Ыстық қой, шіркін туған жер!


Тарихқа көз жүгіртсек сонау ықылым заманнан сан ғасырлар бойы естіп өзімізбен бірге жасасып келе жатқан Шоқан Уалихановтың Қашқария сапары, «Орбұлақ» шайқасы, «Ұлы Жібек Жолы», VII ғасырдан астам уақыт тамырын тереңге жайған «Әулиеағаш», тұтастай ағаш арқылы Тянь-шань шыршасынан бірде-бір шегесіз қиюластырылған тарихи мешіті де еріксіз еске түседі. Дей тұрғанымен Қытаймен шекаралас жатқан бұл тұнған тарихқа толы өлкені біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Сондай-ақ бұл өлке «Желтоқсан» көтерілісінің батырлары Ләззат Асанова мен  Ербол Сыпатаевты, қазақ бейнелеу өнерінің дарабозы атанған Әбілхан Қастеев есімдерін дүниеге әкелген Алматы облысына қарасты Жазиралы Жаркент қаласы.

Тіпті атынан ат үркитін, атағы айғайлап тұрған адамның да қарадан бастап ханға дейін айналып келер, табан тірейтін мекені Туған жері бар емес пе? Иә, бұл менің Туған Жерім қазақылықтың қаймағы бұзылмаған орта саналатын Жазиралы Жаркентім. Осы орайда Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытов атамыздың: «Туған жердің  қымбатын ғылым іздеп, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім біледі? Ыстық қой, шіркін туған жер!» деген мағынасы жоғалмайтын алтын сөздері құдды бір тауып айтылғандай. Қазақта батыр да, ақын да, жазушы да көп. Бірақ қай-қайсымыздың болмасын туып өскен жерімізде өз есімін қалдырған, аяқ басқан азаматтар жетерлік. Шындығында елдің ертеңі-бүгінгі жастар біздер болғандықтан, өскелең ұрпақтың алдында үлкен міндет тұр.

Республикамыздың Тәуелсіздік алып, мәртебе алуына байланысты елімізде біршама өзгерістер болуда. Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктің арқасында құлшынысымыз жылдан жылға арта түсуде.

Елбасының әр жылғы Жолдауы-тарихи құжат болып саналмақ. Олай дейтініміз Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру «Туған жер» бағдарламасы қазіргі таңда ауқымды жобалардың арқауы болып отыр. Сәйкесінше, қайта ұлтжандығымыз оянып, Отанға, Туған жерге төңірегімізге ой көзімізді тастап еркімізден тыс толқып жүргенімізде жоқ емес. Сонымен қатар Қазақстандықтар үшін  2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланған болатын. Осы жылда өз еліме, жеріме тиімді  кәсіп ашсам, өз пайдамды тигізсем деген жастарымызға көптеген игі істер бастарлық мүмкіндіктер де жетерлік. Туып өскен жерін гүлдендіріп, көркейтіп ғана қоймай бүгінде ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз ете отырып,  жұмыссыз жастарды  жұмыспен қамту мақсатында құрылған ерекше жыл іспеттес. Бұл жылдың тағы да бір ерекшелігі  14-29 жас аралығындағылар үшін көптеген  өз бағын сынап көремін деген жас таланттыларға түрлі байқау үлгісіндегі жарыс түрлері көбеюде. Тиімді жағы үлгі алар тұстары өте көп әсіресе мына XXI ғасырда ғылым білім мен техниканың заманында біз сияқты жастарға, оқушыларымызға шабыт сыйлап ғана қоймай, ізденісін одан сайын арттыра түсуде. Іздену арқылы рухани байлықтарымыз, ұлттық құндылықтарымыз ұлттың қорғаны екенін ескеріп, патриоттық сезімге ұласқандай.

Тегінде өскен ортамыз, таза ауамыз, мөлдір суымыз, жайқалған жапырағымыз адамзаттың жан-дүниесінің, мінез-бітімінің, тыныс-тірлігінің айнасы емес пе? Ол өскен орта байлығын танытып қана қоймайды, оның уақыт озған сайын құны артпаса арзымас қазына екенін де сездірер белгісі. Ең алдымен әрқайсымыз өз туып өскен жерімізден бастасақ гүлендірсек, барынша құрмет тұтып аяласақ сонда Туған жердің бізге айтары-шынайылық, махаббат, өсиет, ұлағат,тәлім, парасат, ізгілік болмақ.

«Туған жердің түтіні де ыстық»-деген сөзімен өз ойымды түйіндей келе пейілі кең дархан қазақ еліміздің гүлденуіне барынша атсалысуға шақырамын. Осындай тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатқанымызға  қуануымыз керек деп ойлаймын.

Осы тұрғыда өз туып өскен жерімізден бастасақ көркейтсек, ана тілімізді қастерлеп барынша құрмет тұтып аяласақ зайырлы Қазақ елінің жеріміздің болашағы жарқын, әрдайым береке-бірліктің ордасы болатынына кәміл сенемін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

Назерке АБДЫНАСЫРҚЫЗЫ


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу