Сауат ашу 1 сынып


Жиынтық бағалауға арналған

әдістемелік ұсыныстар

Cауат ашу

1-сынып

 Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 1-сынып білім алушыларына «Сауат ашу» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-сынып) «Сауат ашу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 1-сыныпта жиынтық бағалау 3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.

 Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

 Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.

 Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

 Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

  

  

   

 Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

  

  

 

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым және айтылым

Оқу мақсаты

1.​1.​1.​1 Тыңдаған материалының сөйлеу екенін, оның мазмұнын түсіну және сөйлемдерге, сөздерге ажырату

1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіннен тілдік бірліктерді (сөз, сөйлем) анықтайды
  • Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
  • Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

  • Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.

  • Мәтінде кездесетін сөздерді белгіле ().

  • Балалар Алматыға қашан барды?
  • күзде
  • қыста
  • жазда
  • көктемде
  • Мәтін бойынша сөйлемдердің ретін көрсет (1-4).

Саяхат көңілді болды.

Балалар циркке барды.

Циркте үйретілген жануарлар көп.

Балалар сайқымазақтың өнерін тамашалады.

  • Сұрақтардың көмегімен мәтіннің мазмұнын айт.
  • Балалар қайда барды?
  • Ол жер қандай екен?
  • Балалар циркте нені көрді?
  • Олар саяхатты қалай өткізді?

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтіннен тілдік бірліктерді (сөз) анықтайды

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

1

мәтінге қатысты сөздерді анықтайды:

- бірінші сөзді;

- екінші сөзді;

сұрақтың дұрыс жауабын анықтайды;

1

1

1

Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды

2-3

мәтіндегі оқиғаның ретін анықтайды;

мәтіндегі оқиғаның жүйелі баяндайды;

сөйлемнің құрылымын сақтайды;

сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.

1

1

1

1

Барлығы

7

 

 

 

 

 

 

 

 

  «Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

 

Білім алушының аты-жөні: ________________________________________________

 

Бағалау

критерийі

Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Мәтіннен тілдік бірліктерді (сөз) анықтайды

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

1

Мәтінге қатысты сөздерді анықтауда, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруде қиналады.

Мәтінге қатысты сөздерді анықтауда/ мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруде қателіктер жібереді.

Мәтінге қатысты сөздерді анықтайды және мәтін бойынша сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды

Мәтіндегі оқиғаның ретін анықтауда және мазмұнын айтуда қиналады.

Мәтіндегі оқиғаның ретін анықтауда/ мәтіннің мазмұнын баяндау барысында оқиғаның жүйесін сақтауда/ грамматикалық нормаларды сақтауда қателіктер жібереді.

Мәтіндегі оқиғаның ретін дұрыс анықтайды және мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды.

 

«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің

түрлері

Оқылым

Жазылым

Оқу мақсаты

1.​2.​6.​1* Мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін, ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) ажырату

1.​2.​5.​1* Мәтін, иллюстрация бойынша (мұғалім көмегімен) сұрақтар қоя білу және қойылған сұраққа жауап беру

1.​3.​9.​1 Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді тыңдау арқылы жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіннің жанрын анықтайды
  • Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қояды және сұраққа жауап береді
  • Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді есту арқылы қатесіз жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

Оқылым

  • Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
  • Мәтін қай жанрға жатады?
  • Мәтін не туралы?
  • аю туралы
  • ара туралы
  • жарыс туралы
  • қасқыр туралы
  • Көп нүктенің орнына тиісті сұрақты қой және сұрақтарға жауап жаз.

Керекті сөздер: қалай? ненің?

Жауап:

Аю ___________________________ ұясын бұзып кетті.

Аю ___________________________ жүгірді.

Жазылым

Бақылау диктанты

Сөйлемдерді мұқият тыңда және қатесіз жаз.

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтіннің жанрын анықтайды

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қояды және сұраққа жауап береді

1

мәтіннің тақырыбын анықтайды;

мәтіннің жанрын анықтайды;

мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қояды:

  • бірінші сұрақ;
  • екінші сұрақ;

мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • бірінші сұраққа;
  • екінші сұраққа;

1

1

1

1

1

1

Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді есту арқылы қатесіз жазады

2

сөздерді қатесіз жазады;

бас әріп пен тыныс белгілерін сақтайды;

каллиграфиялық нормаларды сақтайды.

1

1

1

Барлығы

9

«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні: _________________________________________________________

Бағалау

критерийі

Тапсырма №

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Мәтіннің жанрын анықтайды

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қояды және сұраққа жауап береді

1

Мәтіннің жанрын анықтауда және мәтін бойынша сұрақ қойып, жауап беруде қиналады.

Мәтіннің жанрын анықтауда/ мәтін бойынша сұрақ қоюда/ сұраққа жауап беруде қателеседі.

Мәтіннің жанрын анықтайды, мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қойып, жауап береді.

Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді есту арқылы қатесіз жазады

2

Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді тыңдау арқылы жазуда қиналады.

Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді тыңдау арқылы жазуда қателіктер жібереді.

Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді тыңдау арқылы қатесіз жазады.

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

 Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

 Спецификация 1-сыныпта «Сауат ашу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.

 

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

 «Сауат ашу» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (1- сынып).

3. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

 3.1 Ұзақтығы - 40 минут

 Балл саны – 12

 Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі

 

    • Жиынтық бағалаудың құрылымы

 Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.

 Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.

Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.

 Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.

Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

 Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 3 тапсырмадан тұрады.

Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі–оқылым, үшінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Ортақ тақырып

Оқу мақсаты

Тапсырманың

сипаттамасы

Тапсырма саны

Жалпы балл

1

2

3

Тыңдалым және айтылым

Оқылым

Жазылым

Саяхат

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім? (не?) туралы айтылғанын анықтау

1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау

1.​2.​1.​2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану

1.2.2.1 Мәтінде автордың кім? (не?) туралы айтқысы келгенін түсіну

1.3.10.2 Тәуелдік және жіктік жалғауларының қарапайым формаларын қолдана алу (терминсіз)

Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар және ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар тапсырманы орындайды.

Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1

1

1

4

4

4

Барлығы

3

12

Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі

«Сауат ашу» пәнінен 3-тоқсанға арналған

жиынтық бағалаудың тапсырмалары

Тыңдалым және айтылым

  • Ертегіні мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.

1) Ертегінің кейіпкерлерін жаз: _____________________________________________

[1]

2) Ертегіге сүйеніп, суреттерді ретімен нөмірле.

[1]

3) Сұрақтардың көмегімен ертегінің мазмұнын айт.

  •  Ертегі неден басталды?
  •  Ары қарай не болды?
  •  Ертегі немен аяқталды?

[3]

Балл қою кестесі

Тапсырма

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

Түлкі мен тырна

1

1

Ертегі кейіпкерлерінің екеуі де аталған жағдайда ғана 1 балл беріледі.

Оқиғаның реті толық көрсетілген жағдайда ғана 1 балл беріледі.

Білім алушының ықтимал жауабы:

Ертеде түлкі мен тырна дос болыпты. Олар бір-бірін қонаққа шақырыпты. Түлкі ботқаны табаққа салып беріпті. Тырна жей алмапты. Келесі күні түлкі тырнаның үйіне қонаққа келіпті. Тырна көжені құмыраға құйып беріпті. Түлкінің тұмсығы құмыраға сыймай, аш қалыпты. Содан бері түлкі мен тырна дос емес екен.

1

1

Ертегінің мазмұнына сәйкес баламалы мәтін қабылданады.

Оқиғаның жүйесін сақтай отырып, баяндайды.

Сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.

Барлығы

4

Оқылым

  • Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.

1) Мәтін не туралы?

А) әже туралы

В) бала туралы

С) автобус туралы

D) әдептілік туралы

[1]

2) Мәтіннің кейіпкерлеріне қатысты сөйлемдерді анықтап, белгіле ()

[3]

Балл қою кестесі

Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

2

D)

1

1

1

1

Әр дұрыс жауапқа 1балл қойылады.

Барлығы

4

Жазылым

  • Көп нүктенің орнына жақшадағы сөздердің тиістісін қойып, көшіріп жаз.

[4]

Балл қою кестесі

Тапсырма

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

3

домбырам

тартамын

шаңғысы

тебеді.

1

1

1

1

Барлығы

4

5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

 Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.

 Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.

 Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.

 Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.

 Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

 Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.

 Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

6. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

 

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Тағам және сусын» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің

түрлері

Тыңдалым және айтылым

Оқу мақсаты

1.​1.​4.​1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы, иллюстрация бойынша болжау

1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту

1.​1.​6.​1 Сөйлеу барысында сипаттау, салыстыруға қажетті сөздерді, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану)

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды
  • Сурет бойынша жүйелі әңгіме құрастырады
  • Сөйлеу барысында дауыс ырғағын және мәнерін сақтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15 минут

Тапсырма

1. Суретке мұқият қара. Бұл әңгімеде не туралы айтылады деп ойлайсың? Неліктен?

  • Суреттердің ретін тауып, нөмірле. Сурет бойынша әңгіме құрап айт.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды

1

сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды;

өз болжамына дәлелді пікір айтып, негіздейді.

1

1

Сурет бойынша жүйелі әңгіме құрастырады

Сөйлеу барысында дауыс ырғағын және мәнерін сақтайды

2

сюжетті суреттердің ретін анықтайды;

бейнеленген оқиғаға сәйкес әңгіме құрастырады;

оқиғаның логикалық жүйесін сақтайды;

сөйлемдердің құрылымын сақтайды;

сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды;

сөйлеу барысында дауыс ырғағы мен мәнерін сақтайды.

1

1

1

1

1

1

Барлығы

8

 

 

 «Тағам және сусын» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

 

 Білім алушының аты-жөні: _________________________________________

 

Бағалау

критерийі

Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды

1

Сурет бойынша мәтіннің мазмұнына болжам жасауда және өз болжамын негіздеуде қиналады.

Сурет бойынша мәтіннің мазмұнына болжам жасайды, бірақ өз болжамын негіздеуде қателіктер жібереді.

Сурет бойынша мәтіннің мазмұнына болжам жасайды және өз болжамын негіздейді.

Сурет бойынша жүйелі әңгіме құрастырады

Сөйлеу барысында дауыс ырғағын және мәнерін сақтайды

2

Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыруда қиналады.

Сюжетті суреттердің ретін анықтауда / әңгіменің жүйесін сақтауда / сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды/дауыс ырғағын, мәнерін сақтауда қателіктер жібереді.

Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастырады және сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтайды.

«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің

түрлері

Оқылым

Жазылым

Оқу мақсаты

1.2.5.1* Мәтін/ иллюстрация бойынша (мұғалімнің көмегімен) сұрақтар қоя білу және қойылған сұраққа жауап беру

1.3.9.3* Бас әріппен жазылатын сөздерді (адамның аты-жөні, тегі, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген аттары) анықтау

1.​3.​9.​2 Мұғалім көмегімен сөздерді дұрыс тасымалдау, тасымалдауға болмайтын сөздерді ажырату

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырады және жауап береді
  • Мәтіннен бас әріппен жазылатын сөздерді анықтайды
  • Сөздерді тасымалдау түрін көрсетеді
  • Тасымалдауға болмайтын сөздерді ажыратады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

Оқылым

  • Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.

  • Ойынға қандай балалар қатысты? ________________________________________
  • Мәтін бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.

______________________________________________________________________

  • Мәтіннен бас әріппен жазылатын сөздерді теріп жаз.

______________________________________________________________________

  • Тасымалдауға болмайтын сөздерді белгіле ( ).
  • Белгіленбеген сөздің тасымалдау түрін жазып көрсет.
  • _______________________________
  • _______________________________

Бағалау критерийі

Тапсырма№

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырады және жауап береді

1

мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап береді;

мәтін бойынша сұрақ құрастырады;

сұрақтың құрылымы мен тыныс белгісін сақтайды;

1

1

1

Мәтіннен бас әріппен жазылатын сөздерді анықтайды

2

мәтіннен бас әріппен жазылатын сөздерді анықтайды:

- бірінші сөз;

- екінші сөз;

1

1

Сөздерді тасымалдау түрін көрсетеді

Тасымалдауға болмайтын сөздерді ажыратады

3

тасымалдауға болмайтын сөздерді анықтайды:

- бірінші сөз;

- екінші сөз.

берілген сөзді тасымалдау түрін көрсетеді.

1

1

1

Барлығы

8

 «Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

 

Білім алушының аты-жөні: __________________________________________

 

Бағалау критерийі

Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырады және жауап береді

1

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастыруда және жауап беруде қиналады.

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастыруда/ қойылған сұраққа жауап беруде қателіктер жібереді.

