Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн
Юнусов Бағдат
8 сыныбы. №5 көпсалалы мектеп-лицейі
Степногорск қаласы, Ақмола облысы
Жетекшісі: Ережепова Гүлбира Батырқызы
8 сыныбы. №5 көпсалалы мектеп-лицейі
Степногорск қаласы, Ақмола облысы
Жетекшісі: Ережепова Гүлбира Батырқызы
«Тәуелсіздік», «егемендік», «бостандық» деген сөздердің құдіреті мен қасиетін басында еркіндігі жоқ халық жақсы сезінеді. Негізі біз, қазақ, далада еркін жүрген, азат қалыпқа бейімделген халықпыз ғой. Сол себепті біреуге тәуелді болғымыз келмейді. Дегенмен тарих бар, соғыс бар, шапқыншылық бар, жеңіс бар...
Біздің халқымыз да қаншама нәубат, шапқыншылықты басынан өткізді. Ата-бабаларымыз бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткізді. Міне, тәуелсіздік оңай сыйға беріле салған нәрсе емес екен. Қаншама қантөгіс, қаншама адам өмірі қиылып келген дүние екен. Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл тәуелсіздіктің қалай келгенін өте жақсы білемін. Ал қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Еліміздің Тәуелсіздігі - ең алдымен еліміздың бақыты. Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 25 жыл толды. Мен Қазақстанды 25 жастағы азаматқа ұқсатамын. «Жиырма бес» деген нағыз күш-қайратқа толған жас, оңды-солды танып, ерінбей әрекет ететін кезең. Жиырма бестегі азамат алдынан кездескен қаншама қиыншылықтарды, бірталай сынақтарды тау қопарғандай қопарып тастайды емес пе?! Міне, Қазақстан да жиырма бестегі азамат сияқты алдынан кездесетін талай-талай тосқауылдарды қопарып тастайтыны анық, алда қаншама жетістіктерге қол жеткізетіні де анық. Дегенмен қаз тұрып қадам басқан Тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, ұлан-асыр даму көшінің алдына шықты. Алпауыт елдер қатарындағы АЛЫП мемлекет екендігін әлем жұртшылығына мойындатты.
Иә, қазір біздің елімізді бүкіл әлем таниды. Тарихи жеріміздің шекарасы бекітілді, мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз дүниеге келіп, Сарыарқаның нақ ортасында жаңа Астанамыз сұлуланып бой көтерді. Еліміздің экономикасы да басқа елдерге қарағанда көш ілгері. Ең бастысы, жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдыққа егемен ел, тәуелсіз ұлт болып жеттік. «Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» - деген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзі маған рух береді.
МЕН - өркениет өріне қадам басқан еркін елдің өренімін. Мен - кадет сыныбы оқушысымын. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс күймейсің!» деген сөзі де әрқашан қанат бітіретін сияқты. Себебі атамекенді ардақтау, туған жерді қасиет тұту – менің басты парызым деп білемін. Кадет сыныбы ол басқа сыныпқа қарағанда ерекшеленіп тұрады. Бізде әскери сыныпта оқығаннан ба, «Отан» дегенде кеудемдегі шүберек жанымды қиып жіберуге дайын тұрамын. Мен Отанымның патриотымын деген сөздерді жай айта салмай, іспен дәлелдегім келеді. Мен РУХЫН ҰРАН ЕТКЕН, ӨЗ ОТАНЫН АРДАҚТАЙТЫН АЛАШ ЖҰРТЫНЫҢ ЗЕРДЕЛІ АЗАМАТЫ болғым келеді. Ал бүгінгі ғасыр - білім ғасыры. «Еліміздің дамуы үшін Қазақстанды әлем танитындай бәсекеге қабілетті ел болуы үшін бүгінгі жас ұрпақ білімді болуы шарт», - дейді үлкен ағаларымыз. Міне, сондықтан мектебімде терең білім алып, тәуелсіз Қазақстанды алға жетелеуге барымды салуым қажет. Ол үшін ең алдымен біліммен жақсы қаруланып алуым керек.
Тағы да алға қойған мақсатым - болашақта ел қорғаны болсам ба деймін. Жалпы әскери қорғаныс - еліміздің бейбітшілігін, тыныштығын қамтамасыз ететін кепілдік. Ата-бабаларымнан қалған аманатты келер ұрпаққа жеткізу үшін ел қорғанысында қызмет ету де басты парыз. Сол үшін түрлі әскери өнер түрлерін: таэквондо, айкидо-хапкидо, суда жүзу, қарудан оқ ату шеберліктерін үйреніп жатырмын. Мен, кадет Юнусов Бағдат, Қазақстан тәуелсізідігін көз қарашығындай сақтауға, келер ұрпаққа жеткізуге, Отан алдындағы перзенттік парызымды адал атқаруға дайынмын. Кез-келген қиындықтан қорықпай, ол қиындықтарды Қайрат, Ләззат сынды аға-апаларымыз сияқты ар-намыспен жеңуге тырысамын.
Отанды қорғау – абыройлы іс, ардақты,
Кадет деген шапшаң, алғыр, салмақты.
Спортқа да шебер болып келеді,
Оқуда үздік, өнерлі әрі жан-жақты.
Тәуелсіздік - ғасырлар бойғы зор арман,
Бақытқа жету білесіз жеңіл болмаған.
Қазағымның еркіндігін әрқашан
Қайтпас, қайсар жауынгерлер қорғаған
Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері әлі алда көп болады. Болашаққа үлкен үмітпен, зор сеніммен қараймын.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?