Оқу бағдарламасына, білім беру жүйесіне енгізілген өзгерістер турасындағы менің пікірім
Биыл мен 10 сынып оқушысымын. Дамыған ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқандықтан, әр адам жеке тұлға болып қалыптасуы үшін жан-жақты дамыған, бірнеше тілде еркін сөйлейтін, технологияны жетік меңгерген болуы тиіс.Осыған орай, заманға сай ұрпақ тәрбиелеу мақсатында біздің Елімізде, нақтырақ айтсақ білім жүйемізге көптеген өзгерістер енгізіліп, жаңа серпіліс толқыны бой көтерді. Бұрын соңды естімеген нәрселер оқу бағдарламасына енгізілді. Мен осы жаңа жүйемен оқып жүрген оқушы болғандықтан оның кейбір кемшіліктерін және пайдасыз тұстарын көріп жүрмін. Бұлай деуіме мысалдар келтіре аламын. Бұның барлығын ұлтымның болашағын ойлағандықтан айтып отырмын. Әйтпесе, көп оқушыларға керісінше сабақ өтпей алаңсыз жүрген ұнайды ғой...Бірақ мен бұған төзе алмаймын. Менің ойым алысқа, тереңге қарай тартады. Кейде өткенге, кейде болашаққа. Өзімнің емес, ұлтымның болашағына деген көбірек уайым мені мазалайды. Себебі, халқым жоғалса, елім жүдесе мен кіммін? Мен қазақ елінсіз ешкім де емеспін. Сол үшін, өзім еленуім үшін алдымен халқым асқақ болуы тиіс. Ал халықтың асқақтығы үшін мен де күресуім қажет.
Сонымен, мені толғандыратын ең бірінші мәселе-тіл мәселесі. Иә, ағылшын, орыс тілдерін білу заман талабы екені рас. Бірақ, таяқты әліп деп білмейтін 1 сынып оқушыларына ағылшын мен орыс тілдерін енгізу тым өрескел нәрсе. Ана тілімізді құрметтеу жайлы сөз қозғағанда ауыздан небір әсем сөздер төгіледі емес пе?! Ең алдымен өз тілімізді ардақтайық деп барлық жерде барлық жұрт айтады емес пе?! Енді ойлаңыз, әлі бойына патриоттық сезім дарымаған, ұлтын толық танымаған, ұлттық құндылықтарды меңгеріп үлгермеген, санасы толық жетілмеген мектеп табалдырығын тұңғыш аттап тұрған балаға ағылшын мен орыс тілін үйрете отырып, алғаш сауатын өзге мәдениеттің білімімен сусындатсаңыз ол баладан болашақта қандай ұлтжанды азамат күтесіз?! "Егер қазіргі таңда кімде-кім баласының болашағын ойласа, кейін қай тілде оқытса да, балабақшадан бастап кемінде 3-4 сыныпқа дейін қазақ тілінде оқыту керек, Бұл өз өмірімдегі тәжірибем және әкемнің ақылы."-деп Мұхтар Әуезов атамыздың ұлы Мұрат Әуезов әкесінің өсиетін айтқан екен. Нағыз қазақ елінің, тілінің жанашырлары осылай дегенде осы сөзден асып бізге не жоқ?! Сөзімнің түйіні мынау:"Ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу үшін білімнің тұнығынан сусындату қажет. Мен үшін білімнің тұнығы ана тілімнің арқасында ғана бойға дариды." Ел болам десең бесігіңді түзе демекші "еңселі ел" болу үшін ең алдымен, жас ұрпақ бойына мектеп деген алтын бесігімізден бастап, ол бала ес білгенге дейін тек қазақша білім беріп, ол баланың рухани, қазақи иммунитетін жетілдіру керек.
Қазіргі "жаңа формат" деп жарияға жар салып, жаңалық қып, шетелден қалмайық деп біздің ұстанып отырған бұл жаңартудың тағы бір қате тұсы-жиынтық бағалау деген нәрсе. Бұл нәрсе мектептегі оқушылармен бірге ұстаздардың да мазасын алып бітті. Шынтуайтына келгенде, "БЖБ, ТЖБ" деп ақ парақ та таусылып, мұғалімдеріміздің де шашы ағаратын болды. Оның не оқушыға, не мұғалімге берер ештеңесі жоқ. Оқушыларды қоя берші, олар амалын тауып тапсырманы бір-бірінен көшіріп болса да орындап береді. Ал оның зардабын ұстаздарымыз көріп жатыр. Оқушымен бірге сабақ жүргізе ме, әлде қайдағы жоқ "бжб, тжб"-ны жасап, оны көз майын тауысып тексере ме не болмаса kundelik.kz сайтына кіріп, қаншама уақытын ғаламтор желісіндегі "загрузкаға" бөліп күнделік толтыра ма? Қазір ұстаздарымыздың "қайран, бұрынғы журналымыз жақсы еді ғой" деп сол көк журналды аңсап отырған сәттеріне жиі куә боламыз. Оқушылар мен ұстаздар қауымын сонша әуреге саларлық бұл жиынтық бағалаулар иненің жасуындай да пайда бермесе оның не үшін енгізілгенін түсіне алмай шақшадай басым шарадай болды десем артық болмас.
Айтпай кетуге болмайтын тағы бір нәрсе-кітаптардың өзгергендігі. Сыртқы мұқабасы өзгеруге үйрендік қой, ал ішкі мазмұнды өзгертіп не керек... Шынымды айтсам, оқу жылының басында қазақ тілі мен әдебиетіне арналған оқулықты көріп жылағым келген. Қарасаң, ішің ашиды. Оқулықты ашсаң татымды нәрсе жоқ. Қазақ тілі кітабының өзі бір журналдың ғана қалыңдығындай. Әліге дейін түсінбеймін; қазақ тілі оқулығында неге грамматикаға, оқу сауаттылығына емес индустрия, өнеркәсіп, экономика т.с.с деген тақырыптарға көп басымдылық берілген? Онда география деген арнаулы пән не үшін оқытылады? Әрине, көкейде сұрақ көп. Алайда, екінің біріне жауап та табыла бермейді.
Айта кететін тағы бір жайт-өзіңді өзің бағалау деген нәрсе. Бастапқыда, біз үшін бұл тым таңсық нәрсе болды. Бірақ, бұрынғыша баға қойылмайтыны нашар оқушылардың пайдасына асты. Бұрынғыша екілік баға қойылмайды дегенге мәз кейбір оқушылар оқы не оқыма не "3 терін" алып кетіп жатты. Есесіне, барлық оқушылар босаңси бастады.Талаптың азайғаны сапасыз білімге алып келді. Талап әлсіз болғаннан тәрбие мен тәртіп те жоғала бастады. Әл-Фараби бабамыздың мынадай сөзі бар:"Тәрбиесіз алынған білім-адамзаттың қас жауы." Тәрбие ошағы болған мектебімізден ертеңгі күні халық жаулары шықпас үшін, ең алдымен Кеңестік кезеңдегідей мызғымас тәртіп керек. Мейлі, Кеңес деген сөз құлағыңызға түрпідей тиген болса, өзіміздің қазақты-ақ мысал етейін. Сонау замандарда қазақ атамыз баласын молдаға тапсырып "еті сенікі,сүйегі менікі"-деп өз баласының жанын аямай темірдей тәртіппен сауатын аштырды емес пе?! Есесіне, біздің бабаларымыз қандай болды?!
Сомен айтпағым, білім сапалы болу үшін тәртіп пен талап болу қажет. Ал қазірігі жаңа бағдарлама бойынша "талап" деген ұғым мүлде жоқ. Өзің бол да, өзің тол, өз бағаңды өзің бер,-дейді. Бұл да бір кемшілік.
Тәуелсіз Қазақстан болғандықтан, бодандықтың белгісіндей болып көрінетін кеңестік заманның қалдықтары мен естеліктерінен арылғымыз келеді. Алайда, ол кезеңдегі тәртіп пен тәрбиенің қандай болғандығы тарих беттерінен мәлім, өмір шындығы да оны дәлелдеген. Сол тәртіп бар кезде орныққан білім жүйесі қарапайым да қатал, түсінікті де тиімді еді ғой. Еліміз әлі де дамып, кемелденгенше сол жүйені алып тастаудың қажеті жоқ еді мүмкін деп ойлаймын. Қанша дегенмен еліміз әлі де жас мемлекет. Жаңашылдықтарды халық қабылдауға дайын кезде енгізу керек еді.
Әрине, бұл-Қазақстанның елене бермес кішігірім бір ауылындағы қыздың пікірі. Соңына дейін оқыған болсаңыз, рахмет. Ал егер келіспейтін тұстарыңыз болса, өз сөзім өзімдікі...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?