қабылданғандығын жазыңыз.

3. Берілген сурет бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

Сурет қандай тарихи оқиғадан хабар беретіндігін анықтаңыз.

Тарихи оқиғаның орын алған уақытын жазыңыз.

Оқиғаның жағымды нәтижелерін жазыңыз.

Оқиғаның жағымсыз салдарларын жазыңыз.

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға береді

1

Ауыл шаруашылығының дамуындағы жағымды тұстарды жазады;

Ауыл шаруашылығының дамуындағы жағымсыз тұстарды жазады;

Мал шаруашылығының дамуындағы жағымды тұстарды жазады;

Мал шаруашылығының дамуындағы жағымсыз тұстарды жазады;

1

1

1

1

Әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарына талдау жасайды

2

Тарихи оқиғаны анықтайды;

Тарихи оқиғаның орын алу себептерін жазады;

Тарихи оқиға барысынан мысалдар келтіреді;

Тарихи оқиғаның салдарын жазады;

Тарихи оқиғаны салдарын тоқтату туралы шешім қашан қабылданғандығын жазады

1

1

1

1

1

3

Тарихи оқиғаны анықтайды;

Тарихи оқиғаның орын алған уақытын жазады;

Жағымды нәтижелерін жазады;

Жағымсыз салдарын жазады.

1

1

1

1

Жалпы балл 13

«Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жылдар)» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _____________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға береді

Ауыл шаруашылығының/ мал шаруашылығының дамуындағы жағымды/жағымсыз тұстарды жазуда қиналады

Ауыл шаруашылығының/ мал шаруашылығының дамуындағы жағымды/жағымсыз тұстарды жазуда қателеседі

Ауыл шаруашылығының/ мал шаруашылығының дамуындағы жағымды/жағымсыз тұстарды жазады

Әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарына талдау жасайды

1/2 тарихи оқиғаны анықтап, оқиғаның орын алу себептерін жазуда, оқиға барысынан мысалдар келтіруде, салдарын жазуда қиналады

1/2 тарихи оқиғаны анықтап, оқиғаның орын алу себептерін жазуда, оқиға барысынан мысалдар келтіруде, салдарын жазуда қателіктер жібереді

Әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарына талдау жасайды

«Қазақстан «жылымық» кезеңінде (1954-1964 жылдар) » бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырыптар

«Жылымық» кезеңіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы.

Қазақ КСР экономикасының шикізатқа бағытталуы.

Оқу мақсаты

9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау

9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіреді және өзіндік интерпретация жасайды
  • қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіреді және өзіндік интерпретация жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапырма

1. «Жылымық» кезеңіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуын салалар бойынша сипаттаңыз.

2. Берілген деректерді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Өзбекстан мен Қазақстан жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде тұйық көл орналасқан. Ол 1960-1970 жылдары дүниежүзілік теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатса, 1998 жылы 18 метрге төмендеген. Соның салдарынан теңіз екі суайрыққа бөлініп қалды. Бұл Қазақстанға ғана емес, бүкіл жер шары тұрғындарының денсаулығына төнген зор қауіп.

Деректе қандай апат жайлы жазылғандығын анықтаңыз.

Осындай апатқа әкелеген жағдайларды сипаттаңыз.

Болашақта осындай апаттар орын алмау үшін қандай ұсыныстар жасар едіңіз?

3. «Қазақстанның табиғи ресурстарын игеруде ұлттық мүдде ескерілді» деген тұжырымға қатысты өз пікіріңізді ПТМС формуласы негізінде жазыңыз.

