Елін қорғау-елге сын
Тайлақбаева Данагүл
10 сынып «№7 ЖОББМ»КММ
Қарағанды облысы ,Сәтбаев қаласы
Жетекшісі: Нуридинова Бибалима Шариповна

Ұлы Отан соғысының ерлік шежіресі шексіз.Кеңес халқының фашизмге қарсы қасиетті соғыс тақырыбы оқырман жүрегін әрқашан толғандырады.Танкінің гүрілі жер жарып,ауыр зеңбіректерді сүйреп,айналаны шаңға бөктіріп,аттылы-жаяуы аралас үздік-создық шұбатылған әскердің алды биік дөңнің басына шыққанда,арғы беттегі жартылай қираған,үстін түтін аралас қалың тұман басып жатқан қасіретті соғыс алаңы тым аянышты.Ерлік керек десеңіз... Соғыс. Атауының өзі-көз алдыңызға жетім бала,жесір әйел,берекесі кеткен жұрт, қара қағазды елестететін қасірет.Соғыс қасіретпен қоса қасиеттіде әкеледі. Ерлік,Отанға деген махаббат,рух,намыс,жігер барлығы да осы соғыс кезінде пайда болады емеспе? Иә,біз соғысты көрген жоқпыз. Бірақ ата-әжелеріміздің әңгімелерінен соғыстың не екенін біліп, түсініп, жанымыз түршігеді. Болашақ ұрпақ үшін жанын қиған ата-бабаларымыздың ерліктері жылдар тұрмақ,ғасырлар өтсе де,ұмытылмастай тарихта жазылып қалды. Екінші дүниежүзілік соғыс-адамзат тарихындағы ең ірі жанжал,ең ірі шиеленіс.1941 жылы 22 маусымда гитлерлік Германия тұтқиылдан Кеңес Одағына қарсы соғыс бастады.Германияның КСРО-ға шабуылы бастала салысымен, Кеңес Одағының басшылары В.М.Молотов және И.В.Сталин өздерінің сөйлеген сөздерінде бұл соғысты Отан соғысы,кейіннен Ұлы Отан соғысы деп атады.Соғыстың бірінші сағатынан бастап бірнеше мың шақырымға созылған кеңес-герман майдан шебінде кескілескен шайқастар басталды.Осы кезден бастап-ақ гитлерлік әскерлер жергілікті тұрғын халық пен Қызыл Армия әскерлерінің қарсылығына тап болды.Бірақ гитлерлік әскерлер Литваны,Молдавияны,Эстонияны,Белоруссия,Украинаның көп бөлігін жаулап алды.Ресей Федерациясының батыс облыстарына баса көктеп кіріп,Ленинградқа,Смоленскіге,Киевке қатер төндірді.
1942 жылы жазда неміс-фашист әскерлері кеңес-герман майданының оңтүстік бөлігінде шабуылға шықты.Сталинградта үш ай бойы кескілескен шайқас болды.Кеңес Одағының әскери басшылығы Сталинградтың стартегиялық маңызы зор екенін сезіп,әрбір қадам жер үшін шайқасты. 1941-1945 жылдарда болған соғыста казақ халқы өз рухын түсірмеді.Миллиондаған сарбазға көмек үшін елде қалған туған-туыс,әкешеше,асыл жар, білек сыбана тылда еңбек атқарды.Тыл даласында күндізтүні тыным таппай,егін егіп,қара жұмыс атқарған қазақтың мықтылығына қайран қалмасыңа амалың қалмайды.
