Отты жылдар жаңғырығы

 Отты жылдар жаңғырығы

Заирова Айдана
11 сынып №17 орта мектеп Ақтау қаласы
Жетекшісі: Аманова Б.Т.

Мен соғыстым, жоғалды жолдасым көп,
Өмірде жауыздықтар болмасын деп.
Мен жеңдім, жаралы ормандарға,
Жаралы құстар келіп қонбасын деп.
Мұқағали Мақатаев
Біздің халқымыз қай уақытта да өз намысын, өзініңелімен жерін, Отанын білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған халық. Қандай да қиындыққа төзген, мойымаған, оны жеңе білген. Осындай зұлматтың бірі – Ұлы Отан соғысы. ҰлыОтан соғысы басталғанына биыл 75 жыл болды, ал Жеңіске 71 жыл толмақ. Осыншама жылдар өтсе де бұл қырғын соғыс, оның салған жарасы, халқымыздың естен кетпес ерлігі ұмытылмайды.
Рас, қайғы-қасірет бар қаптаған,
Ғұмырлар бар батқан және батпаған.
Әкелгенмен, әр адамға бір қайғы
Сол жылдарға қарғыс айту жат маған, - деп ақын Мұқағали жырлағандай сол бір сұрапыл жылдар тарихта өшпес із қалдырды. Біз XXI ғасыр ұрпағы, қазіргі заманның жастары 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жайлы тек тарихтан ғана білеміз кітаптан оқып, кинолардан көреміз. Сол зұлмат жылдардағы халықтың тартқан тауқыметін соғыстан жеңіспен аман-есен оралған ата-әжелеріміздің әңгімесінен естідік. Елге қауіп-қатер төнген отты жылдарда, сын сағатта біздің Қазақстаннан барған ерлеріміз де Отан үшін, Ел үшін,Жеңіс үшін жандарын пида еткен. Қазақстаннан майданға шақырылған мыңдаған адамдардың көпшілігі ұрыс даласында ерлікпен қаза тапса, кейбіреуі із-түзсіз жоғалып кеткен. Кеңес одағы Батыры атағын алған 500қазақстандықтардың ішінде Т. Бигелдинов, Л. Беда, И. Павлов, С. Луганский Батыр атағын екі мәрте, ал Шымкенттегі Чугуев әскери училищесінің түлегі И. Кожедуб үш мәрте иеленіпті.
Шығыстың қос шынары – Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова,рейхстахқа ту тіккен – Рақымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы, Мәлік Габдуллин, ұшқыштар – Талғат Бегельдинов, Нүркен Әбдіров, партизан Қасым Қайсеновтіңерлік істері бүгінгі ұрпаққа үлгі. Ел басына күн туған қиын - қыстау жылдарда «Барлығы майдан үшін!», «Барлығы Жеңіс үшін!»деген жалынды ұрандарымен тылда да белсене еңбек еткен халықтың ерлігі де өз алдына бір төбе еді. Таңның атысы, күннің батысымен, майдандағы жауынгерлерге жылы киім, байпақ, қолғап, азық-түлікті молырақ жіберу үшін ауылда қалған әйел, бала-шаға жанқиярлықпен, аянбай еңбек еткен. Бұл да ерлік, бұл тылдағы ерлік. Соғыс жайлы мен атамның әңгімесінен көп білемін. Ұлы Отан соғысының ардагері, менің анамның атасы Бөбекбаев Қуанбай 1926 жылы Маңғыстау облысының Бозашы ауылында дүниеге келген. 1930 жылдардағы ашаршылық кезінде ата-анасымен бірге, жан сақтау қамымен Түркменстан еліне кетуге мәжбүр болады. Соғыс басталғанда ол 18 жаста екен. 1944 жылы Кеңес Армиясының қатарына шақырылып Австрия, Венгрия елдерін азат етуге, Прага, Братислава қалалары үшін болған жойқын ұрыстарға қатысқан. Атам сол соғыс жылдарында басынан өткен оқиғаларды, талай өрімдей жап-жас боздақтардың ұрыс даласында асқан ерлікпен қаза болғанын мұңая еске алып отырады. Жеңісті Германияның Дрезден қаласында қарсы алған.Менің атамның 8 баласы, 16 немересі, 8 шөбересі бар. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Жаңаөзен қаласында атамның қазір тұрып жатқан 5-ші шағынаудандағы 67 үйге мемориалдық тақта орнатылды.Бұл біздің үкіметіміздің майдангерлерге көрсетіп жатқан үлкен құрметі, тағзымы деп білеміз. Жаңаөзен қаласында қазіргі күні тек қана 4 соғыс ардагері тұрады екен.
Неменеге жетістің бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.-
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп кезегін жағада тұр!
Иә, олар саусақпен ғана санарлық. Әр қалада, әр ауылда санаулы ғана соғыс ардагерлері тұрады екен. Осы ардагерлерге құрмет көрсету, көмек беру жылда көктем айы мамырда,Жеңіс күні мерекесінде әр соғыс ардагерінің үйіне барып, оларға ізет көрсету біздің міндетіміз.
Айтулы ақын Мағжан Жұмабаев:
Арыстандай айбатты
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін - деген екен.
Ата-бабаларымыз ұлан байтақ жерімізді «Найзаның ұшымен, білектің күшімен», қанаттыға қаңтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай сақтап қалған елімізді өркендету, қорғау біздің міндетіміз.Біз жер бетінде енді ешқашан соғыс болмасын деп, ана жесір, бала жетім қалмасын деп тілейміз. Әр ұрпақ өз дәуірінде, өз соқпағын іздейді. Ендеше қазіргі ұрпақтың алдындағы үлкен мақсат –сол соғыс кезіндегі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігін үлгі ете отырып, тәуелсіз еліміздің, ұлан байтақ жеріміздің болашағы үшін күресу.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?