Мәтіндер

Жинақта қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тыңдалым және оқылымға арналған мәтіндер ұсынылған. Мәтіндер орта білім берудің барлық деңгейлерінің оқу бағдарламалары негізінде құрастылған. Жинақ тілдік пәндердің мұғалімдері мен әдіскерлеріне арналған.

Радиотехника

Радиотехника – радио диапазонындағы электромагниттік тербелістер мен толқындар арқылы генерациялау және күшейту, тарату, қабылдау тәсілдері мен оларды пайдалану мәселелерін зерттейтін ғылым. Электромагниттік тербелістер мен радио диапазонындағы толқындарды радиобайланыста, телевизацияда, радиолокация мен радионавигацияда, ондай-ақ технологиялық процестерді бақылау және басқаруда, тағы да басқа ғылыми-зерттеулерде пайдаланатын технология саласы да радиотехника деп аталады. Радио диапазонына толқын ұзындығы ондаған км-ден мм-дің ондаған бөліктеріне дейін электромагниттік толқындар жатады.

Мәтіндер
Толық

Авиация тарихы

Авиация – Жер маңайындағы әуе кеңістігінде ауадан ауыр аппараттармен (мысалы, ұшақ, тікұшақ т.б.) ұшуды білдіретін ұғым. Ол француздың avіatіon сөзінен шыққан, ал оның түп тамыры латынша avіs – құс дегенді білдіреді. Осы аппараттардың ұшуын қамтамасыз ететін қызметтер жүйесі де авиация құрамына енеді. Авиация азаматтық және әскери болып екіге бөлінеді: Азаматтық авиацияға көліктік, санитарлық, оқу-жаттығулық, арнайы мақсатқа арналған (мысалы, ауыл шаруашылығында, аэрофототүсірім, байланыс, геологиялық барлау, балық аулау кәсібін барлау үшін т.б.) ұшу аппараттары, ал әскери авиацияға әскери әуе күштері, теңіздік, армиялық, әуе шабуылынан қорғануға арналған ұшу аппараттары жатады. Адамның аспанға ұшу жөніндегі арманы ерте заманнан басталған. Тасқа салынған қанатты адамдардың суреттері соның дәлелі болып табылады. Дүние жүзіндегі көптеген халықтардың ертегілері мен аңыздарында аспанға ұшу жөніндегі адам арманы айтылады. «Ұшар ханның баласы» атты қазақ ертегісіндегі аспанға ұшу өнері, кілеммен ұшу – соның айғағы.

Мәтіндер
Толық