Шығармалар


Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Жолда келемін. Поезд зулап келеді. Менің өлкемнің сұлу табиғатына сірә да, адам баласының көзі тойған ба. Анам да терезеге қарап, сыртқа үңілумен отыр. Ал, мен қарсы алдымда отырған бейтаныс жолаушы ананың жүзіне үңілумен отырмын. Бейтаныс жолаушы әлсін - әлсін терең күрсінеді. Күрсінген сайын өзегін өртер өкінішін сыртқа шығарғысы келгендей болатын сияқты. Мұңға толған жанарын аударып – төңкеріп бір орынға тұрақтата алмай отыр. Өте беймаза күй кешіп отырғаны айдан анық сезіліп тұр. Жолсеріктің келер жағына көп қарайды. Бір кезде, көптен күткен адамы көрінгендей орнынан ұшып түрегелді. Жолсерік келе жатыр екен. Кейуана оған қарай қарсы жүрді. Бөгделердің әңгімесіне құлақ түрудің әдепсіздік екенін білсем де, естіген құлақта жазық жоқ қой, жолсеріктің даусын анық естідім. «Бәрі жақсы, ұйықтап жатыр» деді жолсерік кейуанаға. Ана қайтадан орнына келіп отырды. Бірақ, көңілінде алаң бар. Тыншымайды. Жүзіне барлай қарағанымда денемді ток ұрғандай шошып кеттім.

Ананың бір нүктеге қадалған көздерінен жас парлап отыр. Орнымынан ұшып тұрып, кесеге су құйып бердім. «Сізде бәрі дұрыс па, су ішесіз бе?». Ана басын шайқады. Ауыр – ауыр күрсінеді. Ол күрсінген сайын менің де жаным ауырып кетеді. Байғұс ана шыбын жанын қоярға жер таппай отырғаны бесенеден белгілі. Әттең, шемен боп қатқан шерін ішке сақтамай сыртқа ақтарып тастаса ғой. . Менің анам мұғалім. Ол кісі адам баласының жан дүниесін түсіне білетін кең жүректі адам. Ол кіммен болса да тіл табыса алады. Анама қараймын, анам маған қарады. Бір – бірімізді үнсіз түсіністік. Анам жайлап кейуананың қасына жақындады. Шайға шақырды. Дәм ұсынды. Кейуана еш нәрсеге қол тигізбеді. Есесіне, «рахмет, рахмет, Алла разы болсын» деген сөзді жиі қайталады. Менің анам «Сізге қандай көмегім керек, апа, қатты қиналып отырсыз ғой, іште сақтаудың қажеті жоқ, қайғы бөліссе жеңілдейді, апатай» деп, кейуанаға жақындай түсті......
Шығармалар
Толық

Жастардың қуаты – білім білігінде

Мен білімді болғым келеді. Болашақта өзімді жан-жақты, көзі ашық, білікті азаматтардың қатарынан көремін. Бұл менің ғана қалауым емес, ұстаздарымның және ата-анамның да қалауы. Сабақтан бос уақытымда ғаламтордан, теледидардан елімізде болып жатқан кей жаңалықтарды оқып, тыңдап отырамын. Ара-тұра шәй үстінде әкем екеуміз мемлекетімізде болып жатқан оқиғаларды талқылайтынымыз да бар.

Жуырда мен Қазақстаннан өткен жылы 300 мың адамның шетелге тұрақты түрде жұмыс істеуге кеткені туралы ақпарат оқыдым. Елімізден көптеген жастардың Корея, Түркия, Америка, Ресей секілді шет мемлекеттерге жоғары жалақы үшін кетіп жатқанын білемін. Бірақ бір жылда 300 мың жастың бірден шетел тұрғынына айналып кетуі мені біраз ойландырды. «Сонда барлық жастар, аға-әпкелеріміз басқа елге жұмыс істеуге, сонда өмір сүруге осылай ағылып кете берер болса, Қазақстанда кім қалады? Үлкендер болашақ жастардың қолында дейді. Олай болса болашағымыз не болмақ?» деген ойға қалдым.

Өз басым, мен мұны қолдамаймын. Шетелге кетпей-ақ, Қазақстанда да жайлы әрі жақсы өмір сүруге болады. Ол үшін елімізде барлық мүмкіндік бар. Жоғары білім алғысы келетіндер үшін жақсы деңгейлі оқу орындары жетерлік. Жыл сайын талапкерлерге сан мыңдаған гранттар бөлінеді. Әр жақсы оқыған студент шәкіртақы алады, жатақханамен қамтамасыз етіледі. Кәсіп бастап, табыс тапқысы келетіндер үшін де жеңілдіктер бар. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар негізінде өз ісін бастағысы келетін жастарға қаржылық қолдау жасалады, бизнес бастауды үйретіп, оны оқытатын курстар да аз емес. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жастарға көп көңіл бөліп келді. Биылғы жылдың «Жастар жылы» деп аталуы да осының дәлелі. Ол кісінің сындарлы саясатын жалғастырып жатқан қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та жастардың рухын көтеріп, оларды білімге, еңбекке шақыруда. Яғни, еңбек еткісі келетіндерге елде ешкім кедергі емес. Елімізде бейбіт, мамыражай заман орнап тұр. Соғыс, қырғын-жойқындардан аулақпыз......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздік – тұғырым!

 Тəуелсіздік-қасиетті, киелі ұғым. Ол ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы, үміті мен сенімі. Ол-азаттықтың алтын арқауы, елдігіміздің мызғымас тұғыры.

Кешегі Желтоқсанның ызғарында намысты ту етіп көтерген қазақ жастары тотолитарлық режимге қарсы шығып, ақ мұзда алау жаққаны биік рухтың, елжандылықтың жарқын көрінісі. Тəуелсіздікке жол ашқан ұлт-азаттық көтерілістің соңғы серпіні болды десек қателеспеспіз. Осылайша, Көкбөрідей киесі бар, көк түріктей иесі бар қазақ халқының сағы сынбады, бағы жанды. Тағдырымызға тəубе!

Небір қилы заманды, «тар жол тайғақ кешуді» басынан өткерген қазақ халқына Алланың мейірі түсіп, Егеменді ел атандық! 1991 жылы 16-желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» конституциялық Заңы қабылданғанына да, міне, биыл-28 жыл толмақ. Осынау жылдар аясында еңсеміз биіктеп, рухымыз шалқи түсті. Төрткүл дүниеге «қазақ» деген ұлт, «Қазақстан» деген мемлекет танылды, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілді. Шекарамыз айқындалып, жеріміз түгенделді...... 

Шығармалар
Толық

Қырық күн үлкен жүрек тоқтағалы

Қырық күн үлкен жүрек тоқтағалы,
Біз оны көп айтармыз жоқтап әлі,-деп бір кездері Әбділда ақын жырлағандай Алланың берген саналы ғұмырын асқан парасаттылықпен пайымдап, тынымсыз тірлікпен терлеп, елеулі еңбекпен көгеріп, жан-жағын қаумалаған қауымға сыйластықпен сән түзеп, өзінен кейін өшпестей із қалдыруға бекініп, жай отындай жарқ етіп, мынау фәниден мезгілсіз мизам боп ұшып кететін, санада қаққан қазықтай қатталып қалатын ерекше жандарды таңды таңға ұрып жырлап біте алмайсың... Сондай жанның бірі әрі бірегейі Сарысу ауданының сары даласында Жаңа-арық деген өнегелі өлкесінде 1965 жылы шыр етіп дүние есігін ашқан, ес білген шағынан ортасында озық ойымен оңашаланған, зеректігімен зерделенген, қабақ шытып көрмеген, өмірде өзіндік қалпынан өзгермей, адалдық пен аңқылдаған ақ жүрек пейілінен айнымаған қайсар қыз Зияш Тұзақбайқызы. Бала күнінен әдеби кітаптарға аңсары ауып, тауып сөйлейтін сөзшеңдігімен ел құлағын елең еткізген есті қыз алтын ұя мектебінен түлеп ұшып арман қуып қазақи ұлттық құндылықтардың қаймағы бұзылмаған шырайлы Шымкенттің педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп оны ойдағыдай тәмамдайды. Бірге оқыған курстас құрбы қыздары Зияшпен университет қабырғасында және жатақханада өткен әр күндерін тәтті ертегідей ерекше еске алып отырады.

