Эсселер


Елбасы - қазақ халқының мақтанышы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - қазақтың бүгінін бүтіндеп, ертеңін ойлап, егемендіктің тұғырын нықтап жүрген адам, Қазақстан Республикасының тарихындағы тұңғыш президент.

Алла тағала әр халыққа сол халықтың қамын ойлайтын дара тұлғалар береді. Біздің тұңғыш президентіміз жоқтан бар жасаған Ел басы. Қиналса да өзінің пайымы мен парасатының салиқалы саясатының, көрегендігінің арқасында Қазақстан Республикасын дүние жүзіне танытты. Егеменді елдің тізгіні мен шылбырын қатар ұстаған күннен бастап талай қиындықтарды артқа тастап, қазақ деген халықтың ұлы көшін бастап, ұлттың ұлылығын сақтап, дарыны мен даналығының арқасында дүние жүзі таныған қазақ деген халықтың тұңғыш президенті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қандай іс бастаса да санасында салиқалы ой, жүрегінде батыл шешім, тереңнен ойлап, тебіренетін - Ел басы. 1990 жылдың 24 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасында көптеген өзгерістер орын алды. Елбасы жаңа реформалар енгізіп, халық арасындағы қиыншылықтарды шешу үшін әрекет етті. Қазақстандағы тұрып қалған өнеркәсіптерді, зауыттар мен түрлі өндіріс орындарын іске қосты. Ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіріп, Астана қаласын салды. Қазақстан Республикасына тəуелсіздік таңында кейіннен реформалар жасап, елімізді əлемдік аренада лайықты танытатын жоғары білікті кадрлар талап етілді. Сол себепті 1993 жылдың 5 қарашасында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қаулысымен "Болашақ" бағдарламасы құрылды. Посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттер тарихында алғаш рет талантты жастарға шетелде білімалу мүмкіндігі берілді. «Болашақ» стипендиясы түлектердің табысты мансаптық өсуі мен кəсіптік өзін-өзі жүзеге асыруының өзіндік кепіліне айналды. Сонымен қатар, Елбасы елдің болашағы - жастар деп, жастарға сенім білдіріп, оларға мемлекеттік жұмыстарды сеніп тапсырып, үнемі олармен кездесіп, пікірлесіп, ақыл-кеңесін айтып отыруға уақыт табуының өзі - кемеңгерлік, көрегендік.......
Эсселер
Толық

Өмір жайлы бір үзік сыр

Өмір – адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осы сөздің астарында үлкен мағына, терең сыр жатыр.

Өмірдің мәні жайлы әркім әр қилы ойлайды. Мен үшін өмірдің мәні - осы бізге берілген сыйды бағалай білу, аялай білу, ардақтай білу.Өмірдің мәні адалдық, адамдықта.Бір күндік өмірдің мәні болмайды.Мен әр кеш сайын өзімнің өткен бір күніме талдау жасап, саралаймын.Дұрыс емес жерлерімді түзеп, келесі күні ол қателіктерімді қайталамауға тырысамын.Бастысы, сол қателікті уақытында біліп отыру керек деп ойлаймын.

Кей кездері біреулерді өсектеп, я болмаса кей өсектерге сеніп жатамыз.Оның шын не өтірік екенін саралап бас ауыртпаймыз.Ал өзге емес, өзімізге бір рет болса да сыни көзбен қарасақ, өмір анағұрлым мәнді де мағыналы болар ма еді деп ойлаймын.

Өмір – сырға толы қызық әлем. Жүрекке бірде қуаныш сыйлап, шаттандырса, бірде еріксіз мұңға бөлейді.Өмір – ғажап, өмір – тәтті! Өмір сұлулық пен үйлесімділікті талап етеді, адам мен адамгершілікті қалайды.Бірақ біз осы жалған дүниенің қадірін білеміз бе? Қайталанып келмейтін, Алланың берген сыйын адамгершілік, имандылықпен неге өткізбеске? Ғажайып өмірді адамдардың неге жақсы көрмейтініне таң қаламын.Айналадағы адамдарға қарасақ, бәрінің өз өмірі, тірлігі бар.Біреуі қиналады, біреуі қуанады, біреуі дүниеге келіп жатса, енді біреуі қабірде жатады.Кейбір адамдар осының бәрін біле тұра, Алланың сынағына шыдамай, «Мен шаршадым, өмір сүргім келмейді» дейді.Қандай жағдай болмасын ақыл-ойымызбен, сабырлылығымызбен жеңе білуіміз керек.Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен,сәтсіздіктен, қайғы мен қуаныштан құралады.Міне, өмірдің өзі біле білсек, сонысымен қымбат.Өмірде бәрі өткінші.......
Эсселер
Толық

