Эсселер


Латын әліпбиіне көшу – заман талабы

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрылып 27 қазан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды.- Көтеріліп жатқан мәселе өте өзекті. Елбасы латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын айтып, нақты бағыт-бағдарын көрсетіп берді. Енді оны халықболыпқолдауымызқажет.

Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз.Латын әліпбиіне көшкенде қазақ тілі жоғалмайды.Сондықтан шошудың қажеті жоқ.Өз басым латын әліпбиіне әлдеқашан,сонау тәуелсіздік алған жылдары көшу керек еді деп ойлаймын.Ертерек қолданысқа енгізгенде әріптері ұқсас ағылшын секілді шет тілдерін үйрену,латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес халықтармен қарым-қатынасымыз жеңілдей түсер еді.

Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қазақ тілін бір­тіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыс­тарына жаңа серпін бертінін Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің Жолдауында ашып айтты......
Эсселер
Толық

Ұмытылмас ұлы ел

Біз қырандай самғаған, алдымызға мақсат қоя білген, ертеңіне сеніммен қарайтын ұлы халықпыз. Біз әлем картасынан ойып тұрып, орын алып, мәңгілік елдің іргетасын қаладық. Жаңа ғасырдың ұлы мемлекеті - Қазақстан!

Н.Ә.Назарбаев

Ен далада есіле,кең далада көсіле өмір сүрген ұлықты халықпыз.Сонау ықылым заманнан бері ата-бабамыздан қалған шынжырлы міндетті ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып, қазақ елінің еңсесін тіктедік.Тарих тамырының түкпірінде жатқан құндылықтарымызды сақтап,алдыға үлкен мақсат қоя білдік.Көптеген қиындықтарды халқымызбен бірге жеңіп,Ресей бұғауынан босап,келешегіміздің,ұрпағымыздың болашағын ойлап,ел тарихындағы маңызды шешімді қабылдадық.Бұл шешімді қабылдауда ұлт зиялылары мен ұлт көшбасшылары көп үлес қосып,халқымыздың жаңа елдік идеологиясын қалыптастырды. Осылайша біз жаңа,арманы асқақ болашағымызға қадам бастық.

ⅩⅩ ғасырда тәуелсіздігімізге,елдігімізге қол жеткізіп,төрткүл дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен бабаларымыздың асқақ арманын орындадық.Осы бір қиын жолды қазақ батырларынын бастап,Ахмет Байтұрсынов,Сәкен Сейфуллин,Міржақып Дулатов аталарымыз тар жол тайғақ кешумен және халықты жігерлендірумен ұлтымызды қоғады.Олар еліміздің мықтылығын,ұлылығын барша ұлтқа танытпақшы болды.Еліміз тәуелсіздігімізді алғаннан кейін алты құрлыққа танылған халық атандық.Осылайша еліміз қырандай қомданып,тұғырына қайта қонды......
Эсселер
Толық

Ел ертеңі - адал ұрпақ!

Адалдық... Осынау қасиетті де ауқымды ұғымның адам баласы үшін алар орны, атқарар қызметі орасан зор. Тек орнымен қолдан, қасиетті сөздің қадіріне жете біл! Сонда ғана бұл сөз өзінің қадір-қасиетін жоғалтпай, мәні мен мағынасы арта түсері сөзсіз.

Атам қазақ «ардың ісі - адалдық» деп бесенеден жоғары бағалағаны айтпаса да белгілі. Ендеше осынау қасиетті ұғым қазірде өз дәрежесінде, өз биігінде самғай алып жүр ме?

Қайдам... Бұған бір-ақ мысал аш қасқырдай жалақтаған жемқорлық деген пәлені қайда қоямыз? Бұл біздің күнделікті өмірімізге баса көктеп кіріп, жаппай қоғамның дертіне айналып бара жатыр ма деп қаламыз. Себебі кез келген жаңалыққа құлақ түрсеңіз еріксіз «пара алыпты», «пара беріпті» деген сөздермен қаласаңызда, қаламасаңызда ұшырасасыз. Ойлап қарасақ, бұл күнделікті әдетке айналып бара жатқан сияқты.

