Эссе тақырыптары: қазақ тілі және қазақ әдебиеті


Қазақ тілі және әдебиетінен эссе тақырыптары

Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша тақырыптар:

  1. М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А. Байтұрсыновтың «Маса» өлеңіндегі идея үндестігін дәлелдеп жазыңыз.
  2. Жамбыл шығармалары – халық ауыз әдебиетінің қайнар көзі екендігін дәлеледеп жазыңыз.
  3. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді сипаттап жазыңыз.
  4. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің көркем энциклопедиясы екендігін талдап жазыңыз.
  5. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы саяси-әлеуметтік жағдай мен өмір шындығын дәлелдеп жазыңыз.
  6. С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы Қамар мен Ахметтің арасындағы махаббат сезіміне бөгет болған қиыншылықтарды талдап жазыңыз.
  7. С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы отбасылық тәрбие мәселесін қазіргі кездегі отбасындағы тәрбиемен салыстыра отырып талдаңыз.
  8. Мағжан өлеңдеріндегі азаматтық рух, ағартушылық-демократтық сарынды талдап жазыңыз.
  9. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз.
  10. Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі Шұға мен Әбдірахманның арманына жете алмаған трагедиялық халін сипаттап жазыңыз.
  11. С.Мұқановтың «Сұлушаш»поэмасында Сұлушаш пен Алтай арасындағы ғашықтық сезім арқылы ақынның махаббатқа адалдық туралы ойын талдап жазыңыз.
  12. Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» романындағы автордың характер жасаудағы шеберлігін Игілік бейнесі арқылы дәлелдеп жазыңыз.
  13. Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батырдың ерлік істерін талдап жазыңыз.
  14. Ә.Тәжібаевтың «Портреттер» поэмасындағы лирикалық қаһарман тұлғасын талдап жазыңыз.
  15. Ж.Молдағалиевтің «Мен — қазақпын» поэмасындағы рухани құндылықтардың қаншалықты көрініс тапқанын дәлелдеп жазыңыз.
  16. С.Мәуленовтің «Шөңге», «Қаратау» өлеңдеріндегі туған жерге деген махаббат сезімін нақты мысалдармен талдап жазыңыз.
  17. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романында Арал теңізі экологиясының ел тағдырымен сабақтастығын дәлелдеп жазыңыз.
  18. Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегіавтор сөздері арқылы батыр бейнесін талдап жазыңыз.
  19. Зейнолла Қабдоловтың «Жалын» романындағы көзқарастар қайшылығы мен адамдар арасындағы психологиялық тартыстың себептерін талдап жазыңыз.
  20. С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі қарт Томар-Омардың Балзия мен Аманайдың елге жетуіне күмән тудыруының себептерін талдап жазыңыз.
  21. Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы: «Бәріміз де пендеміз ғой… Бір-бірімізді сөге жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» — деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?
  22. О.Бөкейдің «Қар қызы» повесіндегі Қоңқай шал бейнесі арқылы нені меңзейтінін сипаттап жазыңыз.
  23. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы сипаттап жазыңыз.
  24. Махамбет жырлары – асқақ рухтың үні. Ойыңызды нақты дәлелдермен талдап жазыңыз.
  25. «Сүйінбай мен Қатағанның айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әсірелеулердің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлеледер арқылы жеткізіп жазыңыз.
  26. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің өзектілігі туралы ойларыңызды талдап жазыңыз.
  27. Ш.Уәлихановтың зерттеуші-ғалым екендігін еңбектері арқылы дәлелдеп жазыңыз.
  28. Ы.Алтынсарин әңгімелері – тәрбиенің қайнар көзі екендігін дәлелдеп жазыңыз.
  29. Абайдың «Құлақтан кіріп, бойды алар», «Өлең – сөздің патшасы» өлеңдеріндегі үйлесім тапқан ән мен өлең құдіретін талдап жазыңыз.
  30. А.Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
  31. Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз.
  32. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына керағар мінездерін талдап жазыңыз.
  33. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңіндегі Абайды үлгі етудің себебін талдап жазыңыз.
  34. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз.
  35. Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы күрестің айбынды ұранына айналған «Ақ сиса» өлеңі – Шорман тұқымына бағытталған тоқтау сөз. Пікіріңізді дәйектерге сүйеніп, дәлелдеп жазыңыз.
  36. Балуан Шолақ «Ғалия» өлеңінде ғашықтық сезімін қалай жеткізген?
  37. Сал-серілердің (әнші-ақындар) көтерген мәселесін, қозғаған тақырыбын талдап жазыңыз.
  38. Ахмет Байтұрсыновтың тәкаппарлық пен көреалмаушылық сияқты кемшіліктерді астарлап көрсететін мысалдарын талдап жазыңыз.
  39. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің бүгінгі жастар тәрбиесіне қатысты өзектілігі туралы ойларыңызды талдап жазыңыз.
  40. Абай өлеңдеріндегі тәрбиелік арналарды дәлелдеп жазыңыз.
  41. Жамбылдың «Өтеген батыр» поэмасындағы Өтеген батыр халық қамын ойлайтын батыр екенін дәлелдеп жазыңыз.
  42. Қадыр Мырза Әлидің «Домбыра» өлеңіндегі домбыра мен қазақ егіз ұғым екенін дәлелдеп жазыңыз.
  43. Өз өміріңіздегі әжелерді М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз.
  44. М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз.
  45. Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.
  46. Әркім «Бақыт» дегенді әр түрлі түсінеді. «Бақыт» деген не? Ойыңызды дәлелдермен негіздеп жазыңыз.
  47. «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін…»
  48. Астана – асыл мұраттар мекені (Астананың 20 жылдығына орай)
  49. Табысты болу — адамның бәсекелестік қа­бі­летінің көрінісі.
  50. Ұлттық болмысты сақтау — рухани жаңғырудың ең басты шарты.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша тақырыптар:

  1. Махамбет жырларында Исатай бейнесін сомдаудағы ақынның тіл шеберлігін мысалдар арқылы талдап жазыңыз.
  2. Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы Қайрош бейнесін берудегі автор шеберлігін сипаттап жазыңыз.
  3. Жамбылдың «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңі мен Абайдың Әбішке арнаған өлеңдерінің жазылу стилі мен мазмұнындағы үндестікті салыстыра талдап жазыңыз.
  4. А.Байтұрсынов пен Абай аудармаларының арасындағы үндестікті дәлелдеп жазыңыз.
  5. С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» романындағы Әжібайға тән қасиеттерді қазіргі жастардың бойындағы мінез-құлық, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз.
  6. С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы Адақ пен М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Баян бейнесін салыстыра талдап жазыңыз.
  7. Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романындағы адамдар арасындағы тартыстың әлеуметтік тартысқа ұласуын дәлелдеп жазыңыз.
  8. Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясындағы кейіпкерлердің мінезін сомдаудағы ерекшеліктерін талдап жазыңыз.
  9. Ә.Кекілбаевтың «Үркер» романындағы Әбілқайыр тұлғасын сомдаудағы суреткерлік ерекшеліктерін талдап жазыңыз.
  10. О.Бөкейдің «Қар қызы» повесіндегі реализм мен романтизмнің астасып келуін дәлелдепжазыңыз.
  11. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайға берілген әке тәрбиесінің негізінде жатқан тұлғалық қасиеттерді дәлелдеп жазыңыз.
  12. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек басынан өткен жайлар бүкіл халықтық трагедияның көрінісі екенін дәлелдеп жазыңыз.
  13. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасына арқау болған тарихи оқиғаларды дәлелдер келтіре талдап жазыңыз.
  14. Зар заман ақындарының шығармаларынаарқау болған мәселелерді жинақтап, дәлелдер арқылы тұжырымдап жазыңыз.
  15. Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңіндегі замана келбетін сипаттап жазыңыз.
  16. Сүйінбай Аронұлының қазақ, қырғыз еліне өткір тілмен, озық оймен танылғандығын мысалдар келтіре отырып, дәлелдеп жазыңыз.
  17. «Таныстыру» поэмасының желісі арқылы Сұлтанмахмұттың қазақтың оқыған зиялылары туралы көзқарасын дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
  18. М. Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңі мен С. Сейфуллиннің «Сағындым» өлеңін салыстыра талдаңыз.
  19. Ә. Тәжібаевтың «Портреттер» поэмасындағы өмір, уақыт, жаңа адам туралы философиялық толғанысын талдап жазыңыз.
  20. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» поэмасы мен батырлар жырындағы өзара үндестікті салыстыра талдап жазыңыз.
  21. С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі қарт Томар-Омардың Балзия мен Аманайдың елге жетуіне күмән тудыруының себептерін талдап жазыңыз.
  22. Махамбет поэзиясындағы арман, тілек, аңсау сарындарын мысалдар арқылы дәлелдеп жазыңыз.
