Ұстаз болу - жүректің батырлығы

 Ұстаз болу - жүректің батырлығы

Мұқаш Жансая

Ұстаз - Қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақта еңбек ет­іп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұс­тазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға болады. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен диқаншы.

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы - жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - мұғалім. Ұлы ағартушы Ыбырай
Алтынсариннің «Мұғалім – мектептің жүрегі» деген даналық ойлары осы бір
ұлы мамандықты игерген әрбір ұстазға арналады. Ұстаз - таудан арқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз - Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн - Ана. Әр таңның атысы мен әр күннің батысы өзінің емес, сіздің қамыңыз үшін қамығып жүретін әрбір ұстаз атаулы жандардың еңбегін ұлы демей не дейсіз?Мың ғасыр өтсе де, ұстаздың аты және «ұстаз» деген ұғым өлген жоқ. Өйткені, қазақ ұлтының ұлы ұстазы Ыбырай атамыз, өзінің бүкіл саналы өмірін, қазақ халқының жаңа буынын тәрбиелеп, олардың озық мәдениетті елдерден үлгі алуына, білімді де саналы азамат болып жетілуіне айтарлықтай үлкен үлесін қосты. Сонымен қатар, туған халқының тамаша болашағына сенді. Сол сенімді ақтар, бүгінгі жастар - біздің қолымызда.

Менің ойымша: «Жақсы ұстазға екі ғана нәрсе керек, оның бірі - терең білім болса, екіншісі – үлкен жүрек». Балаға деген шексіз махаббаттың иесі бола білген ұстаздың арқасында, егемен елдің ертеңіне үлес қосатын, тәуелсіз мемлекеттің саналы ұрпағы саналатын шәкірттеріміздің саны артатынына кәміл сенемін.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?