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырады және қойылған сұраққа жауап береді.

Мәтіннен бас әріппен жазылатын сөздерді анықтайды

2

Мәтіннен бас әріппен жазылатын сөздерді теріп жазуда қиналады.

Бас әріппен жазылатын сөздерді анықтауда қателеседі.

Мәтіннен бас әріппен жазылатын сөздерді теріп жазады.

Сөздерді тасымалдау түрін көрсетеді

Тасымалдауға болмайтын сөздерді ажыратады

3

Берілген сөздің тасымалдау түрін көрсетуде және тасымалданбайтын сөздерді анықтауда қиналады.

Берілген сөздің тасымалдау түрін көрсетуде/ тасымалданбайтын сөздерді анықтауда қателіктер жібереді.

Берілген сөздің тасымалдау түрін көрсетуде және тасымалданбайтын сөздерді анықтауда қиналады.

 

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

 Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

 Спецификация 1-сыныпта «Сауат ашу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.

 

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

 «Сауат ашу» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (1-сынып).

3. 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

3.1 Ұзақтығы - 40 минут

Балл саны – 12

Тыңдалым және айтылым бөлек тексеріледі

 3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы

 Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.

 Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.

Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.

 Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.

Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

 Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 3 тапсырмадан тұрады.

Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі–оқылым, үшінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Ортақ тақырып

Оқу мақсаты

Тапсырманың сипаттамасы

Тапсырма саны

Жалпы балл

1

Тыңдалым және айтылым

Тағам және сусын

1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім? (не?) туралы айтылғанын анықтау

1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды, ұнамайды)

Білім алушы ашық түрдегі қысқа және толық жауаптарды қажет ететін тапсырманы орындайды.

1

4

2

3

Оқылым

Жазылым

Дені саудың - жаны сау

1.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған мәтіннің тақырыбын, басын, ортасын және соңын анықтау

1.​3.​10.​1 Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырату және орынды қолдану

Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар және ашық түрдегі қысқа жауаптарды қажет ететін тапсырманы орындайды.

Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1

1

4

4

Барлығы

3

12

4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі

«Сауат ашу» пәнінен 4-тоқсанға арналған

жиынтық бағалаудың тапсырмалары

Тыңдалым және айтылым

  • Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.

1) Дауды қай көгөніс бастады? Белгіле ().

[1]

2) Сұрақтарға жауап бер.

  • Көгөністер не туралы дауласты?
  • Сен қай көгөніс пайдалы деп ойлайсың? Неліктен?

[3]

Балл қою кестесі

Тапсырма

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

Білім алушының ықтимал жауаптары:

Өздерінің пайдасы туралы айтысты /Өздерінің адамға тигізетін пайдасы туралы дауласты.

1

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы жауаптар қабылданады.

Білім алушының ықтимал жауаптары:

Көгөністердің бәрі де пайдалы. Өйткені олардың құрамында дәрумендер бар/ Барлық көгөністің пайдасы бар. Олар денсаулықты нығайтады.

1

1

Сұраққа қатысты дәлелді пікір айтады .

Сөйлемнің құрылымын сақтайды .

Барлығы

4

Оқылым

  • Берілген үзінділерді оқы. Мәтіннің бөліктерімен сәйкестендіріп сыз.

  • Мәтінге ат қой. _________________________________________________________

[4]

Балл қою кестесі

Тапсырма

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

2

1

1

1

Әр дұрыс сәйкестікке 1 балл қойылады.

Шипалы су/Бұлақ басында/Саяхатта

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы жауаптар қабылданады.

Барлығы

4

Жазылым

  • Суреттен кестедегі сұрақтарға жауап беретін сөздерді тап. Кестенің әр бөлігіне

1 сөзден жаз.

Кім?/не?

Қандай?

Қанша?

Не істеді?

[4]

Балл қою кестесі

Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

3

1) бала/ұл/доп/қақпа/үй/шөп/аспан/бұлт/

2)көңілді/биік/жасыл/ашық/ақшыл/сары

3) бір/екі/үш/бес/

4) ойнады/сөйлесті/келді/сұрады/өсті

1

1

1

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес суретке қатысты баламалы сөздер қабылданады.

Барлығы

4

5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

 Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.

 Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.

 Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.

 Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.

 Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

 Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.

 Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

6. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу