Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет!
Ұстаздық ету – ұлы жол. Шыңы биік, мінер баспалдағы ауыр жол. Оқу мен тынымсыз еңбектің жолы. Қуаныш пен көз жастың жолы. «Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты» дейді қазақта. Мұндағы «мықты ұстаз» - жаңағы айтылған ұлы жолдың шыңына жетемін деп талпыну. Алда тұрған небір кедергілер мен ауыр асуларды бағындыра алу және оған қарсы тұра білетін ерік-жігер, мықтылық, сабырлық пен төзімділік. Осы қасиеттерді өз бойына ұштастыра білген ұстазды нағыз өз ісінің маманы дейді. Ұстазға ақын да, ғалым да, малшы да, хан да бас иген. Ерен еңбегін құрметтеп, ұстаз есімін үнемі ұлықтаған. Себебі, ұстаздық ету - үлкен шеберлік. Сол шеберлікке жоғары баға бергендердің бірі - орыстың атақты педагог демократы, әрі педагогика ғылымының нағыз майталманының бірі - К.Д.Ушинский еді. Ол өзінің бір сөзінде: «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» деп үлкен баға берген болатын. Бұл сөзіндегі «сырттай қарапайым» дегенін бөлек алып қарайықшы. Яғни, сырттай қарапайым, жай ғана бір мамандық. Мұны бірі түсінсе, бірі аса түсіне бермейді, бірақ мұғалім өз бойында тек бір ғана ұстаздықты, бір ғана тәлімгерлікті алып жүрмейді. Қажет кезінде актер де, әнші де болады. Ұйымдастырушы, режиссер, биші, бағдарламашы, суретші... Бұл қасиеттердің барлығы бір ғана ұстаздың бойынан табылатыны таң қалдырады. Бір емес, бірнеше асыл қасиеттерді өз бойына арқалап жүрген аяулы ұстаздарымыздың еңбегі – баға жетпес асыл еңбек. Сол себепті де К.Д.Ушинскийдің ұстаздықты ең ұлы іс, ең ұлы жол деп бағалауы бекер емес.
Қажымайтын қайсарлығы мен батыл мінезінің арқасында ұстаздар үнемі толассыз білім мен үлкен ізденістің үстінде жүреді. Тарыдай баланың сауатын ашып, әріп танытса, таудай балаға білім-ғылым үйретеді. Оқулық пен кітап беттеріндегі әрбір сөздің, әрбір сөйлемнің үлкен маңдай термен келген еңбек екенін түсіне отырып, оны баланың санасына құяды, ұғындырады. Білім берудің небір қырлары мен сырларын игере отырып, оны өз тәжірибесінде орынды, тиянақты, дұрыс әрі дәл пайдаланып, қолданады. Білімді беру аз, ал оны қайтарып алу – міне басты мақсат. Ұстаз үшін берілген білімнің қаншалықты баланың санасына жетіп, көкейінде қалуы маңызды. Болашақта өзі еккен ағашының біртіндеп бүршік атып, жемісін беруі – әрбір ұстаздың қуанышы мен арманы. Ұлы жолдың бойымен келе жатырған ұлы ұстаздарымызды ұлықтау – тұтас елдің парызы. Тарихымызға үңілсек, ұлы ғұламалардың өзі ғылым жолын ұстаздықтан бастаған. Үлкен еңбектері мен терең білімдерінің арқасында олардың есімдері ел аузында мәңгілік.Ардақты ұстаздың ұлы еңбегі тиісінше ұлылықпен бағалануы керек. Өзгенін баласын өз баласындай көріп, оның әрбір басқан қадамы мен жеткен жетістігіне шынайы қуана білген ардақты ұстаз – екінші аяулы ана! Сол себепті де ұстаздарымызды ұлықтайық, аялайық, құрметтейік!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?