П (Позиция)

Т (Түсіндіру)

М (Мысалы)

С (Салдары)

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіреді және өзіндік интерпретация жасайды

1

«Жылымық» кезеңіндегі экономиканың дамуын сипаттайды;

«Жылымық» кезеңіндегі қоғамдық сананың дамуын сипаттайды;

«Жылымық» кезеңіндегі прогресшіл бастамалардың дамуын сипаттайды;

1

1

1

Қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіреді және өзіндік интерпретация жасайды

2

Деректе сипатталған оқиғаны анықтайды;

Апатқа әкелген жағдайларды атайды;

Өз ұсынысын жазады;

1

1

1

3

Өз позициясын ұсынады;

Өз позициясын түсіндіреді;

Мысал келтіреді;

Салдарын жазады.

1

1

1

Жалпы балл 10

«Қазақстан «жылымық» кезеңінде (1954-1964 жылдар)» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _____________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіреді және өзіндік интерпретация жасайды

«Жылымық» кезеңіндегі экономиканың/қоғамдық сананың/прогресшіл бастамалардың дамуын сипаттауда қиналады

«Жылымық» кезеңіндегі экономиканың/қоғамдық сананың/прогресшіл бастамалардың дамуын сипаттауда қателеседі

«Жылымық» кезеңіндегі экономиканың/қоғамдық сананың/прогресшіл бастамалардың дамуын сипаттайды

Қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіреді және өзіндік интерпретация жасайды

Деректе сипатталған оқиғаны анықтауда, апатқа әкелген жағдайларды атауда, өз ұсынысын жазуда, тақырыпқа қатысты позициясын таңдауда/түсіндіруде/мысал келтіруде/ салдарын жазуда қиналады

Деректе сипатталған оқиғаны анықтауда, апатқа әкелген жағдайларды атауда, өз ұсынысын жазуда, тақырыпқа қатысты позициясын таңдауда/түсіндіруде/мысал келтіруде/ салдарын жазуда қателеседі

Қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіреді және өзіндік интерпретация жасайды

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Қазақстан «тоқырау» кезеңінде (1965-1985 жылдар)» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырыптар

XX ғ. 60-80 жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуындағы қарама-қайшылықтар.

«Тоқырау» жылдарындағы демографиялық процестер.

Оқу мақсаты

9.3.1.4 әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып, талдау

9.1.1.2 өткен тарихи кезеңдермен сабақтастықты орнату арқылы қазіргі кезеңдегі демографиялық процестерге баға беру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып, талдау жасайды
  • өткен тарихи кезеңдермен сабақтастықты орнату арқылы қазіргі кезеңдегі демографиялық процестерге баға береді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

1. Берілген дерек негізінде сұрақтарға жауап беріңіз.

Берілген кітаптың авторын атаңыз.

Аталған кітаптың негізгі мазмұнын қысқаша сипаттаңыз.

Кітаптың таралуына тыйым салынған жағдайды жазыңыз.

2. Берілген дерек негізінде сұрақтарға жауап беріңіз.

Еділ бойындағы неміс автономиясы таратылғаннан кейін оның мыңдаған азаматтары Қазақстан жеріне көшірілді. КОКП ХХ съезінен кейін ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында таратылған көптеген автономиялы республикалар қалпына келтірілгенімен Еділ бойынан көшірілген немістер жөніндегі шешім қайта қаралмай қалды. Осыған байланысты жер аударылған немістер арасында тарихи отандары — ГФР-ға көшу мәселесі жиі көтеріле бастады.

Ғаламтор материалынан бейімделіп алынған мәтін

Бұл процесті тоқтату үшін кеңес өкіметі қандай шешім шығарғандығын жазыңыз.

Бұл оқиға қашан орын алғандығын жазыңыз.

Саяси шешімге қарсы тұрған жастардың мақсатын жазыңыз.

Оқиғаның нәтижесі қандай болғандығын жазыңыз.

3. Қазақстандағы урбандалу процесіне қандай факторлар әсер еткендігін атап, дәлелдеңіз.

