file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Баспаналы болуға көмектескен кәсіпкер



Жерде жетім жыласа, көкте періште күңірінеді. Қазіргі кезде ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға көмектесетін жомарт жандар көп. Олар республикамыздың түкпір-түкпірінде және әрдайым көмектесіп келеді. Сондай жомарт жүректі, мейірімді жандар деп Ибрагим Сәрсенбаев, Хамит Өтеуұлы мен Боран Ермахановты айтуымызға болады. Олар Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданындағы жетім балаларды қамқорлығына алып, баспаналы болуына көмектескен ауыл кәсіпкерлері. Біздің қазақ халқы жесірі мен жетімін жылатпаған халық. Осындай сауапты істермен біздің кәсіпкерлер үнемі айналысып отырады. Олар өздерінің ісін ешқашан міндетсінбейді, керісінше бір адамның қуанышының себепкері болғандарына қуанады. Өз кезегінде Ибрагим Сәрсенбаев, Хамит Өтеуұлы мен Боран Ермахановқа «Жомарт жүрек» марапаты табыс етілді. Олар үшін марапаттан гөрі, балалардың қуанышы маңыздырақ. Мұндай игі істер көпке үлгі болары анық. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып біріксек, алынбас қамалдың болмасы анық.

 

(Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының тапсырысымен

"Туған жер" жобасының аясында жазылды)


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу