Қазақ тілі Т1 7 сынып


Қазақ тілі

(оқыту қазақ тілінде)

жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

7-сынып

2019-2020 оқу жылы

 Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 7-сынып білім алушыларына «Қазақ тіліі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.

 Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

 Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

 Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

 Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

  

  

  

  

 

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика»

Оқу мақсаты

7.1.1.1 мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтін үзінділеріне сүйеніп, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжаммен жалғастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты

Қолдану

15-20 минут

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, үзілген тұсынан сұрақтарға өз болжамыңызбен жауап беріңіз. Түпнұсқаны тыңдаған сайын өз жауабыңызбен салыстырые, кері байланыс беріп отырыңыз.

 Табиғат. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу - Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.

 Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.

 Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады.

 Сұрақ: Ол қандай өзгерістер боуы мүмкін? Мысал келтіріп көріңіз. Өзгерістердің барлығы адамзат қолымен жасала ма әлде табиғат құбылыстарының да әсері бар ма?

 ...

 Мысалы, жанартаудың атқылауы, найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді. Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайқалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып су алуы – осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер. Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады. Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика, негізінен, механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.

 Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады. Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар – күн мен түннің ауысуын және Күннің тұтылуын қарастырайық.

 Сұрақ: Күн мен түннің ауысуы және Күннің тұтылуының себептері неде? Болжамды жауабыңызбен бөлісіңіз.

 ...

 Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады. Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады.

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтін үзінділеріне сүйеніп, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжаммен жалғастырады

1

Өзгерістер туралы болжамын білдіреді;

Мысалдар келтіреді;

Табиғатттағы өзгерістердің себептері туралы пікірін білдіреді;

Күн мен түннің ауысу себептеріне болжамын білдіреді;

Күннің тұтылу себебіне болжамды жауабын айтады;

Жауабын түпнұсқамен салыстырады;

Кері байланыс береді.

1

1

1

1

1

1

1

Барлығы

7

«Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтін үзінділеріне сүйеніп, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжаммен жалғастырады

Мәтінді тыңдап, сұрақтарға болжамды жауабын білдіруде, түпнұсқамен жауабын салыстырып, кері байланыс беруде қиналады

Бөлім «Көшпенділер мәдениеті. Орфография», «Денсаулық - зор байлық. Лексика»

Оқу мақсаты

7.2.3.1 кеңсе құжаттарының, қызметтік жазбалардың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, нұсқаулық құрастырып жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Құрылымы мен ресімделуі арқылы кеңсе құжаттары, қызметтік жазбалардың жанрлық ерекшеліктерін ажыратады
  • Көркемдегіш құралдарды қолданып, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сәйкес нұсқаулық құрастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты

Білу және түсіну

Қолдану

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтіндерді оқып, оларды өзара құрылымы мен ресімделуі тұрғысынан салыстырыңыз.

1-мәтін

Сауықтыру орнына жіберу туралы қызметтік жазба

«Номад» ЖШС директоры А.С. Төреқұловқа

Есеп және талдау бөлімінің бас маманы

М.С: Нөгербековадан

Қызметтік жазба

 Мен, есеп және талдау бөлімінің бас маманы Нөгербекова Мадина Серікбаевна, денсаулық жағдайымды оңалту және сауықтыру мақсатында Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Сарыағаш қаласының «Сарыағаш» емдік сауықтыру орталығына _2019_ жылғы «_11__» __қазаннан__ бастап _2020_ жылғы «_21__» __қазан__ аралығында ЖШС қаражаты есебінен еңбек демалысына жіберуіңізді сұраймын.

Нөгербекова

05.10.2019ж.

2-мәтін

 Нұсқаулық 1. Оқушыларды сауықтыру бойынша мектеп бағдарламасын әзірлеу

 1.1. Оқушыларды сауықтыру бойынша Мектеп Кеңесін құру. Әр мектепте оқушыларды сауықтыру бойынша Кеңес құру ұсынылады. Кеңес - оқушыларды сауықтыру бойынша мектеп бағдарламасын құруға жауапты топ. Кеңеске мектептің түрлі сегменттерінің өкілдері кіруі тиіс, оның ішінде, денсаулық сақтау саласының және дене шынықтыру мұғалімдері, тамақтану қызметінің қызметкерлері, оқушылар, оқушылардың ата-аналары, мектеп басшылығы, және мектеп мейірбикелері. Мектеп Кеңесі ай сайын жиналуы тиіс.