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып, талдау жасайды

1

Кітаптың авторын атайды;

Кітаптың мазмұнына сипаттама жасайды;

Кітаптың таралуына тыйым салынған жағдайды жазады;

1

1

1

өткен тарихи кезеңдермен сабақтастықты орнату арқылы қазіргі кезеңдегі демографиялық процестерге баға береді

2

Кеңес үкіметінің шешімін жазады;

Оқиғаның болған уақытын жазады;

Саяси шешімге қарсы тұрған жастардың мақсатын жазады;

Оқиғаның нәтижесін жазады;

1

1

1

1

3

Урбандалуға әсер еткен 1-факторды жазады;

Урбандалуға әсер еткен 2-факторды жазады;

Урбандалуға әсер еткен 3-факторды жазады.

1

1

1

Жалпы балл 10

«Қазақстан «тоқырау» кезеңінде (1965-1985 жылдар)» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _____________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып, талдау жасайды

Кітаптың авторын атауда, мазмұнына сипаттама жасауда,

кітаптың таралуына тыйым салынған жағдайды жазуда қиналады

Кітаптың авторын атауда, мазмұнына сипаттама жасауда,

кітаптың таралуына тыйым салынған жағдайды жазуда қателеседі

Кітаптың авторын атауда, мазмұнына сипаттама жасауда,

кітаптың таралуына тыйым салынған жағдайды жазады

өткен тарихи кезеңдермен сабақтастықты орнату арқылы қазіргі кезеңдегі демографиялық процестерге баға береді

Кеңес үкіметінің шешімін жазуда, оқиғаның болған уақытын жазуда, саяси шешімге қарсы тұрған жастардың мақсатын жазуда оқиғаның нәтижесін жазуда, урбандалуға әсер еткен 1/2/3-факторды жазуда қиналады

Кеңес үкіметінің шешімін жазуда, оқиғаның болған уақытын жазуда, саяси шешімге қарсы тұрған жастардың мақсатын жазуда оқиғаның нәтижесін жазуда, урбандалуға әсер еткен 1/2/3-факторды жазуда қателеседі

Кеңес үкіметінің шешімін жазады, оқиғаның болған уақытын жазады, саяси шешімге қарсы тұрған жастардың мақсатын жазады оқиғаның нәтижесін жазады, урбандалуға әсер еткен 1/2/3-факторды жазады

«Кеңестік Қазақстанның мәдениеті (1946-1985 жылдар)» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырыптар

XX ғасырдың екінші жартысындағы білім беру жүйесінің дамуы.

XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы әдебиет пен өнердің дамуы.

Оқу мақсаты

9.2.3.2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру

9.2.2.2 Мұхтар Әуезов шығармаларының әлем әдебиетіндегі орнын бағалау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға береді
  • Мұхтар Әуезов шығармаларының әлем әдебиетіндегі орнын бағалайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

1. Кеңестік білім беру мен ғылым саласындағы реформаларға баға беріңіз.

2. XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы әдебиет пен өнердің дамуына мысалдар келтіріңіз.

  • Берілген пікірлерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Австрияның «Вег унд циль» журналы «....» романын қазақ халқының тарихына байланысты кең алып бағалайды. «Біздің көз алдымызда Бас ақынның өмір тарихы тар кемерінен тасып шыққан жеңімпаз, өрен өзен сықылды, сол кездегі көшпелі қазақ халқының тарихына астасып кеткен. Жазушы үлкен суреткерге тән нәзіктілікпен, толып жатқан әсем детальдармен, үш ұрпақты көрсететін туған халқының келелі кезеңін көзімізге елестетеді»,-деп жазды.

Шетел оқушылары мен сыншыларының пікірлерін көрсететін түйінді ой Лейпциг қаласында шығатын «Дер библиотекарь» журналында жарияланды. Неміс сыншысы Герберт Кремпиен: «Жазушының «...» еңбегінде өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының өмірі, сол кездің әдет-ғұрып тұрмысы, сол күйінде, әр қырынан, өз сатысымен тамаша бейнеленеді. Бұл кітаптың аты немісше «Таң алдында» деп аталады. Бұл ат болашақ зор даңқы шығатын жаңа ақынның дүниеге келуімен бітпейді. Ол сонымен бірге ғасырлар бойы артта қалған бүтін бір халықтың енді-енді қалыптасып келе жатқанын, оның тарихында тұңғыш рет еркін болашаққа қадам басқанын көрсетеді»,- деп жазды.

Берілген пікірлерде қандай жазушы туралы ақпарат берілгендігін анықтаңыз.

Жазушыны әлемге танытқан еңбектің атауын жазыңыз.

«Жазушы үлкен суреткерге тән нәзіктілікпен, толып жатқан әсем детальдармен, үш ұрпақты көрсететін туған халқының келелі кезеңін көзімізге елестетеді»- деген пікірді түсіндіріңіз.

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға береді

1

Кеңестік білім беру саласындағы реформалардың артықшылықтарын жазады;

Кеңестік білім беру саласындағы реформалардың кемшіліктерін жазады;

Кеңестік ғылым саласындағы реформалардың артықшылықтарын жазады;

Кеңестік ғылым саласындағы реформалардың кемшіліктерін жазады;

1

1

1

1

Мұхтар Әуезов шығармаларының әлем әдебиетіндегі орнын бағалайды

2

XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы әдебиеттің дамуы туралы 1-мысал келтіреді;

XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы әдебиеттің дамуы 2-мысал келтіреді;

XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы өнердің дамуы туралы 1-мысал келтіреді;

XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы өнердің дамуы туралы 2-мысал келтіреді;

1

1

1

1

3

Жазушыны атайды;

Жазушының еңбегін атайды;

Берілген пікірді түсіндіреді.

1

1

1

Жалпы балл 11

«Кеңестік Қазақстанның мәдениеті (1946-1985 жылдар)» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _____________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға береді

Кеңестік білім беру/ғылым саласындағы реформалардың артықшылықтарын/кемшіліктерін жазуда қиналады

Кеңестік білім беру/ғылым саласындағы реформалардың артықшылықтарын/кемшіліктерін жазуда қателеседі

Кеңестік білім беру/ғылым саласындағы реформалардың артықшылықтарын/кемшіліктерін жазады

Мұхтар Әуезов шығармаларының әлем әдебиетіндегі орнын бағалайды

XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы әдебиеттің/өнердің дамуы туралы 1/2-мысал келтіруде/жазушының атын атауда/еңбегін жазуда/пікірді түсіндіруде қиналады

XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы әдебиеттің/өнердің дамуы туралы 1/2-мысал келтіруде/жазушының атын атауда/еңбегін жазуда/пікірді түсіндіруде қателеседі

XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы әдебиеттің/өнердің дамуы туралы 1/2-мысал келтіреді/жазушының атын атайды/еңбегін жазады/пікірді түсіндіреді

IІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Қазақстан қайта құру кезеңінде (1986-1991 жылдар)» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырыптар

Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары.

«Қайта құру» жылдарындағы Қазақстандағы демократиялық процестер.

Оқу мақсаты

9.3.1.5 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығына баға беру

9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығына баға береді
  • қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіреді және өзіндік интерпретация жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

1. Берілген сурет негізінде сұрақтарға жауап беріңіз.

Ескерткіштегі жазу:

Ұрпаққа жол ашқан, Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз елім бар.

Ғаламтордан алынған сурет

Берілген ескерткіш қандай тарихи оқиғаға байланысты қойылғандығын анықтаңыз.

Тарихи оқиғаның орын алу себептерін жазыңыз.

Оқиғаға қатысушылардың алдына қойған басты мақсаттарын жазыңыз.

Тарихи оқиғаның маңыздылығын дәлелдеңіз.

2. Берілген дерек негізінде сұрақтарға жауап беріңіз.

Берілген өлең жолдарының авторын анықтаңыз.

Автордың өлеңіндегі басты ойды сипаттаңыз.

