Қан төгіп, қолы жеткен Ұлы Жеңіс

 Қан төгіп, қолы жеткен Ұлы Жеңіс

Көпеева Мадина
10-сынып №4 жалпы орта білімберетін мектебі
Қарағанды обл. Жезқазған қ.
Жетекшісі: Искакова Бақтыкүл Дүйсенқызы

Жеңіс туы, Желбіресін мәңгілік!
Жеңіс жыры, Асқақтасын жаңғырып!
Жеңісім – салтанат, сән, сәулет,
Жеңісім – береке, бақ, дәулет!
Дүниеге келдім. Бақытты балалық шағым өтті. Есейдім. Мектеп табалдырығын аттап, сапалы білім алып жатырмын.Ешқандай қиындықсыз, қарным тоқ, көйлегім көк, аспаным ашық, бейбіт өмір сүрудемін. Қоғамды танып, елімнің тарихын біліп, Отанымның салт-дәстүрін үйреніп жүрмін. Соғыс. Тарихта осы бір сөзді естігенде менде бір жеккөрушілік сезім оянады. Бұл соғыс талайдың өмірін қыршын қиған жауыз десем де болады. Өйткені, соғыс талай дүниені талқандап, бұзып, жер бетіндегі барды жоғалтып кетті. Ол туралы біз, өскелең ұрпақ, газет -журнал материалдарынан, радио мен телехабарлардан, ардагерлеріміздің әңгімелерініен естіп, кинолардан көріп біліп отырмыз. Аталарымыз бен аналарымыздың Отан үшін көрсеткен ерліктерінің арқасында біз бүгінгідей бақытты күнге жетіп , бейбіт өмірде өсіп жатырмыз.
И. В. Сталин халыққа 1941 жылдың 3 шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады.1941 жылғы 22 маусым - тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Жетпіс бес жыл бұрын осы күні Ұлы Отан соғысы басталды.Аталған күні таңға қарайфашистік Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасапты.Ұлы Отан соғысы Екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі болды. Екінші дүниежүзілік соғыс орасан зор кеңістікте жүргізілгенімен, соғыс қимылдары кеңес елінің аумағында өтті. Кеңес Одағы Ұлы Отан соғысына дайындықсыз кірісті. Алғашқы жылдары сәтсіздіктер көп болған.
Барлық жігіттер мен қыздар елін жаудан қорғау үшін қолына қару алып, қан майданға аттаныпты.Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауға қарсы тұрған, жеңіске жету үшін аянбай өз үлесін қосуда менің Отанымның да азаматтары бар күшін салды.Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ өздерінің борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Әскери міндеттілерді әскерге алу өте қысқа мерзімде жүзеге асырылды. Бүкіл кеңес халқы ортақ жауға қарсы күреске жұмылды.Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің Отандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмаған дегенді естіп жатырмыз.Тарихтан белгілі болғандай, мен танып білген қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған.Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалын алуда, Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва үшін, Ленинград үшін болған ұрыстарда ерлік көрсеткен. Жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500 ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.
Соғыс қару –жарағы мен киім-кешегі, тамағы жеткілікті болу үшін тылда да жас баладан бастап қарияларға дейін таңнан кеш болғанша еңбек етті.Бар тапқанын соғыс майдангерлеріне жіберіп отырғанда ел арасында қиындықтар, аштық көрген күндер болып жатты.Ұлы Отан соғысының төрт жылы- 1418 күні мен түні - халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Дегенмен де, бүкіл ел болып күш салған бірліктің арқасында Кеңес Одағының жауға қарсы күш-қуаты арта бастайды.Бір күшке жиналған әр түрлі ұлттар қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылып, өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жанын қиды. Соғыс жылдарында республиканың қара металлургиясы ойдағыдай дамыды. Қарағанды көмір кеніші соғысқа қажетті отынның 65 пайызын өндірген. Қарағанды шахтерлері төрт жыл ішінде 34 млн тонна көмір қазған. 19 жаңа шахта, мен көмір разрезі пайдалануға берілді. Қызыл Армия жауынгерлерін киім-кешекпен, азық-түлікпен қамтамасыз етуде республиканың жеңіл және тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары да қыруар жұмыстар атқарды.
Әйелдер мен балалардың еңбегінің арқасында соғыс жылдары Қазақстан колхоздары мен совхоздары елімізге 56 млн пұт астық, 733,9 мың тонна ет, 1142 мың тонна сүт, 62,4 мың тонна жүн өткізіп отырған. Тары өсірудің шебері Шығанақ Берсиев, атақты күрішшілер Ы. Жақаев, дәнді дақылдардан мол өнім алғандар Олардың ерен еңбектерін атап өтпеске болмайды.Өйткені,тылдағы әрбір күн соғысқа тең еді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтіпті.Ұлы Отан соғысы аяқталып, Жеңістің туы желбірегеніне биыл - 75 жыл!
Бабалар мұра еткен елдігіне,
Тамсандық ағалардың ерлігіне.
Қан төгіп, қолы жеткен Ұлы Жеңіс,
Бүгінде 75 жасқа толды міне.
Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – біз үшін де ұлы мереке!Ол жеңіс бізге аталардың қанымен, аналардың терімен келді. Ерлік ешқашан халықтың жадынан ұмытылмайды.Біз ес білгелі осы бір сұрапыл соғыс туралы естіп, оның жеңіс күнін тойлау мерекесіне қатысып жүрміз. Бұл күн- соғыс майданында алғы шептерде жүріп шайқасқан ардагерлер үшін ерекше күн. Аталған мерекені өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды.Өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды.Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын аямай күрескен, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
Биыл осы мерейтойға орай еліміздің әрбір жерінде әртүрлі іс-шаралар, мерекелік кештер өткізілуде.Менің қаламда да соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, қошемет жасалуда. Бұл біздің ардагерлер алдындағы, Отан алдындағы азаматтық борышымыз деп білемін. Әрине, олардың орасан зор еңбегін өтеу еш уақытта мүмкін емес. Бүгінгі ұрпақ,біздер, тәуелсіз елде, бейбіт аспан астында өмір сүріп жатырмыз. Осы күндерді сыйлаған, ел ертеңі үшін кеудесін от пен оққа тосып, зұлмат соғыста қаза тапқан батыр жауынгерлер ешқашан ұмытылмақ емес.Жыл өткен сайын қатары азайып бара жатқан майдангер аталарымыздың есімдері ұмытылмай, келер ұрпақтың есінде жатталып қалуы керек.Соғыс ардагерлеріне тағзым ете отырып, келешек еліміздің ертеңі жақсы болса екен деп тілеймін.Көп қасірет әкелген соғыс енді қайталанбаса екен деп тілеймін.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?