Егемен ел тірегі-тәуелсіздік!
Файзуллина Казна
10-сынып, Абай атындағы мектеп-гимназия,
Чапаев аулы Батыс Қазақстан облысы
Жетекшісі: Ерментаева А.С.

Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік.
Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз,
қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын,
елтанбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет.
Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы
Н.Ә.Назарбаев
Туған жерім, ардақты мекенім, Қазақстаным! Осынау шексіз қиыры жоқ ұлан- байтақ далаң, шалқар көлдерің мен көк майса әсем табиғатың кімге өмір, бақыт, махаббат сыйламады десеңші... Саған қанша үңілсем де, әлі күнге сырыңды ұғына алмай келем. Сенің далаңда өзімді бақытты сезініп, Отанымның ұланы болғаныма қуанамын. Отанның ыстық ықыласы деген осы шығар... Қазақ даласына қарасаң, көзің жетпейді, кереметтей сәулетіне, жасыл-желекке оранған әсем табиғатына қарасаң көзің тоймайды, ерекше бір сезім сені жетелеп, өзіне ынтықтыра түседі. Тереңге бойлаған сан ғасырлық тарихына көз жүгіртсем, ел тарихы егемен елді әлі де алға жетелеп келеді, тарих беттеріндегі небір оқиғалар елдің жігерін жанып, алдағы күндерін айқындайды. Халқымыз тарихын сараптау арқылы тағылымды жақтарын серік ете отырып, елдің даму жолына мақсаттар қояды, болашаққа жоспарлар даярлайды. Ал елімізді осындай күнге жеткізген не, қандай күш? Бұлтәуелсіздік, азаттықтың сара жолын салудағы талпыныс, қайыспас қайсар күш. Кемелді Қазақстанның толағай табыстарының бірі- оның тәуелсіздігі.Тәуелсіздік! Дархан даламның толассыз табыстары осы ұғыммен ұштасып жатыр.
Тәуелсіздік-жарқын күндердің дара жолы, халқымыздың қол жеткізген асқақ арманы, сан ғасырлық күресінің нәтижесі, егемендігіміздің тізгіні. Халқымның өмірін өрістетіп, керегесін кеңейткен тарихи оқиғалардың түп тамыры-оның тәуелсіздігіне жету жолындағы күресінің нәтижесі.Осы кезге дейін еліміз талай белестерден өтті, талай қиыншылықтарды еңсерді, күрмеуі киын мәселелердің шешімін тауып, еркіндік жолына қадам басты. Осы бір қатпарлы жолды кешіп өтуде өмір мен өлім сынға түскен сәттер де аз болған жоқ. Бірақ бірлік пен қайсарлықты айқындар ұлы істер бұл жолды жарқын болашаққа бастап, тәуелсіздік тұғырына жеткізді. Бұған дейін Қазақстан Мәскеудің қатаң тәртібіне бағынып, КСРО ықпалынан шыға алмай, халық ішіндегі мәселені өздігінен шеше алмады. Ел басына өз тәуелсіздігі, егемендігі жолында күресер сәт туды. 1922 жылы құрылған КСРО бірте-бірте құрамындағы республикалар алдында өз беделін жоғалта бастады. Отарлық езгі, біртұтас өктем билік, өзара шешімін таппаған мәселелер осыған себеп болды. Кейін әр республика одақтың құрамынан шығу туралы тілектерін білдіріп, өз құқықтарын талап етті, ұлттық құндылықтарын, тілін, дінін, салт-дәстүрін сақтап қалуға, жаңғыртуға бекінді. Бұл жолда туындаған ірі қозғалыстың бірі-1986 жылғы қозғалыс.
Үкімет тарапынан орын алған қысымға төзбеген қазақ жастары ереуілге шығып, қазақ басшысының қазақ болғанын талап етіп, бірқатар талаптарды орындауды талап етті. Қайыспаған қазақ жастары алдында қиын сәттің тұрғанын біле тұра, ел мүддесі жолына бар күштерін сарп етіп, батыл қадамдарын жасады. Желтоқсан оқиғасы-қазақ тарихындағы даму сатысының ілгері жылжыған тұсына, тәуелсіздік жолындағы нық қадамдарының біріне айналды. Қазақстанның 1990 жылы 25 қазанда мемлекеттік егемендігінің жариялануы да аса маңызды тарихи оқиғаның бірі болды. Егемендік-Қазақстанның ұзақ жылдар бойғы ғұмырының, табысты сәтінің, жемісті еңбегінің көрінісі еді. 1991 жыл жаңашыл жаңалықтарға толы жыл болды. Бұл жылдағы ірі оқиғаның бірі-КСРО-ның ыдырауы болатын.Одақтас республикалардың, Қазақстанның ендігі алдағы мақсаты-өз тәуелсіздіктерін жариялау. Қазақстан ұзақ уақыт бойы Ресейдің құрамында болып, егемен ел, тәуелсіз мемлекет болуды аңсады. 1991 жылы 16 желтоқсанда еліміз тәуелсіздігін жариялап, көптен асыға күткен арманына қол жеткізді. Бұл күн халқымыз үшін үлкен мерекеге айналып, ұлы мақсаттарының орындалған сәті болды.
Қазақстанның тәуелсіздігіне қол жеткізуі жолында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қосқан үлесі өте зор. Елбасының көреген саясаты, ұтымды бағыты, ұлағатты істері негізінде Қазақстан дамудың жаңа сатысына көтеріліп, жаңашыл өмірге қадам басты. Қазақстан-көпұлтты, бірлігі мен ынтымағы жарасқан тәуелсіз мемлекет. Ел егемендігі тәуелсіз мемлекеттің асқақ арманын, биік мақсатын, кемелді болашағын қалауда. Ұшы-қиыры жоқ кең дала төсінде орын тепкен Қазақстан күн сайын гүлденіп, өсіп-өркендеуде. Міне, жылдар өтіп біз тұғырлы тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылдығына да қол жеткіздік. Бұл жылдар төңірегінде еліміз қаңша ауыр да, қыспағы басым кезеңдерді басынан өткеруге тура келді десеңші... Бүгінде Қазақстанымыз өркендеп, жаңа белестерді бағындырып, сәт сайын гүлденуде, халқымыз ашық аспан астында, бір шаңырақта берекелі де мерекелі ғұмыр кешуде.
Тәуелсіздік-ел ертеңі, тарих пен өмір сабақтастығы, асқақ армандар мен ұлы мақсаттар тоғысқан киелі ұғым, көпжылдық тарих. Жарқын да бейбіт өмір негізін қалаған, ел тыныштығын қалыптастырған тәуелсіздігімізқол жеткізген табысты жетістіктеріміздің бірі. Осындай егемен, жасампаз, бейбіт елде өмір сүріп жатқанымды мақтан етемін. Отанымызды қадірлеп, туған даланың қадірін ұғыну, табиғатын аялау -біздің парызымыз. Тәрбиелі де, білімді, өнегелі жастары, тату халқы, ардақты көшбасшысы барда, Қазақ елі өркендеп, әлі талай биік белестерді бағындырары сөзсіз. Ұлы жолды бастаған Елбасымыз, халқымыз аман, тұғырлы тәуелсіздігіміз баянды болғай!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?