3. «Қайта құру» жылдарындағы Қазақстандағы демократиялық процестерді түсіндіріңіз.

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығына баға береді

1

Тарихи оқиғаны анықтайды;

Оқиғаның себептерін жазады;

Оқиғаға қатысушылардың мақсаттарын жазады;

Тарихи оқиғаның маңыздылығын дәлелдейді;

1

1

1

1

2

Берілген өлең жолдарының авторын анықтайды;

Автордың өлеңіндегі басты ойды сипаттайды;

1

1

қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіреді және өзіндік интерпретация жасайды

3

Жаңаөзен оқиғасының себептерін жазады;

Жаңаөзен оқиғасының нәтижесін жазады;

Қарағанды кеншілерінің ереуілінің себептерін жазады;

Қарағанды кеншілерінің ереуілінің нәтижесін жазады.

1

1

1

Жалпы балл 10

«Қазақстан қайта құру кезеңінде (1986-1991 жылдар)» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _____________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығына баға береді

Тарихи оқиғаны анықтауда, себептерін жазуда, оқиғаға қатысушылардың мақсаттарын жазуда, тарихи оқиғаның маңыздылығын дәлелдеуде, берілген өлең жолдарының авторын атап, өлеңдегі басты ойды анықтауда қиналады

Тарихи оқиғаны анықтауда, себептерін жазуда,оқиғаға қатысушылардың мақсаттарын жазуда, тарихи оқиғаның маңыздылығын дәлелдеуде, берілген өлең жолдарының авторын атап, өлеңдегі басты ойды анықтауда қателеседі

Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығына баға береді

қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіреді және өзіндік интерпретация жасайды

Жаңаөзен оқиғасының/ Қарағанды кеншілерінің ереуілінің себептерін/нәтижелерін жазуда қиналады

Жаңаөзен оқиғасының/ Қарағанды кеншілерінің ереуілінің себептерін/нәтижелерін жазуда қателеседі

қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіреді және өзіндік интерпретация жасайды

«Қазақстан мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы (1991 – 1996 жылдар)» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырыптар

Н.Ә. Назарбаев - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы мемлекеттілікті қалыптастырудағы іс-шаралар.

Оқу мақсаты

9.3.1.10 Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы Елбасы Н. Назарбаевтың рөліне баға беру

9.3.1.6 Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын анықтап, қорытындылау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы Елбасы Н. Назарбаевтың рөліне баға береді
  • Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын анықтап, қорытындылайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

1. Елбасы туралы әлем саясаткерлерінің пікірлері бойынша тапсырманы орындаңыз.

Реджеп Тайып Эрдоған. Түрік Республикасының Президенті:

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – өз заманының аса көрнекті тұлғасы және түркі жұртының ақсақалы. Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамаларына әрқашанда ашықпыз әрі зор құрметпен қабылдаймыз. Қазақстан Президентінің түркі әлеміндегі беделі биік, Нұрсұлтан Назарбаевтың барша түркі халықтарының басын біріктіріп, бауырлас түрік елімен қарым-қатынасты нығайтуға сіңірген ерен еңбегін атап өтпеуге болмайды».  

«Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамаларына әрқашанда ашықпыз әрі зор құрметпен қабылдаймыз»-деген пікіріндегі қандай халықаралық бастамалар екендігіне дәлел келтіріңіз.

1.

2.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың барша түркі халықтарының басын біріктіріп, бауырлас түрік елімен қарым-қатынасты нығайтуға сіңірген ерен еңбегін атап өтпеуге болмайды»- деген пікіріндегі Елбасының бастамаларына дәлелдер келтіріңіз.

1.

2.

2. Елбасы туралы әлем саясаткерлерінің пікірлері бойынша тапсырманы орындаңыз.

Барак Обама. АҚШ Президенті (2009-2017)

«Президент Назарбаев ядролық қаруларды таратпау мәселелерінде әлемдегі үлгілі көшбасшылардың бірі болып табылады. Қазақстан ядролық қарудан бас тартып, қауіпсіздік пен экономикалық өркендеуге қол жеткізуде үлгі бола алады. Бұл қадам Қазақстанды өңірдегі тұрақты елдердің біріне айналдыруға мүмкіндік берді

Қазақстан ядролық қарудан бас тартып, қауіпсіздік пен экономикалық өркендеуге қол жеткізуде үлгі болғандығына дәлелдер келтіріңіз.

Бұл қадамның Қазақстанды өңірдегі тұрақты елдердің біріне айналдыруға мүмкіндік бергендігін дәлелдеңіз.

3. 1995 жылғы жаңа Конституцияны қабылдаудың тарихи маңыздылығын ПТМС формуласы негізінде дәлелдеңіз.

П (Позиция)

Т (Түсіндіру)

М (Мысалы)

С (Салдары)

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы Елбасы Н. Назарбаевтың рөліне баға береді

1

Елбасының халықаралық бастамаларына 1-дәлел келтіреді;

Елбасының халықаралық бастамаларына 2-дәлел келтіреді;

Елбасының түркі халықтарының басын біріктірудегі бастамаларына 1-дәлел келтіреді;

Елбасының түркі халықтарының басын біріктірудегі бастамаларына 2-дәлел келтіреді;

1

1

1

1

2

Қазақстан ядролық қарудан бас тартып, қауіпсіздік пен экономикалық өркендеуге қол жеткізуде үлгі болғандығына дәлелдер келтіреді;

Бұл бастаманың Қазақстанды өңірдегі тұрақты елдердің біріне айналдыруға мүмкіндік бергендігін дәлелдейді;

1

1

Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын анықтап, қорытындылайды

3

Өз позициясын ұсынады;

Өз позициясын түсіндіреді;

Мысал келтіреді;

Салдарын жазады.

1

1

1

1

Жалпы балл 10

«Қазақстан мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы (1991 – 1996 жылдар)» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _____________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы Елбасы Н. Назарбаевтың рөліне баға береді

Елбасының халықаралық бастамаларына 1-2-дәлел келтіруде, түркі халықтарының басын біріктірудегі бастамаларына 1-2-дәлел келтіруде, Қазақстан ядролық қарудан бас тартып, қауіпсіздік пен экономикалық өркендеуге қол жеткізуде үлгі болғандығына дәлелдер келтіруде, бұл бастаманың Қазақстанды өңірдегі тұрақты елдердің біріне айналдыруға мүмкіндік бергендігін дәлелдеуде қиналады

Елбасының халықаралық бастамаларына 1-2-дәлел келтіруде, түркі халықтарының басын біріктірудегі бастамаларына 1-2-дәлел келтіруде, Қазақстан ядролық қарудан бас тартып, қауіпсіздік пен экономикалық өркендеуге қол жеткізуде үлгі болғандығына дәлелдер келтіруде, бұл бастаманың Қазақстанды өңірдегі тұрақты елдердің біріне айналдыруға мүмкіндік бергендігін дәлелдеуде қателеседі

Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы Елбасы Н. Назарбаевтың рөліне баға береді

Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын анықтап, қорытындылайды

тақырыпқа қатысты позициясын таңдауда/түсіндіруде/мысал келтіруде/ салдарын жазуда қиналады

тақырыпқа қатысты позициясын таңдауда/түсіндіруде/мысал келтіруде/ салдарын жазуда қателеседі

Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын анықтап, қорытындылайды

IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Қазақстан Республикасының дамуы (1997 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін)» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырыптар

Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан.

Қазіргі кездегі Қазақстанның дамуындағы басым бағыттары.

Оқу мақсаты

9.3.2.3 Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдау

9.3.1.9 ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдайды
  • ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

  • Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарына мысалдар келтіріп, талдау жасаңыз.

2. Дерек негізінде тапсырманы орындаңыз.

IV. БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІК

85-қадам.

"МӘӉГІЛІК ЕЛ" патриоттық актісі жобасын әзірлеу.

86-қадам. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫӉ "ҮЛКЕН ЕЛ - ҮЛКЕН ОТБАСЫ" КЕӉ КӨЛЕМДІ ЖОБАСЫН ИЗІРЛЕУ ЖәНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ, ол қазақстандықтардыӊ біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамныӊ бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады. Бұл барлық жұмыстар Қазақстан Республикасыныӊ туристік саласын дамытудыӊ 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын (ішкі туризмді дамытуды қоса есептегенде) және "Астана - Еуразия жүрегі", "Алматы - Қазақстанныӊ еркін мәдени аймағы", "Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер", "Алтай інжулері", "Ұлы Жібек жолын қайта жаӊғырту", "Каспий қақпасы" өӊірлік мәдени-туристік кластерлерін құруды жүзеге асырумен байланыстырылады.

87-қадам. Азаматтық біртектілікті нығайтудыӊ "МЕНІӉ ЕЛІМ" ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, оныӊ аясында технологиялық жобалар серияларын іске асыру қарастырылатын болады. Соныӊ бірі - "ҚАЗАҚСТАН ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ" КЕӉ КӨЛЕМДІ ИНТЕРНЕТ ЖОБАСЫН ҚҰРУ. МҰНДАҒЫ БАСТЫ МАҚСАТ - ӘРБІР АЗАМАТҚА ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТУРИСКЕ ЕЛ ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛУГЕ КӨМЕКТЕСУ. Порталға Қазақстан бойынша 3D бейне турлары, елдіӊ тарихы мен мәдениеті, қызықты оқиғалары және қарапайым қазақстандықтардыӊ өмірі туралы ақпараттар орналастырылады. Портал бір есептен елдіӊ "сапарнама карточкасына", ұлттық жол көрсетушісіне, қызықты азаматтар үшін ұлттық құрмет тақтасына және виртуалды хабарласу тұғырнамасына айналады.

Дереккөзі: www.kt.kz

Берілген үзіндінің қандай құжаттан алынғандығын анықтаңыз.

Бұл құжаттың қабылдануның себебін анықтаңыз.

Құжаттың мазмұнына қысқаша сипаттама жазыңыз.

3. Қазақстандағы ұзақ мерзімді стратегиялардың маңыздығын дәлелдеңіз.

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдайды

1

Қазақстанның аймақтық ұйымдарымен байланыстарына 1-мысал келтіреді;

Қазақстанның аймақтық ұйымдарымен байланыстарына 2-мысал келтіреді;

Қазақстанның халықаралық ұйымдарымен байланыстарына 1-мысал келтіреді;

Қазақстанның халықаралық ұйымдарымен байланыстарына 2-мысал келтіреді;

1

1

1

1

ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдайды

2

Құжаттың атауын анықтайды;

Құжаттың қабылдану себебін жазады;

Құжаттың мазмұнына сипаттама жазады;

1

1

1

3

1-дәлел келтіреді;

2-дәлел келтіреді;

3-дәлел келтіреді.

1

1

1

Жалпы балл 10

«Қазақстан Республикасының дамуы (1997 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін)» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _____________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдайды

Қазақстанның халықаралық/аймақтық ұйымдарымен байланыстарына 1/2 -мысал келтіруде қиналады

Қазақстанның халықаралық/аймақтық ұйымдарымен байланыстарына 1/2 -мысал келтіруде қателеседі

Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдайды

ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдайды

Құжаттың атауын анықтауда, қабылдану себебін жазуда, мазмұнына сипаттама жазуда, ұзақ мерзімді стратегиялардың маңыздылығын дәлелдеуде 1/2/3-дәлел келтіруде қиналады

Құжаттың атауын анықтауда, қабылдану себебін жазуда, мазмұнына сипаттама жазуда, ұзақ мерзімді стратегиялардың маңыздылығын дәлелдеуде 1/2/3-дәлел келтіруде қателеседі

ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдайды

«Қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті (1991 жылдан бүгінгі күнге дейін)» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырыптар

Тәуелсіздік жылдарындағы білім мен ғылымның дамуы.

Діннің қазіргі Қазақстан қоғамындағы рөлі.

Оқу мақсаты

9.2.3.2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру

9.2.1.2 Қазақстан халқы Ассамблеясының дінаралық, этносаралық келісім және ішкі тұрақтылықты нығайтудағы ықпалын бағалау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға береді
  • Қазақстан халқы Ассамблеясының дінаралық, этносаралық келісім және ішкі тұрақтылықты нығайтудағы ықпалын бағалайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

1. Жаһандану жағдайындағы қазақстандық білім мен ғылымның даму тенденцияларына дәлелдер келтіріңіз.

2. Қазақстан халқы Ассамблеясының дінаралық, этносаралық келісім және ішкі тұрақтылықты нығайтудағы қызметіне дәлелдер келтіріңіз.

3. «Қазақстан қоғамында зайырлы мемлекет және діни сенім бостандығы ұстанымдары үйлесім табуда» деген пікірге қатысты ПТМС формуласы негізінде жауап жазыңыз.

П (Позиция)

Т (Түсіндіру)

М (Мысалы)

С (Салдары)

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға береді

1

Жаһандану жағдайындағы қазақстандық білімнің даму тенденцияларына 1-дәлел келтіреді;

Жаһандану жағдайындағы қазақстандық білімнің даму тенденцияларына 2-дәлел келтіреді;

Жаһандану жағдайындағы қазақстандық ғылымның даму тенденцияларына 1-дәлел келтіреді;

Жаһандану жағдайындағы қазақстандық ғылымның даму тенденцияларына 2-дәлел келтіреді;

1

1

1

1

Қазақстан халқы Ассамблеясының дінаралық, этносаралық келісім және ішкі тұрақтылықты нығайтудағы ықпалын бағалайды

2

Қазақстан халқы Ассамблеясының дінаралық тұрақтылықты нығайтудағы қызметіне дәлел келтірді;

Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық келісімді нығайтудағы қызметіне дәлел келтіреді;

Қазақстан халқы Ассамблеясының ішкі тұрақтылықты нығайтудағы қызметіне дәлел келтірді;

1

1

1

3

Өз позициясын ұсынады;

Өз позициясын түсіндіреді;

Мысал келтіреді;

Салдарын жазады.

1

1

1

1

Жалпы балл 11

«Қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті (1991 жылдан бүгінгі күнге дейін)» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _____________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға береді

Жаһандану жағдайындағы қазақстандық білімнің/ғылымның даму тенденцияларына 1/2-дәлел келтіруде қиналады

Жаһандану жағдайындағы қазақстандық білімнің/ғылымның даму тенденцияларына 1/2-дәлел келтіруде қателеседі

білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға береді

Қазақстан халқы Ассамблеясының дінаралық, этносаралық келісім және ішкі тұрақтылықты нығайтудағы ықпалын бағалайды

Қазақстан халқы Ассамблеясының дінаралық, этносаралық келісім және ішкі тұрақтылықты нығайтудағы ықпалына дәлелдер келтіруде/ тақырыпқа қатысты өз позициясын ұснып, түсіндіруде, мысал келтіруде, салдарын жазуда қиналады

Қазақстан халқы Ассамблеясының дінаралық, этносаралық келісім және ішкі тұрақтылықты нығайтудағы ықпалына дәлелдер келтіруде/ тақырыпқа қатысты өз позициясын ұснып, түсіндіруде, мысал келтіруде, салдарын жазуда қателеседі

Қазақстан халқы Ассамблеясының дінаралық, этносаралық келісім және ішкі тұрақтылықты нығайтудағы ықпалын бағалайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу