Ауылым - алтын бесігім

 Ауылым - алтын бесігім

Риддер қаласы
«Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназия» КММ
11 «А» сынып оқушысы Төлеубеков Алмат Архатұлы

Қазақтың берекесі мен қуанышын,қайғысы мен мұңын бірге бөлісетін,жақсылығыңды мақтап,жамандығыңды бетіңе басатын ағайынның,он шақты ұл ,моншақты қыз өсірген,шаңы мен түтінінің иісі,қымбат әтірдің иісіненде асып түсетін ауылдың қадірі мен қасиеті кереметқой! Міне ,арман қуып қалаға кеткен әрбір қазақ өз ауылын,бабадан мұра болып қалған қара шаңырақты сағынбасына кім кепіл? Ауылдан адам кетседе,адамнан ауыл кетпейді деген осығой!

Ауылым алтын бесігім! Неліктен ауыл мен үшін алтын бесік?

Қазақтың шығысында ойып тұрып орын тепкен Тарбағатай ауданың Зайсан көл маңында орналасқан Байтоғас ауылының қара домалақ баласы үшін,яғни мен үшін ауылдың орны бір бөлек.Ең алғаш кіндік қаным тамып,ең алғаш көйлегім тозған елдің қадірі мына мен үшін ерекше.Қаланың өршіген қарбалас тірлігінен қарағанда,ауылымның тыныш жатқан көрінісі,жаныма рақат беріп,бар ауыртпашылығымды жоқ қылып жібереді. «Бісміллә» деп алғаш қадамым жасалып,тұсауым кесілген жер,былдырлап алғаш сөйлеген сөзімде,естен кетпес ағайын- туыстың келбетімен жарқын күлкісі осы алтын ұям,алтын бесігім-ауылымның төрінде! Мінеки,жоғарыда қойылған сұраққа жауап ретінде осы қанатты сөздерді ұсынамын!

Найман руының ішінде Тоғас елінің батыр жүректі ұлының,мына менің туып өскен жерім,тарихы ежелден таныс,атын естісе достары марқайып, жаулары қашатын,тепсе темір үзетін жігіті мен сұлу да сымбатты қыздарымен мақтанатын,аты өлеңге шығып,Зайсан көлімен күнін көріп жүрген Тарбағатай ауданы, Байтоғас ауылы! Осы орайда ауылыма жыр арнағым келіп отыр!



Көлінде шағала мен сазан ойнаған ,

Әр үйде кеңшілікпен той тойлаған

Қымбат маған жерұйық жәннәті жер

Байтоғастан асып-түскен жер болмаған



Қара шаңырақ, тұрмысы Зайсан көлмен қайнаған

Ауылым келем саған сағынышпен қайтадан

Сағынышымды өлеңмен жеткіземін

Сағынған туған балаң өзіңе сөз арнаған



«Алтын діңгек-асыл босағам ауылым» демекші ауылыма деген сағынышымды бір эссеге сыйдыра алмаспын.Қиып түсер қылыштай сөздеріммен ауылымның кереметтілігін айтуды азшылық деп санаймын.

Себебі, ту көтерер ері бар,қазыналы жері бар Байтоғас ауылы мен үшін алтын бесік!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?