Шығармалар


Биязылық - ұлт құндылығы

Ұлттық құндылықтардың әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше. Жастаймыздан жаттап өскен тіл, мәдениет, отаншылдық сияқты бірқатар ұлттық құндылықтарымыз бар. Алайда, мен білетін қазақы мінез - биязылық та біздің ұлттық құндылығымыз. Ия, ия. Биязылықты да маңызы жоғары құндылыққа жатқызуға болады деп ойлаймын. Тіптен, биязылық зиялылықпен үндес құбылыс. Зиялы қауымның біз жақсы білетін өкілдерін еске түсіріп көрейікші. Биязылық - ол қасындағылардың, жора-жолдастарының көңілінен оң орын алу, қоршаған адамдарды, бүкіл қауымды осы мінезімен баурап алу. Қазақ айтады ғой, “мінезге бай” деп. Қазақта ата-бабамыздан келе жатқан жақсы мінездің түрі де көп: өр мінезділік, жігерлілік, намысқойлық және тағысын тағылар. Өкінішке орай, кейінгі кезде осы бір қасиет көзге көрінбей, байқалмай елеусіз қалып бара жатқан сияқты.

Биязылық - қоғам үшін де құнды, қасиетті. Ол тіптен, адамды түрлі жаман әдеттерден сақтайды. Өрекпіп тұрған, мінезі ұр да жық адам өзін де, көпшілікті де жарға ұрындырары хақ. Ұлт қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды» - деген жоқ па еді? Ал ұлы ақын Абай “Жүректен қозғайтын, әдептен озбайтын" деп, биязылықтың нормасын сақтауды адамдық парыз санаған. Биязылық – мәдениеттіліктің белгісі. Игі әдет, оның әдет-ғұрыпқа айналуы биязылықты қалыптастырады. Биязылық әлеуметтік ортаның талабына бейімделуге жетелейтін тұлғаның қасиеті.......
Шығармалар
Толық

Ұлттық құндылық - ұлт болмысы

Ұлытаудың ұлы көшінен басталатын ұлағатты елімнің ұлылығы мен қадірлілігіне қайран қаламын... Тәлкекке толы тағдырдың сан түрлі соқпақтарынан өту, қасиетті даласын қорғау жолында аянбай тер төгу, ұлттық һәм рухани құндылықтарымызды ұлықтау-асыл ата-бабаларымыздың өнегелі өмірін айқындай түседі.Жарқын болашаққа басқан әрбір қадамымыз-болаттай шыңдалған халықтың ащы тарихы мен мәдени салт-санасын, әдет ғұрпын ұрпақтар бойына құюға үндейді.Қадірлі қазақтың ұлттық құндылықтары- аңызға айналған ішкі әлемі, жаһанды елтіткен ұлы мұрасы, тұғырлылыққа жетудің яки азаттықты нық ұстаудың биік үлгісі, қайталанбас бағалы қасиеттері.Халық болып қалыптасу үшін қажеттісі-кең-байтақ дала ғана емес, оның тереңге жайылған тағдыры, тарих сахнасынан ойып тұрып алар орны бар тұлғаларының игілігі мен көзсіз ерліктері, киелі санайтын мәдениеті, тіршіліктің әуенімен тыныстаған ұлылыққа толы тілі, ділі де ауадай керек.Сан ғасырлар бойы ұлттық құндылығымыздың өзіндік көрінісі ретінде сыр шертетін, байлыққа кенелген қойнауымыздың алтынға бергісіз қазынасы-халқымыздың руханилығы дер едім.Осы тұста сайын даламыздың аңсап өткен азаттығына қол жеткізуіне ерекше үлесін қосып, жарқын бастамаларды жүзеге асырып, қандастарын кіндік қаны тамған жерін шексіз сүюге шақырған арда азаматтардың бірегейі, тәуелсіз қазақ елінің алғашқы басшысы-Нұрсұлтан Әбішұлының да мерейін паш өткеніміз жөн болар.Осындай тұжырымға келуімнің де бірнеше себебі бар: елі сүйген Елбасымыз ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында қайнар бұлақтың көзін тапты, баршамызды зеңгір көкте самғаған қыран іспеттес болашақты бағдарлай білуге үндеді, елі десе-егіліп, халқы десе-төгілетін өресі биік, ұсынақты әрі қағілез тұлғаларды қалыптастыру үшін аянып қалмайтындығын дәлелдеді.......
Шығармалар
Толық

Абай және ХХІ ғасыр

Өзі өмір сүрген заманның нағыз озық ойлысы, елден ерек туған еңселі ері, қараңғы қазақтың шам шырағы атанған ардақты Абайдан алар тағылым мен түйер ойлар орасан зор. Тыңғылықты тыңдаған мен терең түсінген жанға Абай айтқан асыл сөздер- адасқанда жолына жарық болса, сүрінгенде сүйенер сенімді серігіндей болатыны анық. Абайдың ой- тұжырымдары баршамызға қашанда рухани азық бола алады. Мысалы, жұп- жұмыр жалғыз ғана «Сегізаяқ» өлеңінің өзінде қазіргі кезде белең алып, етек жайған сан түрлі жағымсыз қасиеттерді қатты мінейді. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» деген ойлы- өнегелі сөзі қаншалық қастерлі, көп аузынан түспейтін халық мәтеліне айналып та кетті. Расымен-ақ көзіміз күнде жетіп жүр, еріншектік, масылдық, тойымсыздық, босаңдылықтың адам өмірінің астан- кестеңін шығарып, тіпті түбіне жетіп азғындалатыны өзегімізді өртей түседі. Нәпсі мен дүниеқоңыздық адамды адам санатынан хайуандай жиренішті әрі бишаралық күйге түсіріп жібереді. Ақынның кесек ақыл мен жетік білгірлігі соншалық мұншалық маңызды мәселелер мен түйткілді ойларды орамды тілмен, кестелі сөзбен, аз сөзге көп мағына сыйғыза білдіруі сөз ұққанға мол өнеге. Айтып ауыз жиғыза алмастай, бұдан өзге де ақын қырын жан- жақты дамытып, оқырман көңіліне кереметтей сергектік, әсіресе, жастарға жаңаша серпімділік пен жадына жақсы тұтар тәлім- тәрбие беретін дана ақынның ойлы туындылары есепсіз көп. Аз ғана мысалмен айтпағымды айқын жеткізгім келеді, яғни Абай сөзінің бүгінгі заманымыз үшін көкейкестілігін ақын шығармаларынан анық аңғарамыз. Осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын қараңғы қазақты, қалың елді, қадірлі ұлтын білімділікке, кесел мінездер мен жат әдеттерден аулақ болуға, ғылымға бейіл бұруға шақырған үндеуі, үні, айтқан асыл сөздері естен мәңгі кетпестей қасиетті мұрамыз болып сақталып келеді......
Шығармалар
Толық

Әкенің жақсысы жездедей-ақ

(Әкем туралы бір үзік сыр немесе мақалға қарсылық)

Әкем кітап жинағанды жаны сүйетін. Таңдап түскен мамандығы математика пәні мұғалімі болса да, әдебиетті пән мұғалімдерінен артық білуші еді десем қателеспегенім болар. Алыстан келе жатқанда адамның көзі еріксіз түсетін түр-сипаты келіскен, көп ой үстінде жүретін жан еді. Қанша қатал адам болғанымен жүзінде бір жымиыс ұшқыны жан баласын өзіне тартып тұратын. Өзге кісілер балаларына ойыншық әкеліп берсе, әкем әртүрлі баспадан шыққан мұқабасы көз тартарлық, қызықты жаңа кітаптарды сыйға тартып, өзі секілді әдебиет пен өнерді бағалайтын ұрпақ болып өскенімізді қалайтын. Егде жастағы қарттармен де, балалармен де тең сөйлесіп, терең ой иесі ретінде сұхбаттасатын. Ақыл-ойы әлі толыспаған, мектеп қабырғасында оқып жүрген менен де зор үміт күтіп, әр айтқан сөзіме мән беріп, мұқият тыңдап пікір қосатын еді. Бір күні әдеттегідей қызу талқы кезінде, ойымда жүрген сауалымды ортаға салдым.

- Көке, осы бізде «әкенің жақсысы жездедей» деген мақал бар емес пе? Не үшін олай айтқан, сонда әкелердің махаббаты әлсіз бе? – деп әкеме сұраулы жүзімді аударып, ренжи қарадым. Көкем болса, аз-кем ойланып, жымиып:.....
Шығармалар
Толық