 Оқушыларды сауықтыру бойынша Мектеп Кеңесі оқушыларды сауықтыру бойынша мектеп бағдарламасының саясатын, тәжірибелік қызметін және қорын басқару үшін Үйлестірушіні сайлауы тиіс. Кеңес Үйлестірушісінің қызметі:

 ● Оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапты мектеп қызметкерлерінің бірлескен жұмысына септестік ету;

 ● Аудандарда және басқа мектептерде денсаулық сақтау және қауіпсіздік бағдарламасына жауапты тұлғалар мен мектептің арасындағы байланыс құралы ретінде болу;

 ● денсаулық сақтау және қауіпсіздік саласындағы басымдылықтар туралы мектеп директорына, қызметкерлерге, ата-аналарға және оқушыларға хабарлау;

 ● мектептегі денсаулық сақтау және қауіпсіздік саласындағы қызметті қолдау үшін сенімді қаржыландыруда (субсидия алу) немесе басқа қормен қамтамасыз етуге көмектесу;

 ● сауықтыру бойынша мектеп бағдарламасының материалдық қорын басқару;

 ● мектептегі денсаулық сақтау және қауіпсіздік саласының материалдарын дамытуда, сондай-ақ, оқу материалдарын таңдауда септестік ету;

 ● Оқушыларды сауықтыру бойынша Мектеп Кеңесін ұйымдастыру және өткізу;

 ● Мектеп қызмектерлері үшін кәсіптік даму бағдарламасын енгізуге септестік ету.

 

1-мәтін

2-мәтін

Құжаттардың ататулары (жанрлары)

Құжаттар қандай стильде жазылған?

Ұқсастықтары неде?

Айырмашылықтары қандай?

2. Мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық орындар мен көшеде сақтау керек талаптардың нұсқаулығын жазыңыз.

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Құрылымы мен ресімделуі арқылы кеңсе құжаттары, қызметтік жазбалардың жанрлық ерекшеліктерін ажыратады

1

Құжаттардың жанрларын анықтайды;

Қандай стильде жазылғанын көрсетеді;

Ұқсастықтарын көрсетеді;

Айырмашылықтарын көрсетеді;

1

1

1

1

Көркемдегіш құралдарды қолданып, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сәйкес нұсқаулық құрастырады

2

Тақырыпты ашады;

Ресми стильде жазады;

Нұсқаулықтың жанрлық ерекшелігін ескереді;

Құрылымдық ерекшелігін сақтайды;

Жалпы сауаттылық номаларын сақтайды.

1

1

1

1

1

Барлығы

9

«Көшпенділер мәдениеті. Орфография», «Денсаулық - зор байлық. Лексика»бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Жоғары

Құрылымы мен ресімделуі арқылы кеңсе құжаттары, қызметтік жазбалардың жанрлық ерекшеліктерін ажыратады

Құрылымы мен ресімделуіндегі ереркшеліктері бойынша қызметтік жазба мен нұсқаулықтың жанрлық ереркшеліктерін, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетуде

қиналады

Құрылымы мен ресімделуіндегі ереркшеліктері бойынша қызметтік жазба мен нұсқаулықтың жанрлық ереркшеліктерін, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетуде қателеседі

Құрылымы мен ресімделуіндегі ереркшеліктері бойынша қызметтік жазба мен нұсқаулықтың жанрлық ереркшеліктерін, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді

Көркемдегіш құралдарды қолданып, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сәйкес нұсқаулық құрастырады

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сәйкес нұсқаулық құрастырып жазуда қиналады

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сәйкес нұсқаулық құрастырып жазуда қателеседі

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сәйкес нұсқаулық құрастырып жазады

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Сүйіспеншілік пен достық. Морфология»

Оқу мақсаты

7.1.5.1 проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты

Білім алушы

  • Проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып жауап береді
  • Жауабының өзгенің жауабымен салыстырады

Қолдану

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтін үзіндісін мұқият тыңдап, жұпта сұрақтарға дәлелді жауап беріңіз.

Cұрақтар:

  • Мәтінде айтылған нағыз достықтың үлгісін қалай бағалайсыз?
  • Шынайы достық өзіңді құрбан етумен ғана өлшене ме?
  • Дәл осы жағдаятта досты құтқарудың басқа да амалдары бар ма?
  • «Адамды досына қарап таны» дегенді қалай түсінесіз?

Екі дос

 Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып, дос болады.

 Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.

 Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді. Алып барған соң, ол жаудың қолбасына:

 - Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.

 Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

 - Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды, - дейді.

 - Ол не? - деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.

 - Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы.

 - Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан сүрінбей өтеді.

 Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар»,- деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.

2. Жұбыңыздың сұрақтарға жауабын өз жауабыңызбен салыстырып, кері байланыс беріңіз. Келісетін не келіспейтін тұстары бар ма?

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып жауап береді

1

Сұрақтарға жауап береді:

1-сұрақ;

2-сұрақ;

3-сұрақ;

4-сұрақ;

Мәтіннен деректер келтіреді;

1

1

1

1

1

Жауабының өзгенің жауабымен салыстырады

2

Өз жауабын жұбының жауабымен салыстырады;

Келісу не келіспеу позициясын білдіреді;

Ойын жүйелі жеткізеді.

1

1

1

Барлығы

8

«Сүйіспеншілік пен достық. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Жоғары

Проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып жауап береді

Проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып жауап беруде қиналады

Проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып жауап беруде қателеседі

Проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып жауап береді

Жауабының өзгенің жауабымен салыстырады

Жауабын өзгеніңі жауабымен салыстырып, келісу не келіспеуі туралы кері байланыс беруде қиналады

Жауабын өзгеніңі жауабымен салыстырып, келісу не келіспеуі туралы кері байланыс беруде

қателеседі

Жауабын өзгеніңі жауабымен салыстырып, келісу не келіспеуі туралы кері байланыс береді

Бөлім «Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология»

Оқу мақсаты

7.2.5.1 мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру 7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты

Білім алушы

  • Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады
  • Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай ақпараттық мақала құрастырып жазады

Жоғары деңгей дағдылары

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтінді мұқият оқып, мазмұны бойынша кем дегенде үш проблемалық сұрақ құрастырыңыз.

 

Домбыра туралы аңыз

 Домбыра аспабының қалай пайда болғаны жайлы аңыз әңгімелер аса мол. А.Сейдімбек «Күй шежіре» еңбегінде домбыра аңыздарына ерекше назар аударған. Соның бірі Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданынан Арғынбек Қилыбаев ақсақалдың баяндауындағы «Қос ішек» күйінің аңызы.

 Ертеде биік таудың қиясын тұрақ еткен, бұғы-маралды аулап азық етіп күнін көрген бір аңшы жігіт болады. Бірде жолы болып, биік таудың қиын қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек-қарынын ақтарып тастайды. Содан арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал тұс еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішегін қарға-құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге түсіреді. Сол жерде аңшы жігіт қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады. 

2. Мектебіңізде домбырада ойнайтын оқушылар арасында сайыс болды деп елестетіңіз. Мектепшілік газеттің тілшісі ретінде тезистік жоспарға сүйене отырып, «Мектептегі домбырашылар сайысы» тақырыбында шағын ақпараттық мақала құрастырып жазыңыз.

Тезистік жоспар:

  • Сайыстың тақырыбы, өткен мерзімі, не мақстапен ұйымдастырылғандығы туралы мәлімет;
  • Сайысқа қатысушылар туралы ақпарат, олардың өнерлері, орындаған күйлері туралы сипаттамалық мәлімет;
  • Сайыс қорытындысы, жеңімпаздарды марапаттау, қорытынды ой.

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады

1

Сұрақтар құрастырады:

1-сұрақ;

2-сұрақ;

3-сұрақ;

Сұрақтар проблемалық сипатта болады;

1

1

1

1

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай ақпараттық мақала құрастырып жазады

2

Жағдаятты бойынша тақырыпқа сай жазады;

Тезистік жоспарды негізге алады;

Ақпараттық сипатта жазады;

Публицистикалық стильді сақтайды.

1

1

1

1

Барлығы

8

«Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Жоғары

Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады

Мәтін бойынша проблемалық сипаттағы үш сұрақ құрастыруда қиналады

Мәтін бойынша проблемалық сипаттағы үш сұрақ құрастыруда қателеседі

Мәтін бойынша проблемалық сипаттағы үш сұрақ құрастырады

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай ақпараттық мақала құрастырып жазады

Тезистік жоспарға сүйеніп, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай ақпараттық мақала жазуда қиналады

Тезистік жоспарға сүйеніп, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай ақпараттық мақала жазуда қателеседі

Тезистік жоспарға сүйеніп, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай ақпараттық мақала жазады

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Ғаламтор және әлеуметтік желілер. Морфология»

Оқу мақсаты

7.1.5.1 проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты

Білім алушы

  • Проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып жауап береді
  • Өз жауабын өзгенің жауабымен салыстырады

Қолдану

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз. Сұрақтарға жауап беруде мәтіннен деректер келтіріңіз.

Сұрақтар:

  • Бүгінгі қоғамда ғаламторсыз өмір сүру мүмкін бе? Қалай ойлайсыз?
  • «Ғаламторды тиімді пайдалану» дегенді Сіз қалай түсінесіз? Оны тиімді етудің қандай жолдары бар?
  • Ғаламторға тәуелділікті психологиялық мәселе ретінде қарастыруға бола ма?
  • Адамның ғаламторға тәуелділігін қалай анықтауға болады?

Ғаламторды дұрыс пайдаланып жүрміз бе?

 Дүние жүзіндегі адамдардың 90 пайызға жуығы ғаламторды пайдаланады екен. Яғни күннен-күнге интернет жүйесінің маңызы артып келеді. Ақпараттық технология заманында аталған ғылым жетістігі өміріміздің бір бөлшегіне айналғандай.

 Ғаламтордың пайдасы қандай? Орнымен пайдалана білсең, ғаламторда пайдалы дүниелер аз емес. Ғаламтордан электронды кітаптарды (e-book reader) оқудың да мүмкіндігі бар. Іздеген кітабыңызды интернет арқылы тауып алып, смартфон (түрлі гаджеттер) арқылы оқи аласыз. Электронды кітап қағаз кітапқа қарағанда анағұрлым жеңіл, көлемі де шағын. Смартфонға жүзден астам кітапты жүктеуге болады. Сөйтіп, қалаған кіта­быңыз смартфоннан әп-сәтте табылады. Ал смартфондағы жазбаларды қалаған уақытыңызда оқи беруге болады. Сонымен қатар, ғаламторды тиімді пайдаланып, ақша табуға да мүмкіндік бар. Мәселен, қазір инстаграм әлеуметтік желісі арқылы жарнама жасайтын блогерлер көбейді. Ол үшін сіздің жеке парақшаңызда 10 мыңнан астам және одан да көп жазылушы болуы тиіс. Инстаграм игілігін біле­тіндер өзінің өнімін онлайн сауда жасап сата алады. Одан өзге, фейсбук, ВКонтакте желілерін қолданып кәсібіңізді дөңгелетуге болады. Сондай-ақ, ғаламторда түрлі онлайн курстарға жазылуға мүмкіндік бар. Мәселен, тіл үйренуге, ас мәзірін жасауға, іскерлік қабілетті шыңдауға арналған курстар. Біз тізген қызмет түрлері ғаламтордың аз ғана мүмкіндігі. Әлемдік желінің пайдалы тұстары өте көп. Алайда, оның зияны да аз емес. Ғалымдар қазіргі таңда адамдар арасында ғаламторға тәуелділік синдромы пайда болғанын айтып дабыл қағуда. Ғаламтор қолданушылардың бірқатары оны тағам мен су іспетті өмірлік маңызы бар дүние деп есептейді. Оңтүстік Корея, Қытай және Тайваньда ғаламторға тәуелділікті ұлттық деңгейдегі әлеуметтік мәселе ретінде қарастырады. Десе де, ғаламтордың зияны мұнымен шектелмейді. Компьютердің алдында ұзақ уақыт отырудың салдарынан көздің көру қабілеті нашарлайды. Соңғы уақытта ересек адам­дардан бөлек, балалар арасында миопия ауруы жиі кездеседі. Бір ғана дерек, көзі нашар көретін балаларға арналған бала­бақшалар мен мектептерге келушілер күрт көбейген. Компьютер алдында дұрыс отырмаудың әсерінен тірек-қимыл жүйесіне де зиян келеді. Ал жастайынан омыртқа ауруына шалдыққан баланың ағзасы көп уақыт емделуді қажет етеді. Сонымен қатар, медицина мамандары компьютерді ұзақ уақыт пайдалану бас ауруы, жүйкенің жұқаруы, ұйқының нашарлауы, шаштың түсуі, терінің қызаруы, аллергиялық іш ауруы секілді дерттің пайда болуына әкеліп соғатынын айтады. Ақпараттық технология ғасырын­да ғаламторсыз өмірімізді елесету қиын. Десек те, интернетке, компьютерге тәуел­ділік синдромына шалдықпау үшін оны шектеп пайдалануды әдетке айналды­рыңыз. Күнделік бастап әлемторға қанша уақытыңызды арнайтыныңызды жұмыс кестеңізге жазып қойыңыз. Тек қажеттілік туғанда ғана ғаламдық желіге жүгініңіз. Одан тыс уақытыңызды спортқа, өзіңізді дамытатын істерге жұмсауға дағдыланған жөн.

