Ұлттық патриотизм!

 Ұлттық патриотизм!

Рахметолла Жұпарзат, 8 қазақ сыныбы
Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп

Еліміздің тұтастығын, оның тынышытығын,
яғни мемлекетімізге қауіп төндіретін қандай да
болсын ішкі және сыртқы күштерден сақтау
міндетінің өзі жастарымызды патриоттық
рухта тәрбиелеуді жүктейді
Н.Ә.Назарбаев

Патриотизмнің негізгі элементтерінің бірі – рух не болмаса ұлттық патриотизм.
Патриотизм әр пенденің өз Еліне, халқына деген сүйспеншілікке негізделеді. Патриотизм
өзінің шыққан тегінің бірлігі мен ортақтылығы, туған жеріне, тіліне, өскен ортасына
тарихи ұлттық дәстүрмен тығыз байланысты. Әрбір патриот өз отанын қорғауға, халқы
мен отбасына тіреу болуға міндетті.

Қазақстандық патриотизміне байланысты «Білім» бағдарламасының мақсаты:
«Қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілік және жалпы – азаматтық құндылықтар
идеяларының негізінде тәрбиеленушінің жеке тұлға ретінде сапалық қасиетін
қалыптастыру».

Осы таңда еліміздің тәуелсіздігі мен бостандығын сақтауындағы патриоттық
құндылықтарын дамыта отырып, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға зор мән
беріліп отыр. Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Білім туралы» заңында,
Президентің халыққа жолдауында, «Бала құқығы туралы декларациясында» және т.б.
Үкімет қағаздары мен әртүрлі басылым беттерінде жарық көреді. Барша Қазақстандықтар
Республиканың Ата заңына бағынады.
Әр адам өз елінің басынан өткен тарихы мен көрген ауыртпалығын біле отырып
болашаққа қадам басады.

Қазақтың үлгі етер ұлдарының бірі, ұлттық рухты санамызға сіңірткен
Б.Момышұлы – жүрекжұтқан батыр, даңқты қолбасшы, әрі жазушы атамыз «тот баспас
алтындай жарқырап» ел қаһарманына айналды.

Ұлттық тәрбие сонау Күлтегін мен Тоныкөк кезеңінен басталып, ел үшін жанын
қиған Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай т.б. батырлар ісінен көрінеді. ХХ- ғасырдың
батырлары: М.Маметова, Ә.Молдағұлова, Т. Бегилдинов және басқалардың ерен ерліктері
өлең-жырға айналып, патриоттық тәрбиенің берілуіне маңызды рөл атқарады.
Осы жылы Қазақстан Әскерінің құрылғандығына 20 жыл. Ең алдымен әскери
білім мен мектеп қабырғасында танысады. Алғашқы әскери дайындық пәні -
оқушылардың өз Отанын сүюге, қорғауға баулып, әскери өнермен таныстырады.
1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды.
Соған сәйкес 1993 жылы 20 қантарда «Әскери қызметкерлер мен олардың отбасы
мүшелерінің мәртебесімен әлеуметтік қорғауы туралы» заңдар, елімізде әскери
құрылыстың нормативті-құқықтық базасы құрылды.

Қорыта келгенде, Отан және халық үшін жасаған және келешекте жасайтын
жұмыстарының керек екендігі және оның адамзаттың аман-саулығының негізгі
патриоттық тәрбиенің міндеті мен мазмұнына енеді.

Қазақстан Қарулы Күштерін 20-жылдық мерей тойымен құттықтаймын. Қажыр –
қайраттарыңыз талмасын, еліміздің тыныштығы сіздердің қолдарыңызда. Әрбір азамат өз
Отанының алдындағы борышын өтеуге міндетті.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?