Майдан қызу жүріп жатқан кезінде де жерлестеріміздің тынымсыз тер төккен тылдағы еңбегі мен ерлігі,тыныс-тіршілігі,сонымен қатар жергілікті басқару органдарындағы атқарылған маңызды шаралар туралы құнды деректер күні бүгінге дейін мұрағатымызда сақтаулы.Еліміздің өткен өміріндегі бел-белестеріне ойша көз жіберсек,Ұлы Отан соғысының отты жылдары еске түседі. Иә,бұл бір халықтың басына туған қиынқыстау,сұрапыл кезең еді.Майдандағы жауынгерлер де,тылдағы еңбеккерлер де бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығарып,бүкіл халқымыз жеңіс үшін қажеттінің бәрін істеді.Майдан мен тылдың осы іс әрекеті сол ұлы Жеңісті әкелді. Тыл ардагерлері-мақтаншылықтан аулақ жандар.Соғыс жылдарында еңбек еттік,жоқшылық көрдік,жан азабын тарттық деп ешкім міндетсінбеді.Біреуге алақан жайып жалынбай,еңкейіп құлдық ұрмай-ақ қанағатшыл болмысымен өмірден өткендері де аз емес."Тылдағы еңбек болмаса,майданда жеңісте болмас еді"деген болатын хас батырымыз Бауыржан Момышұлы.Қазақстандықтар соғыстағы жауынгерлерге 2,5 миллион жылы киім жіберді.Сонымен қатар майдандағы жауынгерлерге арналған жеке және ұжымдық сыйлықтары бар 1600 вагон жеткізілді.
1941 жыл ақпандатқан,
Сыртта аяз. Ауылды ақ қар жапқан.
Үңірейген үрей тұр соғыс дейтін,
Алапат аспан,жерді аттандатқан.
Аттан,әке Таныс қой күрес саған,
Күресуі керек қой күші бар жан.
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан,әке Жолыңнан кешігесің.
Кеудесінде шыбыны бар паңырлар,
Тауып жейді сенсіз де несібесін.
Жалынған ғазиз Анам,сұрап қалған,
Жоғалды сол бетімен бірақ та арман.
Сенбеймін әкең өлді дегенге мен,
Себебі ол үйімізден тірі аттанған... -деп артта қалған бала-шаға,інілер жылап қалды.Бірақ сол-бір көзден аққан жастың соңы қуанышпен аяқталды. Неміс жендеттерін талқандаған,күллі Кеңес Одағы халқына зор қуаныш сыйлаған 9 мамыр келді.Ұлы Жеңістің жалауы желбіреген күнде туды.Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен атаапаларымыз,ардақты ардагерлеріміз қуаныштан көздеріне жас алды.Бүгінгі мамыржай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған бірлік нәтижесінде келгені белгілі.Әуеде ұшқыш,жерде танкист,теңізде-теңізші,окопта әскер,блиндажда байланысшы және тылда еңбеккер-бәрі де Ұлы Жеңіс үшін қараниет арам пиғылды фашист оғына өз кеудесін тосты.
Уақыт өткен сайын кешегі күндей күркіреп өткен сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары да арасын аулақ салып,алыстап барады.Бірақ қаншалықты алыстағанмен ол көңілден кетіп,жүректерден өшпек емес.Өйткені ол соғыс қаншама ұрпақты қайғы-қасіретке душар етіп,өмірін өксітіп кетті.Сондықтан да жыл сайын мамыр айының 9 жұлдызында сол сұрапыл соғыстағы Жеңіс күні айрықша атап өтіледі.Және ол жалпыға бірдей халықтық мереке болғанымен,бұл күні әсіресе,кешегі соғыста Жеңіс үшін қолдарына қару алып,майданның алдыңғы шебінде қанқұйлы жаумен шайқасқа түскен соғыс ардагерлеріне көрсетілер құрмет айрықша.Ер есімі-ел есінде мәңгі сақталады.Ешкім де,ештеңе де ұмытылмақ емес.Тәуелсіз Қазақстан елі өз боздақтарын қастерлеп, қасиеттейді. Біз өз батырларымызды мақтан тұтамыз.Өйткені,олар біз үшін,Отан үшін қасық қандары қалғанша күресіп,бізге жеңіс сыйлады.Бұл Жеңіс әр кезде де батылдық пен ерліктің,қаһармандықтың символы,Отан деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі,ал арадагерлеріміз болашақ ұрпақ үшін,егемен еліміздің тәуелсіздігін қорғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі қалады.Қазір біз болашағы жарқын,бағыты айқын тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз.Бүгінгі ұрпақ бұл азаттықтың қалай келгенін әрине біледі.Қазіргі таңда қаншама елдің бірлігінің бұзылған уақытында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан біздер,шыныменде бақыттымыз.Бұл тәуелсіздік біздің Отанымызға берілген тәңірдің сыйы.Ешкім де,ештеңе де ұмытылмайды.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?