Туған жерім - Түркістан, туған елім - Қазақстан
2002 жыл еді... Ауа-райы жайдарлы,өте керемет, күн шуағына бөленіп гүлдер өсіп, барлық тірі жанды денелердің бәрі жер бетіне шығып, кереметтей көктем мезгілі басталған уақыт еді. Қазақ халқының «Жаңа жылын», күн мен түннің теңесетін күнін көру үшін он жетінші наурыз күні дүние есігін аштым.
Кішкентай кезімнен өсіп- өнген жерім қазіргі Түркістан облысы, Түркістан қаласы. Мен үшін Түркістан қаласы жылдың қай мезгілі болмасын өте қатты ыстық. Өйткені бұл жерде ата-анам, мектебім, достарым, естеліктерім,туыстарым, бір сөзбен айтқанда менің тарихым осы қаладан бастау алады.
Түркістан-екі дүние есі ғой,
Түркістан-ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандайда жерде туған
Түріктің тәңірі берген несібі ғой- деп Мағжан Жұмабаев жырлағандай кереметтей жерді қалай ұмытуға болады. Мен қай жерге барсамда туған жерімді айтып жүремін. Мысалы, осыдан бірнеше жылдар бұрын Қостанай қаласына жарысқа бардым. Қазақстанның барлық қаласынан көптеген жастар келді. Танысып жатсам көбісі «Түркістан» қаласын білмейді екен. Түркістаннанмын десем, «ол қай жақта, Түрікменстанда ма?» деп сұрағандарда болды. Кейін барлығын асықпай, әдемілеп қандай қала екенін түсіндіріп бердім. Тіпті Түркістан каласынан арнайылап алып шыққан сувенирлерімді де таратып бердім.
Осыдан-ақ байқап отқан шығарсыздар, туған жерімді қалай жақсы көретінімді. Мен үшін туған жерім Түркістан, тек Қазақстандағы емес, бүкіл әлемдегі, тіпті галактикадағы нөмері бірінші жер. Қазіргі таңда Түркістан қаласы облыс орталығы болды. Соған байланысты қала күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп жатыр. Елордамыз Нұр-Сұлтан, тіпті Париж, Дубай секілді қалалардан кем болмайтына мен сенем. Әр жердің өзіне тән ерекшелігі болады. Мысалы, Нұр-Сұлтан Бәйтерегімен, Алматы апортымен, Түркістан Қожа Ахмет Яссауи кесенесімен ерекшеленеді. Неге? Өйткені бұл біздің, бүкіл Қазақстанның мақтанышы. Осы арқылы ЮНЕСКО мемлекеттеріне танымал болдық. Сонымен қатар Түркістан қаласы Қазақстанның рухани астанасы. Мен тек туған жеріммен ғана емес туған жерімнен шыққан адамдарменде мақтана алам. Спорт, мәдениет, білім барлық жағынанда танымал тұлғалар шыққан. Атап өтетін болсам, ең бірінші қазақтың ханы Әбілмансұр (Абылай хан), Сиднейдегі олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов, ең алғашқы болып «Нобель» сыйлығының иегері Достай Раманқұлов, шоу-бизнес жұлдыздары Қайрат Нұртас, Еркебұлан Мырзабек, Нұржан Тілендиев секілді тұлғалар шыққан.
Бұл жерде мен өзімнің туған жерім туралы, туған жеріме деген махаббатым, туған жеріммен қалай мақтана алатыным туралы айттым. Ал туған еліме деген махаббат бұдан екі есе мықтырақ. Мен Қазақстан елінде туылғаныма еш өкінбеймін. Өйткені рухымыз мықты, намысымыз берік, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты,мәдениеттің не екенін білетінде елде тұрған жан бақытты деп ойлаймын.
Қазақ ел болғалы көптеген жылдар өтті. Осы жылдар аралығында көптеген қиыншылықтыда бастан өткіздік. Сонау сақ дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі аралықты қамтып отыр. Қазақ болып қалыптасып, жоңғар-қытай шапқыншылығынан өтіп, Ресей отаршылығынан босап, ашаршылықтанда, жоқшылықтанда өттік. Қазіргі таңда тәуелсіз,бейбіт өмірді сүріп жатырмыз. Осындай күнге жеткізген ата-бабаларымызға мың алғыс айтамын.
Қазақстан дүниежүзі бойынша жер көлемінен тоғызыншы орында. Міне, осындай кең байтақ жерімізді біз қорғап, одан да ары дамыуына үлес қосуымыз керек. Алдағы уақытта дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруіміз керек.
Қазақ елі бай мемлекеттердің бірі. Жер байлығы бойыншада, рухани жағынан бойыншада бай болып келеді. Менделеев кестесіндегі элементтердің көбісі біздің елімізден, жерімізден табылған. Міне кейбір елдерде жоқ нәрселер бізде бар. Бұдан басқа тағы не керек деп ойлаймын. Халқымыз байсалды,салмақты. Еліміз тыныш. Ешқандай елдермен соғысып,жанжалдасып жатқан жоқпыз. Тәуелсізбіз,ешкімге мойынсұрмай демократиялы елде тұрамыз. Жағдайымыз төмен деп те, жоғары деп те айтпаймын. Бірақ өмір сүруге болады,яғни орташа.
Еліміздің мақтаныштары көп. Ең бірінші сонау Әл-Фарабидің өзінен бастап, қазіргі елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаевқа дейін. Біздің ең басты мақтанышымыз, ол біздің – жеріміз,еліміз,тіліміз,салт- дәстүріміз,ұлттық киім, тағамдарымыз және соңғысы тарихымыз. Осыны ұмытпауымыз керек. Әр адам баласы өзінің туған жерін, туған елін мақтаныш етіп жүру керек. Мұхтар Шаханов атамыздың мына бір өлеңі маған рух берді.
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері - түп қазығы, айбыны,
Туған тілі- мәңгі өнеге айдыны,
Жан байлығы,салт-дәстүрі -тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және Туған тарихы.
Менің тек бір нәрсені айтып кеткім келеді. Еліміз,жеріміз заманына қарай өзгеріп отырса екен деген. Заманымыздан қалмай, жастарымызды қолдап жүрсек екен...
Мырзахан Нұрболат
Пайдалы сілтемелер:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?