Отан отбасынан басталды

 Отан отбасынан басталды

Кушкумбаева Дильназ
6 сынып, №5 көпсалалы мектеп-лицей
Степногорск қаласы Ақмола облысы
Жетекші: Аяған Нұржан Алдоңғарұлы

Әрбір қазақпын деген азамат, ол өз елінің патриоты болуы тиіс деп ойлаймын. Сол секілді мен де өзімді патриотпын деп толық айта аламын. «Отан отбасынан басталды» демекші. Кішкентай күнімнен ата-анам мені мектепке бермей тұрып-ақ, маған әнұранды жаттатқызып, рәміздер дегеніміз не екенін, олардың мемлекет үшін маңызы қандай екенін ұғындырып өсірді. Осылай менің туған Отаным деген алғашқы патриоттық сезім қалыптасты. Қазірде халқымыздың өткен тарихы мені қатты қызықтырады, ол туралы оқудан, танып-білуден жалыққан емеспін. Бұның барлығы менің ұлтыма деген сүйіспеншілік, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да қазіргі уақытта өзіміз секілді жастар бойында бірінші орында тіліне, еліне, жалпы айтқанда өзінің ұлттық құндылықтарына деген құрметі тұруы басты міндет деп есептеймін. Отан менің барым да бағым да. Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер ғажайып сөз. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз елін, жерін найзаның ұшымен, білектің күшімен қасық қаны қалғанша жаудан қорғап бүгінгі ұрпақ бізге жеткізді. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып кеткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы. Нәзік, сүйріктей саусағына ине ұстап, қолаң шашын еркелей тараудың орнына қолына суық қару алып елін, жерін қорғауға шыбын жанын шүберекке түйіп қаншама ару қыздарымыз ер азаматтармен бірге қан майданға аттанды емес пе? Әлия, Мәншүк, Бауыржан сынды аға - әпкелеріміз осы еліміз үшін жанын қиюға әзір еді.
«Қазақ елін, қазақ жерін тек қазақ қана басқаруы тиіс. Біздің басшымыз тек қазақ болсын» деп барша қазақ жастары ұрандап, жүректерінде от лаулап алаңға шыққан Ләззат, Қайрат, Жазира сынды жастарымыз осы тәуелсіздігіміздің нышаны емес пе? 1986 жылғы оқиға халқымыз ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздікке бастама болды. Қазақ халқының жанашыр жастарының арқасында тәуелсіздік күніне де жетті. Қой үстінде бозторғай жұмытрқалаған заманда өмір сүріп отырмыз. Әрине, мұндай бақыт бізге осындай қиын қыстау арқылы жетті. Өткеніме көз жүгіртіп, бүгініммен мақтанып кеудемді қуаныш кернеп, осындай киелі елде туып өскенімді барша елге мақтанышпен айта аламын. Әрине өткенді ұмыту ол тарихты, тіліңді, ата-бабаңды ұмыту деп түсінемін. Әрбір қазақ баласы өзін өз елінің азаматы, қамқоршысы екенін жүрекпен сезінуі тиіс. Сонда ғана елінің, жерінің әрбір тасы үшін өзін жауапты сезініп, аяушылық сезімі оянары хақ. Мен өз елімнің қалықтай ұшқан қыран құсымен, сылдырап аққан мөлдір суымен мақтанамын. Мен өз елімнің патриотымын деп неге айтпасқа.
Мен отанымды, отбасымды сүйемін! Егемен Қазақстанымның өркендеп, өсуіне өз үлесімді қосқым келеді. Болашақта Отанымды күллі Әлемге әйгілі ету – арманым. Сапалы білім алып, аянбай еңбек етсек, біз келешекте бұл белесті де бағындырамыз деп ойлаймын. Мен бұған кәміл сенемін. Өйткені аз уақыттын ішінде дамып, барша Әлемге сабақ болды. Бірақ, соның бәрі кімнің арқасында? Қазақстанның Тәуелсіздігін алғаннан бері жеткен бар жетістіктерін тек бір немесе бірнеше адамның қоржынына байлай алмаймыз. Атамекенімізді көркейтуге өз үлесін қосқан көптеген Қазақстанның азаматтары мен азаматшаларына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Сол жоғарда айтып кеткен ұлы тұлғалар жас ұрпақтақтың бойына патриоттық сезім ұялатып,елім, жерім деп, Отан үшін отқа да түсуге дайын болды. Менің ойымша, қазіргі жастар Тәуелзіздіктің оңай жолмен келмегенін түсініп, қаншама азап шеккен батырларымыздың еңбегін ақтау керек екенін ұмытпауға тиіс. Егер, Қазақстанның әр азаматы мен азаматшасы осыны әрқашан жадында сақтап, Қазақстанның көркеуіне өз үлесін қосса, тәуелсіздіктің жалауы мәңгі бейбітшілік өмірдің белгісі боп, адам бойына өз Отанына деген жауапкершілікпен қарауына себепші болушы еді. Сондықтан да, Қазақстан болашағы ол – кейінгі ұрпақ және еліміздің өркендеуі жастардың қолында. Ал мен жастарға сенемін....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?