Ол кездері жаңадан оқу бітірген жас мамандарды қолына бір жапырақ қағазын ұстатып ұстаздықтың ұлы ісіне белсене атсалысуға бағыт беріп, шалғай ауылдарға жіберетін болған. Машақаты мол мамандықты бір кісідей игеріп, игілікті істі иіруге икемділік танытқан инабатты бойжеткен Комунар мектебі яғни қазіргі Шоқай датқа атындағы орта мектепке жолданады......
Шығармалар
Толық

Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін -ақ, өзінің белсенділігін,өнерлі халық екенін дәлелдей бастады. Ең бірінші жетістігін ауыз толтырарлықтай айтатын болсақ,әрине тәуелсіз мемлекет ретінде аталуы.Ал сол тәуелсіз мемлекеттің рәміздері құпия, таңғажайып мағыналарға толы асыл қазына.Рәміз дегенде менің ойыма ең бірінші келетіні,халықтың салт-дәстүрі,ұлты,тілі,тарихы,бәрі-бәрі осы рәміздерде жыр болып,көркемделіп баяндалған.Мысалға алар болсақ,біздің көк аспандай желбіреген туымыз аспан күмбезін еске түсіреді және халқымыздың мәдени-этникалық біртұтастығы мен мемлекетіміздің мызғымастығын көрсетеді.Таза ашық көгілдір аспан әрқашанда бейбітшіліктің ,тыныштықтың белгісі болған.Әрі көк түс менің ойымша Қазақстан халқының өз мемлекетін құру жолында ниетінің тазалығын және маңыздылығын білдіреді.Туымызды көркемдеу үшін арнайы жасалған өрнек қазақтың дәстүрлі көркем өнерінің негізгі нақыштарымен үйлесім тапқан.Тудағы күннің нұры,шұғылалы алтын бейнесі байлық пен берекенің ,тыныштықтың нышаны.Ал күннің астында шарқырап ұшып жатқан бүркіт қазақ халқының барлық ұлттарға құшағын жая ұмтылатын кеңдігін,көп ұлтты,егеменді мемлекетіміздің бостандық сүйгіш рухани еркешелігін бейнелейді.Сонымен қатар дала қыраны қазақтардың жомарттылығы мен қырағылығын,ой ниетінің биіктігін білдіреді.

Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі-елтаңба.Қазірде біз елтаңбаның бейнесін теңгелерде,мөрлерде,қару-жарақтарда,киімдерде, қолжазбалар мен кітаптардан көре аламыз.Елтаңбаның негізін салып,арқау болып тұрған оның шаңырағы.Шаңырақ-елтаңбаның жүрегі,қазақ халқының ежелден келе жатқан киіз үйінің күмбезі.Ол әлемнің тұтастығын ошақтың амандығы мен беріктігін білдіреді.Уықтары одан тарап жатқан сәулелер секілді.Елтаңбадағы қос тұлпар бостандыққа,амандық пен бірлікке жетелейді.Елтаңбаның маңдайындағы бес бұрышты жұлдыз мемлекетіміздің жұлдызы жарық әрі биік болып,әр азамат сол жарық сәулеге сеніп,әрқашан жарқын болашақпен жақсы жолға жетелесін деген сеніммен белгіленген.....
Шығармалар
Толық

Жаңа жыл мерекесінің шығу тарихы

Ғалымдардың айтуынша, Жаңа жылды тойлау шамамен біздің дәуірімізге дейін 3000 жылы алғаш рет Месопотамияда басталған. Көне замандағы адамдар Мадрук құдай зұлымдық пен өлімді жеңді деп санаған. Сол себепті Месопотамия халқы жақсылықтың жамандықты жойғанына қуанып, бірнеше ай бойы тойлайды. Әртүрлі карнавалдар, маскарадтар мен шерулер өткізеді. Мейрам кезінде жұмыс істеуге, жазалауға және сот шешімін шығаруға тыйым салынған.

Уақыт өте келе бұл дәстүрді мысырлықтар мен гректер жалғастырып, содан соң римдіктер мен өзге халықтарға тарай бастайды. Ежелгі Грекияда Жаңа жыл жазғы күн тоқырауы – 22 маусымда тойланып, шарап құдайы – Диониске арналған. Гректердің жыл санауы Олимпиада ойындарынан басталды.

Жаңа Жыл мерекесі әр елде әртүрлі тойланғанымен, оны барлығы бірдей асыға күтеді. Тіпті, желтоқсан айының алғашқы күндерінен бастап ауылда не қалада болсын қысқы мерейдің ажары байқала бастайды. Ғалымдардың айтуынша, адам баласы алғашқы жаңа жылды біздің заманымыздан бұрынғы үшінші мыңжылдықта атап өткен. Жаңа жылды тойлау межесі Тигр мен Евфрат өзендеріне су толып, егін шаруашылығының басталған кезіне тура келеді. Уақыт өте келе, мереке Бабыл тұтқындары арқылы гректерге, ал гректерден Еуропаға тарай бастаған. Рим императоры Юлий Цезарь жаңа күнтізбе енгізген кезде, Жаңа Жылдың алғашқы күні 1 қаңтар болып есептелінген. Римдіктер Жаңа Жылды сәтті өткізу үшін бірінші күнді қуанышқа толы етіп қарсы алатын болған. ....
Шығармалар
Толық

Шығыстың батыр қыздары – Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Х.Доспанова ерліктерінің қазақстандық патриотизмді дамытудағы тарихи маңызы

Жасырмай айтар болсам жан сырымды ,
Тағдырым қарауылға қанша ілінді.
Ерліктің қос қанаты деп білем мен,
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.

Елдің ерлігін тану үшін қашанда оның әрі тұлғаларымен ,айқындала түсетінін биіктерден барып білесің.Тарих көшінде миллиондардың атын шығаратын бірегей бір туар тұлғалардың да қажеттігі осыдан шығар.Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлова, М.Мәметова , Х.Доспанова ерліктерін көрінген ер шыдай бере алмайтын сұрапылда қан майданның қақ ортасында жүріп ерлік көрсеткен қазағымның қаһарман қыздары.Жарты әлемге ықпалын жүргізіп келген Кеңес Одағының барлық ұлтын жас ұрпағына қайсарлықтын,жігерліктің ,отансүйгіштіктің өнегесі ретінде ұсынылып келген қаһарман.Жангешті ерлігінен соң қазақтың аяулысына,аруақтысына айналып,есімін мыңдаған сәбилерге сыйлаған өзінің тірі ескерткіштерін көбейтіп кеткен қазақ қызы. Кешегі қызыл империяның ресми идиологиясы Әлияның құның әрине,кеміткен жоқ.Керісінше оның ісін өзін аяулы тағдырын ұрпақ тәрбиесіне «ұрпақ болғанда комсомолдармен пионерлер » тәрбиесіне мейілінше пайдаланды.Әлия – аты аңызға,ісі эпосқа айналған аруақты ерлердің,текті қыздардың кіндігін кескен жердің перзенті......
Шығармалар
Толық

Шарықтап шыңға ұмтылған Қазақстан

.. Қара жерде қылтыңы жоқ бір елміз,
Әрі биік, әрі кеңбіз, тереңбіз.
Әніміз бар асқақ жалау сықылды,
Көтерілсе - тік көтерер жұртымды.
Біз дүниеге мәңгілікке келгенбіз.

Қасым Аманжолов

Мен - кеңпейіл, көңілі дархан әрі әлем халқы ержүрек деп таныған қазақ қызымын. Сан ғасыр адамзат баласын бауырына басқан ұлы дала перзенті де мен боламын. Қазақ қызы ретінде өз елімді, өз жерімді ардақ тұтып, мақтан етемін.Тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктерімен және табысты қайта құрылымдалуларымен тамаша жалғастырып келеді. Жарасымды да жасампаз саясаттың нәтижесінде біз әлемдік прогреске қол жеткізіп, айналаға түгел танылдық. Бір ту астына біріккен ел азаматтары егемен Қазақстанның игілігі жолында еңбек табыстары мен алға қойылған мақсаттардың ойдағыдай орындалуына аянбай тер төкті. Мұның барлығына мың мәрте шүкіршілік ете отырып, жаңа заманның жаңа басталғанын да ескеруіміз керек. Сондықтан түгендейтін де, тыңнан іздейтініміз де жетерлік. Сәл ғана өзімізге сын көзбен қарайық. Бабаларымыз арман еткен тәуелсіздікке қалай қол жеткіздік? Сан ғасыр аңсап, армандап қол жеткен тәуелсіздік бұқара халқымыз арасында түгелдей шынайы рухани серпіліс туғыза алып отыр ма? Бүгінгі тәуелсіздігіміз тұғырлы болу үшін алда әлі не істеуіміз қажет?.....
Шығармалар
Толық

Менің болашақ мамандығым

Адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі – болашақ мамандықты таңдау. Бастапқыда, біз бұл таңдаудың зор мәнділігін түсінбейміз, бірақ та, ол тек алдағы оқуымызбен шектелмейді. Өміріміздің бір бөлігі жұмыспен өтеді, сондықтан, таңдаған жұмысымызды біз жақсы көруге тиіспіз. Менің ойымша, егер адам күлімсіреп оянып, алдағы жұмыс күнін асыға күтсе, ол қандай ғажайып, керемет сезімге бөленеді! Әр күн бақытқа толы бола ма, адам жетістікке жете ала ма, мансап сатысымен көтеріле ме, дарындылығымен өзгелерден ерекшелене ме, өз саласының кәсіпқойы бола ала ма, әрі үлгі бола алады ма, осының бәрі дұрыс таңдалған мамандыққа байланысты болады.

Менің жастық шағымнан, бастауыш сыныптарда оқыған кезімнен қалған, аңсап жүрген арманым, ол – мұғалім болу. Мұғалім мамандығына қызығушылықты мен бірінші сыныпта таныттым. Ұстазымның жасаған іс-қимылдарын, айтқан сөздерін қайталап, ол секілді болуға тырыстым. Қыздармен «мектепті» ойнап, өзімді мұғалімнің рөлінде елестеткен кездерім еске түсті. Ал жоғарғы сыныптарда, жаңа мұғалімдермен танысу арқылы бір пәннің өзіме қалай ұнап қалғаны да, есімде жоқ. Бұл пән - математика. Өз математика мұғалімінің қалай сабақ жүргізетінін, қалай бізге жаңа тақырыптарды түсіндіретінін, өз пәнін қалай сүйетінін көріп, осы кісіден үлгі алып, «математика мұғалімі» деген мамандықты таңдадым.

Мұғалім – жер бетіндегі ең маңызды мамандықтардың бірі деп ойлаймын. Себебі, «мектеп – біздің екінші үйіміз» деп текке айтылмаған. Ата-аналар сияқты, мұғалімдер де бізді тәрбиелеп, керек болған кезде көмектесіп, қиын жағдайға тап болғанда, біз үшін алаңдайды. Ал кеңес алу үшін кімге барамыз? Әрине, біреулері ата-анасымен сөйлеседі. Бірақ, ренжіген оқушылардың ең алдымен мұғалімге жүгіріп баратынын бірнеше рет көрген сәттерім бар. .....
Шығармалар
Толық

Әбіш Кекілбаев поэзиясының философиясы

Прозасын оқысаң тарихтың қойнауына кіріп кеткендей боласың, поэзиясын оқысаң өзіңнің ішкі дүниеңмен сырласқандай боласың. Әдебиеттің екі жүгін жығып алмай тең көтеріп, замана көшіне ілестіре білу кез келгеннің қолынан келе бермейтін дүние деп білемін. Бұл тек қана қазақтың Әбішіне тән қасиет болар. Абыз жазушы Әбіш Кекілбаевтың өзі бұл туралы былай деп түйіндейді: “Адамдар мен халықтардың арасындағы жарастыққа қызмет ету – менің сурет­керлік те, азаматтық та парызым.» Сөзінің растығын «Жер - ананың мен сүйікті перзенті...» өлеңімен дәлелдейтіндей.

Жер - ананың мен сүйікті перзенті,
Осалсың деп айта алады маған кім?!

Менің ізім - жердің бүкіл келбеті,
Ажарымын дүниенің, адамымын!

Өкпелетіп көрген емес жер мені,
Жер - ананы өкпелетем неден мен.
Өз қолымнан салынған бар өрнегі,
Жыртығын да жамаймын өз денеммен!.....
Шығармалар
Толық