ҚазҰУ- ғылымның ортасы мен білімнің ордасы
Білімнен нұр шашқан аспаны
ҚазҰУ-ым ғылымның асқағы
Жадымда сайрайды тарихың
Тәлім мен тәрбие бастауы…..
Осындай тәуелсіз қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Білім алуға деген мүмкіндіктеріміз бен қол жеткізе алатын армандарымыз бар. Осының құрметіне білім алып жатқан оқу орныма мақала арнағым келеді. Университет 1934 жылы құрылып, 1991 жылдан бастап Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті болып өзгертілді. Университет сол кезеңнен бүгінге дейін тоқтаусыз дамуда. Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің құрылғанына кем дегенде бір ғасырдың жүзі болып қалды. Әлемдік білім кеңістігінде өзінің алар орны ерекше, көш бастап тұрған білім ордасы. Университеттің тарихы еліміздің маңызды кезеңдерімен тұспа- тұс келіп ұшырасады. ҚазҰУ- жастар мекені. Жастардың қалашығы десек те болады. ҚазҰУ қалашығы өте үлкен. Тіпті бір үлкен ауыл сияқты. Елбасы болашағымыз жастардың қолында десе, ҚазҰУ-да жастардың бүкіл жағдайы жасалған. Өзіміз байқап қарасақ, қалашық ортасында үлкен көлемдегі Әл-Фараби кітапханасы орналасқан. Іші қазіргі ғылым талабына сай цифрлы жүйемен қызмет етеді. Кітапхана қойнауында 2 миллионнан астам кітап қоры бар. Ішінде сұраған кітаптың бәрін таба аламыз және де бір қуантатыны кітапхана электронды жүйеде жұмыс атқарады. Тағы да бір қызық жағдай, кітапхана ішінде тек кітап емес, компьютер клубы және шағын музейлер орналасқан. Әл- Фараби кітапханасы ТМД елдеріндегі алар орны ерекше, көлемді, ауқымды жалғыз кітапхана. Қалашықтың табиғаты мүлде ғажап. Ортадағы Әл-Фараби ескерткішінен аса бастағанда, ары қарай сұлу Алатаудың бейнесіне куә боламыз. ҚазҰУ қалашығының ішінде Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы да бар. Ол да өзінің жұмысын қарқынды атқарады. Университеттің талантты жастарын осы жерден табамыз.
Енді университетіміздің білім беру жағдайы мен дүние жүзіндегі алатын ерекше орны туралы сөз қозғайық. Университет халықаралық деңгейде білім береді. Мемлекеттік аттестаттаудан бірінші болып өтіп, барлық мамандық бойынша білім беру қызметін жүзеге асырды. 2003 жылы 16 қыркүйек күні Еуропадағы белгілі Балонья университетінің қабырғасында Қазақ Ұлттық университетіміз Дүниежүзілік университеттер хартиясына қол қойды. Содан бастап университет Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері ішінде көш бастап, бірінші болып Еуропалық білім кеңістігіне енген болатын. Университет қабырғасында тек қазақ жастары емес, басқа ұлт өкілдері де білім алады. Шетелдік студенттердің өзі ҚазҰУ-ға қызығушылықпен түсіп, өзінің тілдерінде еркін білім ала алады. Шетел студенттерінің саны шамамен соңғы көрсеткіш бойынша 15 есеге өскен. Университетте жыл сайын көптеген форумдар мен игі іс- шаралар ұйымдастырылады. Әсіресе «Мен жастарға сенемін» атты жастар форумы. Бұл шара жыл сайын ауқымды көлемде өтеді. Оған басқа университеттің білім алушылары қатысып, бақ сынайды. Тек осы жылы ғана форум қазіргі жағдайға байланысты онлайн түрде өткізілді. Бұл біздің жалпылай алып қарастырған жетістіктерміз ғана. Ал, егер де, факультет бойынша қарастырсақ онда бізге үлкен кітап жазып шығаруға тура келеді. ҚазҰУ цифрландыру жүйесінің көш басшысы десек те қателеспейміз. Себебі, әр жыл сайын университет өзіндік жаңа бағытты қалыптастыруда. Университетіміз үшін 2020 жыл да жақсы аяқталады деген үміттемін. Себебі, 2020 жылғы университеттердің рейтингімен салыстырғанда тағы да Қазақ Ұлттық Университеті көш бастап тұр.
ҚазҰУ- талантты жастар мен дарынды студенттердің мекені. Білімге құштар азаматтардың мекені. ҚазҰУ- нағыз студенттік шақтардың естен кетпес естеліктерін қалыптастырушы. Ғылымның ортасы мен білімнің ордасы.
Жоба авторы: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Филология және әлем тілдері факультетінің Қазақ тілі әдебиеті кафедрасының 2 курс студенті Муратова Әдемі Ерікқызы
Әдеби кеңесші: Талғат Бекболатұлы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушысы, докторант
Муратова Әдемі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?