Мен соғысты жек көрем
Жанат Назерке
Қарағанды қаласы №82 ЖББОМ-тің 8 сынып оқушысы
Жетекшісі: Жамангарина Э.А

Ұлы Отан Соғысын еске алсақ, көзімізге жас келіп, қорқынышты және аянышты көрініс елестейді. Бұл оқиға тарихта қызыл әріптермен жазылады, өйткені сол жылдары қаншама адамның қаны төгілді. Жалпы қазақ халқы басынан қаншама қайғылы және ауыр жайттарды басынан кешірген. Бұл біздің, яғни қазақтардың өте шыдамды халық екенімізді дәлелдейді. Сондықтан ата-бабамыз бізге аманат етіп қалдырып кеткен жерді сақтауымыз керек. Жоғарыда айтылып кеткендей, Ұлы Отан соғысында қаншама адамның қаны төгіліп, қаншама бейкүнә адам өмірінен айырылды. Қаншама қазақтың жас жігіттері соғысқа барып, өмірімен қош айтысты. Ал оның ата-аналары балаларысыз қалды. Тек соғысқа барған жауынгерлердің кей біреулері ғана қайтып оралды.
Сол қайтып оралғандардың арасында менің нағашы атамМұғұжанов Мұхамедия Мұғыжанұлы да бар. Мұғұжанов Мұхамедия Мұғыжанұлы-1918 жылы 23 ақпанда, Қарқаралы уезі Нұркен ауылы қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданының Сарытерек ауылында дүниеге келген. 1934 жылы Талғар Ауылшаруашылық Техникумына түсіп, оны 1936 жылы мамандығы бойынша Ақтоғай ауданында жұмыс істей бастады. 1942 жылы 12 ақпанда қызыл әскер қатарына шақырылды. Сол шақта Ұлы Отан соғысы болып жатқан кез еді. 1 айлық дайындықтан өтіп, 95 артиллерия дивизия құрамына қатардағы жауынгер болып қабылданды. 1943 жылдың қарашасында Украина әскери округіне 95 артиллерия дивизиясы құрылды. Дивизия командирлері:
1. Генерал-майор Пастревач Александр Иванович
2. Генерал-майор Воробьев Василий Фролович
3. Полковник Капитихон Александр Григорьевич
95 дивизияның жасаған ерліктері:
1. 37 гвардиялық атқыштар дивизиясының басшысы Жолудевпен біріге 95 артиллерия дивизия Трактор зауытын құлдыратты.
2. 11 қарашада біріккен 2 дивизияның күшінің арқасында 95 артиллериялық дивизия немістің танкілерін талқандап, Волга өзеніне 500 метр жерде жау қолын тоқтатты. Осы кезде олар бетпе-бет қоян қолтық әдісімен жауды жеңді.
3. Дивизия бірнеше рет көмек алған. Тынық мұхитының әскери теңізшілері оларға өз әскерлерін берген.Ол теңізшілерді «Қара өлім» деп атаған.
4. 21 желтоқсанда қоян қолтық әдісін қолдана отырып, 95 артиллириялық дивизия 6 блиндаж және 2 взводты талқандаған.
5. 1943 жылдың 1 наурызында НКО №104 жарлығы бойынша 65 артиллирия дивизиясының аты 75 гвардиялық атқыштар дивизиясына ауысты.
6. Содан кейін соғыстың соңына қарай 95 дивизиясы екінші дәрежелі Суворовтың қызыл орденімен марапатталды.
1943 жылдың көктемінде немістердің фашисттерінің қолына тұтқынға түскен. Сол жылдың күзінде тұтқыннан қашып шығып, партизандар отрядына қосылған. Партизандар отрядында жүріп Қызыл әскер қатарына қайтадан қосылған. Онда барлаушы топ қатарында болған. Белоруссия, Польша, Венгрия,Австрияның астанасы Вена қаласын азат етуге қатысып, оң қолынан жараланды. Яғни айтқанда оң қолына снаряд жарықшасы тиген. Ол 25 ақпанда 1945 жылы болған. Госпитальда жатқан кезінде соғыс аяқталғаны туралы хабар келеді, сөйтіп Вена түбінде соғысты аяқтап, туған ауылына қайтып оралған. 1945-1947 жылдар аралығында туған ауылында агроном болып жұмыс істеді. 1947 жылы Ақтоғай аудандық мемлекеттік тұғым инспекциясына бастық болып тағайындалып, 1988 жылы зейнеткерлікке шыққан. Менің атамның еңбек кітапшасында екі жұмыс орыны туралы жазылған. Атам екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталған. 1962 жылы сәуірде менің атам үйленген. Менің атамның он баласы бар. Апам ауылда үлкен ұлдарының қолында. Отбасылық шежіресіне тоқталатын болсақ:
Көшкін
Орысбай
Тінібай
Бытығай
Омар Шәкірбай
Әділбай Шаяхмет
Нұрахмет Мұғұжан
Мұхамедия Күлшім Күлмара Күләндә
Мұнара Шолпан Еркін Айгүл Беркін Мұрат
Мәнсүр Айнұр Анар Лейла
1996 жылы 21 шілдеде атам өмірден озды. Жерленген жері Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылының маңындағы Тоқырауын өзенінің бойында. Менің атам Ұлы Отан соғысына қатысып қана қоймай, ашаршылық кездерән де басынан өткізген. Менің анам 9-шы бала болып дүние келген. Соғыс ардагерлеріне басымызды иіп, оларға тағзым ету біздің азаматтық борышымыз деп білемін. Оларға біздің жерді бөгде адамдардан қорғап қалғанына мың да бір ризашылығымды айтқым келеді!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?