Мен-тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағымын
Асқарбекұлы Аят,
Абай атындағы №26 орта мектебінің,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы11-сынып оқушысы
Жетекшісі: Смаилова А. М

Тәуелсіз 25 жыл! Туыңды биік ұстадың.
Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!
Иә, осыдан жиырма бес жыл бұрын Қазақ елі өз тәуелсіздігін жариялап, өз тарихымызбен алғаш рет, жалпақ дүниеге танылдық. Демократиялық, құқықтық мемлекет атанып, нарықтық эканомика жолына түстік.
Осы жылдарда халқымыз қазақ екендігін түсінді. Қазақ қазақты таныды. Ең әуелі өзімізді өзіміз таныдық. Аламан дүниедегі есімізді, еншімізді, несібемізді білдік. Тәуелсіздік қазақ ұлтының өзін, ата-дәстүрін, салтын табуына жол ашты.
Қазақстан тәуелсіздігі дегенде, тарихтың бәрі ойға оралады. Сол кезде көз алдымызға ғасырлар бойы бодандықтың бұғауынан құтыла алмай жанталасқан еліміз, «Абылай», «Алаш» деп жауға қарсы шапқан батырлары келеді.
Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екенбіз.
Күдіреден бау тағып,
Ақ кіреуке киер ме екенбіз! деп Ақтамберді жырау «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» заманды аңсаған екен. Бірақ сол бостандыққа қазақ елінің ұзақ уақыт қолы жетпеді. Өйткені, азаттық үшін күрес ғасырлардан жалғасып, тіпті, кешегі кеңестік билік заманның сұрқия саясаты кезінде де жүріп жатты. Қазақтың бас көтерер азаматтарын баудай түсірген сол бір қысылтаяң шақта «ұлтым» деген азаматтар қара басын қорғамай, халқы үшін күресе білді. Ұзаққа созылған отаршылдық құрсауын бұзып, орталық алаңына шыққан қазақ жастары бұдан әрі ұлт намысын аяққа таптатпайтынын әлемге айғақтап, ұлтымыздың мақтанышына айналды. 1986 жылы 16 желтоқсанда тоталитарлық режимге үнсіз шыдап келген халқымыздың қарсылығы лықсып келіп, жастар қозғалысына ұласты. Желтоқсан оқиғасы – қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы саналы күресі болып танылды.
Сонау бір өткен күндерде еңку-еңку жер шалып, егеулі найза қолға алып, жолбарыстай жортқан Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай бабаларымыз егенмендік үшін күресті.
Аз ғұмырын ой мен арманға толтырып, қазақ аспанында құйрықты жұлдыздай ағып өткен жас Шоқан мен осынау байтақ өлкеде оқу-білімді шырақтай маздап жандырған Ыбырай халықтың келешегі емес пе еді!
Атадан ұл туса-игі
Ата жолын қуса игі, - деген Төле би бабамыз. ХV ғасырда алғашқы хандарымыз Жәнібек пен Керей халқымыздың ұлан-ғайыр өлкесіне сұқтана қарағандардан атабабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, ұлтарақтай жерді ұрпағына қалдыру үшін бүкіл ғұмырын ат үстінде өткізген жоқ па? Халқын соңынан ерткен ер Қасымның тұсында да ел тағдыры әрленді емес пе? Қазақты қалың малсыз қалыңдыққа, бағусыз байлыққа бағындырған, ірілік елдің басын қосып, жауын жеңген тұлға Абылай еді. Халықтың ерік-жігерін тас түйін бірлігі Абылай ханның бір басында бейнеленді. Батырлармен тізе қосып, қаһармандықтың ерліктері сонау қатыгез заманда, қазақ руын қайта түлеткені аян. Кешегі бүкіл қазақ жеріне дүркіреген Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлап, хандықтың туын тіккен қасиетті, киелі Тараз жерінде өткен дүбірлі тойдың өтуі, кешегі бабаларымызды еске алып, келешегімізге сабақ болатындай атап өтілуі тарихқа жасалған тағзым емес пе?
Ал, бүгінде қазақ халқы аңсаған арманына жетіп, өз еркіндігімен өркениетті елдердегідей демократиялық жүйеде дамып келеді. Ел басқару тізгіні қазақтың кім екендігін әлемге паш еткізген, қазақстандықтардың жаңаша өмір сүруіне ел-жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызған, жүзден астам ұлт пен ұлысты қыран қанатының астына алып, қамқорлық көрсетіп, жауапкершілігі мол қызметті атқарып отырған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында.
Қасиет дарыған жердің түп қожасы кім деп сұрақ қою қазір артық, әлем жұртшылығы бұл сауалдың тоқетер жауабын кеңістік дәуірде ұғынбаса да, тәуелсізідік алған жиырма бес жыл әбден қанығып болған.
Менің Қазақстаным – әуелі «Мың өліп, мың тірілген» қазақтың ежелгі тарихи мекені, құт-береке дарыған, ата-баба қанымен суарылған, шашақты найзасымен қорғалған асыл аймағы. Менің Қазақстаным – шалқыған шалқар теңізі, тау-тау толқындары аударылып-төңкеріле буырқынған мұхиты болмаса да, жәнат дариясы бар, мыңғырған төрт түлік малы бар, жер қойнауы толы Менделеев кестесіндегі элементтерге бай жер. Бүгінгі берекелі, болашағы мерекелі өлке.
Құлағыма өткен тарих тереңінен «елім-айлап» кеткен ата-бабамыздың зарлы үні келеді. Көздерінен қанды жас ағып, елімен, жерімен қимастықпен қоштасып, қаншама қазақ туған елінен, туған жерінен айырылды. Бүгінгі күні солардың ұрпақтары елге оралуда.
Бостандық – бар байлықтың бастауы демекші, еліміздің егемендігін алып, өз алдына мемлекет құруы барысында талай қиыншылықтар да, жетістіктер де болды. Келген тәуелсіздікті қорғап қалу, оны өміршең ету ел басында тұрған азаматтардан үлкен саяси алғырлық, көрегендік және қажырқайраттылықты талап етті. Тәуелсіздік әуелі сол азаматтардың басына сын еді. Егеменді ел болдық деп бүкіл әлемге танылған халық басында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев атамыз тұрды. Ел өмірінің өткір де өтпелі кезеңінде қазақ деген үлкен көшті басқару билігінде Елбасындай қырағы да табанды саясаткердің болуы қазақ халқының бағы деп санаймын. Біздің ел сияқты жұтылып кете жаздаған жұрттың, ұтылып келген ұлттың ұпайын түгендеп, асығын алшысынан қою екенің бірінің қолынан келетін шаруа емес. Мұншалық салмақты міндет тағдыр пешенесіне жазған жанға ғана жүктеледі. Ал, біздің Қазақстан сияқты ел боламыз деп жығылып тұрып алға ұмтылған ел үшін кейде нар тәуекелге басқан ширақ қадамдар жасау керек еді. Осы жолда Елбасының алдында тарихтың тайғанақ тар көпірі тұрды. Одан Республиканы алып шығу үшін сол қыл көпірден өткенде қыл қисаймайтын саясат қажет болды. Қазақ халқының әрі қарай дамуының тұтқасы болған елді аяғынан тік тұрғыза білген осындай Елбасымыздың бар болғанына шексіз қуанамыз. «Қуана білмеген елге құт қонбайды» дейді екен бұрынғылар. Ал, ел болдық деп қуанатын шаруа аз емес. Қыраны күнді құшқан Туымыз құдірет емей немене, болмаса күлдіреуішінен ерлік пен елдіктің исі аңқып тұрған Елтаңбамыз қасиет емей немене, яки қасқайып шырқайтын Әнұранымыз өсиетемей немене?
Тәуелсіздік жолы – қасиет жолы. Оған шығар алдында адам баласы арын да, жанын да тазарту керек, рухани сілкініс керек. Сапарға шыққанда атабабаларымыз мойнына тұмар салғандай, біздің бойтұмарымыз, имандай қуанышымыз – еліміздің заңы, оның принциптерін сақтау парыз. Ал сол принциптердің негізі-тәуелсіздік. Ел бостандығы, ар бостандығы үшін жан пида екендігін жадымызда ұстауымыз керек!
Тәуелсіздік жолы – үміт жолы. Біз бостандық алған елден күтеріміз аз емес. Біз тәуелсіздікпен ең алдымен жас ұрпаққа жарқын егемендік – суверендіктен сусындап, игі мақсатының орындалуын күтеміз. Біз тәуелсіздікпен – кешегі социализм жариялап, толық іске асыра алмаған теңдікті, бостандық, еркіндікті, баршаға білім, денсаулығына қорған, кәрілігіне сая болуын күтеміз. Ата-баба ерлігі – халық мұрасы, оның тарихы, оның мақтанышы. Ата-баба жолы – тәуелсіздік жолы, халық перзенттерінің ақ жолы.
Мен мектеп қабырғасында оқығандықтан болашағыма ой салдым. Әрине, қандай мамандық болсын қазақстан үшін қажетті. Бірақ ел қажеттісі журналист мамандығы деп есептедім де, журналист мамандығын қаладым. Елбасымыздың мынадай ұлағатты сөзі де бар: «Қазақстан болашағы – келешек ұрпақтың қолында, ұрпақтың тағдыры – ұстаздарда», тек өнегелі журналист арқылы тәуелсіз мемлекетіміз гүлдене алады. Осы арманыма мен тек еселі білімімінің арқасында жете алатыным анық. Елімнің ертеңі үшін аянбай еңбек ету, оқу оқып, білім игеру, егеменді тәуелсіз мемлекетіміздің ірге тасының берік болуы, ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту ең басты парызымыз деп түсінемін.
Тәуелсіздігім тұғырлы, еліміз егеменді болғай!-, деп тілей отырып, өзімнің жүрекжарды сөздерімді өлең жолдарымен білдіргім келеді.
Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста!
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата-баба арына!
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағатты, өнегесі, еңбегі,
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ-болар елдің ертеңі!
Ғасырдан-ғасырға жібек желі болып жалғасып келе жатқан бабалар аманатын орындап жалғастыру, біздің еншімізге тиген ардақты іс екенін жүрегімнен сезініп, мақтан етемін!
Жасасын халқым! Жасасын көк байрағындай көкке өрлеп бара жатқан менің елім! Тұғырың биік болсын, тәуелсіз менің Қазақстаным

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?