Батыр бабаларға мың тағзым
Шаншархан Бейбарыс
Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы,
«Болашақ» негізгі орта мектебінің 8-сынып оқушысы

Тарих беті үнемі жаңарып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескерілмей қалмайтын тарихи оқиғалар айтарлықтай көп.Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүние жүзілік соғыстың қасіреті мен ұлы жеңістің қасіретін арқалаған қадірлі,қасиетті батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.Ұлы Отан соғысы халыққа көптеген қасірет әкелді.Ұлы Отан соғысына Қазақстандықтардан 1млн 200 мың адам қатысты.Соғыста олардың 600 мыңы қайтыс болды. Гитлер КСРО-ны «Барбаросса» жоспарымен 3-4 айда басып аламыз деп есептеді. Бірақ,соғыс 1418 күнге созылды. Гитлер бастаған фашистер 1941 жылы 22 маусымда КСРО аумағына баса көктеп кірді.1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москваға Волоколомск бағытында ұрысқа шықты. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075-ұлан атқыштар полкы жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. Взвод жауынгерлері бар жоғы 28-панфиловшылардың ерлігі ешқашан естен кетпейді. Олар 4 сағат бойы жауға тойтарыс берді. Жаудың 14 танкісінің көзін жойып, 28 панфиловшылар алапат батылдық танытып, теңдессіз жау күшіне едәуір қарсылық көрсетіп, ерлікпен қаза тапты. Солардың 22-сі қазақстандықтар еді. Москва облысының Бородина селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңес одағының батыры атағы берілді.
Автоматшылар тобын басқарған Мәлік Ғабдуллин ерекше ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атағын зор марапатпен алды. Бородина селосының түбінде Рамазан Амангелдиев 13 фашистің көзін жойды. Кеңес Одағы батыры алғандардың қатарында Маңғыстаулық Мәди Бөгенов, Жұмағали Қалдықадыров, Біләл Қалиев пен жауынгерлік «Даңқ»орденінің иегері Кемел Оңғарбаев бар. Хиуаз Доспанова қазақстандықтардың тұңғыш әскери ұшқышы.Ол жауға 300 рет әуеден шабуыл жасаған.Ол халық қаһарманы атағын иеленген. Хиуаз Доспанов сияқты кеудесін оққа тосқан қазақ қыздарының қатарында Ә.Молдағұлова мен М.Мәметова да бар. Осы сұрапыл соғыстың қатыгездігі соншалық қазақ қыздарының да жүрегіне өшпенділік беріп,жауға қарсы шабуға ықпалын тигізді. Ә.Молдағұлова жолдастарын алты рет шайқасқа өзі бастап шықты. Оған Кеңес Одағының батыры атағы берілді.Олардың жанқиярлық ерлігі әрбір кітапта және әрбір патриотты жандардың жадында мәңгі сақтаулы. Сол сұрапыл,қанды қызыл соғыс жүріп жатқан кезде Қазақстан «Жеңіс үшін» зор үлес қосты. Соғыс көптеген балаларды жетім, әйелдерді жесір етті. Елде қалған жас балалар, қарттар, әйел адамдар барлығы жабылып жүріп тылда еңбек етіп, астық, киім-кешекті соғыстағы қандастарымызға жіберіп отырған. Бүгінде Ұлы жеңіске 71 жыл толып отыр.Соған орай «Болашақ» негізгі орта мектебінде 9-мамыр күні қарсаңында көптеген іс-шаралар өткізеді. Былтыр да «Болашақ» негізгі орта мектебінің оқушылары Ұлы Жеңістің мерейтойына арнап жүректі тербететін өлең шумақтарын шығарды. Мектеп ұжымымен 9 сынып оқушылары ауыл қарияларын жинап, оларға ардагер Мырзаұлы Тәлібай атамыз туралы деректі фильмді көрсетті. Ең басты жаңалық мектеп директоры Саламат Ашированың бастауымен «Ұлы Жеңісұрпаққа аманат» атты үлгі беруші, Ұлы Жеңісті насихаттаушы кітапты дайындады. Бұл жинақта сол Ақбұлақ ауылындағы соғыс ардагерлерінің еңбектері, тылда тынбай бейнет кешкендердің еңбектері жайлы насихатталған. Мен осы батыр ата-апаларымыздың ерліктерін негізге ала отырып, өлең жаздым. Бұл өлең сол ұрыста қыршын кеткен батыр аталарыма арналады.
Бабаларға тағзым
Етігімен қан кешкен, Баһадүр Ерлер.
Өшпейсіңдер мәңгі естен, Ел бағы сендер!
Отаны үшін от кешкен, Айбындыларым!
Ұғынып жанды оқ тескен, Қайғырды жаным.
Ардақты ардагер бабалар, Аяулы Еңбек Ері аналар!
Жеткізген баққа жан кернер, Сіздерден аққан қан мен тер...
Қанмен келген тәуелсіздікті әрқашан сақтап өтейік. Ешқашан соғыс болмасын. Мен соғысты жек көремін. Ұлы Жеңіс жасасын.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?