  23. «Жамбыл мен Құлмамбет айтысының» идеялық-мазмұндық жағынан айтыстың ерекше түрі екенін дәлелдеп жазыңыз.
  24. Ш. Қанайұлының шығармаларындағы зар заман келбеті мен қазіргі заман келбетін салыстыра талдаңыз.
  25. Майлықожаның жыл мезгілдеріне арналған өлеңдеріндегі табиғат пен адамзат тіршілігінің бейнеленуін мысалдар арқылы дәлелдеп жазыңыз.
  26. Майлықожа өлеңдерінде көтерілген мәселелер бүгінгі күні де өзекті болып отырғанын мысалдар арқылы дәлелдеп жазыңыз.
  27. Ш.Уәлихановтың әдебиетші-ғалым ретінде қазақ ғылымына қосқан үлесін дәлелдер арқылы жазыңыз.
  28. А. Құнанбаевтың қарасөздерінде көтерілген мәселелердің бүгінгі күнмен үндестігін талдап жазыңыз.
  29. Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын талдап жазыңыз.
  30. З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесіндегі М.Әуезовтің ұстаздық бейнесін сипаттап жазыңыз.
  31. А.Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары» мысалдарының адамдарға үйрететін тағылымы туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз.
  32. Ыбырай Алтынсариннің балалар әдебиетінің атасы екенін дәлелдер арқылы жазыңыз.
  33. Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңіндегі ақынның сұлулыққа деген көзқарасын талдап жазыңыз.
  34. Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасын трагедиямен аяқтау себебін талдап жазыңыз.
  35. Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романына арқау болған тарихи оқиғаларға тоқталып, дәлелдер келтіре жазыңыз.
  36. М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы қазақ қызының рухани өміріне қатысты оқиғаларды талдап жазыңыз.
  37. Ж.Молдағалиевтің «Мен — қазақпын» поэмасындағы ұлттық құндылықтарды дәлелдеп жазыңыз.
  38. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз.
  39. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер-адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
  40. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің бүгінгі жастар тәрбиесіне қатысты өзектілігі туралы ойларыңызды талдап жазыңыз.
  41. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз.
  42. Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы адалдық сезімге қатысты өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз.
  43. М.Мақатаевтың «Ару-ана» поэмасындағы Құрман ұмтылған бақыттың – бостандық екендігін дәлелдеп жазыңыз.
  44. Ұлы Абайдың «Бірінші қарасөзі» мен «Масғұт» дастанынының арасындағы үндестікті тауып, талдап жазыңыз.
  45. Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.
  46. Әркім «Бақыт» дегенді әр түрлі түсінеді. «Бақыт» деген не? Ойыңызды дәлелдермен негіздеп жазыңыз.
  47. «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін…»
  48. Астана – асыл мұраттар мекені(Астананың 20 жылдығына орай).
  49. Табысты болу — адамның бәсекелестік қа­бі­летінің көрінісі.
  50. Ұлттық болмысты сақтау — рухани жаңғырудың ең басты шарты

Тақырыптар тізімі. Ұлттық тестілеу орталығы сайтынан алынды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу