Жасасын, Ұлы Жеңіс күні!

 Жасасын, Ұлы Жеңіс күні!

Аман Аружан
6-сынып оқушысы Нұра ауданы Қарағанды облысы
Майоровка ауылы Абдолла Асылбеков атындағы ЖОББ мектебі
Жетекші: Кусаинова Динара Бекбулатовна

Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды.
Ол - өмір заңы. Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Адам адам болғалы осылай. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Арыға бармай-ақ, 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық. Кімге қажет болып, не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Әдетте, соғысты. Қарапайым халыққа қасірет туғызған, қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес. Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Ойда диханшы трактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды. Сол жылдардың бозбала, бойжеткендері ақын болуды, инженер болуды, оқымысты болуды армандаған еді...
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды біздің аталарымыз, әжелеріміз, ағаларымыз көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен көп күткен. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске түсіреді. Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар, – деген мақалда айтқандай, біздің ата-бабаларымыз біз үшін осындай тыныштықты сыйлағандарына, рахмет айтамын. Өйткені олар ерлік, жігерлерімен ел үмітін ақтап, сақтап қалды. Адамзат баласына алапат қатер төндірген соғыс отының өшкеніне осынша уақыт өтсе де, жері мен намысын жауға таптатпаған жеңімпаз аға ұрпақтың ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес. Олар майданда жанқиярлықтың, патриоттықтың, қайсарлықтың өнегесін көрсетті.
Сонда біздің батырларымыз соғыс уақытында жауға қарсы тұрып, өздерінің атақтары үшін емес, жер бетіндегі өмір үшін күресті. От кешіп, қан жұтқан аталарымыз бен апаларымыздың жасаған ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Ол аталарыма мың алғыс айтып, тағзым етемін!
Менiң арғы аталарым да соғысқа небәрi 19 жасында аттаныпты. Өкінішке орай аталарымның өздерінен соғыс жайлы айтып беруді сұрай алмадым. Өйткені, ол кісілер мен дүниеге келмеген уақытта өмірден өткен. Ойлап қарасам, қазiр 19 жаста өзiнiң кiм екенiн бiлмей жүргендер аз емес сияқты. Ел басына қауiп төнген кезде өрiмдей жас болған атамның қолына қару алып, жауға қарсы аттанғаны бүгiнде ұрпақтары бiзге мақтаныш. Шындап келгенде, бүгiнде тәуелсiз мемлекеттiң ұланы болып жүргенiме атамның да үлесi зор. Аспанымыз ашық болуына ол кiсiлер жастық ғұмырын сарп еттi, қаншамасы қыршынынан қиылды. Ең бастысы, ендi ондай зұлмат болмаса екен! Біз соғысты көргеніміз жоқ, көрмей-ақ, білмей-ақ қоялық!
Бірақ өсіп келе жатқан елдің келешегі соғыс ардагерлерінің өмірі жайлы көп білетін болса, олардың жасаған ерлігін, Тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен келгенін түсінетін болады. Ата-бабаларымыз сыйға тартқан бақытты өмірімізді қорғау- әрбір азаматтың борышы, ел үшін аянбай еңбек етіп, ел азаматы болу біздің міндетіміз деп ойлаймын. «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі», деген мақалда айтқандай, батырларымыздың ерлігі елге мұра болып қалды, ал біздей оқушыларға бұл үлкен үлгі. Жеңіс күні- достық пен бірлікті жырлайтын, халықтың ержүректілігі мен төзімділігін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн.
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы. –деген өлеңдей, әлем тарихы беттерінде өзінің сұрапыл зұлымдығымен өшместей із қалдырған соғыс Жеңіспен аяқталып, ұлы мерекеге айналды. Сондықтан бұл мерекенің мәні мен маңызы ерекше. «Қажеті жоқ... Соғыстың қажеті жоқ! Дұрысы тірлік қылып, ізденейік. Шынайы данқ –еңбекпен келген ат. Соғыс жабайылардың еншісіне қалсын!» - француз жазушысы Ги Де Мопассан айтқандай, ешқашанда соғыс болмай, тәуелсіз еліміз тыныштықта өмір сүре берсін дегім келеді.
Біздің атабабаларымыз көрген қиыншылықты біз, біздің ұрпағымыз көрмесе екен деймін.
Біз Ұлы Отан сjғысын көзімізбен көрген жоқпыз,бірақ жүрегімізбен сеземіз.Сол кeздeгі түскен сызаттар тарих бетінде жаңғырып тұр.Біз жыл сайын мамырдың 9-жұлдызында жеңіс күнін тойлаймыз,соғыс ардагерлерін құттықтaп,оларға ризaшылығымызды білдіреміз.Ал қазір сол қаһармандардың арқасында жас ұрпақ тыныш,бейбіт ғұмыр кешіп жатыр.Біздің басымызға келіп қонған бақ –ол, сол тайсалмай соғысқа аттанған,батыр ата-бабамыздың арқасы.Олардың ісі мәңгі ұмытылмас құнды мұра қaлдырды,ол-бейбіт өмір.Біз, өскелең жас ұрпaқ осы жеңіс үшін сіздерге өмір бойы риза болып өтеміз !


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?