Тәуелсіздігім Тұғырым
Тәуелсіздігім менің әрбір өткен бақытты күнім десем де артық айтпас едім. Тәуелсіздік қазақ елінде тұрып жатқан әрбір азаматтың еркіндігі, жылдар бойы бабалар аңсаған, халқымыз аңсаған киелі дүние. Жалпы, біраз жылды артқа шегеріп қарайтын болсақ, бұл киелі тәуелсіздікке жету оңай болған жоқ. Міне сол тамыры тереңде жатқан киелі тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр.
“Киелі” деген сөздің өзінде үлкен мағына жатыр. Бүкіл бір елдің тағдыры мен бастан өткізген тауқыметі осы бір сөздің астарында жатқандай. Елдің еркіндігін аңсадық, оған жеттік, оны ары қарай соңына дейін ұстап тұра алуымыз қажет. Мен бұларды аңсау, жету, ұстап тұру деп үш кезеңге бөлер едім. Үшеуінің тарихы үш түрлі. Ал біздер мына жастар осы кезеңдердің үшіншісінде тұрмыз. Яғни келешекті бастаушы, болашаққа жол сілтеуші ұрпақтармыз! Қолда барда алтынның қадірін білу және оны келесі дәуірге аманаттау біздің ең басты парызымыз.
Жалпы осы 30 жыл ішінде Қазақстан барынша дамыды. Яғни, барлық жағынан жетістіктерге жетіп, шекарасын кеңейтіп, дербес мемлекетке айналды. Осы тәуелсіздікке қол жеткізіп, оны бізге табыстаған аға-әпкелерімізге тағзым етеміз!
Сонау өткен ғасырдың есте қаларлықтай кезеңі болған желтоқсанның ызғарына қарсы тұрған жастардың ерліктерінің арқасында тұғыры биік тәуелсіз елге айналдық.
Жоғарыда айтқанымдай талай елеулі өзгерістер орын алды. Мемлекетіміз нығая түсті, билік жүйесі қалыптасты. Ата заңымыз қабылданып өз күшіне енді. Еліміз басқа да мемлекеттермен ынтымақтастық орнатып, бірнеше ұйымға мүше болды. Қиыр шеттегі қандастарымызды Ата жұртқа шақырып, ұлы көшке жол ашты. Экономика дами түсті. Еліміз мерейлі мемлекетке айналды.
Өз алдына отау тігіп, егемен мемлекетке айналған Қазақстан қанша қиындықтарға жолықса да, тастай берік төзімділіктің арқасында күллі әлемге өзінін өршіл үнін мойындатты.
Біздің тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы барлық жетістіктері, қазақ халқының егеменді заманда жаңаша өрлеуі, өркендеуі, рухани-экономикалық еркіндігіміз, дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен тереземіз тең, дәулетті елдермен бірдей қарым-қатынас жасауымыздың барлығының алтын бастауы – біздің мемлекеттің Тәуелсіздігінде.
Тәуелсіздік күні біз үшін - ең қастерлі күн. Біздің бүгінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен сыйы, халқымыздың мәңгілік құндылығы.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы құтты да, баянды болсын! Әрқашан күн сөнбесін! Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанымызда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіреп тұра берсін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?