Ұрпағымыз соғысты көрмесін!
Ермекова Дилнар
6 сынып, Федоровка ОЖББМ,
Качир ауданы, Павлодар облысы
Жетекші: Алтынгужинова Гүлмира Бекешевна.

Таң атар кез. Мүлгіген тыныштық. Тіршілік нышаны әлі байқала қойған жоқ. Көк майса шөпте моншақтай шықтар әлсін-әлсін көрінеді. Жаздың мамыражай шағы. Тіпті шыбынның өзі шырылдамайды. Айнала тылсым тыныштық көрпесіне еніп кеткендей. Тарс етіп, күнгей бетте бір нәрсе жерге түсті. Тыныштық бір мезетте беймәлім дыбыстан үзілді. Жан шошырлық дүрсіл айналаны жаулай бастады. Қызараңдап атып келе жатқан таң шапағы бір мезгілде көрінбей, көзден ғайып болды. Аспанды қара бұлт торлады. Кең даланы қара қошқыл тұман көмкерді. Сол сәтте-ақ табиғат әсем бейнесінен айырылып, тіршілік атаулы үрейге бөленді. Бір сәтте бәрін түп тамырымен өзгертіп жіберді. Отанға қауіп төнгені осы мезетте сезілді, жүрек дүрсіл қағып, дабылдап Отан-Ана көмек сұрап тұрды. Міне, қисапсыз қайғы-қасірет пен қыршын жандардың өмірін қиған сұм соғыстың алғашқы ұшқынының өзі соншама қорқынышты, аяусыз еді.
Барша адамзат баласын дүр сілкіндірген, тарихта ізін қалдырған, жүректерде өшпес жара салған Ұлы Отан соғысы жайлы біз балғын балалық кезімізден бері білеміз. Әркез соғыс жайлы сөз қозғалған сәтте көзіне жас алып отырған ата-әжелерімізді көргенде, өзіміз де тебіренетін едік. Алайда, ол кезде оның қаншалықты аяусыз ауыр болғанын әлі күнге дейін түсінбеппіз-ау. Бала көңіл алып-ұшпа боп келетіндіктен бе екен, соншалық ой жүгіртіп, елестетіп те көрмеген шығармыз. Сондағы, ардагер атамыздың сөз соңында «Ұрпағымыздың басына ешқашан мұндай күн тумасын! Ұрпағымыз соғысты көрмесін!»деген асыл ақ батасының мәніне де терең бойламағанымыз шындық. Бірақ, есейе келе, тарих беттеріне үңіле келе, сол сөздердегі қаншалықты қайғы-мұң, ауыр зардап пен қасіреттен туған, шын көңілден шыққан таза ниет екенін түсінеді екенсің. Сонда ғана соғыстың зардаптарын оймен емес, ішпен, жүректен өткізіп сезінесің. Жаңағы атамыз бен әжеміздің неліктен көңілі босап, даусы үнсізденіп, жанары жасқа толғанын білесің. Өзің де сондай күй кешесің. Әрине, соғысты көзбен көрген адамдардың ішкі сезімдері ерекше қиын болары сөзсіз, бірақ соғыс туралы естіп, оқып-білгеннің өзінде ішкі жандүниең тебіреніп, түрлі сезімдер сапырылысып, тоғысып, түсініксіз жағдайда еріксіз елжірейтіні ақиқат. Ұлы Отан соғысы жайлы, жалпы соғыс туралы айтатын болсақ, бұл бір сөзбен барша адамзатқа жасалған қиянат, қатыгездік дер едім. Бір сөзбен айтсақ, әділетсіздік пен қатыгездік мектебі. Тек жою, талқандауды ғана үйретеді. Ол адамдардың көргенқиындықтары мен жан күйзелістеріне, құрбан болған жанкештілерге еш кепілдік бермейді және аяушылық не екенін білмейді. Ол – әділетсіздік. Алайда әділетсіздікті тоқтату керек болғандықтан, Отанды қайткен күнде жаудың қанды қолынан құтқару артылған міндет екенін түсінген ер азаматтар, жалынды жүрекпен қан майданға тайсалмастан аттанды. «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» сәт осы соғыс. 1941 жылы әр азамат өз Отанының бостандығы мен тәуелсіздігін сақтауға, ошағындағы түтінінің сөнбеуі мен болашақ ұрпақ бақыты үшін сұрапыл соғыстың тайғақ тар жолдарын кешкен еді. Солардың ішінде менің арғы аталарым да кеудесін оққа орады, күлкі мен ұйқыны ұмытты.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?!
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ,
Қолтықтағы ұзын таяғын, - деп Әбу Сәрсенбаев жырлаған өлең жолдары менің арғы атама арналғандай іспеттес. Себебі, менің атам соғыс даласынан бір аяғынан айрылып оралды. Өкінішке орай, өзім арғы атамды көрген емеспін. Тек атамның, әкемнің айтқандарынан және Жеңіс күндері түскен суреттерін қарап отырып, атамның омырауындағы сансыз медальдарды көріп, атамның да еліміздің бейбіт өмірі үшін аянбай тер төккенін түсініп, кеудемді мақтаныш сезімі кернейді.Қаншама азапты күндерді кешсе де, соныңа дейін берілмей төзді. Жеңістің қызыл туын желбірегенін өз көзімен көрді, көрмегендері де қисапсыз көп еді, алайда олардың артында өшпес есімдері мәңгілік тарих беттері мен ұрпақ жүректерде сақталары хақ. Солардың ішінде ерліктің үлгісін көрсеткен, елеулі іс жасаған аттары алтын әріптермен жазылған шығыстың қос жұлдызы - Мәншүк, Әлия апайларымызды ерекше атап өту азбал.
Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз,
Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз.
Жанымызды құрбан еттік осылай
Біздей ерте солмау үшін барлық қыз, - деген өлең жолдарын оқи отырып, «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» деп жырлап өткен ақындарымыздың сөзіне мен де қосыламын, нәзіктігімен ерекшеленген қыз баласы қалайша осындай өнегелі ерлік жасай алады екен? Олар қыршындай жас жүректерін Отан үшін қиды емес пе? Осы қос шынарымызды мәңгі бақи ұмытпай, ардақтап, қадірлеу парызымыз деп санаймын. Ал олар туралы қанша өлең, қанша қалам тартып жазсаң да қисынды, орынды дер едім.
Беу дүние, ақыр Жеңіс күні жетті.
Жеңіс! Жеңіс! Әлемді дүбірлетті.
Төрт жарым жыл от кешкен оқ астында
Солдат өмір кеңітті көк жиекті.
1941-1945-жылға дейін созылған бес жылдық соғыс аяқталды, рейхстагқа ту тігілді. Жеңіс туы аспанды қара тұманнан босатып, қуаныш әкелді, ертеңгі ұрпақты бодандық пен бұғаудан аман сақтап қалды.Жеңіспен бірге барша жұрттың жүзінде қуаныш нұры пайда болды. Өмір шындығы бойынша қуаныш пен қайғы егіз дегендей, Жеңіс - қуаныш болса да, қайғы – сол соғыстың зардабы еді. Соғыс тарихта өшпестей ізін қалдырды. Бойына батылдық пен ержүректілікті, төзімділік пен шыдамдылықты қатар алып өткен кешегі қанды майданда қаза тапқан жауынгерлер сөзсіз елдің есіңде мәңгіге қалды. Елі үшін, жері үшін майдан даласында от кешкен жандардың қайтіп оралғандары да жоқ емес. Олардың күні бүгін Жеңістің жетпіс бір жылдық тойын бізбен бірге тойлайтындары қуаныш. Сонымен қатар, бұл ардагерлердің саны да күннен күнге азаюда. Әрине, осы жағдай көңілге қаяу түсіреді, бірақ өмір заңдылығы осындай, амалсыздан көнуге тура келеді. Көзі тірі ардагерлерімізге мемлекет тарапынан үлкен құрмет көрсетілуде. Тек үкімет қана емес, біз де, яғни, өскелен ұрпақ мына жарық күнді сыйлағаны үшін қаза тапқандар мен қазіргі ардагер ата-әжелерімізге шексіз ілтипатымызды білдірудеміз.Отанға деген ыстық махаббат пен сүйіспеншілікті бойларына сіңірген осындай азаматтардың ерліктері бізге үлгі-өнеге болумен қатар зор мақтаныш. Келешек жас ұрпақ Отанын аялауды олардан үйренсе керек. Сөз соңында қаһармандықтың таңғажайып үлгілерін танытқан кешегі жауынгерлердің жеңіске жетер жолда тындырған ұлан-ғайыр істері біздің жадымызда мәңгі сақталып, дастандай жалғаса береді. Өз шығармамды мына өлең жолдарымен аяқтасам деймін.
Ата-баба ерліктерін ұмытпайық ешқашан,
Жүзімізде қуаныш отын жандырайық әрқашан.
Ырыс, бірлік, ынтымақтыңтізгінін тең ұстап,
Халымыздың бейбіт туын сақтайық әрдайым

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?