Толғандырған ҰБТ

«ҰБТ - (Ұлттық Бірыңғай Тесттілеу) - жоғарғы оқу орынына, үлкен белестерге деген алғашқы қадам және шешуші сәт болмақ» - дейтіндер өте көп. Бірақ, өмір мұнымен тоқтап қалмайды. Бұл ҰБТ-дан сүрінгенмен, бәрібір сіздің өміріңіз әлі алда, тағдыр сіздің әлі де шыңдалғаныңызды қалайды, сіздің сәл кідіріп, бітпеген істер болса, соны аяқтағаныңызды немесе сізге берілген сынақ деп түсініңіз. Алайда кейбіреу бар: «Мен ҰБТ-дан құлап қалдым, енді барар жерім, басар тауым жоқ» десе, кейбірі: «Мен неге өте алмадым, мен не істеп қойдым сонша?»,-деп,абдырап, не істерін білмей қалса, енді біреуі: «Амал-нешік,осылай боларын білгем, ауылда қалам, ары қарай не болады екен?»,-деп, өмірге қол сілтей салатындары да бар. Енді біреуі өштеніп, ашуланып қызбалыққа салынады.Тіпті кейбір адамдар болады, әрбір жайтқа немқұрайлылықпен қарайды. Ең сорақысы, осы бір ҰБТ-ға жүректері шыдамай, өмірден түңіліп, қайғырып, өзіне-өзі қол жұмсайтындары да бар. Бұл айтқаным, қазіргі кезде көп белең алатын жағдайлардың бірі болып тұр.

«Керек емес бұл өмірге жылағаның,
Қайғырғаның, сүрініп-құлағаның.
Шыдау керек, төзу керек бұл күнге,
Келмейді ғой әркез сенің сұрағаның.

Не болды саған, сынды ма сағың?
Ойлайсың іштей: «Ашылмай бағым»,
Қателесесің, кеш емес әлі.....
Шығармалар
Толық

Нұрсұлтан Назарбаев- әлемнің тарихындағы кемеңгер тұлға

Қазіргі таңда Қазақстан-бүкіл әлем таныған ел.Қазақстанның асты байлыққа толы.Жері құнарлы,елі жайсан,халқы мейірімді мемлекет.Қазақстан дамыған 30 елдің қатарында,көптеген ұйымдардың құрамында.
Қазақ елін әлемдік аренаға танытқан,халық қамын ойлап,ел сенімін ақтап,жарқын болашаққа жол бастаған дара тұлға ол-Елбасы.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы тәй-тәй қадам басқан....
Шығармалар
Толық

Адам болып туған соң ...

Адамгершілік – ізгілікке бастар тура жол. Осы жолды келешек ұрпақ алдына мұраға қалдыру – қазіргі буын өкілдерінің басты міндеті. Бұл үрдіс ғасырдан ғасырға жалғаса бермек. Жалпы адамгершілік қасиетті бойына сіңірген жанның рухани байлығы жоғары дәрежеде болмақ. Бұл асыл қасиеттерге қарапайымдылық, сабырлылық....
Шығармалар
Толық

Тәуелсіз ел – болашақ кепілі!

«Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын»
Н.Ә. Назарбаев
1991 жыл — еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 25 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы — қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел.
«Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 25 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр. Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы — теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп алу, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің жеріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бермейді. Мұндай істердің орындалуы — ерекше тарихи жетістік. Айта берсек 25 жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. ....
Шығармалар
Толық

Ата-бабам аңсаған Тәуелсіздік

Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың сан ғасыр армандаған, жете алмаған арманы. Елін жерін жаудан қорғап, қасиетті дархан даланы азат етуді міндет еткен. Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай. Қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады. Жауын торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоқаңдап қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан- Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы екені сөзсіз.
Осылардан туындайтын және басқа да ірілі-ұсақты шаралар болды.Тоталитарлық тәртіп жүзеге асырған халыққа жат саясат аса зор, қасіретті зардаптар әкелді. Жаппай отаршылдықтың салдарынан Қазақ халқының жартысына жуығы қырылды; өзінің атамекенінен басқа елдерге ауа көшті, тіл мен діл, дін мен ұлттық сезім, таным жойыла бастады.
Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Мұстафа, Смағұлдай бабаларымыз халықты алаш туы астында ел болуға, мемлекет құруға шақырды.
Сұлтанмахмұттың «Өлер жерден кеттік біз, бұл заманға жеттік біз»-деп жапанға жар салатын кезінде ұлт зиялылары не істеу керек, қайтеміз, қалай ел боламыз?- деп ойын он саққа, қиялын қырық саққа жүгіртіп еді. Сонда Әлихан Бөкейхан «Автономия, бізге керегі – автономия!» деп қайта-қайта шырылдап, телеграмма салумен болды.
Сондағы ойы «мемлекет құрып алайық, мемлекетіміз болса, қалғанының бәрі болады» деген асыл арманы еді. Қазақ автономиясын жариялағанда алаштың арыстары «Міне, ел болдық, еркіндік өз қолымызға тиді» деп бөркін аспанға атты. ....
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздік — халықтың тойы, елдің тойы

Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын
Н.Ә. Назарбаев
1991 жыл - еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы - қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау жылдардың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» - деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.
Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы - теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп ал¬у, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің же¬ріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бер¬мей¬ді. Мұндай істердің орындалуы - ерекше тарихи жетістік. Айта берсек еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн.....
Шығармалар
Толық