Қазақстан – әсем жерлерге толы ел


Туған жер... Тек осы сөздерді естігенде менің бар ішкі дүнием құлпыра бастайды. Бұл сөз тіркесі қаншалықты құдіретке ие екенін айтсаңызшы! Әрине, басқалары үшін ол әртүрлі мағынаны білдіретін шығар. Бірақ бір нәрсе әрқашан өзгеріссіз қалады – ол бүкілінде құрмет сезімін танытуы тиіс.
Қазақстан – бұл мені осы дүниеге әкеліп, өсірген анамның, тәрбиелеп, өмірге қажет нәрсені көрсеткен әкемнің, оларды өмір сүруге үйреткен ата-әжелерімнің, маған қажет кезде көмек беретін аға-әпкелерімнің, әрдайым қол ұшын созуға дайын тұратын жолдастарымның туып өскен жері. Сол себепті, осы жердің мен үшін маңыздылығы одан сайын арта түседі.
Біздің халық тек 1991 жылы егемендігін алып, өз Республикасын құрса да, оның тарихы бай. Тым алыс кетпей, Қазақ хандығының құрылуынан бастаған жөн болады. Ол 1465 жылы, Керей мен Жәнібектің бастауымен, Шу өзенінің бойында орын алған. Осы мемлекеттің өмір сүру уақыты кезінде көптеген хандар бір-бірінің орнын ауыстырып отырған. Солардың біріншісі Керей хан болған.
Қазақ хандығында бүкіл уақыт бойы көптеген реформалар өткен болатын. Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы»,Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Бұның бәрі ұлы адамдардың дана еңбектері. Оған қоса, бұл ел қазіргі Қазақстан жеріндегі мемлекеттермен шайқасып, өз шекаралары мен халық санын үлкейткен. Ноғай ордасы, Мавераннахр, Моғолстан, Ойраттар әскерлерінің тас-талқаны шыққан. Әсіресе, Хақназар ханның кезінде ол территорияның аумағы артқан. Тіпті, Иван Грозный оны ұлы билеуші деп атаған.
Қазақ хандығының басты жауы – Жоңғар тайпалары болған. Олардан құтыламыз деп, қазақ халқы Ресей Империясының қармағына түскен. Солай, 1847 жылы ол толықтай Ресейге қосылды.
1847 – 1917 жылдары осы территория Ресейліктердің қол астында болды. Осы уақыт аралығында олар біздің халқымызды қыру не бағындыру үшін көптеген саясаттар жүргізді. Алайда 1917 жылы император билігі құлап, кейін большевиктер партиясы билікке келді.
1920 жылы тағы бір қорқынышты оқиға орын алған еді. Азаматтық соғыс жүріп, қаншама қазақ осы соғыста не ашаршылықтан қаза тапқан.
1991 жылға дейін біз КСРО құрамында болып, тек сол жылы 16 желтоқсан күні өз тәуелсіздігімізді алдық. Бұл күн біз үшін ұлы күн болып саналады. Осы уақытқа дейін біздің еліміз үшін күрескен адамдардың барлық армандар мен тілектері орындалды.
Біздің мақтан тұтатын заттарымыздың бірі – ана тіліміз. Қазақ тілі әлемдегі ең бай тілдердің бірі. Алайда қазіргі таңда онымен байланысты мәселелер туындауда. Орысшалап жүретін не ана тілімізді басқа да тілдермен араластырып жіберетін жастарды кез-келген жерде кездестіре аламыз.
Тіл – мемлекеттің басты көрсеткіштерінің бірі. Тіл жоғалса, барлық тарих та жоғалады. Оны айтқандардың алғашқылары – Алаш оқымыстылары. Ахмет Байтұрсынұлы «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады» деп айтқан. Онымен басқалары да келіскен. Мысалы, Халел Досмұхамедұлы «Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт» деген.
Қазақстан – әсем жерлерге толы ел. Отаным жайлы жаза отырып, олармен мақтанып өтпеу мен үшін мүмкін емес. Жайық, Ертіс, Есіл, Сырдария, Іле өзендері, Баянауыл, Көкшетау, Қарқаралы, Жетісу Алатау таулары, Балқаш, Алакөл, Каспий теңізі көлдері. Бұл тізімді ұзақ уақыт бойы жалғастыра беруге болады.
Жалпы, мен өз Отанымен мақтануға бүкіл мүмкіншілігім бар. Әрине, қазіргі уақытта бұл жерде мәселелер туындауда. Бірақ болашақта оларда шешеміз деп сенемін! Жайнай бер, Қазақстан!

 

Жұмабаев А.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу