Эсселер


Өлке тарихының батырлық белестері

Қазақ батырларының жеңісі ұлтымыздың жадында мәңгі болмақ. Соғысқа қатысушылардың ерлігі еш ұмытылмас. Соғыс-атауы құлаққа жағымсыз,асты қайғы-қасіретке толы қаралы, үрейлі сөз. Осы айқаста жауды жеңу үшін барын аямай, жеңісті жақындату жолында қаза болғандар да жоқ емес. Аспан әрдайым ашық болу үшін барлық күштерін сарп еткен батырларға мың алғыс.

Менің ойымша, осы бүгінгі ашық аспанымызға жетуге дейінгі соғыстарды екіге бөлуге болады. Бірі, атты әскерлермен қара қанға батқан Қанжығалы батыр, Қарабай батыр, Наурызбай батыр, Райымбек батырларымыз әскерлерімен болған қорқынышты соғыстар. Аталып өткен қолбасшылар әрі шешен, әрі батыр, қолбасшы және жоңғар басқыншыларынан азат ету жолындағы азаттық күресетін аса көрнекті ұйымдастырушылар. Атты әскердің қолбасшылары осындай батыл болғаны, әскерінің де мықты және аянбай шайқасатын, ержүрек батырлар екенін мәлімдейді. Екіншісі, 20 ғасырда болған Ұлы отан соғысындағы қазақ батырларының фашистермен шайқасында өз үлесін қосуы болмақ. Бұл соғыста фашистердің аңсап келген арманына 4 жыл ішінде батырларымыз қажымас ерліктерімен тосқауыл берді.

«Шөлде суыңды сақта,Соғыста туыңды сақта» деген уәждемемен өздерінің алдына мақсат қойып, ешқандай тосқауыл оларға төтеп бере алмаған, ержүрек соғыс қатысушылар-көк аспанымыздың айнасы деуге болады.

Бауыржан Момышұлының «Жауынгер тұлғасы» атты шығармасындағы бейнелер әлі есімде. «Жауынгер тұлғасы» әңгімесінде автор қазақтың «Білекті бірді, айлалы мыңды жығады»мақалының кұдірет-күшіне тамсанған. Осы әңгімеде Мұхаметқұл Исламқұлов әлі де жас болғанына қарамастан еліне қызмет еткісі келді, әрине, ол басында уайымдады, қорықты, бірақта оны алға қарай тартқан мақсат! Шығарманың шарықтау шегі кезінде осы жас жауынгердің қарамағына одан жасы үлкен ағаларын жіберген кезде, олар жас балаға бағынғысы келмегенін көре аламыз. Сол кезде ақын, әрі батыр Бауыржан Момышұлы ағамыз.....
Эсселер
Толық

Сен туралы айтпауға хақым бар ма?

Туған жер деген кезде көз алдыма ең бірінші туған өлкем "Қайыңды" елес береді. Асқар тау, жасыл орман, мөлдір бұлақсыз-ақ осы бір ауыл сәл жырақтасам өзіне тартып, сағындырып тұрады. Туған жер әр тасымен де, тамшы суымен де, күн қақтаған топырағымен де ыстық болатыны да содан болар?! Балалық шақтың бал күні өткен, тәтті күндердің естеліктері сақталған, арманымның асқар шыңына қадам бастаған ауыл ыстық болмаған да ше?
Мұхит та емес, теңіз де емес, көл де емес
Ойыл-өзен!
Терең де емес, енді емес,
Көктем келіп, мұз жарылып жатқанда,
Сол бір кезден көз алдыма келді елес-деп, осы ауылдың түлегі, ақын Ертай Ашықбаевтың жырына арқау болған Ойыл өзенінің оң жақ бүйірінде орналасқан, қырға шықсаң шашыраңқы орналасқан жүз үйдің арқа-жоңы анық көрінетін ауыл, сол – Қайыңды. Біздің Қайыңды! Менің Қайыңдым! Менің жұмақ мекенім...

