Зулайды менің өмірім
Өмір... Сірә, өмір жайлы толғанбаған, сырлы қаламымен жырламаған ақын-жазушы дүниеде жоқ шығар. Талай ғасырдан бері «дүние қалай пайда болды, адам қалай жаратылды, өмірдің мәні неде?» деген сұрақтар адамзатты мазалағаны даусыз. Ол туралы философтар, ғалымдар, саясаткерлер бір-бірінен ерекшеленетін тұжырымдар келтірген. Менде өзімнің өмірге көзқарасымды, өмірдің мәні неде екенін айта кетейін.
Ештеңені ойламай, алаңсыз, уайымсыз күн кешіп жүрген балалық шағым. Әжемнің ертегісін тыңдап, атамның ақылын есте сақтап, әкеме еліктеп, анама еркелеп, бауырларыма қамқор болып жүрген бақытты кезім. Ауылдың таза ауасын жұтып, достарыммен ойнап, өрістен қайтқан малдарды тамашалап, күннің ыстығына қарамай қызық қуып кететін шаттыққа толы балалық шағым. Қолыма гүл алып мектептің табалдырығын аттаған қорқыныш пен қызыққа толы сәт, сыныптастарыммен жарысып, мұғалімнің тәлімін алып, білім қуған кез. Бәрі өткеннің еншісінде. Қайта айналып келмейді. Өйткені, бұл өмір. Ал, «өмір» деген не? Біріншіден, тоқтаусыз зымырап жатқан алтын уақыт. Екіншіден, күнделікті күйбең тіршілік. Үшіншіден, отбасы, мектеп, жұмысты ойлап өтіп жатқан күнің... Сіздің өміріңіз қалай өтуде? Осы жасыңызға дейін істеген істеріңіз, уақытыңызды қалай жұмсап жатқаныңыз жайлы ойланасыз ба?
Адам адам болып жаратылғаннан бері біраз уақыт өтті. Сол уақыт аралығында адамзат соғыс, жұт, табиғи апат және басқа да қиыншылықтарды басынан өткізді. Өз қолдарымен жасалған әрекет қаншама. Осыдан кім қандай пайда көрді? Олар үшін өмірдің мәні неде?
Адамдардың армандары, мақсаттары, қалаулары әр түрлі болады. Біреуі – бай болсам, менің атымды дүниежүзі білсе екен, екіншісі – адамдарға қалай көмек көрсетсем, оларды таза жолға түсірсем екен десе, үшіншісі – тек бір сәттік ләзатты іздеп, ойын-сауықтан қуаныш табады. Олар үшін өмірдің мәні осылар. Және өздерінің арман-мақсаттарына жеткеннен кейін риза болып, қанағаттанбайды. Не себепті? Сіз сол жайында ойланып көрдіңіз бе?
Сізге «өмірдің мәні неде?» деп сұрақ қойса міндетті түрде ойланасыз. Ес білген кезіңізден қазіргі шаққа дейінгі өміріңізді тізбектеп ой елегінен өткізіп шығасыз. Жіберген қателік, өткізіп алған мүмкіншілікке өкінесіз, шынайы қуанған, бақыттан гүлдей жайнаған кездерді сағынасыз, алғаш ғашық болып, махаббаттың арбауына байланған балдай тәтті сәттерді аңсайсыз. Содан кейін өмірдің мәнін түсінесіз. Ол сіз үшін қателіктер жіберген өткен өміріңіз және сол қателіктерден сабақ алған бүгінгі өміріңіз болуы мүмкін. Ең бастысы, отбасы және достарыңыздың ортасында өткен әрбір сағат, минутыңыз.
Ал, мен үшін өмірдің мәні – отбасым, жаныма жақын достарымның амандығы, елімнің тыныштығы мен бейбітшілігі. Менің қалауымнан тыс зулап жатқан өмірімде өкінбейтін, еске алсам жымиып күлетін бақытқа толы сәттер көп. Адамға өмір сүруге бір ғана мүмкіндік берілген. Көзді ашып жұмғанша зымырайтын мүмкіндік. Құр еріншектік қылып жатпай, бүгінгі істі ертеңге қалдырмай еңбек ету керек және біліміңді одан сайын жетілдіріп, игі істер жасап, өкінбейтін ғұмырлы өмір сүру керек.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?