Отан - ұлы ұғым
«Елім-ай,
Туып, өскен жерім-ай.
Топырағың тартады-ай,
Алыстағы мені-ай елім-ай»
Отан- ұлы ұғым. Отан әр адамның кіндік қанының тамған жері. Отан- ұшқан құс пен жүйткіп соққан желде де, бар әлемге шуағын төккен күн де болады. Анамның сүтімен, атамның қанымен берілген айбынды, асқақ рухты тілім -Отанымның айшықты белгісі. Отан үшін найзаның ұшы мен білектің күшін жұмсаған Ұлы даланың ұрпағымын. Мен осы елде тудым. Бір кеудеге екі жүрек сыймайды дейді ғой. Қазақ үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз! Туған жер! Бұл сөз біздің қай-қайсымыз үшін де айрықша.Туған жер– кіндік кескен жеріміз ғана емес, баршамыздың кең-байтақ, ғажайып өлкеміз. Менің Отаным – Қазақстан. Дүниеге келіп, осында өсіп, жүз елуге жуық ұлт өкілдерін құшағына сыйғызған, кең пейілді, қонақжай , туысқандық салтанат құрған еркін Халықтардың елі,Қазақстандай елім болғанына мақтанамын .
Кеудемдегі жұдырықтай жүрегім "Отаным" деп соғып тұр. Кең байтақ даламның әрбір тасы, суы, қаһарлы аязы, көктайғақ мұзы да ыстық маған. Өз Отанын, өз халқын, туған жерін сүймейтін азамат елінің қорғаны, патриоты бола алмайды. Егер әр адам ата-анасын құрмет етсе, өзінің өскен жерін, туыстарын сыйласа, туған ұлтын қадірлесе, сол адам нағыз Отанымыздың патриоты болады. Әрбір жанға өзінің отбасы ыстық болса, туған жері де адам баласына сондай ыстық. Отан деген - сенің туып өскен, кіндік қаның тамған жер. Отанға деген сүйіспеншілік анаға деген махаббатпен тең болуы керек. Отансүйгіштік – әрбір азаматқа керек ұлы қасиет, отаншыл болу, отанымызға көп пайда келтіре отырып, Отанды сүйетіндігінді іспен дәлелдеу, өз ел үшін еңбек ету керек, өйткені Отаншылдық өз үйіңнен басталады. Отанға, туған жерін деген сезімін күшейіп, сылдырлап аққан суы мен аспанмен таласқан тауларына қарап, кеуденде от жанғандай боласын.
Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе туған ауыл. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Талдықорған қаласынан басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Балам, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіз дүрсілі естіледі. «Қайда жүрсең Атамекен, көкейіңде жатады екен» ,- деген өлең шумақтары, қазір бойжетсем де, озім де ана атанып, өзімнің бөлек отбасым болса да, өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.
«Ел болам десең – бесігінді түзе», – демекші Отанға деген махаббат ана сүтімен берілуі тиіс деп санаймын, өйткені Отан алдындағы кіршіксіз махаббат ананың аялы алақаны мен әке қамқорлығымен бойға тарайды.
«Отан – отбасынан басталады», - деген тәмсіл бекер айтылмасы керек. Міне, егер әр бала осы махабатты көріп өссе, ер жеткен уақытында нағыз патриот болып қалыптасады. Өлкені сүйетін кім? Ата-ананың тәрбиесін көрген, ерлікті таңған, білімді бала. Кішкентай 3 жасар ұлымызды патриот етіп өсіруге бар жанымызды салып жатырмыз. «Барыс» хоккей командасының ойындарынан қалмай барып, Өзі де барыспын деп 2,5 жасынан хоккейге қатысуда. Үйде тек қазақ тілінде сөйлетіп, кунде ояна салып әнұранымызды айтуы бізді қуантады.
Менің елім – менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді әрбір азамат асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алады, өйткені біздер, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен, ұлт пен ұлыстардың ұл-қыздары, қасиетті қазақ топырағында өсіп-өніп, мекен етіп, береке-бірлікте, достық қарым-қатынаста, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз.
Біз бақытты ұрпақпыз! Себебі, ата-бабаларымыз қанып-төгіп, жанын беріп аңсап кеткен, Тәуелсіздікке қол жеткізіп, ешкімге тәуелді болмай, еркін өмір сүріп келеміз. Бабаларымыз басынан не кетпеді? Екі жүз жылдық жонғар – қазақ тартысында Абылай хан сияқты жандар, Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді билер, Қабанбай, Бөгенбай батырлар өз жерін ерлікпен қорғады.
«Отан үшін отқа түс - күймейсің», - деп Бауыржан атамыз айтқандай, азаттық жолында құрбан болған, азап шегіп қасірет тартқан аға-апаларымыздың ерлігін қалай ұмытамыз! Әрине, біз, ұрпақ, халқымыздың ерлік дәстүрін әрі қарай жалғастырамыз, халқымыз өтпелі кезеңнен абыройын өтіп, экономикамыз өрлеу жолына түсті. Менінше, кейінгі біз де із қалдыруға тиістіміз. Ол үшін жастықтың жалынымен, бойдағы күш-қуат, ойдағы ұшқынмен Отан – ананың тірегі болуымыз керек. Елбасымыз айтқандай, ХХІ ғасыр – білім, ғылым, бәсеке ғасыры болмақ. Әр азамат өзін мемлекетінің өткеніне, бүгініне және ертеңіне тікелей қатысын сезініп, Отан тағдыры үшін өзіне жеке жауапкершілік жүктелетінің терең білуі керек деп ойлаймын.
Туған елге, өскен жерге, Отанға деген махаббатты әсерлі сөзбен менің жеткізуім мүмкін емес. Бірақ ақын-жазушы, суретші аға-әпкелеріміз сырлы өлеңмен, ғажап суреттермен жеткізуде. Сол өлеңдер, суреттер арқылы, біздерде сүйіспеншілік, мақтаныш сезімі оянады. Біз үшін, дүниеде Қазақстаннан қасиетті, Қазақстаннан киелі ешбір жер жоқ! Ол қазақ үшін қастерлі, қасиетті.
Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Ойымды қорыта келе, Отанды қастерлеу, оны әспеттеу- мендей ұрпаққа үлкен аманат. Бейбіт өмірде өмір сүріп жатқан ұланғайыр елімнің аспанында әрдайым көк туымыз желбіреп, тұғыры биік болсын дегім келеді. Өзім шыр етіп дүниеге келген Отанымның "Мың өліп, мың тірілген халқы" - Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атамыздың: "Ата-бабаларымыз бір тудың астында тірі болу үшін бір болған, біз ірі болу үшін бір болуымыз қажет" деген сөзін мәңгілік әсте есте сақтайды.
Менің сүйікті еліме тілерім: Ежелден еркіндігін аңсап, міне бүгін азат ел болып, тәуелсіз ел болдың, Еліміздің еңсесі іргелі, тұғыры биік болып, жылдан-жылға дамып, өркендеген елдердің қатарына кіре беруіне тілектеспін.Мен өз еліммен мақтанамын.
Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай! Жасай бер Қазақ елім! Мен Қазақстанда тұратынымды мақтаныш етемін.
Мадина Тлеубекова
Пайдалы сілтемелер:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?