Елбасы жолы туралы шығарма, эссе
Елбасы жолы туралы эссе
Президент дегеніміз- өз елінің тәрбиелі тұтқасы.
Ж.Аймауытов
Өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! Айналаңдағы алыс-жақын елдерде соғыс болып жатқанда, ең алдымен, аспанымыз ашық, бейбіт ғұмыр кешудеміз. Сол бейбітшіліктің арқасында мен емін-еркін өмір сүріп, еркін білім алған ерікті елдің ерке қызымын. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын. Осындай бақыттың, игілікті істердің басында көрегендік пен басшылық беріп жүрген еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ағамызға барлық алаш жұртының атынан балалық жүрегімнен алғыс айтамын! Ата-бабаларымыз беймаза көршілерінің шабуылына табандылықпен тойтарыс беріп, азаттығы мен дербестігін өмірдің мәніне балап,батыр халық аттың жалында, түйенің қомында жүріп, найзаның ұшымен, білектің күшімен, ақтық демі біткенше соғысып, елін дұшпанның қол астына бермей, бостандығын сақтап қалып отырған. Алтайдан Дунайға, Сібірден Шығысқа дейінгі ұлан-ғайыр даланы небір сұрапыл соғыстардан, замана зұлматтарынан алып қалды. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдардың тар жол, тайғақ кешуінде де тәуелсіздік туын құлатқан жоқ. Ата-бабаның сол тізгінін Нұр аға мықтап ұстағандай. Олай деуімізде де себеп бар. Өйткені, Президент адам құқығы мен заңға саналы түрде басым бағыт бере отырып, өз еліндегі тыныштық пен келісімді көзінің қарашығындай сақтауда. Ата-бабамыз бес ғасыр бойы армандаған арманы орындалған екен. «Бітер істің басына, жақсы келсін қасына» деп дана халқымыз айтқандай, сол жұмыстардың дәл ортасында Ел Президенті жүрді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі- халқымыз өз таңдауымен Ел Президентін сайлады. Сөйтіп, Елбасына зор сенім артты, міндет жүктеді. Мұның мәнін біз жақсы түсінеміз. Нұраға-елге, барша әлемге танылған, өмір мен еңбектің шытырман жолдарынан өткен, шыңдалған, болашақты көрегенділікпен саралап, болжай білетін азамат.
Қазір газет тігінділерінен, кітап-журналдардан қарап отырсақ, елдіктің іргесін қалау оңай болмапты. Үстемдігін жүргізгісі келіп айқасқандарға Елбасы емеурінмен:
Шалқайғанға шалқай,
Пайғамбардың ұлы емес
Еңкейгенге еңкей,
Әкеңнен қалған құл емес,-
деген аталы сөзді айтқан. Сөйтіп жүріп, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалыпты. Еліне сөз айтып, мына бір ойын өлең жолдарымен халқына жеткізіпті.
Омырауы уыз ананың,
Алсам ба деп еміп алғысын.
Бөрілі байрақ бабаның,
Баянды етсем деп мәңгісін
Қолымды созсам бірлікпен
Қолдайтын халқым бармысың?
Елбасының бұл тілегін тек қазақ халқы қолдап қана қоймай, басқа ұлт өкілдері де көмек көрсетіпті. Осы бір аумалы-төкпелі заманда елдің елдігін танытқан Елтаңба, аспан түстес көк Байрақ, рухты оятар Әнұранымыз қабылданды. Қазақ тілі-Мемлекеттік тіл болып қабылданып, Ата Заң өмірге келді. Бұл жасалған жұмыстар еліміздің бағыт-бағдарын анықтап берді.
Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуымыз, оның биік мінбесінде Елбасымыздың сөз сөйлеуін, яғни Қазақстанды бүкіл әлем тануын қалай ғана бақыт демеске! Тәңірге шүкіршілік, Елбасымыз осы жиырма жыл бойы елін, халқын сол даңғыл жолмен әкеле жатыр.Өткенінің өзі- көпке үлгі болар өмірбаян. Нұрсұлтан Әбішұлы Алатаудың аясында дүниеге келсе де, жанға жайлы мекенде өмір кешпей, еңбек жолын Теміртаудан бастап, Қазақстан Магниткасында шыңдалған. «Қанат ұшса қатаяды» деген осы болар. Алатаудан қанат қаққан жасөспірімнің ел азаматы дәрежесіне жетіп, өмірге білек сыбана араласуына, бүгінгі ел сенімін ақтауға бірден белсене кірісуіне үлкен көмегі болған.
Міне, қажырлы еңбектің арқасында қиын-қыстау замандардан өтіп, осы азаттықтың ақ таңы атқан күндерге жетіп отырмыз.
Маған қазір Нұрсұлтан аға ежелгі қазақтың тарих бетіне енген ұлы ғұлама, аты аңызға айналған тұлғаларымыздың жалғасындай көрінеді. Елімізді ел етіп, жерімізді жер етіп, өлшеусіз еңбек етуінің арқасында ұстап тұрған Елбасы Нұр ағама ерекше ілтипатпен қараймын. Осындай жігерлі, қайратты, дана Елбасымен мақтанғанның өзі-бақыт.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – халқының бағына туған дара да дана тұлға, көреген көшбасшы, сарабдал саясаткер. Тәуелсіздіктің көк байрағы биікте желбіреп, ата-бабаларға арман болған азаттықтың ақ таңы арайлап атқалы билік тізгінін берік ұстаған Елбасының өмірі мен еңбек жолы сондықтан да көпке үлгі, өскелең ұрпаққа өнеге екені айдан анық.
Соның бір айғағы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көкейінде тұратын сөзі: «Отандастарымнан бөлек уайымым да жоқ, олардан бөлек қайғым да жоқ. Нені болса да елмен бірге көремін, елмен бірге төземін, елмен бірге жеңемін», деген сөз екеніне ешкім де шүбә келтірмейді. Бұл әрі қарапайым, әрі жан тебірентерлік сөзді Елбасымыз күнде айтып келеді. Ісімен, шешімімен, бастамасымен, қамқорлығымен, қызметімен. Айта да береді. Өйткені, бұл сөз оның адамдық, азаматтық, қайраткерлік кредосы. Елбасылық, Көшбасшылық тұжырымы. Перзенттік парызы, Азаматтық қарызы.
Қажетті сілтемелер:
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осынау жиырма жылдық кезеңде атқарған жасампаз істерінің жылнамасын түзгенде, көбіне экономикалық, қоғамдық-саяси, ішкі-сыртқы саясаттағы сындарлы табыстары туралы тілге тиек етіледі. Біз ол атқарған тарихи іс-шаралардың жалпы ауқымының ішінде аталған мәселелерден маңызы әсте кем емес мәдени-рухани саладағы ерен еңбектерін қысқаша екшеп айтуды мақсат тұттық. Сөз ыңғайында нақтылай кетейік, Президент қай салада да сұңғыла, салиқалы, терең, талғампаз, білікті, пайымды, шешімді әрі кесімді. Бұл – кемел көшбасшыларға ғана тән қасиет. Бұл сөз, әрине, бүгінгі заман көшбасшысының толық тұлғасын таныта алмаса керек. Бүгінгі көшбасшыны қарсыластарының өзі де таңдауы, яғни мойындауы керек. Міне, шынайы көшбасшы осы болса керек. Бұл тұрғыдан келгенде, көшбасшыға тән сан алуан қасиеттерді бір бойына жинақтаған Елбасының бойындағы ең басты қасиеті – халқын сүюі, елін қастерлеуі, Отанын құрметтеуі, қысқасы, ең ізгі де жақсы қасиеттерді бойына толық сіңіруі. Және соны жарқыратып көрсете алуы. Ол жақсылықтың басында тұрады, игіліктің қасында тұрады. Бейбітшіліктің бағасын біледі, демократияның демагогияға қосылмас шамасын біледі. Шынайы да адал бәсекелестікке бара алатын, берген сертінде тұра алатын, ең негізгісі, туған халқының жан жүрегіндегі ұлы сезімдерді құрметтей алатын жан. Нұрсұлтан Назарбаевты осы қасиеттерді бір бойына жинаған тұлға деп танитынымыз сондықтан. Бұл тіпті бір адамның ғана емес, әлемдегі алуан-алуан мемлекеттердің көшбасшыларының көңілінен шыққан көшелі баға, ортақ пікір.
«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан» деген жүрекжарды жақсы сөздің авторы, жаңа тұрпатты мемлекет орнатып, жер жүзіне оны толық мойындатып, әлемдік деңгейдегі көшбасшылық биіктікке көтерілген Тұлға – Сіз бен біздің Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Әлемде Қазақ елі - біреу, оның Көшбасшысы - біреу.
Екібастұз жалпы орта білім беретін мектебінің
11-сынып оқушысы Балтабай Мадина,
Төртүй ауылы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?