Жүйіткіп өткен жүрдек пойыздай зымырап өте шыққан алаңсыз балалық шағым осы ауылдың шаңы бұрқыраған көшелерімен, есіп аққан толқыны бұйра-бұйра Ойыл өзенінің жағасында өтті. Аспанмен таласар биік-биік таулары болмаса да, арқасын қыста қар жауып әсемдейтін, баурайы көктемде қызылды-сарылы әсем гүлге оранып тәтті иіс сыйлайтын, жазда күн қақтайтын қыраттары мен үшін әсте асқар таудан кем емес. Асық атып, асыр салып жүріп-ақ осы ауылға ғашық болғам. Бетімнен сүйіп өткен самалы желіне, даланың жұпарын аңқытқан ақ жауынына ғашық болғам. Жаздың аптаған ыстығын, қыстың сұрапыл боранын елемей, жазы бауға, қысы тауға жетелеген ауыл маған асқақ арман, шым шабыт, қайтпайтын қайрат сыйлады. .....
Эсселер
Толық

Ел болам десең

«Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса,ел болғаның қайсы?» деп қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов айтып өткендей біз өзімізден үлкендерден үлгі-өнеге алып,ал кішілерге тәрбиелік қағидаларды көрсетеміз. Дүние есігін ашқаннан бастап ана сүтінен нәр алып,әке өнегесін тыңдап,тал бесіктен бойымызға нағыз тәрбие жиямыз. «Отан отбасыдан басталады» демекші, отбасының әр адам өмірінде алар орны бөлек деп ойлаймын.Әрине,тек отбасы емес, дос-жаран мен ұстаздардың да атқарар рөлі зор.Мектепке барған кезде де өзімізге керек мәліметті жинап,болашағымызды ойлауымыз қажет.Себебі,он бір жыл көзді ашып жұмғанша өте шығады екен.Осы уақыт ішінде сабақты жақсы оқумен қатар,достарымыздың арасында да сыйлы бола білу қажет деген ойдамын.Дос арасында сыйлы болу-жаман қылықтармен алда болу емес,керісінше ақылдылықпен,жақсы мінезбен,қайырымдылықпен өмір сүре білу.Дегенмен,қазіргі жаман әдетке салынып,болашағын ойламайтын жастардың әрекетін көргенде ішім ашиды.Біз жастар қазірден,тіпті,бала кезден ел үшін қандай іс жасай аламын,қалайша ата-анамның абыройын асқақтатамын деген сұрақтарды миымызда қорыта білуіміз керек деп есептеймін.Себебі, туып-өскен жеріміз бен мәпелеп өсірген ата-анамыздың орны бәрінен жоғары тұрады.Қандай жағдай болмасын ұлтымызды жоғалтып алмауымыз керек.

Әр баланың өміріндегі ең маңызды жан-ата-ана.Біздің мінезіміз бен қылықтарымыздың басым бөлігі сол кісілерге ұқсайды.Өзіміз байқамасақ та,біз көп жағдайда ата-анадан көрген іс-әрекеттерімізді қайталап жататын секілдіміз.Сондықтан отбасы құру,отбасындағы бала тәрбиесі жөніндегі проблемалар әрдайым өзекті деп ойлаймын.Қазіргі таңда байлық,атақ-абырой сияқты түкке тұрғысыз заттарға ғана қарап отбасы құрып жатқан жастар бары рас.Ал адам байлықтан да жалығатын күн жетеді.Дегенмен отбасы құрған адамның ойы жан-жарымен самай шашы ағарғанша бір болып, қиындыққа мойымай, саналы ұрпақ тәрбиелеу болады деп ойлаймын.Өкінішке орай жастардың ойы адами қасиеттерге жетпек түгілі, көк қағаздан әрі асатын түрі жоқ.Ал бұның арты әрине жастардың ажырасуымен аяқталады.Ал ортадағы баланың жағдайы тіптен қиын деп ойлаймын.Менің ойымша баланы бір адам тәрбиелеген жеткіліксіз.Бала отбасында кімнің қандай рөл атқаратынын,қандай міндеттері бар екендігін фильмдер мен кітаптардан ғана емес, өмірде де көруге құқылы......
Эсселер
Толық

Ұстаз болу - жүректің батырлығы

Ұстаз - Қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақта еңбек ет­іп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұс­тазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға болады. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен диқаншы.

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы - жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - мұғалім. Ұлы ағартушы Ыбырай
Алтынсариннің «Мұғалім – мектептің жүрегі» деген даналық ойлары осы бір
ұлы мамандықты игерген әрбір ұстазға арналады. Ұстаз - таудан арқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз - Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн - Ана. .....
Эсселер
Толық

Мен баламын болашаққа құмар болған

Иә, "болашақ, ертең" деген сөздерді естігенде, әрбір адам толқитыны шындық. Сол сияқты менің де бала жүрегім бұл сөздерді естігенде тебіренері рас. Болашақ, ертеңгі күн... Алдымызда қандай күндер күтіп тұрғанын ешкім де білмейді. Ол тек болашақтың қолында. "Мені қандай жұмбақ күндер күтіп тұр екен? Мен болашағымды қалай елестетемін? Болашақ деген не? Ертеңгі күні мен еліме қандай игі жақсылықтарымды тигізе аламын?" деген сан түрлі сұрақтар мені мазалайды.

Әрине, еліміздің біртуар ақын-жазушылары "болашақ" туралы тақырыпта қалам тербемегені кемде-кем.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Тетігін тап та бар қалан - , деген

ұлы ақын, ойшыл Абай атамыздың осы өлеңінің мән-мағынасы, ойы тереңде жатыр. Хәкім Абай атамыз "сен де осы өмірдің бір кірпіші болып қалан" деп жырлайды. Бұл жерде ол жастарға. болашаққа деген сенімін өлеңдеткен Мағжан Жұмабаев атамызбен үндеседі.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Қырандай күшті қанатты,.....
Эсселер
Толық

Мұқағали ағаға хат

Мұқағали аға, сіз ғасырда бір туатын үлкен қанаты бар, адамның көзі талатын биікте ғана самғайтын алып құс сияқтысыз. Қазақ жырындағы асыл да асқақ рух, астарлы да аңсарлы, аяулы да абыройлы асыл сөз, шабытыңа шабыт қосып отырар төгілмелі де төкпелі қуатты құдірет, елде жоқ орасан екпін сізде бар.

Сіздің өнеріңіз ұдайы заңғар биіктерде самғайттырып, алға жетелейді де тұрады. Сіздің ақын ретіндегі ең негізгі, ең басты қару-құралыңыз да осылар. Бұл да болса өзіңнен ешкім озбайтын, уақытпен бірге күйреп барып тозбайтын туындылар берген хас шебердің өзі сізге ғана тән, сіздің ғана маңдайыңызға бұйырар өлшеусіз сыбаға......
Эсселер
Толық

Адамгершілік - асыл қасиет

Адамгершілік - адам бойындағы құнды, ең асыл қасиет. "Кісілік", "Ізгілік", "Имандылық" сияқты ұғымдармен мәндес. Бұл сөздерді естігенде көз алдымызға қиналғанда қол ұшын беріп, көмегін аямайтын, жанаршылық танытатын жақсы жандар бірден елестей кетері рас. Бұл қасиеттер арқылы біз мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйренеміз. Қазіргі қоғамда да шалынғанды демейтін, адами қасиеттері бойына сіңген адамдар жоқ емес. Ал мен солардың ішінде жақсы адам деп кімдерді айта аламын?

Жақсылық күн секілді, кейде бұлт астына жоғалып, кейде сәулесін мол шашып, нұрын төгеді. Осындай әрдайым жарық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын жақсы адамдар менің де жанымда жетерлік. Олардың бірі менің өмірімнен өз орнын ойып тұрып алатын - әжем. Әжемнің жүрегі үлкен, терең. Онда жамандықтың ізі де жоқ. Тек жақсылық атаулыға тұнып тұр. Әжеме қарап, жақсылығы үшін масаттанам. Ол рухы мықты, жігерлі жан.....
Эсселер
Толық

Хакім Абай

Даналық,ақындық,шеберлік деген ұғымдарды естісем,көз алдыма Абай деген ұлы тұлға келе қалады.Талантымен талайды таңқалдырған тарланым-Абайым...Осынша мақтауға,осынша мадаққа ие болған қасиетті қаламгерім сіздей болу - мен үшін ең биік арман.Әр түрлі ғылымыды меңгеріп, «Хакім Абай» атанған ,поэзияда,музыкада өшпес-өлмес шығармалар қалдырған данышпан да бір өзіңіз...Қазақ елінің мәдениеті мен әдебиетін қалыптастыруда ойып тұрып орын алатын өзіндік асыл тұлғамыз – сіз.Сізді білмейтін адам кемде – кем болар.Шынайы жүрегіңізден шыққан ,бояуы қанық туындыларыңыз оқырманның жүрегінің төрінен орын тапқан.Шығармаларын оқыған кезде ой теңізінде жүргендей шабыттана жүзіп ,құстай қалықтап ұшырып әкететіні өз алдына бір бөлек.Сыншылдық пен шыншылдықты кейінгі ұрпаққа қалай әсерлі етіп дәріптеген .Хакім Абайдың толғамаған,жырламаған тақырыбы жоқ шығар,бәлкім...Мұхтар ағамыздың «Хакім Абай» туралы айтқан «қазақтың бас ақыны» деген қанатты сөзіне қосылмай болмайды.Кейінгілерге бас бола білген,қаламын сілтеп,ақындықтың атына мінген өршіл ұрпаққа жол көрсеткен Абайым,әр ісіңе тәнтімін......
Эсселер
Толық

Кітап - сарқылмас асыл қазына

Кітап! Бұл сөз әр адам баласына таныс. Кейбір жандар үшін баға жетпес оқу құралы болса. кейбір жандарға жұмбақ әлем болсып қала бермек. Кітаптың құдіретін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сол құдіретті кітаптың бізге тигізер пайдасы өте мол. Себебі кітап оқырманның ойлау қабілетін жақсартып,оның сөздік қорын молайтып,жан дүниесін рухани байытады. Кітапты оқитын оқырман сол сәттен ақ жан дүниесі керемет сезім баурап. Сол кітаптағы болып жатқан оқиғаның ішіне еніп кеткендей болады. Кейіпкермен мұнайып,күліп,ойнап керемет сәттер қалдырса,ал сол кітаптағы әр түрлі ситуациядан автормен қоса өмірде де шығуға оны қайталамауға тырысады.

Кітап-таңғажайып әлем іспеттес. Бұл әлемде сен өзіңе керекті дүниелерді алып қана қоймай,сол әлемде болған қателіктерді шынайы өмірде жібермеуге күресесін.

«Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы» деген екен дана халқымыз. Бүгінде бұл сөздердің мағынасы әлі де жойылған емес. Себебі кітап арқылы біз жастар білім алсақ, сол білім арқылы өміріміздің соңына дейін нәр аламыз.

Қазіргі заманның талабы өте өзгеше. Өткені біздің қазіргі мақсатымыз 30 озық елдің қатарына кіру. Ал осы алып мемлекеттердің арасында жырқырап тұру үшін аянбай еңбек етіп,білім жолында тер төгуіміз керек. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «ХХІ ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі - кітапта» деген болатын. Бұл сөздер бекер айтылмаған. Себебі кітап-озық елдің қатарына кірудін басты кілті деп ойлаймын......
Эсселер
Толық

Менің сүйікті жазушым

Бердібек Соқпақбаев-белгілі балалар əдебиетінің көрнекті жазушысы.Оның шығармалары бүкіл елге əйгілі,көп тілдерге аударылған.Ол біздің жақсы көретін "Балдырған" журналында қызмет атқарған.Оның балалар өміріне арналған қызықты шығармаларын оқи отырып, əр кезде өзімнің таңданысымды жасыра алмаймын. Жазушының балалық шағы өте қиын жағдайда өткен. Ата-анасынан ерте айырылып, кісілердің қолында жүрген. Сондықтан болар,ол шығармаларында өзі сезіне алмаған балалықтың бал дəмін өте шебер бейнелейді.

Ол Отан соғысы жылдарында Ф30 мектебінде оқыған, Кеңес армиясы қатарында еңбек еткен,содан кейін ауылда мұғалім болған, Қазақ педагогика институтының филология факультетін бітірген.Жазушының "Балалық шаққа саяхат" деген повесі - өмірбаяндық туынды.Ол балалық шақта басынан кешкендерін Бектас бейнесі арқылы елестетеді.

Шығарманың кейіпкерлері жетімдік пен жоқшылық қасіретін көп көрсе де, онысына мойымайтын, қажырлы да өжет. .....
Эсселер
Толық