Ұлы Жеңіске Кентаулықтардың қосқан үлесі

 Ұлы Жеңіске Кентаулықтардың қосқан үлесі

Мусаев Данияр
ОҚО, Кентау қаласы №3 көп салалы мектеп гимназиясының 8 сынып оқушысы
Жетекшісі: Р.У.Асылбекова

Адамзат баласы айрықша атап өтетін есте қаларлық тарихи даталар аз емес. Біз үшін мамырдың 9-ы солардың ішіндегі ең қымбаттысы, ең салтанаттысы, біреңгейі. Күнтізбедегі бұл күн біздің әрқайсымыз үшін Ұлы Жеңіс мерекесі, қуаныш мерекесі, ұрыста қаза болғандарды аза тұтып, қабырғамыз қайысар күнді еске түсіреді. Осыдан 71 жыл бұрын 1945 жылғы мамырдың 9-ында фашистік Германия тізе бүкті Реихстагта Жеңіс туы желбіреді. Ұлы Отан Соғысы жеңіспен аяқталды. Ұлы Отан Соғысы «ә» дегеннен бүкілхалықтық сипатқа ие болды. Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының барлық ұлттары мен ұлыстары фашизмге қарсы біркісідей көтерілді. Соғыстың сұрапыл жылдарында халықтар достығымен бірлігінің беріктігі сыннан өтті. Жау күшті еді. Тек жанқиярлықтың, рухани бірліктің, ұлтаралық достық пен өзара демеушіліктің арқасында ғана жеңіске жету мүмкін болды. Соғыс 25 миллионнан астам адамның өмірін қиды, ондаған миллион адам жарымжан, жетім болып қалды.Ұлы Отан Соғысы жылдары өзге де Қазақстандықтар қатарына Кентау, Ащысай, Хантағи, Байылдыр, Қарнақ елді мекендерінен аттанған жауынгерлер қолдарына қару алып, жаумен айқасып, ерлік көрсетіп, елді, жерді қорғады. Кентау қаласында 1975 жылы Ұлы Жеңістің 30 жылдық қорсаңында қала саяжайында азалы Анаға ескерткіш қойылып, соғыстан қайтпаған 78 боздақтардың есімі жазылған естелік тақта орнатылды. Жылда қала халқы олардың қаһармандық ерлігі, рухы алдында бас иіп, тағзым етеді. Олардың ерлігін Отан алдындағы перзенттік борышты қалтқысыз орыдаудың үлгісіне балайды.
Соғыс аяқтала салысымен миллиондаған сарбаз Жаңа майданға-халық шаруашылығын қалпына келтіруге белсене араласты. Олар неміс фашизімінің туын жығып елге жеңіспен оралды, еңбек майданында алдынғы лектен табылып, қаламыздың экономикасы мен мәдениетін өркендетүге үлкен еңбек сіңірді. Ұлы Отан Соғысының ардагерлері бүгінде қаламыздың қоғамдық өмірінен қол үзген жоқ. Олар еліміздегі реформаларды жүзеге асыру, халықты бірлікке,татулыққа ынтымаққа шақырып, жас ұрпақтарды патриотизм рухында тәрбиелеуге, ат салысып, өз үлестерін қосып жүр. Өкінішке қарай, олардың қатары азайып барады. Жеңістің 55 жылдығын қаламызда Ұлы Отан Соғысының 360 ардагері қарсы алса, 60 жылдығын 175 жауынгер жерлестеріміз қарсы алмақ. Оларға қурмет көрсетіп, қамқорлық жасау-біздер үшін парыз да қарыз. Қаламызда осы мақсатта соғыс ардагерлері үшін бірсыпыра жеңілдіктер жасалуда. Әйелдердің соғыс жылдарындығы ерлігі жайында біз терең ризашылық сезіммен айта аламыз, олар кескілескен ұрыстарда ерлермен бірдей, қоян қолтық шайқасса, соғыстан кейін еңбек майданында жанқиярлық, абыройлы еңбектің үлгісін көрсетіп, алдынғы лектен табылды. Біз майдангер аналардың алдында бас иіп, тағзым етеміз, қурметтейміз. Еңбеккер-ананың ортақ жеңіске қосқан орасан зор үлесін, тылдағы шексіз ерлігін атап айтпай болмайды.
Олар майданға кеткен ерлерінің орнын жоқтатпай, жер жыртып, егін екті төрт түлікті түлетті, өндірісті өркендетті, ошағының отын сөндірмей, ұрпағын өрбітті Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіс шын мәнінде бүкілодақтық ерлік болды. Майданға нан да, ет те, басқа да азық-түлік те, киім-кешек, қару жарақ та керек болатын. Жеңіс Үшін халық қолдан келгенінің бәрін жасады. Қарттар мен әйелдер, буыны қатпаған балалар қайыспай еңбек етті. Соғыстағы Жеңіс Отан үшін мерт болған ерлеріміздің қанымен тылдағылардың маңдай терімен, қажыр-қайратымен, халықтың ынтымақ-бірлігімен келді. Биыл Ұлы Отан Соғысындағыжеңістің 71 жылдығы. Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіс-достықты шындаған, бірлікті жырлаған, ер намысы болып аталған, ел дауысы болып, шақырған Ұлы Жеңіс. Арын жалау етіп, жанын алау етіп, жауға аттанған ұландарымыздың ерлігі, еліміздің болашағы үшін қасық қанын қиып ұрыс даласынан қайтпай қалғандардың ерлігі, аналарымыздың рухани ерлігі, Бүкілхалықтың ерлік ғасырдан-ғасырға жалғасып, ұрпақтар жадында жасай береді. Біздің мемлекетіміз егемендікалғалы көптеген жетістіктерге жетіп алғадамып келеді, соның айғағы Елбасымыздың биылғы Қазақстан Халқына арнаған Жолдауы. Бұл Жолдауда қарттарға, әсіресе Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне ерекше көңіл бөлінген. Сөз соңында айтарым, бүгінгі жастар ардагер ағаларымыздың көрген тауқыметінің бірде-біреуін көрген жоқ. Міне, сондықтан да ардагерлер ісін өнеге тұтып, сол кісілердей қиындықтарға төзіп, ел қурметіне бөленү жас ұрпақтың абзал парызы, азаматтық борышы деп білеміз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?