Шығармалар


Менің туған өлкем

Мен, Байғанина Аружан, Қазақстан Республикасының жас азаматшасы, туған өлкеме деген үлкен құрметпен, асқақтаған патриоттық сезіммен эссе жазғалы отырмын. Осыған түрткі болған еліміз орналасқан Орта Азияның қайталанбас ұлан-ғайыр, ұшы-қиыры жоқ, гүлі құлпырып өскен, ажарлы, көрікті де бай табиғаты. «Қараңызшы, мына Қазақстан даласы қандай адам айтқысыз әсем және бай. Қанша еркіндік, қанша жер. Айтуға ғана оңай... Мұндағы байлық қанша десеңші!» көптеген ақын-жазушылар өзінің бүкіл ғұмырын осы табиғатпен байланыстырып, бар еңбегін де соған арнаған. Сондықтан Орта Азия табиғатының бүкіл сұлулығын қазақ әдебиетінен де көруге болады. Мысалы, қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ойшылы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаев жылдың төрт мезгіліне табиғат лирикасын жазды. Әрқайсысын суреттеп, әр мезгілдің өз ерекшелігін, сұлулығын көрсеткен шебер адам. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Жаз» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әр мезгілінің кескінін аса шеберлікпен суреттегенін көре аласыз. Жаратылыстың ыстық жазын, түсі суық, тұманды күзін немесе бет тістеген аязы мен қарлы боранын өзіңіз көріп тұрғандай боласыз. Менің туған өлкемде Абай жырлаған табиғаттың төрт мезгілі де орын алады.......
Шығармалар
Толық

Фантастикалық әңгіме

Бұл әңгіме он бес жасар Хамит жайлы. Хамит анасының қолында өскен жасөспірім жігіт. Кәрі анасы жұмыс жасауға қауқары жоқ болғандықтан, Хамит анасына қолынан келгенше көмектесуге тырысатын. Хамиттің сырт келбеті пәлендей сымбатты емес, үлкен көкшіл көзді, бұйра шашты, ұзын бойлы. Оның мінезіне келсек көп сөйлемейді, сабырлы, арманшыл болды. Хамит анасымен үлкен үйде тұратын. Екеуі өз күндерін өзі көріп жүрді. Бірақ Хамит ылғи ерекше нәрсені қалайтын. Ол өзі ержетіп қалса да таңғажайып ертегілерге сеніп, әлі күнге дейін «ертегілер әлеміне барсам» деген орындалмас арманмен өмір сүріп келе жатты.

Бір күні Хамит ерекше түс көреді. Түсінде бұл әлемді емес, өзге таңғажайып әлемді көреді. Ол жақта бәрі тыныш, бәрі тату тәтті. Түсінде адамға ұқсас аласа бойлы, қысқа қолды, екі басты беймәлім жануарды көреді. Оны жануар деуге келмес, дегенмен жартылай адам, жартылай жануарға ұқсас. Бұл беймәлім тіршілік иесі жасыл түсті, көңілді, дегенмен көрген жанға қорқынышты. Оны Хамит түсінде көріп қатты қорқады. Ол түсінде:

- Сәлем, Хамит, - дегенде Хамиттің зәресі қалмай, бұл менің есімімді қайдан біледі деген сұрақ маза бермейді. Бұл беймәлім тіршілік иесінің даусы да ерекше. Ол жақын жерде тұрса да, даусы алыстан естілгендей, бірақ құлаққа жағымды.

- Эй, адам баласы менен қорықпа. Менің есімім - Фавлун. Мен ертегілер елінен келдім. Біздің әлем сені таңдады, тек сені. Сендей бала сенің әлеміңде жалғыз. Өйткені сен біздің әлем жайлы бәрін білесің,-деп Фавлун есімді тіршілік иесі күлімсірей, Хамиттің қолына күлгін, сыртында түсініксіз сурет салынған бір жапырақ қағазды ұстатты.......
Шығармалар
Толық

Сен де бір кірпіш дүниеге

Шеберліктің шыңына жете білсеңдер, мамандықтың бәрі жақсы.

Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда» жолдауынан

Тынымсыз да тоқтаусыз тыныс-тіршіліктің текеметтей түрленген табиғатына, талпыныс пен тартыстың тегеурінді таласына, тағдырдың тосын сыйы мен тосыннан тулаған толқынына, тым тереңге тартқан темірқазығы мен теперішіне, «таяқтан» түйсіндіретін тағылымына, тояттамайтын тағаттарына, түңілте жүріп тірілтетініне, тар жол, тайғақ кешуінен өткізетіндігіне бірден бір себеп-таңдау.

Адам баласы дүниеге келіп, есін біліп, қоғамның жеке тұлғасына айналғаннан бастап ерте ме, кеш пе, жақсы ма, жаман ба, әйтеуір, оған таңдау жасауға тура келеді. Жеке өмірінің, карьерасының, азаматтық көзқарасының, ой-санасының, жалпы айтқанда, «мен қалай өмір сүруім керек?» деген сұрақ негізіндегі өре деңгейінің жауаптарды іс жүзінде әрекетке бастап, қалыптастыратын күші-осы таңдау. Жаңа да жасампаз, адам капиталы ерекше маңызға ие болған бүгінгі заманда бай да бақуатты, бақытты өмірдің негізі-адамның миында, ақыл-ойында, жаңашылдығы мен жеке бас қасиеттерінің артықшылығында, өзіндік «мені» мен даму жолын қалыптастыруында. Ең бастысы, осы айтылғандарды ортақ іске жұмылдырып, жүйелейтін механизм- еңбекқорлығында. Себебі, жетістіктің бір пайызы Микеланджелодан, тоқсан тоғыз пайызы еңбектен тұрады. Әлемдік тәжірибе-бұған дәлел. Міне, осындай таңдаулардың ішінде ең маңызды таңдаудың бірі-мамандық таңдау. Біреулер еріксіз таңдар, біреулер сүйіп таңдар, ол-маңызды емес, маңыздысы-мамандыққа деген махаббаттың бумеранг ережесіне бағынатындығында. Сондықтан оны таңдауда сенімді, ерікті болған дұрыс.......
Шығармалар
Толық

Қазаққа керек білім

Айтпаса сөздің атасы өледі. Тарих десе емешегі езіліп, іші жыли қоятындар көп емес. Қазірде қазақша бизнесті дәріптейтін біраз кітаптар жарық көрген оған сұраныста жоқ емес. Байысын, өссін, көрсін, қазақтың әр азаматы байыса олда бір қуаныш. Күн көргеннің күні ашық. Енді осы бизнес кітаптарын жарнамалап жүрген ағалар кішкене тарихи, әдеби кітаптарды да жарнамаласа. Бизнес кітаптарын қарамасамда ондағы жазылғандар бесенеден белгілі сияқты: қайтсем өсем, қалай бай болам, қалай жетем дегенді үйрететіндей көрінеді. Ол тек жеке бастың дамуы болып қалатындай. Ал тарихымызды, сал-дәстүрімізбен ата жолын дәріптеген кітаптар қайда қалды? Тек жеке бастың емес ұлттың, елдің мүддесін ойлайтын, рухани-адами құндылықтарды санасына сіңдіретін, ертеңгі елдің еңсесі биік, текті болып өсуі үшін тарихи әдеби кітаптардың орасан орны бар. Кешегі өткен текті тұлғаларды, олардың елі үшін жасаған ерен еңбегін, қайтсем Қазаққа пайдам тиеді, қайткенде асығы алшысынан түседі деп тек жеке басын емес елін-жұртын, халқын ойлаған бабаларымызды тек сол кітап арқылы танимыз. Қазірде Қабанбай мен Бөгенбайды танымайтын баланың бәрі Супермэн, Бэтменға еліктеп өсуі де рухани шөлдеген ұрпақтың көрінісі. Бір мемлекеттің астанасы Ташкент кешегіге дейін Қазақтыңкі болған десе сенбейтінде шығар қазіргі жастар. Пейіліне қарай патшасы, рухани құндылықтан айырылмасақ Құдай бізге береді несібені. Сол рухани құндылық- білімде ол үшін оқу керек. Санасы бар әр пенде өз тарихын білуге міндетті.

Өз жыртығымызды өзіміз жамамасақ
Өз жоғымызды өзіміз жоқтамасақ ешкімнің қазаққа жаны ашымайды

Қазаққа бұл күнде әнші- биші, әртістің керегі жоқ қазаққа білім керек- ілім керек, ғылым керек- ғалым керек, қазаққа қазір рухани құндылық керек, #құран керек.....
Шығармалар
Толық

Туған өлкем – тұнған шежіре

Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

Ө. Тұрманжанов

«Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін?» – деп Ж.Аймауытов айтқандай, мен осы уақытқа дейін туған өлкемнен алыс кетіп, сағыныш сезімін басымнан кешіріп көрмеппін. Бірақ туған жеріме деген мақтаныш сезімім ерекше. Сол сезімнің жетегіне ере отырып, ұлттық-рухани тамырыма нәр берген туған өлкем Хромтау туралы сыр шертейін.

Біріншіден, жер қойнауы хром мен мысқа, мырыш пен никельге, қоңыр көмір мен басқа да қазба байлықтарға өте бай. Бүгінгі күні еліміз үшін аса маңызды үш ірі өндіріс орны – «Дөң» кен байыту комбинаты, «Восход-Ориел» ЖШС және «Ақтөбе мыс компаниясы» АҚ жұмыс жасайды. Жері ырысты Хромтау – астықты өңір. Егер біздің өңірге жолыңыз түссе, көктемнен күзге дейінгі дала бояуының сан түрге өзгергенін көріп, тұрғылықты халықтың ерен еңбегі мен ырысты несібесінің куәсі боласыз......
Шығармалар
Толық

Қазақ-қызымен қазақ

Қазақ қызы -
Қазақтың мақтанышы
Ерлігіне ескерткіш қойылмаған
К.Ахметова

Табиғат сүтін сан ғасыр бойы арда еміп, бұлықсып ерке өскен қазақ халқының «Қызға қырық үйден тыйым» деп қыз баласының болашағы мен тәлім-тәрбиесіне ерекше мән бергені әлімсақтан аян. Сөз жақсысын келістірген хакім Абай:

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін,-деп өлеңіне өрнек еткен қазақ қызы - иба мен инабатты, сұлу сымбатты бір бойына жинаған көркем жаратылыс. Қайран, қазақтың қыздары –ай... Осылай деуімнің себебі жоқ емес. Нәубетті тарих көшінің сахнасында қыз мұңлықтың тағдыры талай таразыға түсті. Қазақ әйелі, қазақ қызы биязы мінезі, ашық көңілі, жоғары парасат-пайымымен халқымыздың даналығын танытқан ұлт айнасы десек асыра айтпағанымыз. Теңіздей терең түсінігі, ділмәр шешендігі, төл дәстүрлеріміздің қаймағын бұзбай сақтаған беріктігімен Құнанбай, Абайдай алыптарды тәрбиелеген Зере, елім деп еміренген батыр Бауыржанды үш жасынан бауырына салған Қызтумас, Шоқандай шоқжұлдызды өсиет әңгіме, ойлы ертегілерімен білімге, адамгершілікке баулып, жетілдірген Айғаным,аналық мейірімі, айтар сөзі ақиқатқа айналған болжампаздығымен ұрпағының ұранына айналған Домалақ анадай ел аналары бұл сөзіме дәлел.
Шығармалар
Толық

Менің педагогикалық ұстанымым

Бала бойында білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға - ұстаз. Адам жанын нұрландырар ұғымының ұлысы – ұстаз. Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай, «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар- біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға.

Ұстаздық ұлы қасиет. Ұстаз – білім нәрімен сусындаған жан. Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы- мұғалім. Білімді, тәртіпті, тәрбиелі, инабатты,жаны таза рухы биік, Отаншыл адамды, тұлғаны қалыптастырып, баптайтын адамның өзі де қандай болуы керек, ол кім? Әрине, ол «ұлы» деген сөзбен тіркесіп келетін ұстаз, мұғалім. Елбасымыз Назарбаев Н.Ә «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» -деп атап көрсеткендей, ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» - деп атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру- ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Сондықтан біздер ұстаздар, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек.

Мамандықтың бәрі жақсы десек те, ұстаз орны ерекше. Әрине, бәрі емес, бала жанымен біте қайнасқандары ғана. Ұстаздықты бар ұлағаттың басы деп білетіндердің ғана орны – мектеп.
Шығармалар
Толық

Мектеп кітапханашысы – ақпараттық бапкер

Кітапхана – баспа туындылары мен басқа да ақпарат көздерін қоғамдық пайдалану жолын ұйымдастыратын мәдени-ағарту ақпарат мекемесі. Мектеп кітапханалары – мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыратын орын.

Кітапханашы – көп салалы еңбек адамы. Кітапханашының жұмыс жоспары адамдармен қарым- қатынас түрі болып табылады. Кітапханашылар әрбір оқушының талабын ескеріп, жан-жақты дамуын ұйымдастырушы бірден-бір тұлға. Кітапханашы оқырманның тек кітапты алуына көмектесіп қана қоймай, сол кітапты насихаттау жұмысын да қоса міндетіне алады.

Кітапхана оқырманы –ол белгіленген құжаттарды ресми тіркеу негізінде кітапхананы пайдаланатын адам. Кітапхананың негізгі жұмысы оқырмандармен байланысты. Сондықтан оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру дегеніміздің өзі –кітапхананың кітап қорының дұрыс орналасуы, каталог, картотеканың алфавитті дұрыс орналасуы. Кітап көрмелерінің дұрыс орналасуы. Мектептегі кітапханашы маман жұмыстың күрделігіне қарамастан біліктілік деңгейімен қоса, тәжірибесін де дамытып отыруы қажет. Кітапханалық қызмет көрсету көпшілік кітапханаларға қарағанда, мектеп кітапханаларында жалғыз кітапханашы маманның қолында. Ол мектепте кітапханашы мамандығымен қоса, психолог, оқытушы, тәрбиеші, маркетолог, менеджмент, бағдарламашы сынды түрлі мамандық иелері жұмыстарын қоса атқара білуі қажет. Сонымен қатар, жаңартылған білім беру жүйесі бойынша да бағдарлама негізін мұғалімдермен бірдей біле отырып, оқушылардың қабілет-дарынын одан әрі жетілдіруге үлес қоса білуі қажет. ......
Шығармалар
Толық

Тіл - елдігіміздің іргетасы

«Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!» - деп жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлі айтқандай, мемлекеттік тілімізді, сонымен қатар, өзге тілдерді үйренуге, білуге талпынуымыз тиіс. Қазақ тілі ғайыптан пайда болған жоқ.Оның да шығу тегі бар. Қазақ тілі «түркі тілдері» деп аталатын үлкен тілдердің тармағы. Әр адам өз ана тілін білуге міндетті. Сол арқылы мемлекеттің тұтастығын, бірлігін, ынтымағын қамтамасыз етуі керек. Тіл мен дінді өрістетуде халық тартынып қалмауы тиіс. Өйткені, тіл - ұлттық қазына, ұлттық мұра. 1913 жылы жүрегі «елім» деп соққан патриот ақын Мағжан Жұмабаев:

«Жарық көрмей жатсаң да ұзақ кен тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа,

Ақ қолыңмен тарта аласың сен, тілім!» -деген болатын. Шынымен, қазақ тілі жарық көрмей қараңғыда ұзақ жатты. Сөйтсе де, қазақ тілі таза әрі өткір болған. Сонау жылдары ұмыт қалған елді тек тілдің құдіреті арқылы қайтара алдық......
Шығармалар
Толық

Ауылдан алған аруым

Армысыздар ардақты ағайындар, арыстандай айбарлы ағалар, арманшыл адамдар!

Ата –анамның алтыдан асқанда айттырған Алматының алыс ауылындағы, адал аруды алуға адыраспанмен аластап аттандырғанын, ақыры аңызға айналған, аңызымды алдарыңызға арнаймын. Алдарыңызда абыржып атымды айтпаппын. Атым-Асыл. Айтқанымды аптықпай, алаңдамай, асықпай, айғайламай, асқазанды ашықтырмай, ауызды ашпай ақылға алыңыздар. Аруды алуды алғашында айлап армандадым. Ақыры Алматының алыс ауылындағы ақбасты алпыс-алтыдағы алпауыттай, Ақсақал Асқар атаның ажарлы Айманын алмаққа, ауылым Ақ Алатаудай-Алтайдан ат алып,арылтып, арбаланып, арқаланып аттандым. Айтпақшы, арзандатып алтын алқада алдық. Алқаны алуға Алматыны адам айтқысыздай, армансыз араладық. Ақшамның аздығынан, айдай алтын алқа ала алмадым. Ақысына, айламды асырып ата-анама, ауылдан алты алқа алатын ақшаға, айтқанымнан айнымай, алдыртып алдым. А, айтқандай Абайдан асып, ақындарша арнаған арнауымды айтпадым гой. Аяғым Алматыдан асып ауылға аттады. Ауылдың ап-ашық аспанын, ауасын аңсағаным-ай. Аңшылары аң аулауға асығуда. Асқар Ақсақалмен амандасып алып, айналамдағы алпыстан аса аталарыммен ақырындап амандастым.Ауылдың, ата-анамның амандығын ашып айттым. Атаған атымның ауыздығын алдық.Алдымда ақсақал ағынан ашылып, астымда-ақ алаша, алдыма асылған- ас алдыртып, аузыма асатты. Асығыспын! Асқар Ақсақалға ауылға алтыда Айманды алып, автобуспен аттанатынымды, анда аңқылдаған ауылдастарым асыға- аулаға ас асып, абырлап алаңдауда. Алыстағы алты аяқты арбаның алдында, ауылдың арасында, айтта- ауылдың алты ауызын айтпаса алаңсыз ашуға алынатын аспазшы алғыр Ақжарқын апай, Айманға алыстан айғайлап, ауыл-аймаққа асығыс аттанатынымызды айтты. Айман асығып, арпалысып, аяғы-аяғына айқасып, алдымнан алды ашылып, атылып, асылып алды.....
Шығармалар
Толық