Ай мен күннің аманында, ел ішіндегі тыныштық заманда адам баласының бұлай бұзылуына не жетіспейді екен деп бір сәт ойға шомасыз. Ойлана-ойлана пенденің пендешілдігі шығар деген шешімге еріксіз келесіз. Басқа ақтар себепте жоқ сияқты. Болған үстіне бола түссе деген ашкөздік, байлығымды еселей түссем деген көрсе қызарлық. Бұл - пенденің пендешілдігі емей немене......
Эсселер
Толық

Абай- қазақ әдебиетінің кірпіші

Қоғамда, поэзияда, музыкада, саяси өмірде өлмес, өшпес із қалдырған- Абай Құнанбайұлы.Ақын Абайдың шығармашылығы мен өмірі- халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоғалтпаған рухани мұрасы.Абай үні, Абай тынысы, Абай лебі- халық бейнесі, заман тынысы, қазақ үні.
Шынайы өнер туындысындағы тұрлаулы идея қалдырған, мәдениет пен ақындығын ұштастыра отырып, ақиқатты толғайтындығы туралы Міржақып Дулатов: :" Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіші- Абай сөзі, Абай аты болуы керек...Ең жоғары, ардақты орын-Абайдікі",- деп, көркем өнердің бастауы, сөздің ұлы мағынасын айқындауышы ретінде танытады.

Абай ақындығын халыққа, ағартушылық мақсатқа бет бұрғызған.Ұрпақ мүддесі үшін ғылымның кілтін ашып, жігерлі жастық талабын білімге жұмсауға шақырған-ды.Сұлтанмахмұт Торайғыров:"Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе",- деп, сөз қадірін айнымас темірқазығына айналдырған хәкім Абайдың өнеріне тамсанған кейінгі буын өкілдерінің пікірі Абай образын аша түскендей......
Эсселер
Толық

Ауылым - алтын бесігім

Ауылын көріп,
Азаматын таны.

Қашан да халқымыз үшін ауыл-руханиятымыздың темір-қазығы, ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы екені даусыз. Ауылдың таза ауасын жұтып, тұнық суын ішіп, көркем табиғатынан қуат алып өскен әрбір азамат өзі туған топырағын барынша қадірлеп-қастерлеуге тиіс. Төрт түлігін түлетіп, егісін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған ауыл- бүтін бір елдің асыраушысы, қайнаған еңбектің және ұлттық руханияттың қайнар көзі іспеттес.

Осындай үлгілі де, қадірлі мекенге өзімнің аулымды еш ойланбастан жатқыза аламын. Менің туып-өскен жерім-Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Бурабай ауылы. Табиғаты өзге жерден тым ерекше, адамдары да ақкөңіл, үнемі тыным таппайтын еңбекқор, қонақжай , бір үйдің адамдары сияқты ынтымақшыл халық. Бірі үшін бәрі жүгіріп жүреді. Жаз болса өрісте мал жайып, күз келсе егін жиып, көктемде жас төлдерімен әлектенеді. Үлкендер қауымы жастарға бар білгендерін үйретіп, көмектесіп, кем-кетігімізді жөндеуге әзір. Бізге көненің көзімен көп нәрсе үйретеді......
Эсселер
Толық

Білім - өмірі шырағы

Кітап оқудан тиылсақ,
Ой ойлаудан да тиылар едік.
Ғабит Мүсірепов

Адамның ұлы қазынасы - білім. Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды сатып ала алмайсың», «Ақыл - тозбас киім,білім - сарқылмас бұлақ» деген халықтың даналық сөздерінен- ақ білуге болады. Қазіргі білім беру қызметінің мақсаты - білім «беру» ме, әлде «алу» ма? Қайсысы нәтижелі болмақ? Ал білімді беру болатын болса, ұстаз шаршамау керек – тықпыштай бер, тықпыштай бер шәкірт басына! Олай болатын болса, адамдардың бәрі де білімді болып кетер ме еді?.. Өкінішке орай, олай емес. Білімді болу үшін оқушы еңбектенуі керек, әрекет жасауы қажет. Білім өз басында (миында) пайда болу үшін адам оны есінде сақтап, түсінуі, қолдануы, талдау жасауы және бағалауы қажет. Осылай ғана білімді игеру мүмкін болар. Оқушы өзін білім игеру процесінің басты тұлғасы ретінде сезініп қана үйренеді. Білімді тек үйренуге болады және де үйрену ісі белсенді әрекеттерден құралуы керек: ұмтылыс пен талаптану арқылы ғана біздің білуіміз ықтимал. Білім игеру процесінің басты қағидасы «Үйрету мүмкін емес, үйрену ғана ықтимал!» екендігін бұл жерде баса айту қажет. Оқушының өзі үйренуге құлық, құлшыныс, ықылас пен ынта танытуы керек. Қандай керемет ұстаздар болмасын, оқуға еш ынтасы мен қызығушылығы жоқ шәкіртті үйрете алмайды. Бұрынырақта, білім берудің басты қағидасы «Үйрету!» болса, бүгінгі күні басты идея «Үйрену!», тіпті «Үйренуге үйрену!» ұстанымына айналып отыр. Сонда мектептен оқушы не нәрсені үйреніп, қандай болып шығуы керек? Осы сұраққа жауап іздесек, Абай атамыздың негізгі өмірлік қағидасы "Адам бол!"-деген ұстаным болса, әрбір ұстаздың басты мақсаты – шәкірттеріне адам болудың жолдарын үйренуіне жағдай жасау және көмекші құралдарын ұсыну керек......
Эсселер
Толық

Мен – заманауи ұстазбын

Білім беру жүйесінде көптеген өзгерістер болуда, бірақ жалғыз өзгермес дүние, ұстаз – оқушылар алдында білім берудің нағыз шебері. Нағыз шебер өзінің күшті жақтарына сенеді, білім беру жүйесінің алға жылжуына ат салысады және оны оқушыларына үйретеді. Бүгінгі таңда қоғам мұғалімге жаңа талаптар қояды. Бүгінгі таңда мемлекет халықаралық стандарттарға сәйкес келетін білім сапасының алдыңғы қатарына шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Ұстаз мәртебесін көтеру үшін жүйелі бастамалар жүзеге асырылуда, оның өте қиын және жауапты жұмыс үшін еңбек ақысын көтеруде. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бір сөзінде «Адамдағы ең жақсы нәрсе – ұстаздан» деген еді. Тұңғыш мемлекет басшысының мұндай жоғары сенімі бізге ұстаздарға үлкен жауапкершілік жүктейді және ойымызда «Мен заманауи ұстаз болу үшін не істедім?» деген сұрақ туындатады.

Оқушы үшін барлығы мектеп табалдырығынан басталады, ал мектеп ұстаздан бастау алады. Білім жүйесіне қандай өзгерістер енгізілсе де, қандай құрал – жабдықтар қолданысқа кірсе де, ұстаз мектептің өзгермес қазығы.

Күнде таңертең мен өзіме сұрақ қоямын: бүгінгі жаңа күн не әкеледі? Біз ұстаздар барлығына дайын болуымыз керек: науқас бала, ашуланған ата – ана, сыныптағы жанжал, оқушылардың қуанышы мен реніші, жетістіктері. Кейде оқушылар жаныма үнсіз келіп тұрғанның өзінде, олардың алдындағы үлкен жауапкершілігімді сезінемін......
Эсселер
Толық

Әрқашан бірінші!

Біздің еліміз – жас мемлекет. Тәуелсіздік алғанымызға небары 28-ақ жыл болды. Осы 28 жылда елімізді басқарып, оның аяғынан нық тұруына өзіндік үлесін қосқан тұңғыш Президентіміз, Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы ой толғауымды жазу мақсатында қолыма қалам алдым.

Өзі ауылдық жерде дүниеге келсе де, ел басқару дәрежесіне дейін көтеріле алған, елін көркейткен бұл тұлға туралы жазарым көп. Қарапайым жұмыскер ретінде еңбек жолын бастағандықтан болар, Әбішұлы Назарбаев қарапайым халықты түсініп, халықтың ойымен санаса білді. «Кез келген мемлекеттің қуаты халқында» деген сөздерді ұран етті. Бір шаңырақ астында 130-дан аса ұлт пен ұлыс өкілдерін сыйғыза алды. Бірлігімізді біздің қаруымызға айналдырған біртуар азаматтың көрегендігіне таң қаласың. Бұл кез-келген адамның қолынан келе бермес.

Елбасы бір сұхбатында: «Көптеген елдерді араладым. Табиғаты ғажайып талай өлкенің сұлулығына көз құмарымды суардым. Бірақ, бәрі де өзім туып-өскен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен…»-деп еді. Бұл Отан-анасын, туған жерін жанындай сүйетін перзенттің, нағыз патриоттың сөзі. Халқымыз жырлап кеткен батырлар дәл осындай болса керек. Елім деп, жерім деп күрескен атом бомбасы сынды зұлым күшті жеңген батырдай елестеймін мен оны......
Эсселер
Толық

Туған жер

....Осы сөз. Көңіліңді көтеріп, жүрегіңді тебірентіп, өзіңе күш-қуат беретін асыл қазына. Сонау ғарышта жүрсең де, туған жерің әрдайым есіңде болып, топырғын аңсайсың. «Туған жердей жер қайда, туған елдей ел қайда» демей ме кемеңгер халық. Халқымыздың басына түскен нәубет жылдарында «Елім-ай!» деп еңіреп , жүрегі қан жылап, тау асып, тарыдай дүниенің төрт бұрышына шашылған қайран қазағым! Сол кезден қанша су ағып, қанша жыл ауысты. Бірақ «Елім-ау!» деп еңіреп, зар тартқан үн ақын ағаларымыздың қолындағы қалам тартуына себепкер болды да, болып келеді.Туған жеріне деген ыстық сағыныш сезімі, перзенттік ыстық ықыласы, қанына сіңген «балалық борыш» деген терең ұғым – бәрі де талай керемет туындылардың дүниеге келуіне себепкер болды. Тағы бір даналықта «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл » делінген. Өзімнің арғы ата-бабаларым сонау 19 ғасырдың 60-шы жылдарында ақ патшаның отаршылдық саясатының салдарынан көп қиыншылық көріп, бірақ төзімі таусылған кезде Алтай тауларын асып Монголия еліне кетуге мәжбүр болды. Иә, сол кеткен сәтте қандай сезімде болды десеңші! Ата-бабамыздың төл жеріне, туған топырағымен қауышу мүмкіндігі тек бір ғасырдан астам уақыттан кейін әкелерімізге бұйырады. Жат елде жүрген жылдары балаларына өз ана тілін ұмыттырмай, ата салтын, ана сүтін қадірлеуді жас буын ұрпаққа сіңіре білген. Және елге оралған кезде өзімен сақталған бай мәдени қатпардың иегері бола тұрып, оны жергілікті халқының арасында насихаттап, тарата бастады. (Негізі үлгі аларлық жағдай)......
Эсселер
Толық

Балалықтың – бал дәурені

Жетінші қара сөзінде Абай : «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, екіншісі –білсем, көрсем, үйренсем деген жан құмары» -дей келіп, баланың көргеніне талпынатынын, көзі көрген мен құлағы естігеннің бәрін білгісі келетінін жақсы сипаттайды. Шынында да, бала кезде бәріміз де дүниенің бар сырын танып –білгіміз келіп, алға ұмтылып, тезірек өскіміз келіп, үлкендерге еліктеп жүретініміз анық. Мүмкін, сонысымен де балалық шақты бал дәуренге теңеген болар?! Әйтеуір, үлкендер бала кездерін еске алса, еріксіз жымиып не қатты қиялға батып, қайта айналып келмес бал дәуренді аңсап жатады. Себебі балалық шақ – адам өмірінің ең аяулы, ең тәтті, ең қызық сәті. Иә, бал шақтың қадірін ерке кезде аңғармай өткізіп аламыз. Мен де қазір сол бір ата-анамның басымнан сипап, қыңқылдап сұрағанымның бәрін де алып беріп, асты-үстіме түскен кездеріндегі шат көңілім мен сәбилік еркелігімді еске алып отырмын. Сол кезде Мұқағали ақынның «Сәби болғым келеді» деген әні еріксіз еске түседі. Шынында да, «тұлымында күн сәулесі ойнақтаған, аузынан ана сүті арылмаған сәби» болу қандай бақыт десеңші, шіркін! Ата- ана үшін сол сәбидің амандығынан артық бақыт болмайды, бар әлем оған бас иіп тұрғандай. Бала кезде дос болу да оңай, дос табу да оңай. Себебі бала көңілі аппақ қардай тап-таза болады. Сол кіршіксіз сезімнен таза достық, жақсы ниет, адал көмек туындап жатады. Біреудің жылағанын көріп, өзі де жылай салатын да сол бала көңілі емес пе?! Сол сияқты қолындағысын ойланбай бере салатын ақ көңіл жомарт пен дарқан жүректің иесі де – көбіне тәп-тәтті балдырғандар. Олардың тілін айтсаңызшы!.....
Эсселер
Толық