Жемқорлықпен күрес

Жемқорлық қазақтың жалпақ жерін жайпап келеді. «Жемқорлықпен күресеміз» дегендердің өзі жемқорлар қатарынан екені баршамызға мәлім. XXI ғасырда ақшаның мерейі барынша үстем болып отыр. Бір жапырақ қағазға адамдар неге мұнша құнықты екен? Ақша күрмеуі мол көп мәселені шешуге қауқарлы.

Жоғары лауазымды тұлғалар ақшаны оңды-солды шашып, мемлекетке сатқындық жасап отыр. Тамырын тереңге жіберген жемқорлықты түбірімен жою оңай болмай тұр. Тәрбие отбасынан басталады. Ата-анасының өз шаруасын пара беру арқылы шешіп отырғанын көріп өскен бала, ата-анасынан көргенін дұрыс деп түсініп, оны қалыпты жағдай деп қабылдауға үйренеді. Есейгенде ол бала қай жолды таңдауы мүмкін? Қалтасының қамын ойлайтын шенеунік бола ма, әлде тәуелсіз еліміздің қамын ойлайтын азамат бола ма? «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп, қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қайсар халықтың ұрпағы бүгінгі таңда әділдіктің не екенін ұмыта бастады-ау, шамасы. Қатаң шара қолданып, анық қолға алатын болсақ, жемқорлықты жоюға болады. Жемқорлыққа қатысы бар адамдарды мемлекеттік қызметтен алып, жаза қолдансақ, бұл басқаларға сабақ болады. Өзгенің шалыс басқанын көрген халық парақорлықтан бойын аулақ ұстайды. Көптеген мекемелерде жемқорлыққа қарсы шаралар өтсе, ол да септігін тигізер еді. Мемлекеттік мекемеде әділетті шешім шығаратын адал, жанашыр азаматтар болса, еліміздегі жемқорлық түбірімен жойылады. Әрине, бұның бәрі оңай шаруа емес. Ол үшін сылтау емес, әрекет керек.......
Эсселер
Толық

Мамандығым-мақтанышым

Мен бүгін ерекше сезіммен ояндым,

Сәулелі ақ таңның шуағына боялдым.

Жүректе қуаныш, бойда күш тасыған,

Тағы да бақшама аяңдап келемін,

Бүлдіршін үнімен жұмыста қиялым.

Мынау менің балабақшам... Қазіргі жұмыс жасап жүрген «Нұрсәт» балабақшасына осы бір өлең шумақтарының күш-қуатымен келе жатырмын. Мынау менің кішкентай бөбектерім... Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Қуанышын жасыра алмай еркелей алдыма келеді. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы. Мен олармен бірге жүрсем, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарағым келеді.

Мен тәрбиешімін... Осы мамандықтың қызығы мен қиындығын бала ортасында жүрген менен артық ешкім сезе алмайды.

Біз, тәрбиешілер үшін балаға ненің дұрыс-бұрыстығын, не ыстық, не суық екенін, не жаман, не жақсы екенін сары ауыз балапандарға үйретуден қиын іс жоқ.

Көздері мөлдіреген, жүздерінде күлкі ойнаған балаларға қарасаңызшы.........
Эсселер
Толық

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз асыл дүние

Денсаулық – біздің жалғыз ғана асыл дүниеміз. Денсаулықты ақшаға сата да алмаймыз, сатып та ала алмаймыз. Себебі ақша байлық емес, ең басты байлық-денсаулық. Денсаулығымызды сақтамасақ, күтпесек, оны құртып алуымыз мүмкін. Ал ауырып ем іздегеннен гөрі, ауырмайтын жол іздеу жеңілірек болары айтпасақ та түсінікті

Денсаулықты сақтау үшін пайдалы, адам өміріне зиянын тигізбейтін тағамдарды тұтыну, спортпен шұғылдану қажет, жақсы ұйықтап, таза ауамен демалған да өте пайдалы. Адам денесінің көп бөлігі судан тұрады. Сондықтан күніне кем дегенде бір-екі литр су ішу керек. Адамдар ауырып қалса, дәрігерге бармай, өз беттерімен емделеді. Бұл дұрыс емес. Себебі біз ауырып тұрған жерімізді емдеп, басқа ағзаға зиян келтіруіміз мүмкін. Сол себептен ауырып қалған жағдайда дәрігерге барып, дұрыстап тексеріліп, жазып берген дәрісін ішкен жөн.

Денсаулыққа өте қатты зиянын тигізетін ішімдік, шылым және т.б. сол сияқты зиянды заттар жетерлік. Бұндай заттарды мүлде пайдаланбау керек. Майлы, газдалған, қуырылған тағамдарды, жартылай дайын өнімдерді, қантты аз мөлшерде тұтынған жөн. Олардың орнына сүттен, балықтан, еттен жасалған табиғи әрі пайдалы өнімдерді, жеміс-жидекті, көкеністі көптеп жеген дұрыс.......
Эсселер
Толық

Ешкім де ешқашан да ұмытылмайды

Бөрілі байрағын желбіреткен ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы сайын дала төсін еркін жайлаған ел болатын. Жан-жақтан анталаған дұшпан біздің ұлан байтақ жерімізге көз аларта қарады. Азаттық жолындағы күрес қазақ баласының басын бір тудың астына біріктірді. Түбі бір түркі баласының көксегені – тәуелсіздік еді. Желтоқсан құрбандары ата-баба жолын жалғастырушы, тәуелсіздік жолындағы күрескерлер десек қателеспейміз. Жалған айып тағылған, «Бүлікші» деген жаламен қоғамның қаншама белсенді жастары қуғынға ұшырап, тағдыр тауқыметін тартты.

1986 жылғы желтоқсан оқиғасына белсене қатысқан жастар арасында Қайрат Рысқұлбеков те болды. Қайраттың туыстарына жазған «Бақ түссе – маңдайымнан, тас түссе талайымнан», көріп алдым, маған өлім қорқынышты емес, өйткені адалдығым одан биік тұр» деген хат жолдары сот алдындағы зұлымдыққа қарсы тұра білген өр мінезді қазақ жасының батырлық бейнесін айқын көрсетеді. Қайрат «...Жаным – арымның садағасы» деп батыл қадам жасаған жастардың бірі еді.

Желтоқсан құрбанына айналған Қайрат ер мінезді күрескерлігімен қатар ақын да болатын. Қайраттың шындық деп шырқыраған үні түрмедегі өлі тыныштықты бұзғандай еді. Қайрат Рысқұлбековтың «Еменнің иір бұтағы» атты өлеңдер жинағындағы «Ақтық сөз» өлеңінде:......
Эсселер
Толық

Кітап – менің ақылшы досым

Менің бала көңілімдегі ойлар тізбегі алдымен «Менің атым Қожадағыдай» көз алдымнан өтетіндей. Себебі, бала кезімізден Қожа туралы кино көріп өстік. Кейіннен кітабын қызығып оқыдық. Ауылда Қожа мен Жанарға, Жантасқа ұқсайтын балалармен дос болдық. Кітабындағы әр кейіпкер жанымызға жақын болды. Мектеп директоры мен Майқанова апай ше? Шыр-шыр етіп, балаларға білім береді, жақсы, тәрбиелі болуға шақырады. Міне, осы кітап арқылы біз өзіміздің жақсы-жаман жақтарымызды біліп, ой қорытамыз.

Иә, кітап – менің ақылшы досым. Кітап – әрі, бар білім-ғылымның қайнар көзі. Қазіргі кезде жаңа технологиялардың дамуына қарамастан, кітаптың алатын орны мен үшін өзгермейді. Ол адамды терең ойлауға жетелейді. Кітаптың бетін ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғатын, жаңа құндылықтарын үйренесің.

«Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол» деп текке айтылмаған шығар. Кітап оқыған адамның шетте қалмасы анық. Өмірге келген жас бала, негізінен тәрбиені үш ортадан көріп, біліп алады. Ол – отбасы, жүрген ортасы және білімі. Мен өзім осы үш ортадан тәлім алып, ақыл түйемін. Егер бала үнемі кітап оқыса ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ұғады, неден үйреніп, неден жирену қажеттігін түсінеді деп ойлаймын.......
Эсселер
Толық

Туған өлке

Туған өлке, туған жер дегенде, адамның бойы дір етері анық. Туған жер-ол Отан ана, тарихың. Туған жер -сайран салып, көбелек қуып, қызықты балалық шақты өткізетін жер ғана емес, ол сенің өткенің мен болашағыңның ұштасуы, сенің болашақта орын табуыңа әсер ететін жақының секілді. Әр адамның туған жері өзіне ыстық.

Менің туған жерім Жантемір ауылы. Менің ол жерде болашақ тұлға ретінде алғашқы кірпіштерім қаланды. Ол менің кіндік қаным тамған жер, ата–бабам орын тапқан жер.Туған жер туралы сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жантемір ауылы шағын отаным, жүрегімнің төрінен мәңгілікке орын тепкен мекен. Бұл дегеніміз Отанға деген махаббат, сүйіспеншілік, сағыныш. Туған елден, жерден қияда жүргенде Отанға деген ықылас, ондағы адамдарға, даласы мен жусанына, табиғатына деген сағыныш пен махаббат ыстық болары айқын.......
Эсселер
Толық

Біздің Тұңғыш Президент

Қазақ ұлтының қырық жаны бар екен... Мектеп сынды мекеннен білім алып жүрген оқушы деген атым бар, өз елімнің тарихи шежіресін білмесем, Тұңғыш Президенттің елі үшін жасаған ерен еңбегін білмесем, еңселі Елордамыздың жеткен жетістігін білмесем, біз үшін үлкен сын болады деп пайымдаймын. Ендеше, ұлтымыздың ұлы шежірелерін дәлел ретінде қолданып, қиялыма ерік берейін, қиял емес-ау, ішкі толғанысым болсын.

Иә, қиындығы мен қасіреті көп болған елдің, осы кезге дейін халқын Нұрсұлтандай данышпан басқарған өр халықтың ұрпағымын. Мен халқымның төзімділігі мен табандылығына қайранмын. Сұмдық аштық пен қайыршылықты, жаугершілікті, жойқын соғысты, қантөгісті, қанды оқиғалардың куәгері болды. Небір зобалаң заманды бастан кешкен қазақ халқы осы күнге де жетті. Ауыр күнді артымызға тастадық.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп, Н.Ә.Назарбаев Тұңғыш Президент болды. Менің ойымша, ол өжеттік танытты. Қиын сәтте қиындықтан қашпады, туды ұстап тура жолға түсті, шалыс қадам баспады. Оған экономикамыздың қарыштап дамуы, әлеуметтік жағдайдың жақсаруы, бастысы, еліміздегі бейбітшілік пен тыныштық куә......
Эсселер
Толық

Дәрігер болу үшін – жүректілік пен мейрімділік керек

Адам - жер бетіндегі тіршілік иесі, қоғамның басты байлығы. Сол адамның өміріндегі ең бағалы дүние не дейсіз ғой? Қымбат көлік, бағалы дүние, кең сарайдай үй, ақша, өмір бойы қалталы азамат болып өту, мүмкін, мансап шығар...Жоқ, адам өміріндегі басты байлық – оның Өмірі мен Денсаулығы. Өміріңді қалдырып, денсаулығыңды алса, адам болудан қаласың. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Халық айтпай ма, «Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің» деп.

Пенде болған соң ауырмай бола ма. Денсаулығың сыр беріп, басың ауырып, тісің сыздап дегендей түрлі ауруға шалдығасың.Жаның мұрныңның ұшына келіп қысылғаныңда, сол бір азаптан құтқаратын жан іздейсің. Ол- дәрігер. Науқастың жанына желеу болып, ем-домын жасап жататын – дәрігер. Ол – адам өмірінің сақшысы. Дәрігер ажалдан қорықпайды. Қорықпағаны сондай – онымен аяусыз күреседі, адамның қымбат жанын оған бермес үшін барын салады, адамға екінші өмір сыйлайды......
Эсселер
Толық