Ата, Менің атам
Менің атам ел жұртқа сыйлы, қазақи болмысты, қысылғанда талайы келіп арқа тұтқан беделді жан еді,
Шырайы жарқын, кесек ойлы, жанары әрдайым жарық жұлдыздай жанып тұратын өнегелі азамат, өзіне ғана тән ұтқыр да, ұшқыр сөз тұрпаты мен ағайынның ақылшы, қамқоршысы бола білу болмысын бойында қатар ұштастырды. Ер жетіп, ес білгелі атамның ұлағатты сөздері мен үшін өмірлік азық болды. Азық болғанда көмейден өтіп, тәнге қуат бермейді, көкейіңе қонып, жүректен орын табады. Жастайымнан жадыма ақыл мен білім нәрін құйған кісінің қалжыңы мен тапқырлығы аралас әңгімелері ойыма жиі оралады.Бірде, жанымдағы жақын достарымнан көңілім қалып, атамнан:- «Дос табу оңай ма?» деп, ақыл сұрай бардым.Сонда атам: – Өзің қалай ойлайсың, жауап іздеп көрші?!- деді.- Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын,- дедім мен.Ол кісі ойымның бұрыстығын айтты.- Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, – деп ақыл айтты.

Алишер МУКЕБАЕВ,
Қамысты ауданы
Орқаш негізгі мектебінің
7-сынып оқушысы
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қарлығаш апай сабақ үстінде «Менің атам мен әжем» тақырыбында шығарма жазуды тапсырды, мен қуана-қуана, қолыма қалам алып, шабыттана отырып, шығарма жазуды бастадым.
Ата мен әже немере үшін ең жақын аяулы адамдар. Әжем әрдайым менің тәрбиеме де үлесін қосып келеді. Анамның қолы босамай қалған жағдайда, әжем жәрдемдесіп, менің қасымнан табылады. Ол өнегелі ғұмырын айтып, тәрбиеге бағыттап отырады.
Осындай жаныңа жылу сыйлайтын, аялы алақанына салып өсіріп келген, нағашы атам мен әжем жайлы айтпай кетуге хақым жоқ. Ата-әжемді күндізгі жарқырап шығып, жылуын шашатын күнге, түнгі аспандағы жымыңдаған жұлдызға, жарық беретін айға теңеп келемін. Атам өмірдің қиын қыстау кезеңдерін басынан кешіргенін, жоқшылыққа да мойынсұнған кездері болғанын айтып отыратын еді. Атама деген сағынышым кеудемді кернеп барады, дүниеден озғанына 3 жылдай уақыт өте шықты. Әжем біздің тек қана жақсылығымызды көріп, қызығымызға тоймай жүре берсін деп, тілеймін.

Ата дегенде ел бірлігі сөзі тіліме оралады. Ел бірлігі үшін ата мен немере арасындағы сабақтастық жібі үзілмеуі керек. Ата мен немере арасында әке бар. Ел бірлігін қамтамасыз ететін үш тұлға: ата, әке, немере. Үш буын, оған сай үш құндылықтар жүйесі. Сабақтастық жібі үзілмеуі керек, егер үзіле қалса, оның қай жерден үзілгенін тауып жалғау – парасаттылықты қажет етеді. Парасат иесі кім, әрине, ол – ата.
Есім атам ел ішінде беделді болды. Неге десеңіз, ол кісі алаламады, басы артық сөз айтпады, оғаш мінезбен көзге түспеді. Атам туралы жақсы сөздерді бала кезімнен жиі естіп өстім. Олар санамдағы архетиптер.
Бүгінде жұрт аузындағы атам туралы естелік сөздерді саралап отырсам, жарықтықтың расында өз ортасында тұлғалық, ақсақалдық дәрежеге жеткені анық екен.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?