Білім - өмірі шырағы

 Білім - өмірі шырағы

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы негізгі орта мектеп мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Керимбаева. Динара Шыбыт ауылы

Кітап оқудан тиылсақ,
Ой ойлаудан да тиылар едік.
Ғабит Мүсірепов

Адамның ұлы қазынасы - білім. Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды сатып ала алмайсың», «Ақыл - тозбас киім,білім - сарқылмас бұлақ» деген халықтың даналық сөздерінен- ақ білуге болады. Қазіргі білім беру қызметінің мақсаты - білім «беру» ме, әлде «алу» ма? Қайсысы нәтижелі болмақ? Ал білімді беру болатын болса, ұстаз шаршамау керек – тықпыштай бер, тықпыштай бер шәкірт басына! Олай болатын болса, адамдардың бәрі де білімді болып кетер ме еді?.. Өкінішке орай, олай емес. Білімді болу үшін оқушы еңбектенуі керек, әрекет жасауы қажет. Білім өз басында (миында) пайда болу үшін адам оны есінде сақтап, түсінуі, қолдануы, талдау жасауы және бағалауы қажет. Осылай ғана білімді игеру мүмкін болар. Оқушы өзін білім игеру процесінің басты тұлғасы ретінде сезініп қана үйренеді. Білімді тек үйренуге болады және де үйрену ісі белсенді әрекеттерден құралуы керек: ұмтылыс пен талаптану арқылы ғана біздің білуіміз ықтимал. Білім игеру процесінің басты қағидасы «Үйрету мүмкін емес, үйрену ғана ықтимал!» екендігін бұл жерде баса айту қажет. Оқушының өзі үйренуге құлық, құлшыныс, ықылас пен ынта танытуы керек. Қандай керемет ұстаздар болмасын, оқуға еш ынтасы мен қызығушылығы жоқ шәкіртті үйрете алмайды. Бұрынырақта, білім берудің басты қағидасы «Үйрету!» болса, бүгінгі күні басты идея «Үйрену!», тіпті «Үйренуге үйрену!» ұстанымына айналып отыр. Сонда мектептен оқушы не нәрсені үйреніп, қандай болып шығуы керек? Осы сұраққа жауап іздесек, Абай атамыздың негізгі өмірлік қағидасы "Адам бол!"-деген ұстаным болса, әрбір ұстаздың басты мақсаты – шәкірттеріне адам болудың жолдарын үйренуіне жағдай жасау және көмекші құралдарын ұсыну керек. Осыларды шәкірттер пайдалана отырып, бірінші кезекте адам болып шығуы қажет. Ендеше адам болу дегеніміз не? Адам болу дегеніміз - адамгершілік қағидалар мен құндылықтарды ұстану. Адамгершіліксіз білімнің еш қажеті жоқ екендігін ХХ-шы ғасыр дәлелдеді емес пе?! Оқушыларды адам болуға баулу үшін ұстаздар кауымы не істеу керек ?-деген сұрақ туады. Осы кезде Д.Қонаев атамыздың "Көргені жақсы көш бастайды" деген сөзі ойға оралады. Жалпы оқушылар айтқанды емес, көргенін істейді. Ұстаздардың әрбір іс-әрекеттерінен және сөйлеген сөздерінен адам болудың қағидалары көрініп тұруы қажет. Бір сөзбен айтқанда оқушының айнасы - ұстаз. Соған қарап бой түзеп, еліктеп өседі. Осы ретте тағыда мынадай сұрақ туындайды. Қазіргі қоғамға қандай адам керек? Бүгінгі қоғамға адами тұрғыдан ақаусыз тұлғалар мен азаматтар керек. Сол себепті де мектепте тәрбие жұмысын бірінші орынға қою қажет. Ғұлама Әл-Фарабидің "Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы!" деген аталы сөздері бүгінде білім беру жүйесінің ең басты қағидасына айланған. Қосымша білім беруді тәрбие сласына көбірек ұйымдастырған абзал. Қорыта айтқанда, білімді адамның борышы шен - шекпен емес, туған халқына қызмет ету. Ендеше көргені жақсы қазақ көшін бастайтын дана ұрпақтарымызды тәрбиелей берейік.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?