2. Жұбыңыздың сұрақтарға жауабын өз жауабыңызбен салыстырып, кері байланыс беріңіз. Келісетін не келіспейтін тұстары бар ма?

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып жауап береді

1

Сұрақтарға жауап береді:

1-сұрақ;

2-сұрақ;

3-сұрақ;

4-сұрақ;

Мәтіннен деректер келтіреді

1

1

1

1

1

Өз жауабын өзгенің жауабымен салыстырады

2

Өз жауабын жұбының жауабымен салыстырады;

Келісу не келіспеу позициясын білдіреді;

Ойын жүйелі жеткізеді.

1

1

1

Барлығы

8

«Ғаламтор және әлеуметтік желілер. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Жоғары

Проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып жауап береді

Проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып жауап беруде қиналады

Проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып жауап беруде қателеседі

Проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып жауап береді

Жауабының өзгенің жауабымен салыстырады

Жауабын өзгеніңі жауабымен салыстырып, келісу не келіспеуі туралы кері байланыс беруде қиналады

Жауабын өзгеніңі жауабымен салыстырып, келісу не келіспеуі туралы кері байланыс беруде

қателеседі

Жауабын өзгеніңі жауабымен салыстырып, келісу не келіспеуі туралы кері байланыс береді

Бөлім «Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология», «Дұрыс тамақтану. Морфология»

Оқу мақсаты

7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты

Білім алушы

  • Публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігі тұрғысынан салыстырады
  • Құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселеге өз көзқарасы мен шешу жолдарын ұсынып эссе жазады

Жоғары деңгей дағдылары

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, құрылымы, стилі, мақсатты аудиториясы, тілдік ереркшелігі тұрғысынан салыстырыңыз.

1-мәтін

Нан

(әңгімеден үзінді)

 ...Олар сай қуалап, орылмаған бидайдың ішіне енді. Бұқпантайлап жүріп, өнімді де тиімді шаруаға кірісті. Әбден жетіліп, қауызынан дәні төгілген есіл бидай болымсыз желге судыр-судыр етеді. — Ой, апа! — деді Қонысбай, белеңге шыға келген салт аттыны көріп. Ойпаңдау жерге екеуі де зым-зия бұға қалды. Аттың дүбірі біртін-біртін бұларға жақындай берді, жақындай берді...

 — Иә, балалар, жасырынбақ ойнап жүрсіңдер ме?.. Тұр орындарыңнан! Екі дос ырсылдап, пысылдап, күрсініп, аспай-саспай түрегелді. Жақсылық ағай екен! Протезін сықырлатып, ердің үстінде қисайып отыр. Сәл көңілсіздеу болғанымен, жүзі онша сұсты емес, сабырлы, инабатты. Бұл кісі биыл көктемде бір аяғын беріп, кемтар боп майданнан оралған. Ат үстіндс мықшиып отырған Жақсылық әрқилы ойда. Тесік тамақ үшін күнге күйіп, сары адырда сандалып жүрген мына шермік қарын жетімектерге қайтіп кемістік білдірмек? Қайтіп қолы бармақ? Тәртіп бойынша бұларға өз сыбағаларын жақсылап тұрып беру керек еді. Бірақ... Қорықшы ағай ауыр күрсінді. — Шырақтарым,— деді ол байыппен, атының жалын сипап жатып,— бұл үкіметтің астығы. Майдандағы көкелеріңе нан керек. Ашық аспан астында олар Гитлер фашизмімен соғысып жатыр. Кім үшін? Сендер үшін. Сендердің болашақ бақыттарың үшін!.. Біз ауылдамыз. Быламық ішсек те, талқан жесек те өлмейміз... Масақ тергілерің келсе, комбайн жүріп өткен аңызаққа барыңдар, бәріңе де жетеді... Екінші рет бүйтіп бейбастық жасамаңдар!.. Ол қойнынан бір нан алып балаларға берді. Сөйтті де атын шоқырақтатып жөнеп қалды. Оның оң аяғындағы ағаш протезі салақтап бара жатты.

Тоқаш Бердияров

2-мәтін

Ұлттық тағам – халықтар достығына жол

 С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенділері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне орай ұлттық жәрмеңке өткізді.

 Қазақстан аумағында тұратын белгілі бір ұлттың асханасы мен мәдениетіне арқау болатын жәрмеңке әр екі апта сайын өтетін болады. Ал бүгінгі фестивальдің ашылуы қазақ ұлтының мәдениеті мен ұлттық асханасын, дәстүрі мен өнерін паш етуге арналды.

 Қонақтар жастар ісі жөніндегі комитет белсенділерінің өз қолдарымен даярлаған қазақ ұлтының тағамдары мен тәттілерінен ауыз тиді. Мереке халық әндерін тамылжыта орындаған әншілердің, мың бұралған бишілердің өнерлерімен жалғасын тапты.

 – Әрбір ұлттың өзінің ерекшелігі бар, – дейді Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы Ақбота Сарыбай. – Тәуелсіз еліміз ізгі дәстүрлер мен ерекше ұлттық тағамдарға бай. Менің ойымша, ұлттық тағамдар – халықтар достығына апарар жол бола алады.

1-мәтін

2-мәтін

Тақырыбы

Кімдерге оқуға арналған?

Қандай стильде жазылған?

Стильге тән тілдік құрылымдардан мысал келтіріңіз

2. Apple компаниясының негізін қалаушы Стив Джобс «тамақты дәрі деп қабылдаңыз, әйтпесе дәріні тамақ орнына қабылдайтын боласыз» деген екен. Сіздің бұл пікірге көзқарасыңыз қандай? Ойыңызды жинақтап эссе жазыңыз. 

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігі тұрғысынан салыстырады

1

Мәтіндердің тақырыбын анықтайды;

Мәтіндердің мақсатты аудиториясын анықтайды;

Мәтіндердің стильдерін анықтайды;

Стильге тән тілдік құрылымдардан мысалдар кетіреді;

1

1

1

1

Құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселеге өз көзқарасы мен шешу жолдарын ұсынып эссе жазады

2

Пікір бойынша көзқарасын білдіреді;

Дәлелді аргументтер келтіреді;

Стильдік бірізділікті сақтайды;

Эссенің құрылымын сақтайды;

Тілдің эстетикалық көркемдігін сақтайды.

1

1

1

1

1

Барлығы

9

«Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология», «Дұрыс тамақтану. Морфология» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні ____________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігі тұрғысынан салыстырады

Мәтіндерді тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшеліктері тұрғысынан салыстыруда қиналады

Мәтіндерді тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшеліктері тұрғысынан салыстыруда қателеседі

Мәтіндерді тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшеліктері тұрғысынан салыстырады

Құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселеге өз көзқарасы мен шешу жолдарын ұсынып эссе жазады

Пікір бойынша өз көзқарасын білдіре отырып, құрылымы толық сақталған эссе жазуда қиналады

Пікір бойынша өз көзқарасын білдіре отырып, құрылымы толық сақталған эссе жазуда қателеседі

Пікір бойынша өз көзқарасын білдіре отырып, құрылымы толық сақталған эссе жазады

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология»

Оқу мақсаты

7.1.2.1 әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, көркем әдеби шығармадан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты

Білім алушы

  • Әдеби шығармадан үзіндіде көтерілген мәселе мен автор көзқарасын талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

15-20 минут

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі ойын анықтаңыз. Берілген жолдарда автор сол кезеңнің қандай мәселелерін көтереді? Сызбаны толтырып, жазғаныңызға сүйеніп баяндаңыз.

 Бал ашамын деп бәлеге қалған…

 Дастарқан басында соғыс жайында әңгіме қозғалды. Әркім әртүрлі естіген оқиғаларын айтып жатты. Кенет төрде отырған бір ақсақал:

 – Мен сендерге бір әңгіме айтайын, – деді. Бәріміз әлгі кісіге қарап елең еттік. – Бұл өзі бұрын-соңды айта қоймаған сырым еді, – деп жалғады ол сөзін. – Қазір соғыстың аяқталғанына да пәленбай жыл өтті ғой. Сондықтан бізді ешкім тергеп, қудалай қоймас…

 …Бұрынғы Ворошилов колхозынан бес жігіт бірге әскерге аттандық. Алдымен ауданға, сонан соң облысқа апарды. Облыс орталығынан эшелонға отырғызып батыс жаққа алып бара жатты. Бүгінгідей бөлек-бөлек жатар орны бар вагон қайда?! Кинода көрсетіп жүргендей ағаш вагон. Пойыз да жай жүреді. Әр станцияға тоқтап, су аламыз. Берген тамағын талғажау қыламыз. Екі-үш күннен кейін пойыздан кісі жалығады екен. Арамызда бізден ересектеу, әр нәрседен хабары бар, қағылез Әбдібек деген жігіт болды. Ішіміз пысқаны сондай бір кезде әлгі Әбдібекке:

 – Сен бал ашшы, совет жеңе ме екен, неміс жеңе ме екен? – дедік. Әбдібек құмалақты шашып кеп жіберіп:

 – Жаудың беті қатты. Күші басым. Біздің жеңуіміз қиын болады-ау! – деді.

 Кешке бәрімізді вагон-штабқа шақырды. Болған оқиғаны айна-қатесіз біреу жеткізіпті. «Мұны сендерге кім үйретті? Неге совет әскерінің жеңетініне күдік келтіресіңдер? Араларыңда жаудың тыңшысы бар шығар?» - деп, ал тергеудің астына алсын келіп. Орысша да жөнді білмейміз ғой. Сұрақтың бірін түсінсек бірін түсінбейміз. «Солай құмалақ аштырғанымыз рас», - деп мойындаудан басқа амал қалмады. Содан не керек, «Совет елінің неміс фашистерін жеңетініне күмән келтіріп, жауынгерлердің арасына іріткі салып жүр», - деген айып тағып, Әбдібекті вагоннан түсіріп алып қалды. Қалғандарымыз да майданға жеткенше көзге түрткі болып, қатаң бақылауға алындық. Артынан естідік, Әбдібек байғұсты әскери трибуналдың үкімімен соттап жіберіпті. Сол күйі қайтпады.

 

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Әдеби шығармадан үзіндіде көтерілген мәселе мен автор көзқарасын талдайды

1

Мәтіннің негізгі ойын көрсетеді;

Сол кезеңнің мәселелерін көрсетеді:

1-мәселе;

2-мәселе;

3-мәселе;

Автордың ойын анықтайды;

Өз пікірін білдіреді;

Жүйелі сөйлейді.

1

1

1

1

1

1

1

Барлығы

7

«Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні _____________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Әдеби шығармадан үзіндіде көтерілген мәселе мен автор көзқарасын талдайды

Мәтінде көтерілген мәселелер мен автордың ойын анықтап, оған өз көзқарасын жүйелі білдіруде қиналады

Бөлім «Ғылыми фантастика. Пунктуация»

Оқу мақсаты

7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігі тұрғысынан салыстырады
  • Құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселеге өз көзқарасы мен шешу жолдарын ұсынып эссе жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, құрылымы, стилі, мақсатты аудиториясы, тілдік ереркшелігі тұрғысынан салыстырыңыз.

1-мәтін

 Бала ұйықтағанда адам сенбес түстер көретін. Түсінде бала үстіне ақ халат киіп, зертхана ішінде жүргендей болатын. Әр түнде ұйқыға кетісімен түсінде жүргізген тәжірибелері күрделене түсті. Қарапайым көлбеу жазықтықтан төмен дөңгелеп түскен металл шардың уақытын өлшеуден күрделі физикалық-химиялық тәжірибелер реттерін тапты.

 Он бір жасында бала көңілі түнгі аспанға ауды. Әжесінің сынған көзілдірігінен және ойыншықтар арасынан шыққан лупаны пайдаланып, қағаздан түтік орады. Галиео Галилей аспанға бағыттаған алғашқы телескоп сияқты еді. Телескоппы түнгі аспанға емес, күндізгі аспандағы жарық жұлдызға бағыттады. Галиео Галилей ашқан жаңалықты жаңғыртып мәз-мейрам. Өңінде дәлел тапқан тәжірибелер бала қолын қатайтып түстерін өңге айналдыруға жол салды. Жеткіншек бала қолы жетер заттарды пайдаланып, бір жыл ішінде Галилейдің, Ньютонның, Герцтің тәжірибелерін жасап, түстердің мыңнан бір бөлігін дүниеге әкелді. Өсе келе түнгі ұйқыда көретін түстері азайды. Көре қалса ғажап аспаптармен, құралдармен, машиналармен жұмыс істейтін. Көзінің өткірлігі қиялының шексіздігімен, тез ойша білген көргенін байланыстыру қабілетімен ауысты.Алда оны үлкен істер, ашылмаған жаңалықтар күтіп тұрғаны анық.

2-мәтін

 Жас жазушылар жинағының мазмұны бай. Палитрасы сан қырлы, алуан бояулы. Достықты, махаббат пен адамгершілік лағыл қасиеттерді қызыл тінге айналдырған лирикалық әңгімелермен бірге, туған жер, ел тағдырын толғаған тебіреніске толы туындылар, аңыз-әфсана, фантастика, сатиралық дүниелер де бар. Ендігі сөз – ғылыми-фантастикалық әңгімелері төңірегінде. Баянымызды сабақтамастан бұрын қазақ әдебиетіндегі кенже жанрдың сыр-сипатына аз-кем тоқталған жөн шығар.

 Фантастика. Аса қиын да, өте күрделі тақырып. Жалғыз ауыз сөздің аясы мейлінше кең. Бұл ұғымның қазақ санасындағы түйсік-түсінігі кенеусіз ауқымды, мақсат-мұраты шыңырау тұңғиық. Термин төркіні саналатын гректерде бұл атау – көзге елестету өнері дегенді түсіндірген. Осы тұрғыдан пайымдап, зерделер болсақ, қазақ халқының да ежелден арманшыл, ойшыл, қиялшыл екеніне көз жеткіземіз. Айғақ деректі аласұрып іздемей-ақ қояйық. Тілге тиек ретінде бабаларымыздың асыл мұрасы – қиял-ғажайып ертегілерін айтсақ та жетіп жатыр. Халық қиялынан туған хайуанаттар жайлы қиял-ғажайып, тұрмыс-салт ертегілерінде фантастика жанрының негізгі элементтері кездеседі. Бұған ең алдымен «Ер Төстік», «Қырық өтірік», «Керқұла атты Кендебай» тәрізді жауһар жәдігерлерімізді атар едік. Фантастиканың ғылыми жағынан дамып, қалыптасқанға дейін мифологиялық және діни шығармаларда орын алғанын көрсетеді.

 Дүниедегі ең шапшаң, ең ұшқыр құбылыс – қиял.

1-мәтін

2-мәтін

Тақырыбы

Кімдерге оқуға арналған?

Қандай стильде жазылған?

Стильге тән тілдік құрылымдардан мысал келтіріңіз

2. Фантастика жанрын сүйіп оқитындардың тарапына айтылған мынадай сынның куәгері болып жүргеніміз жасырын емес: «Ертегі оқығанша, дұрыс ой салатын шығарманы оқы». Шынында, фантастика деген не? Бұл бағыт әдебиеттің нағыз шыңына шыққан классиктердің туындыларымен қатар тұруы тиіс пе әлде олар тек көңіл көтеру мақсатында жазылған шығарма ма? 

Сауалға өз ойыңызды аргументтермен білдіре отырып, құылымы сақталған эссе жазыңыз.

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігі тұрғысынан салыстырады

1

Мәтіндердің тақырыбын анықтайды;

Мәтіндердің мақсатты аудиториясын анықтайды;

Мәтіндердің стильдерін анықтайды;

Стильге тән тілдік құрылымдардан мысалдар кетіреді;

1

1

1

1

Құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселеге өз көзқарасы мен шешу жолдарын ұсынып эссе жазады

2

Пікір бойынша көзқарасын білдіреді;

Дәлелді аргументтер келтіреді;

Стильдік бірізділікті сақтайды;

Эссенің құрылымын сақтайды;

Тілдің эстетикалық көркемдігін сақтайды.

1

1

1

1

1

Барлығы

9

«Ғылыми фантастика. Пунктуация» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні __________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігі тұрғысынан салыстырады

Мәтіндерді тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшеліктері тұрғысынан салыстыруда қиналады

Мәтіндерді тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшеліктері тұрғысынан салыстыруда қателеседі

Мәтіндерді тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшеліктері тұрғысынан салыстырады

Құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселеге өз көзқарасы мен шешу жолдарын ұсынып эссе жазады

Пікір бойынша өз көзқарасын білдіре отырып, құрылымы толық сақталған эссе жазуда қиналады

Пікір бойынша өз көзқарасын білдіре отырып, құрылымы толық сақталған эссе жазуда қателеседі

Пікір бойынша өз көзқарасын білдіре отырып, құрылымы толық сақталған эссе жазады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу