file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Менің өмірімдегі үштілділік

 Менің өмірімдегі үштілділік

Мен қазіргі таңда мектеп қабырғасында, яғни 11 сыныпта оқып жүрмін. 7 сыныптан бастап, ағылшын тіліне деген қызығушылығым арта бастады. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - қарым-қатынас тілі болса, ағылшын тілі –халықаралық тіл екендігі барша аян.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үштілділік туралы ең алғаш рет 2006 –жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында айтқан еді. Ол кезде Мемлекет басшысы кем дегенде үш тілді білу біздің балаларымыздың болашағы үшін өте маңызды деген болатын. Одан кейін, 2007-жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында Мемлекет басшысы «Үштілділік» жобасын кезең-кезеңімен жүзеге асыра бастау керектігін ұсынған болатын. «Әлемде Қазақстан халқы үш тілді білетін, жоғары білімді ел ретінде танылуы керек. Бұл: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұларалық қатынас тілі және ағылшын тілі- жаһандық экономика мен сәтті ықпалдасудың тілі» деген еді Елбасы.

Қазіргі таңда Елбасының басында айтып өткен үштілділікті дамыту барысында көптеген жұмыстар атқарылуда.

Ал менің өмірімдегі үштілділікке тоқталар болсам, үш тілде де еркін сөйлей аламын. Сонымен қатар ағылшын тілінде өтетін түрлі сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүрмін. Осындай нәтижеге қол жеткізуіме ағылшын тілінен сабақ беретін ұстазым- Нурмагамбетова Айгуль Байжанқызының еңбегі де орасан зор. Жалпы он бірінші сыныпты аяқтаған соң таңдап отырған мамандығым- ағылшын тілінің аудармашы мамандығы болып табылады. Және де аталған мамандыққа түсу үшін көп ізденудемін, сондай-ақ қосымша дайындық үстіндемін. Шабытым келген кезде өлең шығаратыным тағы бар. Кей кезде кейбір өлеңдерді немесе, шығармаларды ағылшын тіліне аудару сүйікті істерімнің бірі. Оған дәлел: Шел Сильверстайнның «The Voice» деп аталатын өлеңінің аудармасын ұсынып отырмын:

The Voice

There is a voice inside of you

The whispers all day long

“ I feel this is right for me,

I know that this right for me”

No teacher, preacher, parent, friend

Or wise man can decide

What’s right for you just listen to

The voice that speaks inside



Мекендейді жан дүниеңде ішкі үнің

Сыбырымен сол бір үннің өтер күнің

Құлақ салсаң, айтар, бағыт бағдар беріп,

Мұның қате, ал мынауың жөн екенін

Ата-анаң , адал досың қас жауыңда

Сол дауыстай жөн сілтемес ұстазың да

Назар салып,құлақ түрші оған бір сәт,

Қате болмас басқан қадам таңдауыңда

Қазіргі таңда аталған өлеңді орыс тіліне аударудамын. Мінеки, менің өмірімде үштілділік осылай жүзеге асырылуда. Қорыта айта келгенде, Елбасы бастаған үштілік туралы бастаманы жалғастыру, оны жүзеге асыру - әр Қазақстандық ұрпақтың міндеті деп білемін.


Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?