Музыка - жүрек тілі
Музыка- жүрек тілі Музыка адам жанын тебірентетін, ерекше күй кештіретін, көңіл-күй сыйлайтын өзге әлем. Ол тап бір жәннат секілді. Өте әдемі әрі әуезді. Ол әлемге барғанда сен мол бақытқа кенелесің, өмірді басқалай сезінесің, дүниені басқа қырынан танисың . Бұл оқиғадан сен ерекше әсер аласың. Әдетте музыканы көңілдің кілті деп атайды. Себебі, музыка тыңдаған адамның көңілі лезде көтеріліп, өзін сабырға шақыра бастайды. Музыканың ерекшелігі сондай, ол кез-келген адамның жан-дүниесін, ішкі сұлулығын, жүрегін сезінуге көмектеседі. Ол арқылы біз адамның жүрегіндегі жылулықты, мейірімділікті сезіне аламыз. Музыка- осы әлемдегі ең құдіретті, қасиетті ұғым. Біз оны құдіреттеу арқылы бойымызға жақсы қасиеттерді сіңіре аламыз. Біз музыканы орындаушы арқылы сезінеміз. Орындаушының шеберлігі оның табиғилығы арқылы музыка әуезделе береді. Солай ол тыңдаушылардың жүрегіне жол табады. Ал қазір сол көрерменнің ұнататын әншілері Майра Ілиясова, Бибігүл Төлегенова, Мақпал Жүнісова. Олар музыканың қасиеттілігін, киелілігін білетін жандар. Сахнаның жайнаған гүлдері десек те болады. Міне, музыканы солай бағалап, қастерлеу қажет. Өткен ғасыр әншілері музыканың қасиеттілігін білді. Ал қазіргі заман ше? Қазір өткен ғасырдағыдай мағыналы, кербез әндер бар ма? Әрине жоқ. Себебі, қазір заман өзгерді. Заман өзгерген соң, музыка бағыты да өзгерді. Қазір Қазақстанның өзінде екі адамның біреуі әнші. Оның дауысы бар ма, әнді нақышына келтіріп орындай ала ма оған ешкім мән беріп жатқан жоқ. Тек оның ақшасы болуы керек, әннің мағынасы бар м, жоқ па оған назар аударып жатқан ешкім жоқ. Бүгін әнші, ертең продюсер, бүрсігүні актер болып кететіні де бар. Ал мен оған қарсымын. Музыканың әсемдігі, әуезділігі жойылып кетіп жатыр. Мағынасыз әндерден жас ұрпақтың, әсіресе біз сияқты балалардың ойы төмендеп жатыр. Соларға еліктеп өсіп келе жатырмыз. Бұл деген мүлде дұрыс емес. Музыка атты ерекше әлемді кірлетіп жатқан әншілерді шоу-бизнестен қуу керек. Олардың орнына дәстүрлі әндер орындайтын әншілерді қастерлеп, мемлекеттен ақша бөліп, солардың дамуына үлес қосуымыз керек. Сонда ғана ежелгі музыка қалпына келіп, еліміздің дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Негізінен, біз бұл жаман қылықтың бәрін шетелдіктерден үйреніп келе жатырмыз. Олар не істесе біз соны істейміз. Олар шашын бояса, бізде бояп аламыз. Сырға тақса, бізде тағып аламыз. –Біз емес шетел бізге еліктейтіндей халық болуымыз керек. Музыка қазақ халқының ежелден келе жатқан салт- дәстүрі, әдет- ғұрпы. Егер оны дәріптемейтін болсақ, біз қазақ емеспіз. Қазақ халқы музыкаға , өнерге өте жақын халық болған. Сол себепті, біз музыканы құрметтеп, оны киелі санауымыз керек. Бірақ, өкінішке орай, біз бәрін керісінше істейміз. Музыка мен үшін бағасы зор нәрсе. Мен өскенде осы музыка әлеміне өзімнің еңбегімді сіңіргім келеді. Егер сол арманым еліме де пайдасын тигізсе, мен өте қатты қуанатын едім. Бұл мен үшін үлкен жетістік болатын еді. Музыканы мен адамға теңеймін. Оның да ішкі жан-дүниесі, ішкі сұлулығы, жүрегі, сезімталдығы бар. Оның мұңлы, қуанышты қалыптары бар. Көзден жас ағызып, қуантатын да сәттері бар. Ол музыканың табиғатына қарай болатын құбылыс. Негізінен, музыка сабырлылықты, көп еңбекті қажет ететін ғылым. Ол жолда бірден жетістікке жету мүмкін емес. Ол үшін арнайы курстарға барып, көп дайындалу қажет. Ең бастысы, музыканы өз еркіңмен қалап, оны жүрегіңмен сезіне білу. Музыка тыңдағанда да басты қағида осы. Сен оны есту арқылы бойыңды сергітіп, барлығын ұмытып, өзіңді жөнге келтіре аласың. Негізінен, музыка барлық жерде кездеседі. Түрлі мереке, мейрамдар музыкасыз өтпейтіні анық. Әсіресе, той-томалақ, ойын-сауық музыкасыз өтпейді. Сол сәттерде үлкен кісілердің өзі кішкентай балалар секілді көңіл көтереді. Өмірдің барлық қиындықтарын, мазалаған ойлардан бір сәт арылып, шалқып-тасығаннан артық бақыт бар ма? Ол арқылы сен миыңды жаттықтырып үлкен бір серпіліс жасайсың. Музыка- құпияға толы ғылым. Музыканың ашылмаған сырлары өте көп. Қайдан бастау алып, қалай дамып, қалай өркендеп, қалай аяқталатынын да ешкім білмейді. Алайда, ән өнері еліміздің сарқылмас қазынасы. Оны сезіне білу әр адамның өз қасиеттеріне байланысты. Оның қиын да, қызық оқиғаларын, әсерлі де, сабырлы сәттерін, бәрін, бәрін сезіну сенің бойыңдағы асыл қасиеттерге байланысты. Ал жақсы қасиеттер сенің жүрегіңнен шығады. Әрбір адам музыканы әрқалай сезінеді. Біреуі ақылымен сезінсе, енді біреуі оны жанымен сезінеді. Бірақ, ең бастысы музыка жүректен шығып, жүрекке жетуі керек. Себебі, музыкасыз өмірдің мәні жоқ. Музыкасыз өмір сүреңсіз әрі қызықсыз болып кетеді. Сондықтан да мен өз өмірімді музыкаға арнағым келеді. Өскенде Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова апаларымыз секілді бұлбұл дауысты әнші болып, Қазақстанды әлемге танытсам, елімізді дамыған отыз елдің қатарына қосуға кішкентай болсын үлесімді қоса алсам, менің арманым жоқ болар еді. Музыканы дамыту біздің мына жас ұрпақтың қолында. Біз ол мүмкіндікті мағынасыз әндерге емес, қазақи, халық әндері жолында жұмсаумыз қажет. Сонда ғана қазақ елі аяққа тұрып, берік әрі берекелі мемлекетке айналатын еді. Музыка бұл менің өмірімнің мәні. Мен оны ажырамас тірегіме, арқа сүйеріме айналдырғым келеді. Ал қазір мен музыканы бар жүрегіммен сезінуге талпынып жүрмін. Егер сен оны жүрегіңмен тыңдасаң, барлығын сезіне аласың. «О, Муза, Муза» деп жырлаған Мұқағали да музыканың киелілігін білген. Ол әнші болмаса да ақын болып музыкаға өз өнерін қосты. Музыка әр адамға талант, шабыт сыйлайды.Иә, қазір дарынды әншілер бар. Алайда, жақсы топтар өте аз. Тіпті екеу десек те болады. Олар Нұр Мұқасан және Дос Мұқасан топтары. Олардың әндері өте мағыналы әрі әуезді. Бірақ ол топтарды халық Ninety one атты топпен алмастырды. Олар халықтың бұзылуына әсер етті. Әдемі музыканың бұзылуына әсер етті. Әрине бұл өте жаман. Сондықтан, біз түзелуіміз қажет. Жүрекпен сезінетін музыка қайда? Қайда? Біз әрқашан музыканы жүрекпен сезінуіміз керек. Себебі, қандай заман, қандай ғасыр болмасын музыка-жүрек тілі!
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?