Мен-соғысты жек көремін!

 Мен-соғысты жек көремін!

Назарова Дарина
4 сынып, №24 мектеп-гимназия, Қостанай қ.
Жетекшісі: Антаева Меруерт Темірқызы

Тынық ауа, көгілдір ашық аспан , қызарған күн ұясына қимай батып бара жатқан сияқты.Алаңсыз ел өз тірлігімен айналысуда. Далада шулап ойнап жүгірген балалардың сыңғырлаған күлкісі естіліп тұр. Күн батты.Кеш түсті.Бәрі алаңсыз ұйқыда. Бұл тыныштықты, кенет ,ойламаған жерден жел соғып, мыңдаған үлкен қара құстар ұшып келіп, елдің ұйқысын бұзды. Ол нәзік ымыртты сіңіріп, өзімен бірге қорқынышты гуілдеген дыбысты әкелді.Барлық адамды бірден қорқыныш басып, мазасыз күйге салды.Бұл фашистік неміс ұшақтары еді.Ел іші ала-сапран.Еңіреген қарттар мен жүрек сыздата жылаған ана мен бала дауысы... Бұл шілденің 16-сы таңғы сағат 4-тер шамасы.Соғыс-атауы құлаққа жағымсыз тіршілікті қан жылататын,асты қайғы-қасіретке толы қаралы сөз. Бұл соғысқа әр отбасынан қолына қару ұстай алатындай боз балалар мен әкелер аттанып жатты.Елдің іші босап қалды. Әр аулада бірең-сараң кемпір шал мен жас аналар мен балалар көрінеді . Қолынан іс келеді-ау деген жан біткен қара жұмысқа жегілді.Күні бойы еңбек етіп, астық жинап, мал бағып, киім тігіп, соғыстағы өрендерге жіберіп отырды. Боздақтарын соғысқа аттандырған жұрт әр күні хат күтеді.Салт атпен ауылға шауып келген пошташы бала кейбіреулерді қуантып, кейбіреулерді зар жылатып хат үлестіруде. Хат алған ана мен жас келіншектер қуанғаннан көз жастарын төгіп-төгіп алады. Кейбіреулері хатты ала салысымен зар еңіреп, айналасында жұбату айтқан ауыл адамдары.Бұл көрініс күн сайын жалғасын таба берді.Соғыс атауы жер бетіндегі тіршіліктің бәрін жалмап жұтатын ажал еді.Бұл қасіретті күндер менің отбасымда да болған.
Әкемнің айтуынша атам Назар Аралұлы 1940 жылы шілде айында соғысқа аттанады. Атамның ол кезде жанұясы бар еді. Жап-жас отбасы бала күтіп жүрген. Атам Ташкент қаласында дайындықтан өтіп жатқан да, ол жерге үлкен ағасын да алып келеді.Содан кейін оны Волгоград қаласына жөнелтеді. Ал ағасын Украин жеріне алып кетеді.Атам сауатты адам, хат танитын еді.Сұрапыл соғыс кезінде ол қай жерге барғанын, қайда екенін хат арқылы жазып, жіберіп отырады. Ал ағасы Алмағанбет Аралұлы сауаты болмаған, сол себептен әлгі күнге дейін хабарсыз.Менің атам соғыс кезінде Сталинград, Волгоград қалаларын азат етуге қатысқан. Будапешті фашистерден азат етіп, Берлин қорғанына дейін жетті. Фашистерді жеңіп Берлин қаласында, жеңіс туы желбірегенде, Қошқарбаевтың ту тіккен сәтіне куә болғанын айтып берген.Соғыста өзінің көптеген достарының қаза тапқанын, оларды жерлеп, басына белгі қалдырып кеткенін ол туралы сол менің атам қойған белгімен, хабарсыз кеткен туыстарын тауып алып, алғыс айтқан адамдар болды. Сол соғыста 1945жыл мамыр айында атам жарақат алады. Соғыс біткеннен кейін 1945 жылдың қарашасында өзі туған еліне аман-есен оралады. Атам Назар Аралұлы қандай ауыр күндерді бастан кешірсе де өмірінің соңғы деміне дейін халыққа, еліне қызмет еткен. Жетім-жесірлерге көмектескен. Мектеп интернаттың директоры болып жұмыс атқарған.Атам-менің мақтанышым. Атамды елі сыйлаған азамат,ауыл ақсақалы ретінде таниды. Атамның көптеген орден медальдары бар. Осыдан 75жыл бұрын жер бетін шарпыған сұрапыл Ұлы Отан соғысы қаншама отбасына қайғы әкелді. Неміс фашистерінің аңсап келген арманын 4 жыл ішінде батырларымыз қажымас ерліктерімен тас-талқан етті. Фашистер ойы жер бетіндегі тыныш жатқан халықты,отарлап билік құру еді. Өзара одақ құру арқылы Германия, Италия секілді елдер бүкіл әлемді өздеріне қаратпақ болған.
Тынышымен өмір кешкелі жүрген халықтың берекетін алған фашистер жоспары іске аспай өздері сол соғыстың зардабын тартты. Бұл соғысқа , 61 мемлекет жан жақтан атсалысты. Қазіргі таңда батырларымыздың ерлігіне орай шаралар өтуде , тіпті есімдеріне байланысты көшелер , кітаптар , ауыл атаулары берілуде. Олар болашақ ұрпақ үшін жанын құрбан етті. Қазіргі ұрпақ жазбаша немесе кинолар арқылы көре алады. Жас ұрпақтын осындай тыныш бейбіт күнде өмір сүру үшін аталарымыз қан төгіп, жан берді. Олардың ерліктерін әрқашан есте ұстап, құрмет тұтуымыз керек. Біз тойлағалы отырған Ұлы жеңістің 75 жылдық мерекесі, әрбір адам үшін ең қымбат жүрегінен орын алатын күн болып қалу керек. Себебі ержүрек аталарымыз осы күнді бізге сыйлады. Барша халық ашық аспан астында, бейбіт күнде өмір сүрсін! Балалардың балдай шат күлкісі кетпесін! Ешқашан еш жерде соғыс болмасын! Соғыстың аты өшсін! Мен-соғысты жек көремін!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?